Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Юрий Казаков, 5 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Діни орталарда бұл ырымды әр түрлі түсіндіреді. Осынау оқиғаны баяндайтын Скандинавия халықтарының аңызына сілтеме жасайды. Соның бірі 12 құдай қатысқан Валхаллыдағы бас қосу жайлы. Осы жерге зұлымдық пен ұрыс құдайы Локи шақырусыз 13-ші болып келген. Нәтижесінде құдайлардың ішіндегі ең сүйіктісі Бальдер өлтіріледі. Содан бастап 13-ті өзгелер ұнатпайтын болса керек. Бақытсыздық деп бағалайды.

Бірақ санға қатысты көзқарас барлық елде бірдей емес.

Ал Жапонияда бұл жағдай мүлде өзгеше екен. Олардың қашатындары,,4" деген сан. Ауруханаларда төртінші палаталар мен төртінші қабаттар нөмірленбейді.

Өйткені, жапон иероглифі бойынша жазылатын «төрт» сан есімі «өлім» деген сөзді білдіреді.

Бұл таң шапағы елінде «9» цифры да құрметтелінбейді. Мұның мағынасы «азап» деген сөз екен. Иә, «өлім» мен «азаптан» қашу заңды да құбылыс шығар. Ал керісінше жапондықтар «3» және «7» сандарын бақытты деп есептейді.

Біздің қазақ халқы да үш пен жетіні құрметті сандар қатарына жатқызады емес пе?! Әсіресе, жеті саны қасиетті деп есептейді. Бұл туралы жүздеген мысалдар келтіруге болады...

Шындап келгенде, біздің халқымызда «13» деген цифрдан қорқуға еш негіз жоқ. Қайта «он үште отау иесі» — деп таныған. 13 жасты бір мүшел деп есептеген.

Сонымен, ырымшыл, уайымшыл ағайынға айтарым, 13 деген сан жолыға қалса, бақытсыздық екен деп, қайғыра берудің еш жөні жоқ.

 

* * *

14 қыркүйек, жексенбі, 1997 жыл

 

ӘРБІР ӘДЕТТІҢ АСТАРЫ БАР

«Әр елдің салты басқа,

иттері қара қасқа».

Қазақ мәтелі

 

Адамның психологиялық қимылдары қызық-ақ. Зерттей қарасаңыз көп жәйтті аңғаруға болады. Мұнда да үлкен мән жатыр.

Мәселен, әркімде әртүрлі әдет бар. Сөз сөйлегенде біреу «жаңағы» дегенді қоспаса ештеңе айта алмайтындай. Айтар сөзінің алдында жөткірініп алмаса болмайтын ағайындар бар. Енді біреу қайта-қайта басын қаси береді. Оны өзі де сезбеуі мүмкін. Бір танысым саусағымен шашын тарай беретін. Бір туысқаным қарап отыра алмайтын. Қолындағы сағатын жүз рет шешіп, жүз рет қайта тағатын. «Ауру қалса да әдет қалмайды» деген осы ғой.

Менің мектептегі бір досым сабақ айтқан кезде «теңселіп» кететін.

Бүгіндері елге белгілі бір ағам сөзі аяқтала салысымен жеңімен мұрнын «тартып» қоятын. Бұған қарап тыныс алатын жерінен су ағады екен деп ойламаңыз. Тек әдет. Бұл өзімізде ештеңе емес қой. Ал егер басқа елде болса ше?! «Әр елдің салты басқа» дегендей сіздің әдетіңізден, басқаша қорытындыға келіп жүрмесе?

Қытайдан келген қандасымыз университетте сабақ бергенде тікелей қазақшаға аударуға тырысқан. Өзі орысша түсінбейді. Бір-екі сөзден кейін бүкіл аудитория бір түрлі қалыпта. Қыздар біткен бетін басып, отырып қалды. Оқытушы не болғанын білмей дел-сал. Кейіннен топ старостасы болған жайды жеке әзер дегенде түсіндіріпті. Қытайша әлгі сөздер орысша өте ұятсыз мағынаны білдіреді екен. Әлгі оқытушы көпке дейін студенттерінен ыңғайсызданып жүріпті.

Мысалы, әңгіме арасында қолымызбен әр түрлі қимылдар жасайтынымызды кейде өзіміз де байқай бермейміз ғой. Сырт көз сыншы. Ал бір қимылдың әр жерде әр түрлі мағына беретінін ұмытпаңыз.

