Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йдің шатыры.

Абырғалар.

Өзгеше түрдегі артқы қабырға-өзін-өзі бақылауда ұстау, әр түрлі коньенциялармен келісушілік, сонымен бірге әр түрлі жат тенденциялар;

Артқы қабырға контуры басқалардан ерекшелеу болса-субъект күнделікті өмірмен нақты байланыста;

Негізі жоқ қабырға-нақты өмірмен байланыс әлсіз;

Негізделген мықты қабырға-субъект жанжалды оқиғаларды жақтырмайды, қиындықтарға тап болады, мазасызданады;

Горизонталь өлшемдегі қабырға-уақыт өлшемімен санаспаушылық (өткенді аңсаушылық немесе келешекке ұмтылушылық). Субъект ортаның әсеріне тым сезімтал болуы мүмкін.

Қабырғаның бүйірі тым жұқа немесе келісімсіз болса-қауіп-қатерді сезеді;

Қабырға контурлары өте анық болса-саналы түрде өзін-өзі бақылауда ұстайды;

Қабырғаның бір жағы ғана көрсетілсе-оқшаулануға бейімділік;

Мөлдір қабырғалар-болып жатқан оқиғаларға кірісуге, әсер етуге ұмтылушылық;

Вертикаль өлшемдегі қабырғалар-субъект нақты өмірден гөрі қиялға жақын, фантазиямен өмір сүреді.

Есіктер.

Есіктің болмауы-басқалардың алдында да, отбасында да ашыла алмайды;

Бір немесе бірнеше есік, артқы немесе бүйірдегі-оқшаулану, томаға тұйықтану, өмірге қызығушылығының азаюы;

Ашық есіктер-ақжарқындықтың бірінші белгісі;

Тұрғын үйдің ашық есігі-сырттан келетін жылы қарым-қатынасты аңсау;

Бір немесе бірнеше бүйірдегі есіктер-оқшаулану, нақты өмірдегі заттарды жақтырмау;

Өте көлемді есіктер-басқаларға тәуелді болу немесе өзінің тіл табысқыштығымен, көпшілігімен таңдандыру;

Өте кішкентай есіктер-өзінің «менінде» өмір сүру, кейбір әлеуметтік жағдайларда әлсіздік, сәйкессіздік көрсету;

Үлкен құлып салынған есік-қорғануға бейімділік, тайғанақтық, кейде дұшпандық көзқараста болу.

Түтін.

Қою түтін-ішкі ширығушылық; жіңішке созылған түтін-отбасылық жылудың жетіспеуі.

Терезелер.

Бірінші қабаттың түбінде болса-нақты өмірден оқшаулану, ешкіммен жақын қарым-қатынас жасамау;

Айқара ашылған терезе-субъект емін-еркін, тік мінезді салынған терезелердің саны көп болса-үйірсектігін, ал терезеде перде болмауы-ішіне көп сыр сақтамайтын ашықтығын білдіреді;

Перде тұтылған жабық терезелер-сақтық, қоршаған ортадан қорғанушылық;

Әйнексіз терезелер-ортаға жат көзқараспен қарау; төменгі қабатта терезенің болмауы да соны білдіреді.

Терезенің төменгі қабатта болмай, жоғары қабатта болуы-нақты өмір мен қиялдағы өмірдің арасында еш байланыс болмауы.

йдің шатыры.

Шатыр-көңіл-күй, фантазия белгісі. Шатыр жел құлатқан мұржа субъектінің сезім жетегінде кететінін, ерік-жігері жетіспеушілігін білдіреді.

Қою бояулармен салынған шатыр мазасыздануда немесе өз қиялынан ләззат алуды білдіреді;

Шатыр жиегінің контуры-өз қиялына тұсау салу;

Шатыр жиегінің кескіні-өз қиялына бақылау қоя алмай уайымға берілу;

Үйлесімсіз шатыр-тұлға өзін басқара алмайды;

Шатыр жиегінің жіңішке кескіні-өз қиялына бақылау қоя алмай уайымға берілу;

Үйлесімсіз шатыр-тұлға өзін басқара алмайды;

Шатыр жиегінің айқын кескіні немесе шатырдың үй қабырғасына түсіңкі болуы-қорғанысқа бағытталу.

Бөлме.

Бөлме суреті мынадай ойларға байланысты болуы мүмкін:

1) бөлмеде кім бар екеніне;

2) бөлмеде қандай қарым-қатынас бар екеніне;

3) қандай бөлме екеніне(қонақ бөлме, ас үй, жатын бөлме);

Бұлар жағымды немесе жағымсыз эмоциялар туғызуы мүмкін.

Мұржа.

Мұржаның болмауы-үйде отбасылық жылудың жоқтығын білдіреді;

Мұржаның анық көрінбеуі-сезімге сараңдықты білдіреді;

Қисық мұржа-бала суреті үшін бұл қалыпты, ал үлкендер үшін бұл баяулықты білдіреді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 37 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)