Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Берен.Бірлік

БЕРЕН - асыл құрыш.

БЕРЖАН - бер + жан -жанын беретін, ештене аямайтын адам деген мағыналы есім.

БЕРКІН - берік, мықты бол сөзінін қысқаша тұлғасы. Біріккен тұлғалы есім — Беркінбай.

БЕРҚАЙЫР – қазақ тілінен алынған бер + араб тілінен алынған кейр - жақсы, қайырымды, тамаша. Бала мейірімді, қайырымды болсын деген тілекпен қойылған.

БЕРНАР - бер + нар - күшті, мықты. Бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек.

БЕРІК - мықты, бекем, беркін, табанды, тұрақты.

БЕРІКБАЙ - (қараңыз: Мығым)

БЕСБАЙ - балаға Үшбай, Бесбай, Жетібай, Тоғызбай деп есім беру белгілі бір ырыммен байланысты болған.

БИАХМЕТ - қазақ тілінен алынған би - әкім + араб тілінен алынған ахмет — мақтаулы, мақтауға лайық.

БИБАТЫР - қазақ тілінен алынған би + батыр.

БИҒАЛЫМ - қазақ тілінен алынған би - үлкен + араб тілінен алынған ғалым.

БИДАЙБЕК - бала астыққа кенелсін деген тілекпен қойылып отырған.

БИЖАН - билік, үстемдік, әкімдік жүргізуші адам.

БИМАН - би + иран тілінен алынған ман - адам, яғни әкім адам.

БИМАҒАМБЕТ – қазақ тілінен алынған би + араб тілінен алынған Мұхаммед. Құдіретті деген мағына береді. Қысқарған түрлері — Битай, Бимет.

БОДАН - көне түркі тілінен алынған будун — халық, ел.

БОЗАЙ - тіліміздегі боз — көп мағыналы сөз: ақшыл-сарғылт, ашық-қылан түс; құрғақ сор жер; ауыспалы мағына жас өспірім боз бала; жаңа (боз үй, боз киіз). Баланы айға балау негізінде қойылса керек.

БОЗДАҚ - жас жігіт, бозбала. Түрлері — Бозжан, Бозжігіт. Еркелете қысқартып айту түрі — Бозтай.

БОЛАТ - иран тілінен алынған пулад — құрыш. Біріккен тұлғалы есімдер — Болатжан, Болатбек, Болатқан, Болаттай, Жанболат, Бекболат, Тасболат, т. б.

БОЛАТБЕК - иран тілінен алынған пулад — құрыш + бек. Болаттай мықты, берік болсын деп қойылған есім.

БОЛАТЖАН - болаттай берік, мықты адам деген мағына береді.

БОЛАТҚОЖА - мықты қожайын деген мағынаны білдіреді.

БОЛҒАН - кемеліне келіп толған, жетілген, кенелген деген мағынаны білдіретін есім.

БОЛҒАНБАЙ - кемеліне келіп, толып жетілген, кенелген бай адам деген мағыналы есім.

БОЛСЫНБЕК - құрыштай берік, мықты болсын деп қойылған есім.

БОРАН - бала қатулы, батыл ер болсын деген тілекпен қойылған есім.

БОРАНБАЙ - ерте кезде боранды күні туылған балаға осындай ат қоя берген.

БОРАНҒАЗЫ - ызғарлы, қаһарлы жауынгер, әскер деген мағынаны білдіретін есім.

БОТАБАЙ - бала ботаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Еркелете кысқартып айту тұлғалары — Ботай, Ботан, Боташ.

БОШАЙ - көне түркі тілінен келген бош — тәуелсіз, еркін + бай.

БӨПЕТАЙ - иран тілінен алынған бәбек, бөбек — жас бала, сәби. Еркелете қысқартып айту тұлғасы Бөпей.

БӨЖЕЙ - дана, данышпан.

БӨКЕЙ - батыр, ер, палуан сөзінін өзгерген түрі.

БӨЛЕБАЙ - туыстық атаумен байланысты қойылған есім, шешелері туыс балалар бөле болады.

БӨЛТІРІК - бала батыл, өткір, азулы болсын деп қойылған есім.

БОРІБАЙ - бала бөрі сияқты еш нәрседен жалтармайтын батыл, азулы, күшті бөлсын деп қойылған есім. Түрі - Қасқырбай.

БУРА - бұл есім бала күшті, мықты болсын деген тілекпен қойылса керек. Біріккен тұлғалы есімдер: — Бурабай, Бурақан.

БҰҒЫБАЙ - бұғыға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БҰЗАУШЫ - (қараңыз: Тана- бай).

БҰҚА - (қараңыз: Танабай).

БҰЛАБАЙ - бұла — еркін, ерке деген ұғымды білдіреді. Синонимі —Еркебай.

БҰЛАҚБАЙ - бұлаққа балап қойылған есім.

БҰЛАНБАЙ - қазақ тілінен алынған бүлан — бұғы тектес аң.

БҰЛДЫБАЙ - дүниеге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БҰЛҚЫШ - есімнің түбірі бұлқы-жұлқы, жұлқып тарт — ш есім қосымшасы. Қайратты, жігерлі, пысық, еті тірі.

БҰРХАН - араб тілінен — дәлел, айғақ, себеп.

БҰХАРА - араб тілінен алынған бухара — қара халық, Өзбекстандағы әйгілі қала аты, содан қойылған есім. Біріккен тұлғалы есім — Бұхарбай.

БҮРКІТ - бүркіт сияқты алғыр, қыран, мықты болсын деген тілекпен қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Бүркітбай, Бүркітбек.

БІЖІКЕН - көне алтай тілінен бичик, біжіг — грамота, кітап.

БІЛГІР - көп білетін, білімді, білгіш.

БІЛІМ - оқу, білім.

БИРЖАН — атақты Біржан салдың құрметіле жиі қойылатын есім. Мағынасы — жалғыз, жалқы туған адам.

БІРЛІК - ынтымақтық, бірауыздылык, тұтастық.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)