Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Юрий Казаков, 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

—Өзің үшін өлетін біреуді таптың ба?— деп қаһарланғанда:

—Ахиллес үшін мен жанымды беремін, - деп ешкімнің ара түсуіне үлгертпей сұлу жары өмірін қияды.

Осыдан екі күн өткенде досын іздеп атақты батыр Геракл келіпті. Қызметшілердің бәрі оны жік-жапар болып күтуде. Дастарқан жайылып шараптар құйылған. Бірақ патшаның өзі жоқ.

—Менің досым қайда, менің келгеніме қуанбай ма? Неге менімен бірге отырып көңілін көтермейді?

—Батыр, кешіре көр. Ахиллестің өзіңе деген көңілі әрқашанда ақ қой. Бірақ ол қазір жарын аза тұтуда, ертең әзірейіл қайта соғып әйелінің жанын біржола әкетеді, —деп оған күтушілердің бірі болған оқиғаны баяндапты.

Досының қайғысына күйзеліп, қалың ойға шомған Геракл түн ортасында қайта келген жаналғышпен шайқасып, әйелдің жанын арашалап алып қалады.

Осылай Геракл Ахиллеске де, оның сүйген жарына да өмір сыйлаған екен.

* * *

 

Балам, бұл аңыз арқылы өзіңе мыналарды айтқым келіп еді:

Өз өзіңді демеп, жігеріңді жанымасаң, жүрегіңде от болмаса, өзгенің дем бергенінің пайдасы шамалы. Қанша қайраса да өтпейтін ағаш пышақтың кейпін киесің.

Өмір сені өзіңді пір тұтқан адал жармен, жанқияр доспен кездестірсе осының өзі үлкен бақыт деп біл. Осы орайда өзің жақсы білетін, досым Жарылқасын Дәулетовтың мына шумағын тағы еске салғым келеді:

-Сен десем үнім де бөтен,

Сағынсам күлімдеп жетем.

Егер сен дос бола білсең,

Мен сенің құлың боп өтем!

* * *

 

17 қазан, бейсенбі, 1996 жыл

Сегізінші хат:

Қырсықтық кездейсоқ емес

Қисық таяқтың көлеңкесі түзу болмайды.

Моңғол мақалы

Әркім өзінше өмір сүреді. Жеке бір жанның жаратылысы — жандүниесінің тереңдігімен, ақыл-ойының деңгейімен таразыланбақ. Сондықтан да бәріміз өз әлемімізге өзіндік түйсікпен қадам жасаймыз. Бастан өткерген тәжірибеге сүйенеміз. Кездескен тосын жәйт үшін толғанысқа түсеміз.

Әрине, өмір өткелінен өтуге бар күшіңді саласың. Жолыңда жақсы адамдар жолықса өзіңді де жеңіл сезінесің. Тынысың кеңейіп, жаныңа нұр, шуақ келіп жатады. Жаман адамдардан жаның ауырады. Надандардан опық жейсің.

Егер, ойламаған жерден тағдыр тауқыметімен кезіксең ше? Сен өзің оған дайын болмасаң, бордай езіліп тақсірет тартып, бәрінен түңіліп кетесің. Өз басыңдағы осындай оқыс жәйттер өмірлік өзгеріске алып баруы мүмкін.

Кейбір қырсықтықтар өмірде кездейсоқ кездесе кетпейді-ау. Кейде ішкі дүниеңнің кедейшілігіне, санаңның жеткіліксіздігіне, әрекетсіздігіңе келіп тірелетін секілді.

Иә, толыққанды тірлік үшін рухани мирастық керек.

Дұрыс ойлай білген жан ұтымды шешім жасай алады. Уайымшыл адам шешімсіздігінен опық жейді. Жақсылыққа қадам жасау — ешқашанда кеш емес!

Әйтсе де, игілікті істі ертеңге, арғы күнге қалдыруға болмайды. Оның сәті — тура осы қазіргі кезден бастаған жөн.

Өз кемшіліктеріңді жою арқылы үлкен қадір-қасиетке ие бола аласың.

* * *

18 қазан, жұма, 1996 жыл

Тоғызыншы хат:

Сенімділік – жігерлік пен құлшыныстың туындысы

Адам өмірі өте күрделі мағыналы шытырман оқиғалы роман тәріздес. Онда әркім ойлап тапқан өзіндік кейіпкердің рөлін атқарады.

