Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Юрий Казаков, 1 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Орыс жазушысы

Біздер адамдар өзімізге емес, өзгеге көп талап қойғышпыз. Өзгелерді кінәлауға құмармыз.

Шындығында біреуді кінәлаудан оңай нәрсе жоқ. Өз басыңнан өткен іске, болған оқиғаға өзге емес өзің жауапты бол.

Кінәмшілдік көп жолды бөгейді. Достар арасын алыстатады. Қалыпты өмір сүруіңе кедергі келтіреді.

Жаныңда өкпелеушілік емес, ақыл мен адамгершілік жүруі тиіс. Адамдық мақсат, кінәліні іздеуден тұрмайды.

Ұлым, адам жаны — нәзік. Кейде біреулер саған ауыр сөз айтады. Әрине, ол әсер етпей қоймайды. Бірақ ол үшін жаныңды ауыртудың қажеті жоқ.

Біз адамдар арасындағы ашу ыза-өкпені қалай қабылдаймыз?

Болмашыға өкпелеп, сөйлеспей қоямыз. Мұндайда кейбіріміз қызбаланып кетеміз. Енді біріміз жұдырық ала жүгіреміз. Әйтеуір бойымызда «дақ» қалғанын сездіртіп аламыз. Біздің ең осалдығымыз да осында жатқан секілді.

Біріншіден, пендешілік тірлікке өкпелемеген жөн. Ақылды адамда реніш болуы тиіс емес. Өз басым өзгелер секілді мен де мұндай жәйттерге жолықтым. Жанымды «жаралап» кеткен жанға өзім бірінші амандасам.

Ыңғайсыз жағдайдағы өткенді еске алмауға тырысам. Өкпе-ренішті көңілде сақтамаймын. Ал өзге адам көңіліне «алып» қалды-ау дейтін жәйтқа кешірім сұраған дұрыс.

Барлық өкпелерден құтылу — кешіре білу.

«Кешірімді бол! Кешіре білсең ұтылмайсың» деген аталарымыздың сөзі санаңда жаңғырып тұрсын. Бұл тұрғыда жазған өлеңімнен үзінді келтірейін.

— Ренжіме ағайын текке мүлде,

Жалғыздық азабын шеккеніңде

Күйдің бе,

Күйіндің бе,

Жыладың ба?

Артпашы ешкімге өкпені де.

Екіншіден, өзің кішірейе отырып, ашық әңгімелескен жөн. Менің өмірлік мақсатымда біреуді сөгу, кінәлау жоқ. Ешкімді кінәлағым келмейді, өзгелер ренжімесе, ашуланбаса екен деймін.

Дегенмен, біреулердің оспадарлығы, өзімшілдігі, көкіректігі, кекшілдігі жаныңды ауыртатыны рас. Бұл құбылыс өмірде кездеспей тұрмайды. Мұндайда өз биігіңде қалғаның жөн-ау.

Қолыңнан келсе игілікті іс, ізгілікті еңбек жасағанға не жетсін! Жамандыққа жақсылықпен жауап бер. Өзгенің көңілін қалдырмау басты парызың.

Егер сені өзгелер құрметтемесе оның себебін біреулерден емес, өзіңнен іздеші, балам!

Е.С.

Бар қасірет-мұң — ашудан, өкпе-реніштен келеді.

 

10 қазан, дүйсенбі, 1996 жыл

Үшінші хат:

Адамдық жол

Адамның жақсы, жаман қасиеттері бала кезінде қалыптасады. Оған күнделікті ортасы, табиғи бейімділігі, қажыр-қабілеті, сезімталдығы, ізденісі әсер етеді. Әрине, баланың жақсы болуы ата-анасының абыройы. Жаман болуы — соры.

Иә, ұлым, ең бастысы – өз қадір-қасиетіңді сезіне біл. Намысыңды жоғалтпа!

Сенің білім алудағы табыстарың біздерді қуантады. Ата-анаңа қуаныш сыйлау сенің қолыңда. Ең бастысы — ата-анаңның саған деген ізгі үмітін, игі тілегін жан жүрегіңмен сезіне біл. Әйтеуір адал бол, туралықтан таймағын. Әрине, бұл өмірдегі көп жәйттер саған түсініксіздеу. Адамдар қарым-қатынасының сыры беймәлім. Қулық пен сұмдық не екенін толық сезіне қойған жоқсың.

