Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кабир. . . . . . Күнту

КАБИР - араб тілінен - ұлы, күшті, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.

КАМАЛ - араб тілінен алынған камал - толықтық, жетіктік, тұтас. Түрлері — Кемел, Камал, Камил.

КӘДІР - араб тілінен алынған кадр - күшті, құдіретті; қабілетті; кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.

КӘДІРБАЙ - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.

КӘДІРБЕК - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.

КӘДІРЖАН - кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.

КӘКІМБЕК - араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.

КӘКІМЖАН - араб тілінен алынған хәкім - дана, данышпан, ақылды, есті; философ + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.

КӘМІЛ - араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім - Көмілбек. Синонимдері - Кемел, Кемелбай.

КӘРІМ - араб тілінен алынған карим — қолы ашық мырза, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді. Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.

КӘРІПЖАН - араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.

КЕКІЛ - баланың мандайға дейін қойған шашы.

КЕЛІС - келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.

КЕМЕЛБЕК - араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.

КЕМЕҢГЕР - араб тілінен — дана, данышпан.

КЕНБАЙ - кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

КЕНЕН - қазақ тілінен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай.

КЕНЕШ - көне түркі тілінен - кенш — бала.

КЕНЖЕ - қазақ тілінен алынған ең соңғы туған перзент. Біріккен тұлғалы есімдер — Кенжебек, Кенжеғали, Кенжетай, Кенжеқан.

КЕҢЕС - мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.

КЕҢШЛІК - жаңа есім - бостандық, еркіндік.

КЕРІМ - араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі - Дәулеткерім.

КИІКБАЙ - қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай.

КӨБЕГЕН - көне түркі тілінен келген — жас бала.

КӨБЕЙ - көп бол, өніп-өс деген мағынада.

КӨБЕЙСІН - өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.

КӨДЕК - иран тілінен алынған кудак — бала, сәби; бозбала, жігіт.

КӨКБАЙ - көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.

КӨЛБАЙ – қазақ сөздерден көл + бай. Көлдің жағасында отырғанда туған балаға Көлбай деп ат қою ертеде көп кездескен.

КӨПБАЙ - бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім.

КӨПЖАН - көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.

КӨПЖАСАР - бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған.

КӨРКЕМЖАН - бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КӨРІК - әдемі, сұлу келбет, әдемілік.

КӨШІМБАЙ - (қараңыз. Үдербай).

КҮМІС - қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.

КҮНДАР – қазақтың сөзі кун + дар тәжік тілінен алынған доро — мейірім, шапағат етуші, мейрімді. Күн сияқты тіршілікке шапағат таратушы, мейірімді жан деген мағыналы есім.

КҮНТУ - халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.

ҚАБАЙ - көне түркі тілінен келген - бесік.

ҚАБИ - араб тілінен алынған хаби — күшті, мықты.

ҚАБИБ - араб тілінен алынған хабиб — дос, жолдас, ашына.

ҚАБЛЕТ - араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.

ҚАБЫЛ - араб тілінен — қабыл алушы, қарсы алушы; келешек, болашақ.

ҚАДЫР - араб тілінен алынған хадр — күшті, кұдіретті; қабілетті, икемді, бейімді; дәреже, құрмет.

ҚАДЫРАЛЫ - араб тілінен алынған хадр + алы, али — жоғары, яғни қадірі, беделі биік, жоғары.

ҚАДЫРБАЙ - қадырлы бай. Фонетикалық түрі — Қадырғали.

ҚАДЫРБЕК - араб тілінен — қадірлі, өте беделді адам.

ҚАДЫРЖАН - араб тілінен алынған — қадырлы, кадыры жоғары адам.

ҚАДЫРҚАН - қадыр + қан (хан). Қадыры, беделі жоғары хан деген мағынада.

ҚАЖЫМ - араб тілінен алынған — құрметті, сыйлы.

ҚАЖЫМҰРАТ - араб тілінен алынған хаджи — мұрат. Мұратқа, мақсатына жеткен.