Бірде теледидардан, жүргізуші аузынан «Адам—артист, кинодағы кейіпкерді сомдау үшін ерекше қабілет керек. Ал, өмірдегі өз бейнесін көрсету үшін ақылдылық, жоғары дарындылық керек» дегенді естіп едім.

Адамдық болмыстың күрделі әрі жұмбақ екенін әрқайсымыз өз бойымыздан білеміз. Санамызда қанша ой, жүрегімізде қанша құпия сақталады. Күнделікті өмірде өзімізді барынша жағымды кейіпкер ретінде көрсеткіміз келеді. Бірақ, ол қаншалықты деңгейде екендігін сізбен қарым-қатынас жасаған жақ айта алады. Әрбіріміз өзімізді ақтағымыз келеді. Ал оның бағасын өзгелер береді. Иә, өзгелер «жақсы адам» десе ғана дұрыс баға алғаныңды сезер едің.

Адамдармен араласу қандай керемет! Бұл Лондонға сапар бір-бірімізді дос, ағайын етіп жіберді. Ашықжарқын Мұхамбет Көпей және Мырзабек Ахметов пен арадағы оқиға ешқашан ұмытылмайтын шығар. Хамит Әмірғожин, Кемал Әбіләкімов, Валерий Третьяков, Володя Шокоревтердің ізгі көңілдері қуандыра түсті. Ал Ирак Елекеевпен арадағы достығымыз осынау күндерден басталғаны ақиқат. Сенімділік қасыңдағы жанға да көп байланысты.

Адамның ең үлкен жетістігі жұрттан жоғары баға алуы. Бұған жету оңай шаруа емес. Бұл қаншама тер төгу, еңбек етуді, өзгелерге адал болуды қажет етеді.

Пенденің басты табысы өзгелерге қол ұшын бере алуы, қиналғанға көмектесу. Ал жігерсіз жан ешкімге жәрдемдесе алмайды.

 

Міндетіміз:

1. Әрбір жаңа күнді өзіңді табуға, жан дүниеңді байытуға арнағын.

2. Өзіңді жұмыста, өзге қоғамдық ұйымдарда дұрыс сезінуің шарт.

3. Керемет көңіл-күйде, еркін де сенімді болған сайын өз шешіміңді жасауда қателеспейсің.

4. Іске сенімділік – жігерлілік пен құлшыныс әкеледі.

 

Е.С.

Өзіңе сенімді бол! Бұл таңдауыңа еш уақытта өкінбе.

* * *

 

Жүректен шыққан жеті сөз

Кімде сенім мол болса, сол жетістікке жетеді. Сенім деген құдіретті ұлы күш.

* * *

Біз көбіне ақымақтықтан жапа шегеміз. Ақылдылыққа қарай қадам басуға қиналамыз. Өйткені оның жолы ауыр ғой.

* * *

Сенім – жақсы, ал ешкімге сене алмау – азаптың азабы.

* * *

Өмірдегі ең үлкен жоғалтуың – өзіңді өзің тәрбиелеуді тоқтату.

* * *

Адам есейген сайын әрбір сәтке деген жауапкершілігі артып, намыс пен парасатын қамшылауға тиіс.

* * *

Ешнәрсеге өкінбе! Өкінбеу үшін бар мүмкіндігіңді жаса.

* * *

Өмірдің мәнін біле алмағандар өзінің де кім екенін білмей өтеді.

* * *

 

ТӨРТІНШІ ДӘПТЕР

ӨМІР ТОЛЫ СҰРАҚТАР

 

 

29 қараша, жұма, 1996 жыл

 

Өмірде түрлі жағдайды бастан өткеріп жатамыз. Әркім өзіндік тәртіп ережесіне бағынады. Осы жәйттің өзі адам бойындағы мінез-құлықты аңғартады.

Қарым-қатынастағы ұстамдылық, мәдениеттілік әр түрлі жолмен келеді. Кейде ол табиғаттың берген туындысы ретінде өнсе, енді бірі өзін өзі тәрбиелеу арқылы қалыптасады.

Біреуді күштеп, әлде қорқытып ізгілік қасиеттерін енгізе алмайсың. Ол мейірім шапағаты, бір-біріне деген түсініктен туындайды. Ол әрбір адамның жан дүниесінде өзімен жұмыс істеуінің нәтижесінде келеді.

Бұл үшін әрдайым өзіңе әр түрлі жағдайда сұрақ қойып, өзім жауап беріп отырғанды ұнатамын. Көңіл сыры — күнделігімнің де көтерер жүгі осында.