Мәселен, Болгарияда біреу сұқ саусағы мен қабағын нұсқайтын болса, ол «соқпа өтірігіңді» дегенді білдіреді екен. Флоренцияда мұны жағымды жаңалық ретінде қабылдаса, Сауд Арабиясында бұл жақсылыққа бастамайды.

Сондай-ақ басбармақ пен сұқ саусағыңыз «О» әрпін бейнелейтіндей қимыл жасағанда қателеспегеніміз жөн. Америкада бұл «О, кей» яғни «бәрі тамаша» дегенді білдіреді. Ал мұны Португалияда, Испанияда және тағы біраз елдерде қолдануға асықпаңыз. Бұл өте ұятсыз мағынаны береді. Ал Туниске барғанда бұл жөнінде шыдамдылық танытқаныңыз жөн... яғни өзге бір жанға қауіп тудырасыз. Бұл «сені өлтіремін» деген қатердің белгісі. Жапонияда «ақшаны», Францияда «О»-ны нөл, яғни түкке тұрмайтын істі білдіреді.

Егер испандық алақанымен маңдайын ұрса өзіне өзі риза болғаны. Тура оны неміс жасаса «сен жынды екенсің» дегенді білдіреді.

Қандай да бір идеяны ақымақтық деп есептесе француз немесе итальяндық өз басын қағады. Егер шотландық өз басын осылай ұрса әрі сұқ саусағын жоғары көтерсе, онда «сенің ақылды тірліктеріңді жоғары бағалағаны». Ал саусағын қарама қарсы жаққа қарай өзгертсе «сенің басың істемейді» — дегені.

Өзгенің идеясына риза болған неміс қасын жоғары көтереді. Ағылшын дәл осылай істесе мәз болмаңыз. Сізге күдік келтіргені.

Зор қуанышқа бөленген француз үш саусағын ерніне тигізеді де ауа арқылы сүйіс жасайды. Егерде ол мұрнының қырын (кеңсірігін) сұқ саусағамен үйкесе «менің қасымдағы жаннан абай болыңыз!» дегені.

Көп адамдардың әңгіме арасында құлағын ұстағыштайтын әдеті бар. Мұны Италияға барғаныңызда сақ болғаныңыз жөн. Ал мұндай белгі бұл елде ұрыс- керістің хабары ретінде бағаланатын көрінеді.

Адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын әдеттен арылғанымыз жөн шығар.

 

 

ТҰЛПАР ЖЫЛАҒАН КҮН

(Болған оқиға ізімен)

 

Сүйіспеншіліктен сүйіспеншілік туады.

Софокл, ежелгі грек драматургі

 

Жылқы текті мал ғой, шіркін...

Атамның айтқанынан

Ордабасым менің! Сені көргенде көкірегім кеңейіп, көңілім сергиді. Қасиетті Арыс өзенінің жиегін жағалай өскен жыңғыл ішіндегі жиденің иісі, шіркін жігеріңді жаниды-ау...

Ішкі сезіміңді жеткізе білу де үлкен өнер болар.

Жақсы әңгімелер естіп, ауылдың жылылығы жаныңды баурай түседі.

Ғалымжанның саясатқа байланысты салиқалы ойлары, Әлдібектің әсерлі әні, Даниярдың өмір жайлы толғанысы, Әріпбек ағаның мектеп, Болаттың аурухана жөніндегі ұсыныстары бітер емес. Қайта жан-дүниемді серпілтіп құлағымда әлі жаңғырып тұр.. Әйтсе де көңілімде сақталып қалған мына бір суреттің сыры мені қатты толғандырды.

...Мені әуежайдан қарсы алған Болат сайлаушыларыммен кездесуден кейін тіке үйіне алып кетті. Ақмарал атты келіншегі ауладан күтіп алды. Шаңырақтағы ішкі бөлмеге енгенімде сол жақтағы ат үстіндегі қарияның үлкен портреті бірден көзге түсті. Жетпістен асқан ақсары кісі, тарамыс саусақтарымен бурылдың тізгінін тарта ұстап, дәл додаға түсердегідей сергек қарайды. Әдемі де әсерлі бейнеленген. Оның бер жағында ер тұрман, ат әбзелдері еріксіз өзіңе тартады. Қарияның жанарынан жасының ұлғайғанын сездіргісі келмейтін батылдықты байқайсың. Үңіліп қалғанымды сезген Болат: «Біздің әкей ғой», - деп тіл қатты.