Егер санаңды жайсыз ойлар мазаласа, өзіңді іштей қинамай, ата-анаңмен сөйлескенің абзал. Ашық әңгімелескеннен ұтылмайсың, балам.

Біріншіден, әке-шешеңнің өмірлік тәжірибелері бар. Екіншіден, тура сенің басыңдағы жағдайды олар да өткерген шығар. Әйтеуір, қолдан келер жәрдемімізді аямасымыз анық. Есіңде болсын, ешбір ата-ана баласына жамандық ойламайды. Барлығының ойы біреу-ақ – перзенттері азамат болса, адам болса екен деу.

Әлі есімде, мектепте мұғалім болып жүргенімде кластағы оқушыларыма «Ата-ананың қандай қасиеттерін ұнатасыңдар?» деген тақырыпта әңгіме өткіздім. Бүкпесіз ашық ойларын білдіруді сұрандым.

«Жанұяның орны бөлек қой. Әйтсе де бір жылуды, жақсы сөзді сағынамын. Әсіресе, әкем көбірек көңіл бөлсе екен» — деп жазыпты М. атты оқушы. Ал томаға тұйық Т. деген оқушы —«тек ұрса бермесе екен» — деп бір-ақ ауыз сөзбен тоқтапты. Негізінен берілген анкетаға көпшілігі «мейірімді болса» деп жауап беріпті.

Осыны оқып отырып өзім де ойландым... Сол сияқты ұлым саған мына бір оқиғаны баян етейін.

* * *

 

Төртінші хат:

Қатыгез әке

Есімде... Сонау бір жылдары Г. деген оқушы қыздың күнделігі менде сақтаулы еді. Әп-әдемі, қасы-көзі қиылған, жасқаншақтау, тұйықтау осы бір қыз ойға оралып отыр.

Мұхтар, мен саған сол қыздың күнделігінен үзінділер келтірейін. Ойлануыңа, салыстыруыңа септігі тиер деген үміттемін.

Күнделік беттерінен

25 қаңтар 198... жыл

 

...Ертең неміс тілі сабағы. Апайымыз «Екі дос» атты әңгімені үйге берген болатын. Біз Ұлан екеуміз Раушанның үйіне барып әлгі әңгімені мүмкіндігімізше қазақшаға аударып отырдық. Үйден шыққаныма тура жиырма екі минөт өтті. Жүрегім дүрсілдеп, әлденеге алаңдағандаймын. Күн кешкірген сайын бойымды қорқыныш билегендей. Үйдің сыры белгілі ғой. Бір жағы үйдегілерден қорықсам, бір жағы «неміс тілінен» жауап бере алмай қалу да қорқынышты. Ақыры аудармамыздың соңына жете алмадым. Есік ашылды, ар жағынан ағам Боранбек көрінді.

- Ұлан, жүрші кеттік! - дедім де шыдамсыздана асығыс үйден шыға жөнелдім. Жолда Боранбек ұрсып келеді.

—«Үйге айтып кетпейсің бе?» — дейді. Апама айтқанымды айттым.

— Апамнан емес неге тәтемнен (әкемізді осылай атап кеткенбіз) сұранбайсың?!

Тәтем дегенде әкемнің сұсты көзқарасы келеді. Қалай сұранам? Тәтемнен қатты қорқамын ғой? Бәрібір ешқайда жібермейді де. Адам адамнан қорықпайды, сыйлайды деген ұғым мен үшін жәй секілді, өйткені мен сондай қорқақпын.

Үйге келдік. Жүрегімнің дүрсілі үдемесе басылар емес. Тәтем кереуетте жатыр екен. Ішкі бөлмеме өтіп бара жатыр ем, әкемнің ащы айқайынан селк ете түстім. Сілейіп тұрып қалдым. Көзімнен жас моншақтары үзіліп кетті. Оның аузынан адамның жан сүйегін қақсатар, айтуға ауыз бармас сөздер шығып жатты. Дыбысым шықпай, үнсіз егіле бердім...

— Әй, қаңғыбас, жексұрын! Мен сені бүйтіп көшеде қыдыртып қоймаймын... Сайтан... сұмырай...

Үйде мұндай жағдайлар бір бұл емес. Мен небәрі он алтыдамын. Не көрдім десейші. Кішкентайымнан естіп өскен сөздерімнің түрі анау. Онсыз да екі-үш күнде үйде айқай-ұрыс. Туған перзенті емес пе едім?! Әкенің мейірімі деген болмай ма? «Айналайын, күнім, ботам» деген сөздерді өз әкеңнен не анаңнан естір күн болар ма екен? Ана демекші, анам да әкемнен асып ешқандай тірлік жасай алмайды.