Құрметті оқырман! Бұл сұрақтарға сіз қалай жауап берер едіңіз! Ал менің жауабымды тыңдаңыз.

 

* * *

 

12 желтоқсан, бейсенбі, 1996 жыл

 

1. Не істеріңді білмейтін кезің бола ма?

Осы сұраққа бірден жауап беру қиын. Әйтсе де мен қандай жағдайда да бәріне дайынмын, не істейтінімді білемін десем өтірік айтқандық боп кетер. Өмір болған соң бәрі болады. Кейде ауыр жағдайдан әлде шаршағандықтан ба, шамадан тыс жүктемеден бе өзіңді өзің түсінбейтін сәттер кездесіп қалады. Ондайда өзіңді сабырлыққа шақырып, көңіл күйіңді реттеуге ұмтыласың. Бас ұратыным – әсем сазды әуендер. Жан-жүрегіммен беріліп тыңдаймын. Сонда ғана көңіл сарайың ашыла түсіп, ауыр ойлардан құтыласың. Шаршаған миыңды тынықтырасың.

Міне, содан соң дұрыс қадам жасауға әрекеттенесің. Санаңды, ойыңды не істеу керек деген сауалға қарай бағыттайсың...

 

* * *

 

15 желтоқсан, жексенбі, 1996 жыл

 

2. Өзіңмен өзің болғанды ұнатасың ба?

Ұнатқанда қандай! Жұмыстың көптігі өзіңе мұрша бергізбейді. Азғантай ғана уақытыңды жеп қояды. Шындығында, қолың қалт етсе өзіммен өзім болғым келеді. Бұл ғажап нәрсе ғой. Ол — менің ең бір аяулы, қымбат сәттерім. Өйткені өзіңмен өзің сөйлесесің, сырласасың. Басыңа қандай таңғажайып ойлар келеді. Ондайда қиялға берілесің. Көз алдыңа елестетесің... Жалпы ойлар әлеміне кіріп кетіп, шыққың келмейтіні рас.

Кейде өз ойыммен болып, жаяу жүргенді ұнатамын.

 

3. Өз кемшілігіңді білесің бе?

Осы өміріміздегі әрбірімізде жақсы да жаман жақтарымыз бар. Қай салада болсын табыс өздігінен келмейді ғой. Кемшіліктен арылсам дейсің, жетістікке жету үшін талпынасың, ол, оңай шаруа емес.

Меніңше, әрбір жан өз кемшілігін білуге тиіс. Бірақ оны жария ете беру де жараспайды. Сонда да болса бір-екі сәтіне тоқталып кетейін. Бұл көпшіліктің басынан өтер жәйт.

Бірінші кемшілік. Кісімен танысқанда есімдерін ұмытып қалу. Қанша көңіл бөлгің келсе де кейде естен шығарып аларың жасырын емес. Қайтадан атын сұрауға ыңғайсыз көресің.

Екінші кемшілік. Көшеде таныс кісімен сөйлесіп жатып, іштей «қайдан көрдім екен» деп мазасыз күй кешу. Әңгіме арасында кім екенін біліп қалсаң жөн. Ал біле алмасаң сол танымаған күйі қоштасып кете бересің.

Адамдар қатынасындағы бұл орасан зор кемшілік екені даусыз. Бұрын бір жерде танысқан кісіңізді екінші рет көргенде атын айтып амандасқаныңыз қандай жағымды.

Көп ретте қазбалап сұрай беруге ұяласың. Ал бірақ көрген адамыңның атын білмей қалу мәдениеттілікке жатпайды. Қат-қабат жұмыс, қым-қиғаш тірлік, ағымдағы ақпарат көп жәйтті естен шығартып жібереді. Бірақ бұл да себеп емес.

Америка президенті Рузвельттің адамдар есімін жадында сақтаудағы қабілеттілігін еске аласың. Бүкіл техникалық қызметкерлерін түгелдей есімімен атағанына риза боласың.

Өзіміздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының да осындай мінезі қуантады. Депутаттармен кездесуден соң әрбірімен жеке амандасып, көңіл күйге ден қойып, есімдерімен айтып жатуына сүйсінесің.

Сондықтан да тұйықтан шығар жол іздейсің. Ретін тауып жаңадан жолыққан жанның аты-жөнін, телефонын жазуға машықтанасың.

 

Е.С.

