Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кеуде омыртқалары

Кеуде омыртқалары- Жалпы саны 12,Мойын омыртқаларына қарағанда үлкендеу, беломыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып келген. Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері: 1) Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, құрауы. Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шүңқыршалар, орналасса, 10 кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жүн қабырғанын, қабырға омыртқасының буынын құрайды.Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.Колденең, өсінділер мойын омыртқалар мен бел омыртқаларыны да көлденең өсіддісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда жәде артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың көлдедең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың төмпейшегінде буын бетімен беттесіп, бүтін күрайтың, көлденең өсіндісінің қабырғалық иін шұңқыршалары орналасқан,

 

Рахит ауруы

Рахит (мешел, қой ауруы, кешек) –сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі«Д» витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерісімен,сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі азғалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипаталатын ауру.Күні бүгінгет дейін рахит балалар арасында кең тараған ауру. Балалар патологиясында рахиттің маңызы зор: тіпті жеңіл түрінің өзіорганизмнің дертке қарсы қабілетін төмендетіп, бала ауруы менөлімінің көбеюіне жанама түрде әсер етеді.Рахит жайлы алғаш мәлеметтер эфестік Соран (98-138 ж.э), Гален (131-211 ж.ж) еңбектерінде бар.Рахит-гректің (арқа жоны) деген мағананы білдіретін «рахис» сөзінен шыққан.Рахитті зерттеуде А.А.Кисель, С.О.Дулицкий, Г.Н.Сперанский, А.Ф.Тур, қазіргікезде – Е.М.Лукьянова, И.М.Воронцов, С.В.Мальцев, ал Қазақстанда – Н.А.Барлыбаева, В.И.Струков, Г.А.Вуйко үлкенүлес қосты.Рахит дылқылды жер үйлерде тұратын балаға тән, сондықтан әлеуметтік ауру ретінде тұрмыстары нашар отбасыларда жиі кездеседі. Рахиттің таралуы климаттық-географиялық жағдайларға байланысты, ауасы таза және ультракүлгін сәулесі жеткілікті ауылдықжерлерге қарағанда қалаларда жоғары. Этиологиясы. Рахит дамуының жағдайлары:

теріде холекальциферол түзілісінің бұзылуы;

бауыр мен бүйректе Р-Са алмасуының бұзылысы;

тағаммен «Д» витамині кем түсуі;

Рахиттің пайда болуына әсер ететін факторлар: 1) таза ауа мен күн сәулесінің жеткіліксіздігі; 2) сәбидің жедел өсуі; 3) полигиповитаминоз; 4) шала және егіз туу; 5) нәрсіз, бірыңғай жасанды тамақтандыру; 6) диарея, ішек дисбактериозды; 7) перинаталдық энцефалопатиялар, құрысуға қарсы емдік дәрілер әсерлері және дене қимылының аздығы;8) ішектен ас сіңу бұзылысының синдромдары; 9) экологиялық жағымсыз әсерлер.Рахит ауруы пайда болуының түпкі себебі – «Д» витаминінің жетіспеуі. Ол осывитаминнің тағамда аз болуына немесе сәби организмінде жеткілікті мөлшерде түзілмеуіне байланысты. Оған әсіресе ультракүлгін сәулесі жетпеуінің мәні зор. «Д» витаминінің бірнеше түрі бар. Ең жоғарғы биологиялық белсенділігі бар – Д2 (эргокальциферол), Д3– баланың терісінде Д повитаминінен ультракүлгін сәулесінің әсері нәтижесінде пайда болады.

Жіктелуі. Рахиттің жіктелуін 1947 жылы бала дәрігерлерінің Бүкілодақтық ІV- съезінде С.О.Дулицкий ұсынған. Онда 1) ауруды кезеңі мен (бастапқы, дендеу, айығу, қалдық салдары деп); 2) ауырлығына қарай (жеңіл, орташа және ауыр – оған І,ІІ,ІІІ дәрежесі сай келеді);3) аурудың ағымына қарай (жедел ағымды, жеделдеу ағымды, қайталамалы деп) жіктеген Е.М.Лукьянов т.б. (1988) рахиттің жіктелуін толықтырып, жүйеге келтіреді Клиникасы. Ауырлығына қарай 3 дәрежеге бөледі : І дәрежедегі рахит (бастапқы кезең) вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістерімен сипаталады. 2-3 айлық ауру балада үлкен еңбегінің ауданы үлкейіп, босаң болады, бассүйек жігі және желке жұмсарады. Бассүйектің жұмсақтығы қарақұстың жалпаюына әкеледі.Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылысм тершеңдік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі, мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. Қандағы сілтілік фостатаза белсенділігінің жоғарлап, зәрде аммиак, амин қышқылдары мен фосфор көбейіп, ол ащы иісті болады.