Қазір қақаған қыс болса да, мен мектепке, жалғыз шұлықпен барып жүрмін. (Бұл сұлу болайын дегеннен емес) Бұл күйімді байқаған Тамара:

— Сен мына түріңмен жаурамайсың ба? —дегені.

— Жоқ, — деп жауап бердім.

Басқа не дейін? Өйткені, басқаларға ұқсап мен әкеме киім әпер деп айта алмайтынымды қайдан білсін. Киім әпер демек түгілі киноға бара алмаймын. Мен бір қамаудағы торғаймын. Сонда да жеккөрініштімін. Әйтеуір қадір-қасиетім шамалы.

26 қаңтар

 

Неміс тілінен «үш» алып қалдым. Апайымның үні әдеттегідей қатты шықты.

— Неге жөндеп оқымайсың?

Еріксіз төмен қарадым. Сол сәтте тағы да көзімнен жас ыршып шықты. Үнсіз отыра кеттім. Қасымдағы Ұлан:

— «Не болды?» — деп жатыр.

Мен үндемедім. Сабақтан соң үйге жалғыз қайттым. Бір нәрсемді жоғалтқандай боп келемін. Көз алдымнан әкемнің сұсты келбеті кетпей қойды. Кешегі айтқан сөздері қайта естіліп тұрғандай. Бүйтіп жүрегімді жаралағанша, үнемі қатты сөз айтып қаралағанша дүниеге әкелмегені жақсы еді ғой. Ішімнен әкенің балаға деген шапағаты, махаббаты қайда деймін. Өзі де бір кезде бала болмады ма екен?

4 сәуір

Иә, оқушылық өміріміздің ең соңғы төртінші тоқсаны да басталып кетті. Уақыт өткен сайын есейіп бара жатқандаймыз. Қыз болып бойжеткендейміз, балалар ер жеткендей. Бұрынғыдай емес, дабырласпай, у-шусыз, сабырмен сөйлесеміз. Класта тек қыздар ғана әңгімелесіп отырмыз. Мен осы достарымның арасында үйден гөрі көңілдірек сезінемін. Достар демекші, құрбыларымның біреуін де үйге шақырмаппын. Үйдегі жағдайды біліп қоймаса екен деп ешқайсысына да «тіс жарған» емеспін. Жыл сайын көктемнің алғашқы айында келетін туған күнімді де тойлаған емеспін. Әйтеуір, қыздар кластағылардың туған күндерін жазып алғандықтан ба, өзім ұмытып кетсем де солар:

«Туылған күніңмен!» — деп жатады. (Биылғы туған күнім дәл осылай болды) Шынында, осыған да қуанасың... Енді біз санаулы күннен кейін он жыл білім нәрімен сусындатқан «алтын ұямызбен», ардақты ұстаздарымызбен, ақ жарқын достарымызбен қимастан қоштасамыз. Жаныңа жақын ұстаздарың мен үшін бәрінен қымбат. Ал ата-анам туралы ештеңе айта алмаймын...

Бұл жас қыздың көкшіл торкөз дәптерінің кейбір беттері ғана. Оқушының ешкімге айтпаған жан сыры бұл. Ондағы сөздерді толқымай оқу мүмкін емес. Әлдекімге күйінгендей боласың. Гүлнәрдің құпия күнделігі, пәс көңілі, қорғансыз жағдайы... жаныңа батады.

Мұның бәрін бекерге жазып жатқам жоқ, балам. Түсіне білсін, адамдар жүрегіне үңіле білсін дегендік.

 

Жүректен шыққан жеті сөз

Өз күнәңді өзіңнен басқа ешкім түзете алмайды.

* * *

Ешкімге қиянат жасама,

Өзгенің қиянатына көнбе.

* * *

Кішіпейіл бола алмау — адам бола алмаумен бірдей.

* * *

Қарау адам — қараңғы қуыс сияқты, ол қуысқа тек қараниетті адамдар жиналатын секілді.

* * *

Адамдар жақсы болса мына әлем де керемет!

* * *

Күншілдік деген ең ауыр дерт. Осыдан айығу үшін бар күш-жігеріңді сал.