 

Жадыңды жақсарту үшін жаттығу жұмыстарын жүргіз.

Үшінші кемшілік. Біреудің өтінішіне қарсы бола алмаймын. Тығыз жұмысым қалып бара жатса да амалсыздан өтініштердің құлына айналып, уақытты көп кетірем.

Өзіңді өзгерту оңай емес. Көп нәрсені үйренуге тура келеді. Жаман әдеттерден арылуға тырыстым. Өзімді өзім тұтқында ұстаған жәйттерден құтылғым келді. Өмір сүруіме, адамдармен араласуыма зиянын келтіретін кейбір адамның орнына өзімді қойып көрдім. Ол не ойлайды?

Көптің ішінде болғым келеді. Кейде өзіңді дәлелдесем дейсің. Ал кейде басқаша ойлау керектігін ұғасың.

Біз үшін біреулер сенің өміріңді өзгерте алмайды.

 

Е.С.

 

Бәрін өзіңнен бастаған жөн. Мақсат: себебін табу, шешім қабылдап, іске кірісу.

* * *

 

11 ақпан, сейсенбі, 1997 жыл

 

4. Сіз әдептісіз бе?

— Осынша әдептілікті қайдан үйрендіңіз? —дегенде,

— Әдепсіздерден үйрендім, — деп жауап беріпті.

Лұқпан хәкім

 

Үшінші сыныпта оқитын қызым Айжан айтып берген әңгіме.

 

Өз үйшігінде қасқыр өмір сүріпті. Бірақ ешқашанда үйін жөндеген де тазалаған да емес. Бір күні жанынан өтіп бара жатқан Піл тиіп кетіп еді, үйшік төбесі қисайып қалды.

— Кешір мені, өтінемін, достым, - деді Піл жұмсақ тіл қатып. — Байқамай қалдым. Қазір жөндеп беремін.

Піл ешқашанда жұмыстан қорықпайтын. Қолынан іс келер шебер еді. Бір пәсте жөндеді. Ал қасқыр: «Ол менен қорықты. Содан соң кешірім сұрады» — деп ойлады.

- Тоқта! - деп айқайлады, ол Пілге. - Сен менен оңай құтылам деп ойлайсың ба? Маған жаңа үй салып бер. Тезірек хайуан!

Піл үндемеді. Қасқырды ұстап алды да шұңқырдағы сасып кеткен суға батыра салды. Қасқырдың үйшігін бұзды.

— Міне саған жаңа үй! — деп ашуланған Піл өз жөніне кетті.

— Түкке түсінбедім, — деді қасқыр өзіне келген соң.

— Біресе ол менен қорықты кешірім сұрады, одан кейін...

— Ақы-мақсың! — деді осы кезде мұның бәрін көріп тұрған кәрі Қарға. —Сен қорқақтық пен жақсы тәрбиеленгеннің айырмасын біле алмай тұрсың.

Әдептілікке үндейтін осы әңгімені рахаттана тыңдадым. Байыбына бара білгенге адамдықтың біраз қырлары айқын көрінетіндей. Үлгі-өнеге аларлық, қорытынды шығаруға тұрарлық жәйт екен. Балаларға арналғанымен әдептілік әлемінде өзіндік көтерер міндеті бар.

Иә, өзгелермен қарым-қатынас жасап жүріп адамдарды әдепті немесе әдепсіз деп екіге бөліп алатынымыз анық.

Қимыл, іс-әрекет, сөйлеу мәнері көп жәйтті аңғартады. Төбеден гүрс еткізіп, қойып қалар ауыр сөздер естігенде жаныңды қоярға жер таппайсың. «Ойланбай сөйлеген ауырмай өледі» деп қазақ бекерге айтпаса керек. Шындығында бір-бірімізді ойланбай айтылған бір ауыз сөзбен ренжітіп алғанымызды сезбей қаламыз. Кейде ашық мінез көрсетеміз деп, өзгенің жанын жаралаймыз.

 

Автобус аялдамасында ақша тауып алдыңыз.

1.Ақшаны жерден көтеріп, кім жоғалтты деп сұрау саласыз.

2.Үндемей қалтаңызға салып аласыз.

3.Қалтаңызға салуға тайсалып, жұртқа жар салуға тағы қимай сол қалпы тастап кетесіз.

 

 

19 наурыз, сәрсенбі, 1997 жыл

 

5. Сіз тез тіл табыса аласыз ба?