ІІ- дәрежелі рахит сүйек жүйесіндегі анық өзгерістермен сипатталады. Сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі, 5-8 қабырғаларда «рахиттік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш көкрек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көкеттің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Ослайша Гаррисон сайы –рахиттің патогномикалық белгілерінің бірі көрініс табады.Ауыр түрдегі рахитте (ІІІ- дәрежелі) бассүйек онан әрі жұмсарып, ол мойын омыртқаларын қысады, кеңсірік батыңқыланып, маңдай және төбе сүйек бұдырлары сытқа өседі, сөйтіп сәбидің басы «төртбұрыш» тәрізденеді (олмптік маңдай, «шаршы» бас), көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен бірге ілгері майысып, құс төсі сияқтанып тұрады. Омыртқалар доғаланып иіліп, рахиттік бүкірлік, қайқылық, қисаюлар (кифоз, лордоз, сколиоз) пайда болды. Бұдан кешірек, 6-8 айдан асқанда, түтікше сүйектердің өзгеруі – білек және балтыр сүйектерінің бас жағының («рахиттік білезік»), саусақ буындарының жалпаюы («інжі жіптер») білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде бүккіш немесе жазғыш бұлшықеттер күш-қуатының «тонусы» бір жақты әсерінен аяқтар Онемесе Х әрпі тәріздес (соха varas, qenu varum, qenu recurvatum т.б) өзгерістер дамиды. Сүт тістердің шығу мерзімі, сонымен қатар эмаль түзілуі бұзылады, тістер кариске бейім боады. Бұлшықеттердің күші төмендеп, сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ шандарының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді («құрбақа іші»), оның уақытында отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді.

Сүйек, жүйке және бұлшықет жүйесіндегі айқын бұзылыстар ішкі ағзалар қызметінің де өзгерісіне әкеледі. Сырқат балаларда тыныс алу қызметі бұзылады, ол көкірек қуысының өзгеруінен, көкет күшінің нашарлауымен, сондай-ақ өкпенің функционалды және морфологиялық өзгерістермен ұштасады. Осының өзі өкпенің қабынуына – пневмонияға бейімділік туғызады. Жүректе дистрофиялық өзгерістер дамып, оның соғуы жиіленеді және әлсірейді. Электрокардиограммада алмасу бұзылысы Q-T интервалының ұзаруы және N-R тісшілерінің аласаруы байқалады. Көкеттің жиырылу әлсіздігінен қақпа венасында қанның іркілуі салдарынан бауырдың көлемі ұлғаяды. Балалардың біазында тек темір жетіспеушілігінен ғана емес, сондай-ақ эритроциттер мембраналарының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне байланысты, гипохромдық анемия пайда болады. Белок, липид алмасуы, мыс, мырыш, магний, В1, В5, В6, А, Е, С витаминдері жеткіліксіздігі болады.

Айығу (реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүруі қалпына келеді. Бұл кезеңде қанда анорганикалық фосфор деңгейі артады, кальций мөлшері аз күйінде қалады, сілтілік фосфатазаның белсенділігі қалыптан әлі жоғары болады, түтікше тұрады,сүйектің кортикалық қабаты кеңейеді.

Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит үдерісі аяқталып, бас сүйегі, кеуде бұзылыстарының бұлшықет гипотониясы, анемия т.б.өзгерістерінің мүлдем жойылуы не олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін. Сәби кезіндегі рахиттен бел лордозына байланысты жамбас сүйегі иілген әйелдердің босануы қиындауымүмкін, ол жағдайларда кесарлық тілме жасау керек болады. Жедел ағымды рахит ірі туған сәбилерде болады, ол ауру белгілерінің тез үдеуі мен сүйектердің шамадан тыс өсуіне байланысты, олардың жұмсаруы басым болуымен сипатталады. Рахиттің созылыңқы ағымы «Д» витаминін жеткіліксіз қабылдаған, гипотрофиясы бар балаларда кездеседі.

