Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Николай Рерих,

Читайте также:
  1. Алексеев Александр, Гордиенко Николай,
  2. Время действий настало! Председатель оргкомитета 80444773617 Николай
  3. Дубик Николай Николаевич
  4. Дубик Николай Николаевич
  5. Лебедев Николай Александрович
  6. Николай I в борьбе против европейской революции 1848 —1849 годов
  7. Николай I и революционные события в Европе в 1830 г.

орыс суретшісі

 

Айналаңа жылы сөзді, ілтипатты, сабырлы болу өзің үшін қажет. Осындай жақсы қасиеттерді бойыңа сіңіру арқылы өмір сүрудің шапағатына бөленесің.

«Жақсылық — жерде қалмайды, иман — отқа жанбайды!» Аталарымыз қалай дәл тауып айтқан десеңізші?! Қолынан жамандық жасау келмейтін адамды өзгелер де құрмет тұтады. Бойында жаман қасиеті барлардан көпшілік қашық жүреді.

«Өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге де тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба!». Бабалар ұлағатынан бізге жеткен осынау сөз қай-қайсымызға да үлгі-өнеге екені сөзсіз. Түсіне білгенге бұл сөздің ауқымы кең, тағлымы мол. Әрине, жамандық өзі келіп жабыспайды. Ол сенің қадымыңа, шешіміңе, әрекетіңе байланысты. Ешкімге, тіпті жауыңа да қастандық жасама, жәбірлеме, абыройын төкпе! Мынаны есте сақта: Дұшпаныңның өзі досыңа айналып, досың қасың болып кетуі де мүмкін!

«Бәле өзінің шыққан тесігін табады» деген бекер емес. Ұмытпасам, «Өркен» газетіндегі (Болат Шарахымбай ел аузынан жазып алған) мына бір әңгіме есімде қалыпты.

Ерте заманда бір мүсәпір диуана өмір сүріпті. Қайыр-садақа ұсынғандардың бәріне «жақсылық қылсаң да - өзіңе, жамандық қылсаң да — өзіңе», — деп бір ғана бата береді екен. Бұған кейбіреулер ренжиді.

Мұны естіген патша әлгі мүсәпірді шақыртып алады.

— Неге дені дұрыс батаңды қимайсың? — деп сұрайды.

— Кәсібім осы — қайыр сұрау. Ел кеземін. Көзімнің жеткені жақсылық пен жамандықтың арасы бір-ақ тұтам екені. Өмірде жақсылықты да, жамандықты да, опасыздықты да көп көрдім. Жасаған жақсылығы Алладан қайтып, жамандығы алдынан шыққанына да куә болдым. Сонда да пенделердің, тәубасына келгенін көрмедім. Мынадай тосын жағдайға кездестім.

Бірде Мысыр елінен шығып, Шам шаһарына бет түзедім. Жол ұзақ. Күн ыстық. Құдықтардың бәрін құм басып қалған. Бағдарымнан адастым. Азық-түлігі таусылған, азып-тозған бір керуенге кездестім. Керуен басы науша жігіт екен, жөн сұрастық. Олар: «жүрек жалғайтын бірдеңеңіз бар ма? Бар болса алдымен, соны беріңізші. Аштан өліп барамыз» — десті. Қоржынымды ашып, азын-аулақ нанымның бәрін жолаушыларға үлестіріп бердім. Өзім де бірге түстендім. Бір кезде әлгі керуен басы жігіт берген нанымды аузына салғаны сол еді ішін басып бұратылды да қалды. Аузынан көбік ағып, жан тәсілім етті. Өзгелері мені бас салып, аяқ-қолымды байлап, өздерінің патшаларына алып барды.

Мән жайға қаныққан патша:

— «Егер керуен басыға берген нанды қайдан алғаныңды есіңе түсіре алмасаң басың алынады» — деп ескертті.

Әрине, ол нанды кімнен алғаным есімде болатын. Айттым. Сөзіме сенген жоқ.