Күнделікті өмірде таныс, бейтаныс жандармен жолығып жатасың. Кейде еріксіз танысуыңа тура келеді. Сондайда әңгіме жарасып, бір-бірінің көңілінен шығып жатқандар жақын болып араласып кетеді. Кейбіреулер алғашқы жүздесуде тосылып, тосырқап жатады. Бұл да адамдық қарым-қатынастың бір түрі болғандықтан өзіңе сын екені сөзсіз.

Мәселен, сіз сапарға шықтыңыз. Пойыздасыз. Купедегі көршіңізді танымайсыз. Ол кісі де үн-түнсіз. Сіз де тұнжырап отырсыз. Бұлай отыра беру жараспайды. Мүмкіндігінше, ілтипатпен тіл қатып, танысып алғаныңыз жөн. Жаныңыздағы серігіңіз үндемейді деп қарап отыруға болмайды. Ретін тауып байланысқа шығу керек. Қысқа сұрақ, қысқа жауаптармен тұйықталып қалған жағдайда бір тақырыпты таңдап алып, тереңірек сөйлескен жөн. Әңгімелесу арқылы адам бір-біріне жақындайды.

 

Бұл жағдайды Мелдебек Мырзахметов ағам қалай шешкен?

 

Украинаға сапарға шыққан. Әскердегі інісінің жағдайымен. Ол жақты білмейді және ешқандай танысы жоқ. Купедегі серігі орта жастан асқан кісі көбіне үнсіз. Мынадай өлі тыныштыққа шыдайтын Мелдебек пе?! Ағамыз «жол қысқаратын нәрсе» алып келмекші болады. Көзәйнегін таққан әлгі кісі:

— Е, оны бұл пойыздан таба алмайсыз,— дейді жайбарақат. Бұл баяғы КСРО кезеңіндегі «ішімдікпен» нағыз күрес жүріп тұрған уақыт болатын. Мелдебек «үстіне төрт есе қосып» төрт шиша «орыс арағын» әкелгенде жаңағы көршісінің көзі күлімдеп:

— Ох-о-о, сен мықты адам екенсің! - деп риза кейіп білдіреді.

Содан екеуі танысады, әлгі ақаңның арқасында аралары жақындай түседі. Сөйтсе жаңағы көзілдірікті сары кісі сол елдегі белгілі ғалым, академик, сондағы университет ректоры болып шығады. Мелдебектің айы оңынан туады. Ең үлкен қонақ үйге орналастырады. Ол кезде жақсы мейманханаға орналасу үлкен мәселе еді ғой. Келген жұмысын да тындырады. Әрине, бәрі өзінің танысы Анатолий Ивановичтың көмегінің арқасы.

Иә, мынау кең дүниеде ашық жарқын, өз ойын бүкпесіз айтатын жандар аз емес. Бұған керісінше томаға-тұйық, кісіге өздігінен жоламайтындар да баршылық. Ал кейде бір әңгімесін бастап, аяқтай алмай отыратын мылжыңдар да кездеседі.

* * *

 

Досыңыздың үйінде әңгімелесіп отырғанда онымен бұрыннан араласып жүрген, ал сізге бейтаныс көңілді топ келді. Мұндай сәтте не істейсіз?

1. Бір сылтау айтып кетіп қаласыз.

2. Сол ортада қалып қойсаңыз да араласа алмай әрі-сәрі күй кешесіз.

3. Көптен күткен достармен қауышқандай етене араласып, көңіл көтересіз.

 

* * *

 

3 сәуір, бейсенбі, 1997 жыл

 

6. Шаршадыңыз ба?

«УҺ! Қалжырадым!» Кейбіреу қараптан қарап мазасызданады. Қайта-қайта күрсінеді. Иә, біреу күні бойы жұмыс істеп, тер төгіп, рахаттана түседі. Енді біреулер құр бекерге уһілеп азаптанып жатады. Кейде болмашы жәйттен шаршап қалатынымыз неліктен? Мәселен, таусылмайтын қонаққа барып-ақ шаршайсың. Онда ешқандай ауыр жұмыс атқармайтының белгілі. Кейде өзің ұнатпаған жанмен ұзақ сөйлескенде қатты қиналасың. Меніңше, ештеңе істемейтіндер, жұмысы өнімсіз жандар тез шаршағыш келеді.

