Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Суреттің орналасуы.

Читайте также:
  1. Дененің орналасуы.

Сурет дәл ортадан неғұрлым жоғары орналасса:

1) ол күрестің қиындығын, көздеген мақсаттың алыс екенін түсінеді;

2) іштей ширығуды қиялында ғана шешеді;

3) шетте қалуды қалайды.

Суреттің дәл ортада салынуы-қорғансыздық және туралықты білдіреді. Жүйкесін тоздырмас үшін үнемі қамқорлықтың болғанын қалайды;

Суреттің ортадан неғұрлым төмен салынуы:

1) субъект өзін жайсыз сезінеді, депрессияға бейім;

2) ол өзін шектеліп қалғандай сезінеді.

Сурет сол жаққа салынса-өткен өмір көбірек көрініс береді. Өз еркінен тыс әрекеттерге барады;

Сурет сол жаққа жоғарырақ салынса-ендігі жерде уайымға салынбасам екен дейді, өткен шаққа кетіп қалғысы келеді, қиялында өмір сүргісі келеді;

Сурет оң жаққа салынса-рахатты ақыл-ой еңбегін тапқысы келеді. Әрекетті бақылауда болашаққа сенім артады;

Сурет сол жақ жиекке шығып кетсе-өткен шаққа байланып, келешектен қорқу. Ашық сезімдерге алдану, емін-еркіндік;

Сурет оң жақ жиекке шығып кетсе-өткен шақтан құтылу үшін алға қарай тезірек жүріп, болашаққа өтіп кеткісі келеді. Уаймынан қорқады, бар жағдайды бақылауда ұстағысы келеді;

Сурет жоғарыға қарай шығып кетсе-нақты өмірде кешпеген рахатты қиялынан іздейді.

Адам.

Бас. Ақыл-ой қиялымен байланысты.

Үлкен бас-ойдың маңыздылығын білдіреді;

Кішкентай бас-ақыл ойдың тұрақсыздығын сезу;

Бас анық салынбаса-ұялқаштық, жасқаншақтық. Бас ең соңынан салынса-қарым-қатынсат келіспеушіліктер бар.

Басқа жынысты адамның басын үлкен етіп салса-оның үстемдігі.

Мойын. Ақыл-ой мен сезімді байланыстырушы.

Мойын анық салынса-ақыл-ой қорғанысы керек;

Жуан мойын-өз тәнін еркіне бағындыру;

Жіңішке ұзын мойын-баяулық, өзін-өзі шектеу;

Жуан қысқа мойын-өз қалауына ерік беру.

Иық. Дене күшінің және сезімнің белгісі.

Ірі иық-күш пен билікті сезіну;

Тар иық-өзінің әлсіздігін сезіну;

Қушық иық-сақтықтың белгісі;

Еңкейген иық-уайым, түңілу, торығу;

Кең иық-күшті ерік-жігер.

Кеуде. Батылдытың белгісі.

Тік кеуде-батылдық;

Кең кеуде-әлі қанағаттандырылмаған қажеттіліктер;

Тар, кішкентай кеуде-жәбірлену, өзін-өзі кем сезіну.

Бет.

Көз, құлақ, мұрын, ауыз-сыртқы дүниемен байланыстырушылар.

Айқын салынған бет-өзінің сыртқы түрін, өзгенің не ойлайтынын уайымдау;

Иек айқын салынса-үстемділікке ұмтылу;

Иегі үлкен етіп салынса-өз әлсіздігін білдірмеуге тырысу;

Құлақ анық салынса-бір нәрсе естуге талпыну;

Кішкентай құлақ-ешқандай сын естігісі келмейді;

Көз жұмулы немесе бас киімді төмен түсіріп салса-жағымсыздықты жек көреді;

Көз көрінбей қалса-дұшпандық;

Томпақ, шығыңқы көз-дөрекілік, қатаңдық;

Кішкентай көз-өзімен-өзі болу;

