Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баба.Байсал

БАБА - иран тілінен алынған бобо — арғы ата, дада. Біріккен тұлғалы есімдер — Бабажан, Бабахан, Бабанияз.

БАБАҒАЛИ - иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғали, яғни Ғали ата.

БАБАҒОЖА - иран тілінен алынған бобо + араб тілінен алынған ғожа, хожа - яғни үлкен қожа.

БАБАЖАН - иран тілінен алынған бобо + жан. Атаның сүйікті жаны, адамы.

БАБАҚАН - иран тілінен алынған бобо + қазақ тілінен алынған қан (хан) яғни үлкен, ата хан.

БАБАНИЯЗ - иран тілінен алынған бобо + нияз —өтініш, тілек; үміт, сый, тарту. Еркелете қысқартып айту тұлғалары — Бабатай, Бабаш.

БАБАС - азербайжан тілінен алынған бабасы — атай, үлкен әке.

БАҒАШАР - иран тілінен алынған бәхт + қазақ тілінен алынған ашар. Бағы ашылған, құт қонған, ырысы бар.

БАҒДАТ - иран тілінен алынған бағ (баг) + дад — сый, сыйлық.

БАҒЫБАЙ - араб тілінен алынған бәхт + қазақ сөзі бай. Бақытты адам деген мағыналы есім. Түрі — Бағыбек.

БАҒЛАН - қазақ тілінен - ерте туып, жетілген қозы. Ауыспалы мағына - жайнаған жас.

БАДАМБАЙ - иран тілінен алынған бадам — оңтүстікте өсетін жеміс ағашы, соның жемісі.

БАЗАН – араб тілінен - бассейн.

БАЗАР – иран тілінен - мейрам, базар күні, сауда-саттық орны.

БАЗАРБАЙ – иран тілінен алынған базар + қазақ сөзі бай. Өмірі қуаныш пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЗАРЛЫ - иран тілінен алынған базар + араб тілінен алынған ғали немесе әлі. Өмірі тамашаға пен қызыққа бай болсын деген тілекпен қойылған есім. Синонимі – Базарғали.

БАЗЫЛ - араб тілінен алынған базл – жомарттық, мырзалық, сый тарту. Түрлері – Фазыл, Пазыл. Біріккен тұлғалы есімдер – Базылбек, Фазылбек, Фазылхан, Пазылбек.

БАЙ - бұл сөз түркі халықтары тілінде мал-дүниесі мол, ауқатты, әлді адам деген мағынаны білдіреді.

БАЙАРЫСТАН - арыстан сияқты батыл, ер жүрек балаға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙАХМЕТ – қазақтың сөзі бай + араб сөзі - ахмет. Мақтауға лайық.

БАЙБАҚТЫ - дүниеге, өмірге бай адам, ер бала келеді деп күтті, үміттенді деген мағыналы есім.

БАЙБАРЫС, БЕЙБАРЫС - бұл түрікмен, татар, қазақ, қырғыз тілдердегі ескі есім. Барыс ертедегі түркілердің жыл санауындағы үшінші жыл аты, сол жылы туған балаға осындай ат қойылған.

БАЙБЕК - бала мықты, бай болсын деген тілекпен қойылған.

БАЙБОЛ - бала ауқатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙБОЛАТ - бала ауқатты, бай болады деген тілекпен қойылған есім.

БАЙБОЛДЫ - мұндай есім, әдетте, көп балалы үйдін баласына қойылып отырған.

БАЙБОСЫН, БАЙБОЛСЫН - бала дәулетті, күйлі-қуатты, бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙБӨРІ - көне түркі тілінен келген бөрі-қасқыр. Біріккен тұлғалы есімдер — Бөрібай, Қасқырбай.

БАЙҒАЛИ - қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғали — биік, жоғары. Өте бай адам деген мағынаны білдіреді.

БАЙҒАНАТ - бай + қанат, яғни сүйенері, тірегі көп, туысы мол деген мағынада қойылған есім.

БАЙҒАНИ - қазақ тілінен алынған бай + араб сөзі ғани — дәулетті, ауқатты, адам.

БАЙҒОЖА - қазақ тілінен алынған бай + иран сөзі ходжа - қожайын, мырза, ұстаз.

БАЙДӘУЛЕТ - дүниеге, байлыққа, бакытқа бай деген мағынадағы есім.

БАЙДАР - байлықтың қожасы, иесі.

БАЙДІЛДА – қазақтың сөзі бай + араб сөзі дилла - алтын, алтын ақша, яғни алтынға, алтын ақшаға бай болсын деп қойылған есім. Еркелете, қысқартып айту тұлғасы — Байдаш.

БАЙЖАН - қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған джон, үйде бала көп бөлсын, адам саны көбейсін, өсе берсін деген тілекпен қойылған есім. Түрі — Жанбай.

БАЙЖАНБАЙ – жанға, адамға бай болсын, баланың жолдастары, туған-туыстары көп болсын, бай болсын деген тілекпен қойылады.

БАЙЖАРАС, - байлығы жарассын деген мағынаны білдіретін есім.

БАЙЖОЛ - баланың өмір-жасы, өмір жолы ұзақ бөлсын деген тілекпен қойылған.

БАЙЖІГІТ - дәулетгі азамат, нағыз жігіт болсын деген мағынаны білдіреді.

БАЙЗАҚ - бай + зақ —ұзақ сөзінің қысқарған түрі. Баланың өмір-жасы ұзақ болып, көп жасасын деген тілекпен қойылған.

БАЙҚОШҚАР - бала ұрпаққа бай болсын деген тілекпен қойылғаны аңғарылады.

БАЙҚҰТ - ырыс, бақыт. Бала ырысты, бақытты болсын деген тілекпен қойылған.

БАЙҚҰТТЫ - бақытты бай деген мағынаны білдіретін есім. Түрі — Құттыбай.

БАЙЛЫ - бақытты, асқан бай, дәулетті.

БАЙМАҒАМБЕТ - қазақ тілінен алынған бай + иран тілінен алынған мағамбет. Атақты, даңқты, атағы жайылған. Еркелетіп айту тұлғалары — Байкен, Бәкен, Байкеш.

БАЙМАДИ – қазақтың сөзі бай + арабтың сөзі мади. Мадит — ұзақ, ұзын. Бала жасы ұзақ болсын, көп жасасын деп қойылған есім.

БАЙМАН - қазақ тілінен алынған бай + тәжік тілінен алынған ман — адам, кісі, яғни бай адам, дәулетті кісі. Түрлері — Баймен, Бәймен.

БАЙМҰРАТ – қазақтың сөзі бай + араб тілінен алынған мурад — мұратына жеткен бай.
Түрі — Мұратбай.

БАЙМЫРЗА – қазақтың сөзі бай + иран тілінен алынған мырза. Түрлері — Мырзабай, Мырзабек.

БАЙНАЗАР - қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған назар — ықылас, іңкәр, көзқарас.

БАЙНҰР - қазақ тілінен алынған бай + араб тілінен алынған нұр. Нұры жанған, бағы асқан адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

БАЙСАЛ - сабырлылық, тыныштық, табандылық.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 28 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)