«Жалқаулықпен өмір кешкендер ұзақ жасамайды» деуші еді, мұндайда ауыл қариялары. Шындығында зер салып, байыппен қарасаңыз бұған да көз жеткізуге болады.

Парламентте, дәл қазіргі уақытта өзіндік құқыңды пайдаланып, заң жазып жатқанда байқағаным, біз жұмысты көп істегендіктен емес, оны дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан зорығатын сияқтымыз. Кейін бір арнаға түсіп алған соң, ол жұмысты жаныңмен ұнатқан соң, онсыз тұра алмайтын күйге ендік. Тіпті күнделікті дағдыға айналып кетті. Онсыз бір нәрсеңді жоғалтып алған секілдісің.

Бұрын мектеп оқушыларымен ауылдан қашықтау мақталы алқапты кеңшарға баратынбыз. Кеңестік жүйе тым қатал. Оқушыларды таңертеңгі сағат 5-те тұрғызып, «ақ алтын» жолындағы күреске кірісеміз. Қашан күн батып, қас қарайғанша тыным жоқ-ау. Түскі тамақты да ашық аспан астында жел тұрып тұрғанына қарамастан іше беретінбіз.

Соның басы-қасында жүрген біздің өзіміз қатты қалжыраймыз. Ал балалар ше? Күн батып, қас қарайғанда барып «дала қосына» құр сүлделері ғана жететін. Кейбірінің сөйлеуге шамасы келмейтін.

Енді мына таңқаларлық қызықты қараңыз. Жуынып, шайынып, тамақтанған соң оларды мүлдем танымай қаласыз... Музыка шыққан соң секіріп билегендерін көрсеңіз таң қаласыз. Түннің бір уағында зорға жатқызасыз-ау. Жүздерінен шаршағандық нышан жойылып кетеді, таңертең де сергек оянады.

Бір күні жарық болмай, жұмыстан кейін музыка қойылмады. Ертесіне ерте жатқан балаларды ояту оңайға соқпады. Баяғы шаршаңқы кейпімен, қинала қозғалып, әрең тұрып жатты.

Менің бұдан түсінгенім: адамды шаршатпайтын көңіл-күй екен ғой. Және сүйікті ісімен айналысу. Баршамызға демеу беретін осынау жәйттер. Иә, топырақ суырған, көз аштырмас «Арыстанды-Қарабастың» желінің өзі-ақ жоғары сынып оқушылары түгілі үлкен кісілердің өзін әбіржітіп жібереді. Ал еңкейіп ашық күн астында мақта теру – білмегенге ғана оңай шаруа шығар?!

Ой еңбегінде де солай. Жұмыстың көптігінен емес, тындыра алмағаныңыздан шаршаймыз.

 

Е.С.

 

Адам сабырсыздықтан, шыдамсыздықтан шаршайды және өзгелерді шаршатады.

* * *

 

13 сәуір, жексенбі, 1997 жыл

 

7. Нағыз адам кім?

«Ол нағыз адам емес!» осы сөзді күнделікті естіп қаламыз. Жаныңды мазасыздандыратын жағдай. Бұл сұрақ көкейден кетпейді. «Ол нағыз адам» дегенді... Әй қайдам?

Нағыз адам... Ол өмірде бар ма? Бар болса қандай? Сіз бен біз осы туралы ойланып көрейік.

Осы бір сөз айтылғанда мектепте оқып жүргеніңде есіңе «Нағыз адам туралы повесть» атты шығарма түсетін. Иә, иә, нағыз адам дегенде ойланбастан аты аңызға айналған ұшқыш Алексей Маресьевті айтатынбыз. Оның ерлігін, өміршендігін жарыса жеткізетінбіз. Міне, нағыз азаматтықтың үлгісі!

Сонда пенде нағыз адам болу үшін ерлік жасауы тиіс пе? Әрине, қажет кезінде ол да керек. Отанға адалдық – азаматтық іс. Бірақ, бәріміз бірдей ерлік жасай аламыз ба?

Жоғары вольтты тоққа түсіп қалған жас сәби баланың шырылдаған үні сай-сүйегіңді сырқыратады. Көпшілік жиналып қалған. Ешкім қимылсыз, бәріне де жан керек. Өмір сүру керек. Ал әлгі бала сәл қимылдаса...күл боп кетпек. Жұмыстан қайтып келе жатқан Серік адамды есеңгірететін мына оқиғаны көргенде күтпестен қойып кетті... Көретін жарығы бар екен... Бір-екі минөт кешіккенде...


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)