ҚАЖЫ (хажы) - араб тілінен алынған тадж — мекеге барып қайтқан адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Қажымұрат, Қажығали, Қажыкен.

ҚАЗАҚБАЙ - қазақ сөзіне бай сөзін қосу арқылы жасалған есім.

ҚАЗИ – араб тілінен алынған кади — даулы істі шешуші сот. Біріккен тұлғалы есімдер — Қазыбай, Қазыбек, Қазығали, Қазықан.

ҚАЗТУҒАН - араб тілінен алынған қазы + қазақ сөзі туған. Қазы болып туған бала деген мағыналы есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қазтай.

ҚАҚНАЗАР - (қараңыз: Ақназар).

ҚАЙДАР, ХАЙДАР - араб тілінен алынған — хайдар — арыстан.

ҚАЙРАТ - араб тілінен алынған — ғайрат — қуат, жігер, күш.

ҚАЙСАР - араб тілінен — Рим патшаларынын атағы. Табанды, бірбеткей өжет.

ҚАЙЫМ - араб тілінен — мәнгі өмір сүретін, өзгермейтін.

ҚАЙЫП - араб тілінен алынған каиф — балшы, балгер. Біріккен тұлғалы есім — Қайыпбек.

ҚАЙЫР - араб тілінен алынған кейр — мейірім, шапағат, жақсы, қайырымды, тамаша; кайырым, мейірім. Біріккен тұлғалы есімдер - Қайырбай, Қайырбек, Қайырғали, Қайыржан, Қайырболат.

ҚАЙЫРБЕК - араб тілінен — аса қайырымды, шапағатты, мейірімді адам деген мағыналы есім.

ҚАЙЫРБОЛАТ - араб тілінен — аса қайырымды, мейірімді адам болсын деген тілекпен қойылған есім. Қысқартып-еркелете айту тұлғасы — Қайыртай.

ҚАЙЫРГЕЛДІ - өмірге мейірімді, қайырымы мол, шапағатты жан келді деген мағыналы есім. Қысқарған түрі — Қайырке.

ҚАЙЫРҒАЛИ - араб тілінен — аса қайырлы, қайырымды, мейірімді.

ҚАЙЫРЖАН - араб тілінен — қайырымды, шапағатты кісі, жан.

ҚАЙЫРЛЫ - араб тілінен — мейірімді, шапағатты, қайырымды.

ҚАЛАУ - талғап-талдау, қолқалау, ұнатқанын өз тілегінше алу. Біріккен тұлғалы есімдер — Қалаубай, Қалаужан.

ҚАЛАУША - ата-ананын қалауынша, тілеуіне сай туған бала.

ҚАЛДАРБЕК - иран тілінен алынған хол — денедегі мең + көп, жалғауы - дар + бек. Денеге шыққан қалы болса, ондай адам бақытты саналған. Сондықтан есімдер сыңарына қал сөзі жиі қосылып отырған. Мысалы: Қалдыбай (Қалыбай), Қалдыбек (Қалыбек), Аққал т. б.

ҚАЛДЫБАЙ - бала бақытты, ғұмырлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚАЛИ - (қараңыз: Әли).

ҚАЛҚА - ата-ананың қалқасы, қорғаны, панасы, сұйеніші болсын деген тілекпен қойылған
есім.

ҚАЛҚАМАН - қалқа + ман — кісі, адам.

ҚАЛМҰХАМБЕТ - иран тілінен алынған хол - мең + Мұхамбет, яғни менді, бақытты Мұхамбет. Синонимі — Меңдіахмет. Қысқартып айту тұлғалары — Қалмат, Қалмақан, еркелете айтылатын түрі — Қалқен, Қалтай.

ҚАЛЫБАЙ - оның меңі көп. Өте бақытты адам деген мәнді есім.

ҚАЛЫБЕК - онын меңі көп, бақытты бек деген мәнді есім.

ҚАМАР - араб тілінен алынған — хамар — ай.

ҚАМБАР - араб тілінен алынған хамбар — күшті адам. Қазақ эпосындағы батыр есімі.