* * *

Дүниедегі ең үлкен қуаныш – айналаңдағылардың сені іздей түсуі, көпшілікке қажет екеніңді сезіне білу.

* * *

 

15 қазан, сейсенбі, 1996 жыл

Бесінші хат:

Тоғыз тағлым

Әкенің балаға өнегелі сөздер айтуы заңды да. Әлі күнге дейін атамның біздерге, ұрпақтарына жазып кеткен өсиеттерін қастерлеп сақтаймын. Мен үшін ең бағалы дүниелердің бірі.

Жалпы, бұл біздің әулеттің ең бір қымбат, қимас байлығы десем артық айтқандық емес. Бұдан 25-26 жыл бұрын жазылған, үстел тартпасында сақталған осынау қойындәптерлерді әр кез қайта парақтаймын. Өйткені, мұнда менің атам, сенің бабаң – Сұлтан Ысқақұлының өз қолтаңбасымен жазылған, иісі сіңген осынау беттерде ұрпақтарына, көрмеген шөбере, шөпшектеріне аманатталған. Мұны жеткізу — менің парызым.

Бүгін, көкірегімде сайрап тұрған сол сөздерден тоғыз ғибратты өзіңнің есіңе салғым келеді.

Атамның өсиеттерінен:

1. Өмір екі нәрседен тұратын секілді: қажетті және қажетсіз. Таңдар кезде осы екеуін шатастырып алмаған жөн.

2. Барлық адамда қабілет бар. Тек оны көрсету үшін кейбірімізге еңбекқорлық, ізденіс, шыдамдылық жетіспейді.

3. Ойлана білмейтіндерден, жіберген кемшілігінен қысылмайтындардан қорқамын. Бұлар қоғамның да, өзінің де нағыз жаулары.

4. Келер ұрпақ! Туған жерге деген перзенттік борыш пен парыз денең қара жер құшағына кіргенше өмір сүре беруі керек.

5. Ең бастысы жүрек жылуың, адамдығың жоғалмасын. Адамдық әрдайым жақсылық жасау, ізгілік мейірімділік деген ұғыммен қатар тұруы тиіс.

6. Біреуден үйренуден ешқашан тартынуға, арсынуға болмайды. Үйренуді ар тұтар адам ешқашан алысқа бармайды.

7. Білім алудан, ізденуден, алға ұмтылудан шаршамау — адамды шыңдай түседі.

8. Қам-қарекетсіз босқа қарап отырма. Азаптың ең үлкені осы. Ертеңгі жұмысыңды бүгін атқар.

9. Өмір өзге жанға да қымбат. Осыны назарда ұстағын. Жақсыны жоғалтпа. Асылды аяла.

Осынау сөздердің жалғасы ретінде кейде мен де саған өзімше ой өрнектерін ұсынуға тиістімін деп ойлаймын.

Жас адамға бұл жалғанның бәрі керемет, бәрі ғажайып боп көрінетіні сөзсіз-ау. Ал өмір басқаша, бәрі сенің ойлағаныңдай емес!

Толғанып отырып, тоғыз тағылым жазудамын. (Елден алыста екеніңді сезінгендіктен бе, тым әсершіл болып бара жатқан жоқпын ба?)

Дәл осынау сөздерді талай ата-ана баласына айтқан да шығар.

Әйтсе де әкенің баласына деген жүрек дүрсілі деп қабылдарсың.

 

Мынаны естен шығармашы:

1.Жақсылықтан ешқашан күдер үзбе!

2.Бар мүмкіндігіңді пайдаланып, мақсат еткен бағытыңа жұмылдыр.

З.Бойыңдағы қабілетіңді дамыта түс.

4.Өмірдің өзі азаматтығыңды, адамдығыңды көрсетіп, өзіңді дәлелдеуден тұрады.

5.Білмеген — ақымақ емес, білгісі келмеген — ақымақ. Өмірде білмегеніңді үйренуден еш жалықпа.

6.Айналаңа қатыгез болма!

7.Ешқашанда жау арттырма!

8.Қайта досыңды көбейт, қолыңнан келсе жақсылығыңды аяма!

9. «Өнерден — жақсы, білімнен — үлкен, ұяттан — сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ» (Сократ) екенін ұмытпа.