Осы Салыбек көкпаршы жөнінде сырттай талай естігем. Бар өмірін жылқымен өткізген жан. Сәйгүлікке деген сүйіспеншілігі бүкіл ауылдастарын таң қалдыратын. Барлық уақыты осы Қамбар ата түлігіне арналыпты. Тек өмірінің соңғы жылдарында денсаулығы «сыр» бере бастаған.

...Көптен бері төсек тартып жатыр еді. Қажымұқан тойына байланысты бәйге өтетінін естігенде дегбірі кеткен. Балаларына «атты ерттеңдер» деп тапсырма береді. «Көке-ау, ауырып жатырсыз ғой» дегеніне көнбейді. Ал, Салыбек көке айтпайды, айтса айтқанынан қайтпайды. Әке сөзін орындамауға шамаң қайда? Мұнда мықты көкпаршылар келіпті. Дүбірді естігенде қарап тұрсын ба, атының тізгінін жіберіп, додаға қосылып кетті. Балалары, туған-туыстары “ойпырмай, қайтер екен» деп демдерін ішке тартқан. Ойқастаған бір бұрылыста Сәкең теңселіп барып, тураланды-ау. Көкпарда «жасы үлкен екен-ау» деген дәстүр жоқ. Қарсыластар аттарымен соғып, қамшымен осқылап кетеді. Ендігі бір кезде ол көрінбей қалды...

«Е, құдай құлап қалмаса жарар еді».

«Қап, аман болса игі еді».

Жанкүйерлер тақымын басып, алаңдаумен әлек. Болаттың бірдеңе деуге шамасы жоқ. Бір кезде додадан бөлініп шыққан бурыл ат мәреге қарай шаба жөнелді. Салыбек қария! Бурыл аттың енді шашасына шаң жұқтырмайтынын бүкіл ел біледі.

«Жарайсың кө-ке!» Жан-жақтан ентелеген дауыстар. Осыншама жастың ішінен жетпіс алтыдағы шал суырылып шығады деп ешкім де ойламаса керек. Көкпар мәреге салынды! Ат үстіндегі атамыз да бір түрлі құлпырып, арқаланып кеткен еді. Сонда ғой, сол кезде түсірілген сурет еді, бұл.

Содан көп ұзамай Сәкеңді қатты науқас меңдеді. Бұл жолғы дода өмірдегі ең соңғы көкпар болып қалды.

Көзін ашса сұрайтыны бір-ақ сөз.

—Ат-ы-ым қай-да? Бур-ылды үйге алып келіңдер!

Дүниеден өтіп бара жатып айтатыны аты. Жанына медеу болған серігі. Көңілінің көрігі. Ақыры жолықтырмай болмайтынын бәрі сезген. Атты үйге енгізу қиынға соқты. Есік алдындағы тапшанға төсек салып, төргі бөлмедегі Сәкеңді әупірімдеп далаға шығарды. Бар мақсаты сәйгүлігін көру. Қиналғанда өзіне қымбат жанын іздеу пенденің әдеті емес пе? Ал бұл кісі, басқа басқа, өзінің тұлпарын көргісі келуде. Әйтпесе, жаны жай табар емес.

Бурыл да бір нәрсені сезгендей осқырынып шыдамай тұр екен. Жетектеп келгенде қайран тұлпар төсекті тісімен тартқылап, иесіне тұр дегендей белгі берді. Төсекті жауып қойса қайта ашып тастайды. Әлден соң жағдайды түсінді ме үнсіз қалды. Иесін қимағандай иіскелей түседі. Бір сәт бурыл басын қарияның кеудесіне қойды. Сәкең салалы саусағымен «жануарым-ай» деп атының маңдайынан сипады. О, құдайдың құдіреті! Ат жылап тұр! Жылқы жанарынан сорғалаған тамшы жас толастар емес. Ыстық жас көкпаршы қолына тамуда. Мұны көрген жиналған туыс-туған, көрші-қолаңның бәрі өксіп жылады. Жыламаған бірде бір жан қалмады-ау. Екеуі де бір-бірін қимағандай. Жан дүниесі толқып, тебіренген қария ауыр күрсінді. Бұл жарық дүниемен, қимасындай болған бурылмен бақұлдасқаны еді.

Бұл иесімен тұлпарының қоштасуы еді. Тілсіз жануардың іштей толғанысын айтпай-ақ ұққандайсың. Не деген құдіретті ізгілік десеңізші? Дәл сол кезде төрт түліктің бірі саналған осынау жылқының адамға, иесіне деген махаббатын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес еді. Оны көрген жан, сезінген жүрек қана білер еді...