— Тақсыр, соңғы тілегім болсын. Сенбесеңіз жендеттеріңізді қосып беріңіз. Сол кемпірден барып сұрайық. Жалған болса, өз обалым өзіме, — дедім жалбарынып.

Патша келісті.

— Егер мына мүсәпір жалған айтса сол жерде басын алыңдар. Айтқаны рас болса босатып жіберіңдер, — деп жендеттеріне бұйырды.

Содан жендеттермен бірге қайыр-садақа нан берген кемпірдің үйіне келдік. Келсек, кемпір аза тұтып отыр екен. Шаруамызды естіген соң өз шашын өзі жұлып, ес-түсінен айрылып жерге құлады. Біз «мұнысы несі» деп қайран қалдық. Сөйтсе, күлше наннан уланып өлген керуен басы осы кемпірдің жалғыз баласы болып шықты. Қайыр-садақа беруден әбден ығыры шыққан сараң кемпір бұл жалғанды бір диуанадан құтқаруды ойлапты. Тастай қатыра салу үшін, өзі пісірген нанға у қосып беріпті. Ал енді сол улы наны ақыр соңында өз баласының жанын жаһаннамаға аттандырғанын көрмейсіз бе? Есін жиған азалы кемпір осының бәрін мойындады. Ақ, адал адам екеніне көздері жеткен жендеттер мені босатты. Менің садақа бергендерге бұлайша бата беретінімнің себебі осы еді,— деп диуана әңгімесін аяқтады.

Адам болған соң өмірде көре алмаушылық, қызғаныш сезімі пайда болатыны аян. Парасатты жандар оны сездірмеуге тырысады. Ондай ой шыға қалса, ілезде оны баса алады. Ерік-күші әлсіздер «сыр» білдіріп қояды. Ал шындығына келгенде өзіне өзі көңілі толмайтындар өзгенің жетістігіне көз алартып қарайды. Жамандық та, кекшілдік те осал адамдардың, жан-дүниесі таяздардың қолымен жасалынады. Әйтсе де жаңғырық тәрізді алдыңнан шығып тұрады.

 

Е.С.

 

Жақсылық көрсем де — өзімнен,

Жамандық көрсем де — өзімнен.

(С. Торайғыров)

 

28 қыркүйек, сенбі, 1996 жыл

 

ЖАҚСЫ СӨЗ - ЖАРЫМ ЫРЫС

 

Жақсы сөз жақсылыққа бастайды...

Өміртай Исаевтың ескертетіні

 

Өмірге деген сенім бала кезден қалыптасады. Сол бейкүнә шақта сенімін жоғалтып алса, жаны жараланып қалса қайтып орнына келу қиын. Бәріміз де бала болып талай жәйтті бастан өткіздік емес пе?!

Балалығында салқындықты көп көрген жан өсе келе өмірге де сенімсіздікпен қарайды.

Әлі де кеш емес! Аузында жылы сөзі жоқ адамнан жақсылық күтпе! Адамның мейірім шапағаты сөзінен, ісінен аңғарылып тұрады.

Бір ауыз жылы сөз адамға қандай қанат бітіреді десеңізші. Шаттықты көңіл-күй сыйлайды. Ана жөргегінде енген жылылық, мейірімділік қартайғанша жоғалмасы анық.

Әбдіғалым Оспановтың әңгімесі:

—Біздің ауылдағы Әбдіжаппар үнемі жақсы сөз айтып жүретін.

Сол кісі бір күні жол жүріп келе жатып, күндегі көкнәрі мен шәйіне жете алмай, бір жағынан кәйпі қысып, бір жағынан шөл қысып келе жатқанда айдаладағы бір қойшының үйіне кез болыпты. Есегін асығыс байлай салып сәлем беріп кіріп келсе үйде жас келіншектен басқа ешкім жоқ екен. Көкнәр салған қалтасын шығарған Әбекең келіншектен бір кесе ыстық су сұрайды. Үйде жас баланың киімі, ойыншықтары жоқтығын байқаған Әбекең, көкнәрі бар қалтаны кесеге сала беріп:

—Шырағым, егер көкнәр кеседегі бар суды сорып алса ұзамай шекесі торсықтай ұл туасың, —дейді.