* * *

 

16 қазан, сәрсенбі, 1996 жыл

Алтыншы хат:

 

Өмір ұлағаты

Ұлым, әркімнің өзінің алдына қойған мақсаты бар. Соған жету үшін талпынады. Өмір сүру дегеніміздің өзі алдағы күніне нық сену деп білем. Бұл тұрғыда өзіндік бағдарың болғаны жөн. Өмір жолы қызық та, қиын да, азапты да. Қашанда жеңіс өздігінен келмес. Түрлі сындарды бастан өткеріп, одан сабақ ала біл. Сүрінсең жасыма, қайта жалындай түс. Ізденсең, талаптансаң дегеніңе жетесің. Өмір ұлағатынан үйренуден жалықпа.

Ал, өмір ұлағаты неде?

Бірінші - бастан өткерген жәйттер. Мұның өзі үлкен сабақ. Әр күнгі кездескен құбылыс, саған әсер етіп содан жақсылық пен жамандықты айыра білу.

Екінші - сенім мен ізденіс жолы. Ол тіршіліктегі іс-әрекетіңе бағыт-бағдар алу. Ойлаған жоспарыңды іске асыруға талаптану.

Үшінші - араласқан жандардан үлгі алу. Бұл өзіңнің айналаңдағы күнде көріп жүрген жандардың жақсы қасиеттерін бойыңа сіңіру – деген сөз.

 

Е.С.

Өмір ұлағаты

1. Бастан өткерген жәйттерден сабақ алу.

2. Ізденіс арқылы сенімге ие болу.

3. Араласқан жандардан үлгі алу.

 

* * *

 

17 қазан, бейсенбі, 1996 жыл

Жетінші хат:

Өмір мақсатына ұмтылу

Арайлап атқан әрбір таңың жаңа өзгеріске толы. Сәт сайын санаңды сергек ұста.

Меніңше, үнемі жақсылықты, игі істі ойлап дағдыланған жөн. Сонда ғана нағыз адамдыққа бет бұрасың.

Болашағың бүгіннен басталады. Бүгінгі тыныс-тіршілігің, сана-сезімің, ертеңгі күніңнің дәмді жемісі. Сондықтан да уақытты бағалай біл.

Ойланбаған, мақсатсыз өткен күн мағынасыз, мәнсіз болып қалмақ. Дұрыс әрекет жасамаған, жақсылыққа қадам баспаған күн текке өтті дей беріңіз.

Сенің көңіл-көкірегің ашылмаған сандық тәрізді. Рахат та, азап та соның ішінде. Тек таңдай біл. Асылын ба, жасығын ба ол тек жеке өз үлесіңде!

Адамның өмірге келгендегі басты мақсаты, айналаны жазалау, қаралау емес. Қайта ардақтау, аялау, адамдық сезіміңді арнау. Мынау жарық дүниеге мейіріммен қарау. Өзгелерге жақсылық жасаған сайын көңілің көтеріліп, жаншуағың арта түсетінін ұғын. Солай дағдылан.

Шындығында, жақсылық жасай білудің өзі адамды тәрбиелейді. Лев Толстойдың пікірінше мұның астарында адамға жақсы көрінсем деген ниет бар.

Пенденің өмірі тыныш болмайды, балам. Демек: мақсатқа ұмтылу, кері кетпеу, алға адымдау, бақытқа деген ынтызарлық та болу ләзім. Әрбір жанның мақсаты кемелдене түсу, өзін жетілдіру, өзгелердің жанына жақсы із қалдыру деп түсін.

 

Е.С.

 

Негізі, адамды, оның өзгелерге жасаған жақсылығы мен атқарған еңбек-тірлігімен өлшеуге болады.

* * *

 

...Кешегі Оксфорд университетінің тарихы, тағлымы қаншама. Белгілі саясаткерлер, елбасылар осында білім алған екен. Әйгілі Букенгем сарайы, Парламент үйі... көп ойға қалдырды. Ағылшындардың өткенге деген ұқыптылығы, одан өнеге алуы таң қалдырады. Әрқайсысында өлмес рух жатқандай. Батырлар жайлы аңыздар, мәңгілікке айналған оқиғалар жеткілікті екен.

Іссапардың бір кереметі осында. Жол үстінде жүріп түрлі жандармен танысып, пікір алысуға, сұқбаттасуға мүмкіндік туады. Небір жаңалықтар естисің.

Иә, бұл жалғанда өзгеге ұқсамайтын пенделер күн кешіп жатыр-ау.