Текті жануар тектілігін жасады.

Қария қайтыс болған соң бурыл жем жемей, су ішпей аза тұтыпты. Кейде қора жақтан ауық-ауық аттың денеңді дірілдетер ауыр күрсінісі естілетін. Бұл дауысты естіген сайын көкпаршы ата балаларының, туған-туыстарының жүрегі қан жылайтын...

Жүректен шыққан жеті сөз

Достықты жақсы жігіт ширатады, жаман жігіт қиратады.

* * *

Кезінде жарығың біреуге түспесе кейінгі жылдары қапас қараңғыда боласың. Өзіңдегі нұрды жоғалтып, өзгеден жарық іздеп әуре болма.

* * *

Адамның жалғыз қалуына кінәлі өзі.

* * *

— Адам қайтсе құрметке жетеді?

— Адал еңбек етсе, өзгені сыйласа, мақтанбаса!

* * *

Біреудің көңіліне тиме. Қанша кешірім сұрағаныңмен бәрібір оның ізі қалады.

* * *

Өзгенің қателігін жұрт көзінше жария ете берме. Соның орнында өзің болсаң не істер едің?

* * *

Кейде бір адамдар бар, онымен сөйлескенде жан дүниең кеңіп, рахаттанасың, ләззат аласың. Кейде бір адамдар бар, онымен сөйлескенде қараптан қарап шаршайсың, әбіржисің, жолыққаныңа өкінесің.

 

 

АЛТЫНШЫ ДӘПТЕР

АҚЫЛ ТАРАЗЫСЫ

АЛДАМАЙДЫ

 

 

21 қазан, сейсенбі, 1997 жыл

 

АДАМДАРДЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

 

«Адамдар тек қолынан іс келетіндер

және қолынан іс келмейтіндер болып

екі категорияға бөлінеді».

 

Бернард Шоу,

ағылшын драматургі

 

Адамдардың арасында жүріп адамдар жайлы ойланасың. Айналадағы әрбір жанның жаратылысы бөлек. Қай-қайсысы болсын бір-біріне ұқсамайды. Түрлері қандай өзге болса, ішкі дүниесі де әр қилы. Әйтсе де сыртқы пішінімен емес, парасат биігімен бағаланады.

Өмір ағысында қаншама адамдар кездеседі. Иә, бір-бірімізге сын көзбен қарап жатамыз. Әрине, жаңадан танысқан жанды білу қиын. Әркім оны өзінше таниды. Өзінше бағалайды. Дегенмен, бір нәрсе анық. Қайсымыз болсын бір-бірімізге ұнағымыз келетіні жасырын емес. Құрмет сөзді қабыл аласың. Қадірсіз сөзге қапа боласың. Сөз саптасына, әдептілік әлеміне қарай бір көргеннен ұнатып немесе ұнатпай қаламыз.

Дегенмен, пенденің танымының тереңдігі, жанының жалындығы, ой өрісінің деңгейі сезілмей тұра алмайды.

«Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ» (Б. Момышұлы) деген сөз де осындайдан шықса керек.

Санада ой, жүзіңізде парасат болмаса қадір-қасиетіңнің де болмайтыны хақ.

Иә, ортаңда құрметті немесе керісінше болуың өзіңе байланысты. Адамның бар байлығы – дүниесінде емес, ақыл-парасатында!

Кейбіреулер мұның бәрін тағдырға байланыстырады. Меніңше, бар мүмкіндік — адамның өзінде. Иә, қайғы-қасірет болмай қоймайтын құбылыс. Оны көтере білу де, дұрыс шешім жасауында. Ащының дәмін татпасаң тәттіні қалай білмексің? Жұмыр басты пенденің басынан не өтпейді? Басқа түскен істі кім қалай көтереді? Біреу бор боп езіліп кетеді. Біреу шыныға, ширыға түседі. Мәселен, машина жүргізуге қызыққан игере алмай апатқа душар болса, қорыққанынан қайтып рөлге отырғысы келмейді ғой. Сол секілді бір жасаған қателікті екіншілей қайталанғанын қаламайды. Әйтсе де бұл әркімге әрқалай сабақ болары сөзсіз. Ынта-жігер, төзімділік, талпыныс, еңбекқорлық өзіңнен, өн бойыңнан шығатын қасиеттер ғой.