Ұзын кірпіктер-өзін-өзі көрсетуге бейім, емін-еркін, өзгені өзіне қаратады;

Ер адамның ерні томпақ болса-нәзіктігі;

Сайқымазақтың аузы салынса-еркінен тыс, амалсыз жасалатын іс-әрекеттер;

Көрнекті ұзын мұрын-әжуаға жақын, көп нәрсені жақтыра бермеу;

Танау-жақтырмаушылық;

Тіс анық салынса-ызақорлық,

Беті көмескі көрінсе-қорқу, жасқану;

Бет маскаға ұқсаса-оқшаулану, сақтану;

Сирек, қысқа қабақ-көп нәрсені жақтырмау, көңілі толмау және ақылдылық.

Шаш. Батылдыққа, күшке ұмтылу.

Қою қанық етіп салынған шаш-ой-сезіміне байланысты уайымдар;

Сирек, боялмаған шаш-субъектіде дұшпандық көзқарас бар.

Қол. Іс-әректтің, қарым-қатынастың белгісі.

Кең құлаш-іс-әрекетке құштарлық;

Кең алақан-іс-әрекетін бақыламау;

Кеудеден бөлек салынған, екі жаққа созылған қол-кейде өзінің шектен шығып кеткенін байқайды;

Кеудеге айқастырылған қол-дұшпандық;

Қолын артқа қайырып ұстау-ымыраға келмеу;

Ұзын, тарамыс қолдар-физикалық күш жетіспейді;

Өте ұзын қолдар-өзімшілдік;

Қолын денесіне жапсыра ұстау-қаталдық;

Қысқа қолдар-алға ұмтылмау;

Өте ірі қолдар-әлеуметтік жағдайды жақсартуға ұмтылу;

Қолдың болмауы-ақыл-ой кемшілігін сезіну;

Аяқ-қолдың кемшілікпен салынуы-әлеуметтік қайшылықтар;

Қол денеге өте жақын салынса-ширығу;

Ер адамның өте ірі аяғы немесе қолы-дөрекілік пен қаталдық;

Жіңішке қол-нәзіктік;

Ұзын қолдар-өз қалауына ұмтылу, мақсатына қол жеткізу;

Ұзын бірақ әлсіз қол-біреуге тәуелді болу;

Бір нәрсе алу үшін ұсынылған қолдар-махаббат пен мейірімділікті қажет ету;

Екі жаққа созылған қолдар-әлеуметтік даужанжалдар;

Мықты қолдар-ызақорлық пен мықтылық;

Жұдырығын түйіп тұрған қолдар-іштегі ызаны сыртқа шығару;

Қалтаға салынып тұрса-өз кінәсін сезіну;

Қол анық салынбаса-әлеуметтік іс-әрекеттегі сенімсіздік;

Үлкен қолдар-өз айыбын жасыру;

Суретте әйелдің қолы салынбаса-өз анасына көңілі толмаушылық;

Саусақтары бөлек-бөлек салынса-ол томаға-тұйық;

Үлкен саусақтар-дөрекілік;

Ұзын саусақтар-жасырын агрессияның белгісі;

Жұдырық түю-қарсылық көрсету;

Жұдырық денеге жақын салынса-қарсылығын сыртқа шығару;

Ірі саусақтар-дұшпандық;

Бірдей саусақтар-өз ызасын жеңуге тырысу.

Аяқ.

Ұзын аяқтар-ешкімге тәуелді болмау;

Қысқа-өзін физикалық, психологиялық жағынан жайсыз сезіну;

Сурет аяқтың табанынан бастап салынса-үрейлену;

Табан салынбаса-жасқаншақ болу;

Аяқтар арасы алшақ болса-мойындаушылық;

Екі аяқ екі түрлі болса-ешкімге тәуелді болмау;

Аяқ анық салынса-қаталдықтың белгісі;

Табан-қозғалыстың, байланыстың, қарым-қатынастың белгісі;

Ұзын табан-қорғанысты қажет етеді;

Қысқа табан-бағынушылық.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 32 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)