ҚАНАҒАТ - араб тілінен алынған қанаат - барға ырза болушылық, ырзалық.

ҚАНАТ - бұндай есім бала ата- анасының сүйеніші, тірегі болсын деген мақсатпен қойылған.

ҚАПБАС - (қараныз: Аббас).

ҚАППАС - (қараңыз: Аббас).

ҚАПЫЗ - (қараңыз: Абыз).

ҚАРАМАН - қара — ауыспалы мағынасы зор күш, күшті, ірі, парсы тілінде — ман — кісі, адам. Яғни кұшті адам деген мағына береді.

ҚАРАСАЙ - қара — ауыспалы мағынасы ірі, үлкен, зор, күшті + сай көне түркі тілінен Саг — алып, өте дәу, зор, яғни зор тұлғалы алып. Қазақ эпосындағы батырдың есімі

ҚАРАТАЙ - қара — ірі, үлкен, зор + тай - көне түркі тіліндегі таг — тау сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен күйі. Яғни ата-ананың таудай үлкен тірегі, сүйеніші.

ҚАРМЫС - көне түркі тілінде қармыш — халық, бұхара, көпшілік.

ҚАРШЫҒА - бала қаршығадай тұйғын, қырағы болсын деп қойылған есім.

ҚАСИМАН - араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше + араб тілінен алынған иман - сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.

ҚАСЫМ - араб тілінен алынған хасим — сұлу, әдемі; таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.

ҚАТИФ - араб тілінен алынған қатиб — хатшы, жазбашы, жазушы.

ҚАҺАРМАН - араб тілінен алынған гаһарман — ер, батыр; күшті, қуатты. алып.

ҚИРАБАЙ – араб тілінен хира — тандау; ең жақсы, тандаулылар + бай.

ҚИСА - (қараңыз: Айса).

ҚИСАМЕТДИН, ХИСАМЕТДИН - араб тілінен алынған — әдемі, тамаша; жақсы, жарасымды.

ҚИСАН - араб тілінен алынған хисан — сұлу, өте әдемі, тым жақсы.

ҚИЯС - араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату; баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.

ҚОБДАБАЙ - қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.

ҚОБЫЛАНДЫ – қазақтың сөзінен қаблан — ауыспалы мағынасы ер, ержүрек, батыл. Қазақ эпосындағы белгілі батыр есімі. Қысқартылып Қобылан, Қоблан деп айтылады.

ҚОҒАМБАЙ - бала көпшіл, ұйымшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚОЖА - араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.

ҚОЖАҚ - көне түркі тілінен - үлкен, зор, дәу. Қазақ эпосындағы батыр есімі.

ҚОЖБАН - көне түркі тілінде - өте ірі, дәу.

ҚОЗЫ - балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.

ҚОЙЛЫБАЙ - қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚОЛДАС - қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.

ҚОНАҚБАЙ - (қараңыз: Мейманбай).

ҚОРҒАНБЕК - бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.

ҚОСАЙ - қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.

ҚОСЫН - араб тілінен - сұлулық, әдемілік, көркемдік; қайырым; қазақ сөзі — әскер.

ҚОСЫНБАЙ - (қараңыз: Үдербай).

ҚОШҚАРБАЙ - бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.

ҚУАН - ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.

ҚУАТ – күш, жігер, қайрат.

ҚҰБАН - иран тілінен алынған құб — әдемі, көркем.

ҚҰДАЙБЕРГЕН - иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.

ҚҰЛЫНШАҚ - құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.

ҚҰМАР - араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.

ҚҰРАЛБЕК - моңғол тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.

ҚҰРМАН - араб тілінен — құрбандық; құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.

ҚҰРМЕТ - араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.

ҚҰРЫШЖАН - араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.

ҚҰСАЙЫН - араб тілінен алынған хусейн, хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем; қайырымды іс, жақсылық; Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы. Түрі — Хұсайын.

ҚҰТЕЛ - көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).

ҚЫДЫР - араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)