Айтқандай-ақ қурап, кеуіп тұрған көкнәр бүкіл суды сорып алады. Түскеніне үш-төрт жыл болса да бала көрмей жүрген келіншекке Әбекеңнің сөзі майдай жағып шәйін де, тамағын да беріп күтіпті.

...Арада екі жыл өткенде Әбекең баяғы жолымен есегіне мініп кетіп бара жатпай ма? Қыстаудың тұсынан өте бергенде «Ата, тоқтаңыз!», — деп бір жігіт артынан қуып жетеді. Келе сала «Сізді үйде келініңіз күтіп отыр», — деп, асығыстығына қарамай үйіне ертіп әкеледі. Қой сойылады, қазан көтеріледі. Әбекең болса істің мәнісін түсінбей әлек. Тамақ келіп әңгіме басталғанда келіншек сұрапты:

—Ата, мені таныдыңыз ба?— депті.

—Жоқ, айналайын кешір...

Танымай отырғанын мойындайды. Сонда келіншек болған оқиғаны есіне салып, бір ауыз жақсы сөзіңіз жағып көп ұзамай жүкті болып, ұл туғанын айтады. «Содан бері сізді сыйлап жіберейік десек кездестіре алмай жүр едік» деп шапан жауыпты. Сөйтіп, Әбдіжаппар атамыз ойламаған жерден бас мүжіп, олжалы болыпты. «Жақсы сөз — жарым ырыс» деген осы емес пе?!

Кейде өкінетінім бар. Балаларыма кейбір сәттерде жылы сөз айта алмай қалдым ба екен? Бала ата-ана мейіріміне зәру-ықыласты сөзімен өседі. Жаныңа кірбің түспесе. Ызғардан, суықтықтан жараланбаса екен дейсің.

Иә, жақсы, жылы сөздің құдіреті көп қой. Бұған қанша мысал болса да келтіруге болады.

Шет елдердің бірінде бір байдың үйіне ұры түсіпті. Ұры жастайынан жылы сөз естіп көрмеген, әбден қатігездікпен өмір кешкен жан екен. Үйде тірі пенде жоқ. Тек тотықұс қана әлгі ұрыға қарап, «Мен сізді сүйемін» дегені. Бұрын-соңды мұндай сөзді бұған ешкім арнамағандықтан ол қатты сасып қалған. Тотықұс екінші рет жаңағы сөзін қайталайды. Жүрегі езіліп, мына сөзге риза болған ұры бір жапырақ сөз қалдырыпты: «Тотықұсыңыз керемет екен. Оның бір ауыз жылы сөзіне бүкіл бағалы заттарыңызды қалдырамын. Тек тотықұсыңызды алып кеттім».

Атқан таңды, келген күнді өзіңе бейімдеуің шарт. Күнделікті мұны әдетке айналдыруың ләзім. Әйеліңе де жылы сөзді аяма. Күн ашық болса терезеден қарап: «Бүгін қандай керемет күн!» деп өзіңе тіл қату. Жаңбыр жауып тұрса «шіркін-ай, дала тазарып жатыр» деп үн қоса біл. Адам жан дүниесі де таза болу керек қой! Жақсы сөзбен өзіңді, айналаны шапағатқа бөлей біл. Таңертең көңіл көтеріп, қызықты оқиғаны еске ала түс. Жаныңдағыларға ілтипатты сөз арнап, мерейін өсір.

Қабағы қатыңқы, өзгеге жұғымы жоқ жанды ешкім де сүймейді. Қайырымды, сөзінде жылы әзілі барға өзгелер де үйірсектейді.

 

Е.С.

 

Жылы сөз жанның шуағы, айта алмасаң үндеме!

 

1 қазан, сейсенбі, 1996 жыл

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 30 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)