Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Юрий Казаков, 6 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ең бастысы – жаныңды таза ұстау. Қараңызшы, шаң баспаған терезе әйнегінен арғы беттегі дүниені еркін көре аласың. Ал кірленген шыныдан ештеңе көрінбейді. Өмірде адам жаны да осылай.

Мәселен, тұманды күні ештеңе байқай алмайсың. Ал ашық күні айнала тегіс көрінеді. Адам жаны тазарған сайын өмір сүруің де жеңіл, тыныс алуың да оңай.

Тазалық бар жерде — сұлулық бар. Таза еңбектің жемісі көп. Бір жеріне дақ түссе бәрібір алдыңнан шығады. Есімде, таза орындалмаған үй жұмысына Жолшыбек ағай «екі» қоюшы еді ғой. Мәселен, аяғыңды соғып алсаң бүкіл денең ауырғандай болмай ма?

Мәселен, жай ғана дәптер ондағы ақ параққа жазып жатып сияның бір тамшысы тамып кетсе не болар еді? Әппақ дүниеге қара дақ түскендей әсер етеді. Және ол жердегі жазу оқылмайды. Нәтижесінде сол парақ жарамсыз болып қалады. Амалсыз сол бетті жыртып тастауға тура келеді.

Адам да сондай. Дүниедегі ең жаман нәрсе — керексіз болып қалу. Барлық жағдайда тазалық қажет. Шындығын айтсақ, біз көбіне пендешілікке салынамыз. Тереңірек үңілмейміз. Өзімізге жеңіл болғанын қалаймыз. Жандүниеміз кірлеп кетсе, өміріміз ауырлайды, өзіміз де керек болмай қаламыз.

Қысқа жол таңдаймыз. Пайдасы бар тірлікке ұмтыламыз. Артық қимыл жасағымыз келмейді. Қасындағы жанның көңіліне көп қарай бермейміз. Не болмаса ренжіп жатамыз. Қуаныштың да, реніштің де өтпелі құбылыс екенін естен шығарып аламыз. Осы пендешілік тірлік арқылы ғұмырың бір сәтте өте шығатынын ойламаймыз.

 

Е.С.

Дүниедегі ең жаман нәрсе – керексіз болып қалу

 

* * *

 

18 желтоқсан, бейсенбі, 1997 жыл

 

Бүгін менен артық бақытты адам жоқ шығар, сірә?

Бір жылға жуық уақыт ішінде, дәлірегі 10 ай 11 күн өткенде Президент «Халықтың көші-қоны туралы» Заң жобасына (тұңғыш рет қазақ тілінде дайындалған әрі Үкіметке алғаш балама болған) осы Ақмолада қол қойды.

Күн демей, түн демей тынымсыз жалғасқан жұмыс аяқталды! Е, тоба! Құдай бар екенсің ғой...

Қиын кезде қасымнан табыла білген бауырларым Қайрат, Алмас, Нұрлан, Нұрбек, Рахым, Абайларды... ойладым. Олар да естіп, қуанып жатқан шығар, бәлкім...

Заң қабылдаттыру қандай ауыр азап еді десеңізші?! Өзек талып, жанымыз езіліп кетсе де халқымыз үшін бір қадам еңбек жасалынған сияқты...

Таныс, бейтаныс жандар құттықтап, қуанышымды бөлісуде.

Елбасы жобаны 13 желтоқсанда бекітіпті. (13 қырсық сан емес екенінің тағы бір дәлелі!). Бүгін 18 желтоқсанда республикалық «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері Қазақстан Республикасының Заңын бүкіл жұртқа жариялады.

«Хабар» телеарнасы осынау хабарды таратты.

 

* * *

31 желтоқсан, сәрсенбі, 1997 жыл

 

Бүгін республика журналистерінің шешуімен еліміздегі саяси-экономикалық белсенділігі үшін 9 жанға «Жыл адамы» атағы беріліпті. Парламентшілерден бұл таңдау маған түсіпті. Сенім білдірген баспасөз өкілдеріне алғысым мол.

Өткен жылға өкпе жоқ. Осынау жаңа жылдың табалдырығында тұрғанда кез келген ой тоқтатқан азамат өткеніне үңілмек. Қандай жетістікке қол жеткізді, не нәрсеге мүмкіншілігі болмады? Мұның бәрін ой елегінен ақыл таразысынан өткізсе керек. Алдағы жылға жоспар жасап шықсам деген биіктерін белгілейді.

Бойым дел-сал, әлде бір қалжыраған сезім бар. Бірақ бұл бей-жайлық үлкен іс бітіріп, көңілің толғанда болатын тұла бойыңды жанға жайлы шуақты әсерге бөлейтін шаршау.

