Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ЗаҢ шытырманы

Читайте также:
  1. ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР

 

Буэнос-Айрестің прокурорына сирек жолығысатын бір мейман – жергілікті кафедральдық шіркеудің епископы Хуан де Гарсилассо келген-ді.

Прокурор – жуантық, тәпелтек, көздерін май басқан, шашын келте ғып қырықтырған және мұртын боятқан қатыгез кісі – епископқа сәлем бермекке креслосынан атып тұрды.

Үй иесі қадірлі мейманды өзінің үстелінің қасындағы ауыр былғары креслоға ізетпен отырғызды.

Епископ пен прокурор бір-біріне кереғар кісілер еді. Прокурордың өңі быттиған, семіз, әрі қып-қызыл, ерні дүрдиген және танауы алмұрт тәрізді жалпақ кісі. Қолдарының саусақтары шолтитып кескен кеспектей быртиған бірдеңелер, ал шарадай төңкерілген жуан қарнының үстіндегі


 

 

түймелер ауық-ауық теңселген майлы денеге төзе алмай енді- енді үзіліп түскелі тұрғандай.

Епископтың өңі мейлінше жүдеулігімен әрі қуқылдығымен қайран қалдыратын. Сәл дөңестеу келген қусырылған танауы, істік иегі мен көкпеңбек дерлік жұқа еріндері оның иезуиттік бейнесін әдейі айқындай түскендей.

Епископ еш уақытта кісі бетіне тура қарамайтын, бірақ сөйте тұра ол әңгімелесіп отырған кісісінің қимылын қалт жібермейтін. Епископтың ықпалы орасан еді және ол қиын да қалтарысы мол саяси ойынды басқарып, бағыттау үшін діни қызметін қиналмастан-ақ тастай тұратын-ды.

Үй иесімен сәлемдескен соң епископ келген шаруасына бірден кірісті.

– Менің мына бір жайды білгім келеді, – деп ақырын ғана сауал тастады епископ. – Профессор Сальватордың ісі қазір нендей күйде?

– Ә, құзіретіңізге құлдық мәртебелім, сіз де бұл іске ынталы ма едіңіз! – деп сыпайылықпен даусын көтере сөйледі прокурор. – Иә, бұл деген ерекше іс!– Үстел үстінде жатқан бір жуан папкіні алып кеп, парақтарын аударыстырып отырып сөзін жалғады прокурор:– Педро Зуританың хабарлауы бойынша, біз профессор Сальватордың үйіне тінту жүргіздік. Зуританың: Сальватор мақұлықтарға неше түрлі сұмдық операциялар жасайды деген мәлімдемесі толық расталды. Сальватордың бақшасынан нағыз кемтар мақұлықтар фабрикасын таптық. Бұл дегенің енді бір ғажап! Сальватор, мәселен...

– Тінтудің нәтижесі туралы газеттен оқығам, – деп жұмсақ үнмен сөзін бөлді епископ. – Сіздер Сальватордың өз басына қандай шара қолдандыңыздар? Ол тұтқындалды ма?

– Иә, ол тұтқындалды. Оның үстіне, біз қалаға заттай дәлел ретінде айыптаушының куәсін, Ихтиандр есімді жас жігітті алдырдық, су перісі деп жүргеніміз де сол. Жұрттың көпке шейін аузынан түспеген атақты су перісі Сальватордың айуанханасындағы құбыжықтардың бірі деп кім ойлаған! Қазір


 

 

сарапшылар, университет профессорлары сол құбыжықтарды зерттеумен шұғылдануда. Біз бүкіл айуанхананы, сонау бүкіл заттай дәлелдерді қалаға түгел әкеле алмадық, әрине. Бірақ Ихтиандрды әкелдірдік және сот кеңсесінің төменгі жертөлесіне қаматып қойдық. Біз үшін оның азабы да аз болып тұрған жоқ. Мына қызықты қараңыз: ол сусыз өмір сүре алмайтын болғандықтан, оған арнап су құятын үлкен ыдыс жасатуға тура келді. Ол, шынында да, сусыз өліп қала жаздады. Сірә, Сальватор ол жігітті адам-балыққа айналдыру үшін сәбидің ағзасына шектен тыс бір өзгерістер жасаған болса керек. Біздің ғалымдар қазір соны зерттеу үстінде.

– Маған көбіне-көп керегі Сальватордың тағдыры, – деді епископ баяғы сол баяу үнмен. – Ол қай статья бойынша жауапқа тартылмақ? Сосын сіздің пікіріңіз қалай: ол сотталуға тиіс пе?

