Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лирикалық туындыдағы автор тұлғасы

Читайте также:
  1. A. Portmann. Die Bedeutung der Bilder in der lebendigen Energiewand­lung. — Eranos-Jahrbuch, Bd. XXI, 1952/53 (прим. автора).
  2. Denkwürdigkeiten eines Nervenkranken. - Leipzig, 1903 (прим. автора).
  3. VI. Суждение и проблема авторитета
  4. Автор liliabikbayker
  5. Автор Горовцов А.В.
  6. Автор Дайрен 1936-1938 годы
  7. Автор кейса Юлия Фалькевич

Автор – көркем туындыға таза ішкі ұстанымдағы қарым-қатынастағы тұлға, өмірлік тәжірибелі тасымалдаушы, бұл тәжірибе өңделген түрде оның туындысында бейнеленеді.

Нақты автор – көркем туындыны жасаушы, өзіндік мірбаяны бар тарихи тұлға, нақты адамдар.

Имплицитті автор н/е автор бейнесі – оқырман шығарманы оқу үдерісінде санасына орнығатын ұғым.

Автор бейнесі әдеби шығармалардағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы. әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр трлі дәрежеде, әр қырынан аңғарылады. Эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму барсынан мүлде сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жекеавторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі.

Автор бейнесінің белсенділігі көркем туындының жанрына байланысты әртүрлі деңгейде көрінеді. Лирикада автор бейнесінің белсенділігі ерекше байқалады. Көп жағдайда лирикалық бейне мен авторлық «мен» тұтасып кеткендей болады. Эпоста автор бейнесі әрқилы қалыпта көрінеді. Эпикалық туындыларда автор образы әрқилы көрініс табатын жазушының суреткерлік мақсатына, яғни идеясына, қаламгердің стиліне, таңдалып алынған өмір шындығының сипатына байланысты. Кез келген шығармада бейнеленген өмірлік материалға белгілі дәрежеде автордың қатысы болады. Автор өзінің қатысын тікелей пікір білдіру арқылы немесе авторлық образын беру тұрғысында көрсетуі мүмкін. Көптеген эпикалық шығармаларда автордың айтпақ ойы, мінез қырлары, көзқарастары кейіпкерлер арқылы жүзеге асып жатады. Айталық, әйгілі француз жазушысы Гюстав Флобердің: «Мадам Бовари – ол мен» дегені н/е Лев Толстойдың «Анна Каренина» романындағы Левин бейнесі т.с.с. Көркем шығармада автор тұлғасының көрініс табатыны жөнінде В. Гете: «Өз шығармаларында әрбір жазушы белгілі дәрежеде, тіпті еркінен тыс өзін бейнелейді»,-десе, В.В.Стасов: «Кез келген көркем туынды оны жасаушының ақиқат айнасы, онда өзінің тұлғасын жасырып қалу ешкімнің қолынан келмейді»,-деген екен.

Драмалық шығармаларда автор бейнесі мүлде тыс қалады деуге де болады.ол жанрдың ерекшелігіне байланысты.

Автор әдеби шығарманы тудырушы, өзінің көркемдік әлемін жасаушы. Автордың өзіне тән болмысы көне дәуірлердің өзінде дара эстетикалық болмысын танытқан. Авторды көркем туындыдан бөлек алуға болмайды. Себебі, көркем шығарманың құрылымы – композициясы, сюжеті, тартыс пен кейіпкерлер әлемі автордың ұстанымы арқылы көрінеді. Автордың көркемдік әлемі шығарманың көркемдік болмысын ашады.

16. Аристотель «Поэтикасы»

Аристотельдің «Поэтикасы» - өнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар «Поэтика» өз кезегіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия, т.б. жайларын талдап тексеруі күні бүгінге дейінөзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек.

Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттің келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта тұрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ «Поэтика» грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.

Поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотель «Поэтикасы» - өнер туралы ойлар.

Аристотельдің эстетикалық принциптрінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты – ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы – адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның «Поэтикасын» Лессингтің «Евклид элементтеріндей мінсіз шығарма» деп таңдануы да, Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы «екі мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына» тамсануы да әлгібір қағидалы жайларға байланысы еді.

Аристотель пайымдаулары:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 91 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)