Әрине, әрбір азамат сияқты ең алдымен жанұямның амандығына, балаларымның саулығына шүкіршілік етемін...

Қоғамдық жұмысымда бар шамамның келгенінше халқымның, сенім білдірген сайлаушыларымның үмітін ақтауға тырыстым. Заң үстінде болған 10 айлық тартыста “апырмай, көтере алмайтын шоқпарды беліме байлағаннан саумын ба?» деп торыққан кездер де болды. Әйтеуір, қиындық аз болмаған сияқты. Бәрі де ел деген сезімнің, әруақты бабалар рухының, зиялы қауымның арқасы.

Алда 1998 жыл. Тек береке-бірліктен, тыныштықтан айырмаса болғаны.

Әлі талай асуларға шығамыз.

Олай ойламасқа хақымыз да жоқ.

Ата-баба аманаты, келер ұрпақ тілегі бізге осыны жүктейді...

 

* * *

22 қаңтар, бейсенбі, 1998 жыл

 

ӨЗІММЕН СЫРЛАСҚЫМ КЕЛЕДІ

 

Күнделікті дағды бойынша дәптерімді ашып тастап, ойланып отырмын. Радиодан жан тербейтін мұңдылау әуен төгіліп тұр. Көшедегі машиналар даусы да естіле бастады.

Қатты шаршадым! Ауыр айтылған сөздер ойыңды онға, көңіліңді жүзге бөліп кетті.

Бітпейтін жұмыстардан, таусылмайтын тірліктерден әбден ығырың шыққандай. Осының бәрінен, ауыр ойлардан үйге жеткенде арылам деп ойлайсың. Әйтсе де мазасыздықтан қашып құтыла алмайсың. Ең үлкен рахат оңашада өзіңе өзің дем беру, сырласу емес пе? «Уһ» деп өз шаңырағыңа келгенде бір топ қонақтың күтіп отырғанын бір-ақ білесің. Шаршағаныңды жасырып, жылы жымиып қайта «жұмысқа» кірісесің. Біздің қазақта мейманның асты-үстіне түсіп, бәйек болмасаң қаншама жасаған әрекетің заяға кетеді. Бір теріс қимылың, салқын қанды сөзің бәрін жойып жібереді. Қызықты қарашы, оларды шығарып салғаның сол, ойламаған жерден екіншілерін қарсы алып... тағы «шаруаға кірісесің». Түннің бір уағында ғана... көз ілесің.

Кейде сенбі, жексенбі күндері өзіңмен өзің болайыншы деген сеніміңнің де күлі көкке ұшады.

Бұл саған өмірдің берген жазасы ма? Ақиқатында, демалысты аңсайсың. Бейне сол мыңдаған жұмыс атқаратын робот емес, адам екеніңді сезінгің келеді. Еркіндікке, өзіңмен өзің болуға мұқтажсың. Өзіңе жетем дейсің, жете алмайсың. Енді, енді дегенде... бәрібір мүмкіндік болмайды.

Қалжыраған сәттеріңде оңашалық өзіңе күш беретін секілді.

Өзіңмен сырласу арқылы өзіңді қалыпқа келтіре аласың.

Бастан кешкен тірліктеріңді саралайсың. Өзің шаршап отырғанда әбіржіген жанды қабылдасаң, одан сайын қалжырай түсесің. Ал қалжырағанда өзге тірліктің бәрі өзіңе салмақ.

Өзіңе келу үшін де өзіңмен болғым келеді. Адам өзіне уақыт бөлмесе болмайды ғой. Өзіне жаны ашымаған өзгені қалай жарылқамақ? Өзгеге қол ұшын беру үшін де сергек сезінуің, тынығып алуың қажет қой.

Мен үшін өзіме тиіселі берілген мерзімді босқа өткізу — өзіме жасалған қастандықтай сезіледі. Кейде амалсыз жылап кетіп жатқан уақыттарым үшін өз Арымның алдында жауап берем.

Әбіржіген сәтте адамдардан, теледидардан, телефоннан алыста болған жөн-ау деп ойлайсың. Бұл сол күнгі ауыр сезіміңнен құтылу үшін де қажет шығар.

 

Диогеннен:

—Адам үшін ең қиын нәрсе не? - деп сұрағанда ол:

—Өзіңді өзің жете меңгеріп, өз сырыңды жасыра білу, - деп жауап беріпті.

 

Е.С.

Текке кеткен бір сағат — орны толмас, қайта келмес шығын.

* * *

4 ақпан, сәрсенбі, 1998 жыл

 

УАҚЫТ ПЕН БАҚЫТ

 

Ақша — қымбат, адам өмірі одан да

қымбат, ал уақытың бәрінен қымбат.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 37 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)