– Сальватордың ісі – сирек кездесетін заң шытырманы,

– деп жауап қатты прокурор, – шынымды айтсам, бұл қылмысты қай статьяға жатқызуды әлі шешкенім жоқ. Ең оңайы, әрине, Сальваторды заңсыз вивисекцияға1барғандығы және анау жігітке зақымды залал келтіргендігі, кемтар еткендігі үшін айыптауға болар еді...

Епископ қабақ шыта бастады.

– Сіз сонда не, Сальватордың осынау қимыл- әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ деп ойлаймысыз?

– Егер бола қалды дегенде қайсысы? – деп ойын жалғады прокурор. – Маған әлденендей бір үнділік Бальтазар дегеннен тағы бір арыз келіп түсті. Ол Ихтиандрды менің балам еді деп сендіргісі келеді. Дәлелдері әлсіздеу, бірақ біз, егер де сарапшылар Ихтиандрды, шынында да, соның баласы деп анықтап берсе, онда сол үндісті айыптаушының куәгері ретінде пайдалана аламыз деп ойлаймын.

 

1 Вивисекция – ғылыми зерттеу мақсатында тірі жәндікті сою.


 

 

– Демек, әрі кеткенде Сальваторды дәрігерлік жарғыны бұрмалаушы ретінде ғана танып, оны әке-шешесінің рұқсатынсыз, сәбиіне операция жасағаны үшін ғана соттауы мүмкін десеңізші?

– Сосын, бәлкім, мүгедек еткені үшін қосымша айыптауы. Бұл деген ауырлау қылмыс. Бірақ бұл істі қиындатып тұрған тағы бір жағдай бар. Сарапшылар, рас, бұл олардың ақырғы пікірлері емес, жан-жануарды мұндай кіріптарлыққа ұшырату, жан түршігерлік операция жасау сау адамның ойына кіріп те шықпас еді деген тұжырымға ойысатын секілді.

Сарапшылар, бәлкім, Сальваторды ес-түсін білмейтін, жынданған кісі деп те тануы.

Епископ жұқа еріндерін жымқырған күйі үстелдің бір шетіне қадала қарап үнсіз отыр. Сосын ол сыбырлап дерлік тағы да үн қатты:

– Мен сізден мұны күткен жоқ ем.

– Нені дейсіз, мәртебелім? – деп сұрады прокурор абыржып.

– Әділ соттың қорғаушысы сіздің өзіңіз Сальватордың әрекеттерін ақтайтын сияқтысыз, оның операцияларының пайдалы дүние екендігін дәлелдегіңіз келетін секілді.

– Әу, онда тұрған қандай сөкеттік бар?

– Сосын қылмыстың құрамын анықтауға да қиналатын сияқтысыз. Шіркеу соты – көк тәңірісінің соты – Сальватордың әрекеттеріне басқаша қарайды. Сізге көмектесуіме және аздап кеңестер беруіме рұқсат етіңіз.

– Өтінем сізден, – деді прокурор қысылып қап. Епископ жай бастап бейне уағызшыдай, әшкерелеушідей даусын бірте- бірте көтере сөйледі:

– Сіз Сальватордың әрекетін пайдалы дүние дейсіз, ә? Сіз ол кемтарлыққа ұшыратқан жануарлар мен адамдарды өздері бұрын ие болмаған бір артықшылықтарға жетті деп санайсыз ғой, сірә? Бұл не дегеніңіз? Шынымен-ақ, тәңірімнің адам баласын кемеліне жеткізбей жасағаны ма? Шынымен-


 

 

ақ, адам денесін кемеліне келтіру үшін профессор Сальватордың араласуы қажет болғаны ма?

Прокурор тырп ете алмай, төмен қарай тұнжырап отыр.

Ойда жоқта оның өзі шіркеу алдында күнәһар болып шыға келді емес пе? Ол тап мұны күтпеген еді.

– Сіз, немене, қасиетті жазуды, Болмыс кітабының бірінші тарауындағы, жиырма алтыншы сүредегі: «Содан кейін тәңірім: өзімізге ұқсаған, өзімізден аумайтын адам жараталық» дегенін немесе одан әрі жиырма жетінші сүресіндегі: «Сөйтіп, тәңірім өз кескініне ұқсас адамды жаратты» деген сөздерді ұмытып қалғанбысыз? Ал Сальватор болса сол бейнені бүтіндей өзгерткісі, кескінін бұрмалағысы келеді екен, ал сіз – нақ сіз мұны пайдалы дүние деп таниды екенсіз!

– Кешіріңіз, әулие әкей... – деуге ғана шамасы келді прокурордың.