Өз өмірлеріне ырза тоқмейілдер, әлденеден құр қалатындай үнемі асыққан күйгелектері де, «тағы... тағы... мынау менікі» дейтін тойымсыздар да, жас болса да «менің жолым болмайды» деп шешім шығарып қойғандар да, бар сырын ішіне бүгіп ашылмайтындар да... бар. Орнықты, көңілді әңгімеге жаның жадырайды ғой.

Ал біреулер саған сеніп басқа түскен ауыртпалығын айтып, сезім түкпіріндегі жанайқайын шығарғанда өрімдей жастардың тауы шағылып, қиналғандарын көргенімде үндемей қалмай бірдеңе дегің келеді. Сондайда ғой, ойыма бала кезімде оқыған ежелгі грек халқының аңызы түсетін.

Бірде болмаса бірде керек болар деп балам, осы әңгімені өзіңе де айтқым келіп отыр.

Ахиллес жайындағы аңыз

Ахиллес бойында күші қайнаған, ақылды, халқына өте әділ, жас, көрікті жігіт болыпты. Сол қаланың қасында да Алматының әсем Алатауы сияқты таулар бар екен. Әлгі тауларды көріпкел әулиелер мекендепті. Әулиелер әр келіп жолыққанға ол адамның қанша өмір сүретінін, неше жыл, неше айдан кейін, қай күні, қай сағатта о дүниеге сапар шегетінін айтып отырады екен.

Бір күні Ахиллес сонда баруға бел буады. Мұны естіген шексіз сүйетін халқы тайлы-таяғымен қала алаңына жиналады. Ақ жол тілеп шығарып салып, патшаларының қайтуын тағатсыздана тосады.

...Тағдырын жоруын өтінген пашшаға әулие:

- Ахиллес, сен жассың, көріктісің, ақылдысың, бақыттысың. Бірақ сен бәрібір бақытсызсың. Өйткені тура бір жылдан кейін өлесің, - дейді.

- Тығырықтан шығатын жол бар ма? Қайтсем өмірімді ұзартамын, — деген Ахиллеске.

- Егер сен үшін өз еркімен жанын қиятын адам табылса тірі қаласың, — деп жауап беріпті.

—Халқым сүйеді, ішінен мен үшін жанын қиятын бір адам табылар,—деген сеніммен елге қайтады. Баяғы қала алаңында халық тағы бас қосады. Ахиллес мінбеге шығып оқиғаны баяндағанда, бір ауыз тіс жармастан... жұрт түгел тарап кетіпті.

Мұндайды патша күткен жоқ еді. Амалсыз басқа күн түскен соң иығына жолазық салған дорбасын асынып, қолына таяғын ұстап жолға шығады. Дүние кең, өзім үшін жанын беретін бір адам табамын деп әлемді кезіп кетіпті. Бір жылдың ішінде жер жүзін аралап шықса да бұл үшін өмірін қиятын адам таппайды.

Әбден қалжырап барып, ақыр соңында биік тауда, жартаста жатқан, үстіне шоқпыт киген жанды жолықтырады. Оның қолында ең болмаса бір үзім наны, не үстінде күркесі де жоқ, жасы жүзден асқан мүсәпір шал екен. Бастан кешкенін оған да баяндай келіп «бір жылдың ішінде сенен кәрі, сенен кедей, сенен сорлы адам көрмедім. Мүмкін мен үшін сен өмірден баз кешерсің» —дейді. Сонда әлгі шал:

- «Ахиллес, түнде суыққа тоңғанда өмірге лағынет айтатыным рас, ал бірақ таң атып күн сәулесі денемді қыздырғанда тағы да бір жарық күн көргеніме қуанамын, сол себепті өз еркіммен жанымды бере алмаймын», —депті.

Қандай қиналған сәтте де сабырлылық керек. Болашақтың бәрі алда емес пе? Қиындық өткінші дүние.

Жігітке жасық болу жараспайды. Әркімге мұң шаға беру де абырой әпермейді. Бірақ көңілге демеу, жұбаныш керек қой.

Көңіл құлазыған сәттерде осы аңызды еске алатынмын. Шалды үлгі тұтып, өзіме жігер беретінмін. Қаншама жылдар өтсе де жадымда сайрап тұрғаны да сол себепті шығар.

Балам, енді әңгімені аяғына жеткізейін.

...Сонымен, салы суға кеткен Ахиллес патшалығына оралады. Күткен күні жанын алу үшін әзірейіл де жетіпті.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 43 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)