Қасиетті кітаптағы «Өмірдің ұзақтығы біздің қолда емес, бірақ өмірдің биіктігі, ақылдың тереңдігі, пейілдің кеңдігі біздің қолда» деген сөз де осыны дәлелдеп тұрғандай.

Өзгелерден күтетініміз де ақылды сөз, адамдық пейіл, жақсылыққа құштарлық.

Табандылықпен іздегенін тапқан адам — қадірлі.

Не болса соған көне беретін, өзіндік ойы жоқ жасық жан - қадірсіз. Қабілетсізден жұрт қашық жүреді.

Өнерсіз адам — өнегесіз. Қабілетті, өнерлі жан ғана — құрметті болмақ. Дүниедегі ең сорлы жан — өзіне де, өзгеге де пайдасыз адам.

Үнді халқында: «тіпті жауың болса да жақсы жағынан елікте, тіпті әке-шешең болса да жаман жағына еліктеме» деуі де сондықтан шығар.

Жалпы, сырттай қарағанда адамдар тірлігі көбіне бір-біріне ұқсас келеді. Таңертең – жұмысқа, кешке – қайту. Көшеде көретініміз қызмет орнына асығып бара жатқандар, үйіне қарай ағылғандар...

Ал сонда айырмашылығы неде?

Бұл жөнінде орыс жазушысы Лев Толстойдың:

«Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: біреулер нені айтуға нені істеуге тиіс екенін әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып, істерін істеп алғаннан кейін барып ойланады».

Адамдардың опық жеп жүргені де сол соңғысынан емес пе?!

 

Е.С.

1. Адамның бар байлығы – дүниесінде емес, ақыл-парасатында.

2. Дүниедегі ең сорлы жан — өзіне де өзгеге де пайдасыз адам.

* * *

 

25 қараша, сейсенбі, 1997 жыл

 

...Түрлі түзетулер мен бас айналар артыс-тартыстар артта қалған секілді. Пайымдылық танытқан сенаторларға рахмет! Қайта Мәжілісте өткізе алмаған кейбір ұсыныстарымды осында қабылдатып алдым.

Кеңесшім Петр Иванович Крепактың (бұрынғы еңбек министрі ғой) да қуанышы қойнына сыймай жүр. Өте бір ізгілікті жан...

Ешкімге өкпем жоқ. Бәріне-бәріне ризамын. Тіпті қарсы шығып, кедергі келтіргендерге де. Небір... жағдайды бастан өткердік қой. Бұл — сабақ! Бұл — өмір! Мұндайға қашанда дайын болу керек деп есептеймін. Осынау орталардан үйренген нәрсем аз емес.

Алға ұмтылған көңілге қолдау білдірген өзге ұлттың өкілдерінен досым Валерий Громов, Альберт Шварцкопф, Михаил Трошихин, Александр Лаврентьевтерге қалай риза болмайсың.

Бұл Өмірбек Жолдасбеков, Оразәлі Сәбденов, Қаратай Тұрысов, Рысты Жұмабековалардың... да жеңісі деп білем. Түгел санап шықсам да болатын еді. Иә, барлық депутат әріптестерімнің еселі еңбегінің жемісі.

Енді бұл жоба Елбасына жіберіледі. Дұрыс деп тапса қол қояды...

Е, құдай, қуат берсін дейміз... Е, аруақ!

 

* * *

 

2 желтоқсан, сейсенбі, 1997 жыл

 

ҚАДІРІҢДІ ЖОҒАЛТПА!

Өмірдегі бар күрестеріміздің жиынтығы -

адамдық қадір-қасиетімізді жоғалтпау үшін.

Жазбагер

 

Әрине, өзгені сыйлағаның жөн. Үлкенді құрметтегенің ләзім. Ал өзіңді ше?

Бастауыш сыныпта оқып жүргенімізде «Ана тіліндегі» бір әңгіме естен кетпейді. Бір жалғызілікті кемпірдің жалғыз баласы бар. Бірақ ол өз үйіне жәрдем бермейді. Бұған қарап баланы жалқау деуге болмайды. Себебі, ол сабақтан соң сынып оқушыларынан қалмай өзге соғыс ардагерлерінің, мүгедектердің есік алдының, үй төбесінің қарын, қора-қопсысын тазалаумен әуре. Ұжымнан қалуға болмайды. Пионер емес пе?! Ал өз үйіне еш көмегі жоқ. Барлық жұмысты үйдегі кейуана атқарады. От жарып, су тасып жүрген анасы ақыры шыдамады. Амалсыз баласы оқитын сыныптың жетекшісіне жолығып, тимуршылардан көмек сұраған. Мән-жайды түгел түсінген мұғалім оқушыны жолдастары алдында қатты ұялтқан. «Адам өзгеге жәрдем беру үшін алдымен өзіне, өз үйіне көмектесу керек».