– Жасаған ием өзі жаратқан пендесін тамаша, тұтас бейне деп таппап па еді? – деді епископ рухтанып. – Сіз адамдар заңының тармақтарын тәуір білесіз, ал тәңірі заңының тармақтарын ұмытады екенсіз. Сол Болмыс кітабының әлгі бірінші тарауының отыз бірінші сүресін еске алыңызшы: «Сол- ақ екен, тәңірім өзі жаратқандарының бәрін көрді және мұндай жақсы болар ма» делінген ғой. Ал сіздің Сальваторыңыз оның бір жерлерін жөндеу, түзету, кәріп қылу қажет деп шамалайды, адамдар да қос мекенді жәндік болсын деп санайды, ал сіз де осының бәрін тапқырлық және пайдалы іс деп есептейсіз. Бұл тәңіріні жамандау емес пе екен? Ең қасиеттімізді қорлау емес пе екен? Дінді қадірлемеушілік емес пе екен? Әлде бізде азаматтық заңдар діни қылмыскерлерді жазаламайтын болып па еді? Егер жұрттың бәрі сізге қосылып: «Иә, құдай тағала адамды нашар жаратқан. Адамды қайта жарату үшін доктор Сальватордың қолына беру керек» деп жамырай қайталаса не болар еді? Бұл деген дінді сұмдық масқаралау емес пе?.. Тәңірім өзі жаратқандарының бәрін жақсы деп тапқан, жан-жануардың


 

 

бәрі-бәрін. Ал Сальватор хайуандардың бастарын ауыстырады, терілерін өзгертеді, жаратқан иемді масқаралау үшін шын мәнінде тәңірім шошырлық құбыжықтар жасайды екен. Ал сіз болсаңыз, Сальватордың қимыл-әрекеттерінен қылмыс құрамын таба алмайды екенсіз!

Епископ сәл аялдады. Ол өз сөзінің прокурорға қалайша әсер еткенін сезіп бір масайрап қалды, сәл үнсіз отырды да, даусын бірте-бірте көтере, жай сөйлеп кетті:

– Мен жаңа Сальватордың тағдырын білгім келерін айттым. Ал мен сонда Ихтиандрдың тағдырына немқұрайды қарай алам ба екен? Бұл пақырың тіпті христанша аты жоқ сорлы болып отырған жоқ па? Өйткені, «Ихтиандр» гректерше тұп-тура: адам-балық деген сөз. Мейлі, тіпті бұған Ихтиандр кінәлі болмай-ақ қойсын, мейлі, ол тек құрбандық болып-ақ қойсын, бірақ ол бәрібір құдай қарғаған, дінді қорлаған жан. Оның тірі жүргенінің өзі жұрттың ойын сан- саққа жүгіртіп, неше түрлі күнәһарлық пікірлерді оятуы, адал жанды арбауы, әлсіздерді қобалжытуы бар. Ихтиандр тірі жүрмеуі тиіс! Ең тәуірі: оны тәңірімнің өзі алғаны, яки болмаса осынау бақытсыз жанның басына тағдыр жазған кінәраттарының кесірінен о дүниеге аттанып кеткені құп болар еді, – епископ көп мәнділік аңғарта прокурорға бір қарап қойды. – Қалай болғанда да оның айыпталуы, жұрт көзінен таса, бостандықтан ада болуы тиіс. Сосын оның да азды- көпті қылмысы бар емес пе: ол балықшылардың балығын ұрлаған, ауларын тілгілеп кеткен және ақыр соңында олардың зәрелерін ұшырғаны сонша, қала балықсыз қалды емес пе?! Қысқасы, құдайсыз Сальватор мен оның қолдан жасаған жексұрын баласы Ихтиандр – шіркеуге, тәңірге, көк аспанға жат адамдар! Демек, олардың көзін жоймайынша шіркеу қаруын қолдан тастамақ емес.

Епископ өзінің әшкерелеуші сөзін одан әрі жалғастыра берді. Прокурор болса осынау сөз тасқынына тосқауыл қоя алмай, басы салбырап, мүсәпір күйінде үнсіз тыңдап отырды.


 

 

Ақыры епископ сөзін аяқтаған соң барып, прокурор орнынан тұрып, епископтың қасына барды да, қатаң үнмен сөйлеп кетті:

– Христиан ретінде, өз күнәмді жуу үшін сізге барып тәубаға келем. Ал ресми қызметкер ретінде маған көрсеткен көмегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтам. Енді Сальватордың қылмысы маған айқын болды. Ол айыпталады және тиісті сазайын тартады. Әділ сот семсері Ихтиандрды да сырт қалдырмайтын болады.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)