Қайталамалы ағымы клиникалық айғу кезеңі бітпей тұрып, рахиттік процестің қайта оралып, оған түрлі сырқаттар қосылып,асқынуымен белгілі. Жеткілікті күтімі жоқ, тағамы кем және қайталауға қарсы тиісті ем жүргізілмеген сәбилерде рахит үзбей үдеуі мүмкін.

Рахиттің емі.

Ем мақсаттары:

Д витамині тапшылығын жою;

Р-Са алмасуын қалыпқа келтіру;

Метаболикалық ацидоззз, гипо- К-емияны жою;

Спецификалық емес ем.

Таза ауада жеткілікті серуен.

Жасына қарай тиімді тамақтану.

Уқалау, гимнастика.

Спецификалық (өзіндік) ем.

Рахит емінде қолданылатын «Д» витамин дәрілері:

Эргокальциферол (Д, вит.) Дәрілік түрлері: 0,5% спирттік ертінді (1 мл-де – 200 000

ХБ, 1 тамшыда – 4000 ХБ). Қазір қолдану тиімсіз (спирт ұшып кеткенде дәрінің [С] артып, мөлшерін тым асыруға соқтырады); 0,0625% майлы ертінді (1 тамшыда – 625 ХБ) және 0,125% майлы ерітінді (1 тамшыда – 1250 ХБ).

Оксидевит (1- альфа- (ОН) - холекальциферол

Дәрілік түрлері: капсулалар: 0,25 мкг; 0,5 мкг; 0,125% және 0,25% видехолдың ертіндісі (Д3- тің холестеринмен қосындысы) – 1 тамшысында тиісінше 1250 және 2500 ХБ.

Соңғы жылдары Д3витаминінің ерігіш түрін (холекальциферол) беріп емдейді.

Дендеу кезеңінде оның дозасы 2000-5000 ХБ күніне, ал курстық дозасы- 200.000 – 400.000 ХБ. Емді аяқтау шарты –қандағы кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза деңгейінің қалыпқа келуі.

Мәскеуде кең қолданылатын вигантол (холекальциферолдың (Д3) майлы

ертіндісі; 1 тамшыда 600 ХБ; неміс фирмасы «Мерк»). «Видаль» анықтамасында (2000ж) құрамына «Д» витамин кіретін 120 дәрі көрсетілген.

Рахиттен сақтану жолдары. 1. Антенаталдық алдын алу. Нәресте тумастан бұрын алдын алу шаралары жүкті әйелдіңрежим сақтап, сүт, жеміс-жидек тағамдарын қабылдап, маңызды және жеткілікті тамақтану, таза ауада көп уақыт болуымен ұштасады.Арнайы алдын алу. Жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500ХБ-тен Д витаминін береді. Жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит поливитамнін күніне 1-25 дражден беруге болады (бір дражде 250 ХБ Д2витамині бар). Жасы 35-тен асқан, сонымен бірге жүрек-қан тамырлары жүйесінің дерті бар жүкті әйелге «Д» витаминімен рахиттің алдын алуын жүргізуге болмайды. 2. Рахиттен постнаталдық сақтандыру. Рахит ауруымен күресте міндетті түрде табиғатфакторларын барынша мол және дұрыс пайдалаған жөн: күн, ауа және су, сондай-ақ уалау мен гимнастика. Рахиттің алдын алуда тиісінше тамақтандырумен бірге баланы дұрыс күте білу және режим сақтау маңызды орын алады.Арнайы алдын алу. Балаларды рахиттен арнайы сақтандыру жұмыстарын 2- жетіден бастап жүргізу қажет. «Д» витаминінің мөлшері тәулігіне 400-500 ХБ болады, күз –қыс –көктем кездерінде сәбидің алғашқы және екінші жасында оны В1С (0,03) және В2 (0,001), В5(0,003) витаминдерімен қосып, айына екі жеті бойы береді. «Д» витаминін беруді УФ сәулесін тағайындауымен ұштастырады.Мезгіліне жетпей туған не қолайсыз жағдайда тұратын сәбилер үшін «Д» витаминінің әр күндік мөлшері 600-800 ХБ. Кей сәбилерде «Д» витамиіне жоғары сезімталдығы болатынын ескеріп, 1-2 жетіде Сулкович сынағын жасайды, егер оның оңдығы +++ болса, «Д» витаминін беруді тоқтатады. Рахиттің алдын алу жолында эргокальциферолдың майлы ертіндісін не дражесін, видеин, видехолды қолданады. Сәбилер үшін шығарылатын өндірістік тағамдардың құрамына да «Д» витаминін араластырады.

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 374 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)