Дәл қазіргі мектеп бағдарламасында жоқ осы әңгіме бізді қатты ойлантып еді. Сол күні Жолшыбек ұстазымыз ата-аналарыңа айтпастан зәру жұмыстарды атқаруды тапсырған және ертесіне әрқайсымыз не істегеніміз жөнінде есеп берген едік.

Жай ғана қарапайым әңгіменің мұғалім сөзімен астарласып қанша мән-мағына сыйлаған. Кейін есейе ержете келе әр кез алдымыздан шығып, санамызды жаңғыртқан.

Осынау ойдың жалғасындай Сұлтан атам да: «өзіне өзі құрметті бола алмаған адам өзге ешкімге қадірлі бола алмайды», - деп жиі айтып отыратын.

«Өз қадіріңді жоғалтпа!» Сонау албырт, балаң кезде естіген осынау бір сөз санамызға сіңіп кетті. Сонда біздің қадіріміз кімде? Осы сұраққа жауап таппай шаршайтынмын. Сөйтсем мұның жауабы өзгеде емес — өзімізде екен ғой.

Қандай жағдайда болсын сіз өзіңізге қолдау көрсетуге тиіссіз. Бар күш пен жігер де өзіңізге деген сенімде. Ал өзіңе деген құрмет сезім жоғалса, онда адамдық бейнеңнен де айрылғаным деп біл.

 

Ол үшін не істеу керек?

Адам өзіне ден қоймай абыройын арттыра алмайды. Күнделікті өмір ағысымен қалай болса солай кете беруге болмайды. Иә, әрине өмір ырғағын,күн сайынғы өмір тәртібін бұзбаған жөн. Тізгін өз қолыңда болуы шарт.

Өзіңмен сөйлескенде өзіңді жерге салма. Өзіңнен өзің безбегін. Қайта жақындай түс. Көңіліңді көтеріп, өз мүмкіндігіңе сен.

 

Е.С.

1.Кейде жолыққан сәтсіздікке бола өзіңді тастап жіберме.

2. Өз дәрежеңе сай жоспарыңды қайта қарап, бар ерік-жігеріңді іске қосып мақсатыңа талпын.

 

* * *

10 желтоқсан, серсенбі, 1997 жыл

 

 

АСТАНА АҚМОЛАДА!

Иә, күні кешеге дейін әңгіме болып келгенімен оған әлі ұзақ уақыт бар сияқты жүруші едік.

8 желтоқсан күні буынып-түйініп Парламентке жеттік. Мұнда «сәтті сапар» айтуға келгендер қаншама!

Мәжіліс залында тағы бір жиылдық. Қашанда қызу жұмыстың ортасына айналған қызмет бөлмеммен қимай қоштастым. Адамға үйренген орны қандай қымбат.

Вокзалда да у-шу. Жиналған халық тілеулестіктерін білдіруде. Жаныма жақын, көңіліме қымбат оралман бауырларым «артыңыздан барып қалармыз» - деуде. “Алматыға келсеңіз бізге соғыңыз». Осы сөзді естігенде көңілім толқып кетті. Бауыр басып қалған Алматыға қонақ боп келу де қиын шығар...

Пойыз қозғалды...

Қош бол Алматы!

Жанарлардағы мөлдір тамшылар-ай...

9 желтоқсанда Ақмолада болдық. Далада жел тұрып тұр. Айнала қалың қар.

Бүгін Елбасымыз Ақмоланы астана деп әлемге жариялады.

Бұл Қазақстан үшін ғасырларда бір рет болатын тарихи оқиға екені сөзсіз.

Армысың жаңа астана!

 

* * *

 

17 желтоқсан, бейсенбі, 1997 жыл

 

ЖҮРЕГІҢДІ КІРЛЕТПЕ!

 

Күн сайын пенде басынан небір ойларды өткереді. Ойы өзгерісте болған соң жан-дүниесі, санасы да қозғалыста болады. Соған бейімделіп, қадам жасайды, бағыт-бағдар ұстанады. Осыған орай күнделікті тыныс-тіршілігің де қалыптасады.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 46 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)