Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оралда осы. . .

Оралда осы,
Күн күледі, Түн жылап...
(Ұ.Сариева)

Оралда осы,
Түрткілеп, Түтіп адамды,
Тас қала менің қадамдарымды әр аңдып.
Күндері оның мейірім дегеннен мақұрым,
Түндері залым, қараңғы.

Оралда осы,
Сайқал сұлудай құн шын бар,
Міз бақпайды ол
жанарда мұңын тұнсын дәл.
Күнінде жас бар жазықсыз болып тырс еткен,
Түнінде оның тылсым бар.

Оралда осы,
Ызғарыменен көзімнің жасы құрғапты ал,
Сұп-суық мекен. Жауғандай сірә жылдап қар.
Күндерінде бар қоқыста қалған құндақтар,
Түндерінде бар шешілмейтұғын жұмбақтар.

Оралда осы,
Аяқтан шалу, ағысқа қарсы ағу бар,
Беймезгіл уақыт сөнулер менен жанулар.
Күндері оның арба сүйреген ұл менен
Түндері оның сандарын сатқан арулар.

Оралда осы,
Өмірде және Өлеңде жоқ қой айтарлық,
Бақыттысың ба?
Тас мекен сені байқар, күт.
Күндері толы жүйткіген темір-терсектер,
Түндері толы Сайқалдық.

Оралда осы,
Сағыну. Күту. Сарылу.
Тіршілік дейтін шолақтау әрі тар ұғым.
Күндері оның тасжүректерге табыну,
Түндері оның Жалғыздық пенен Жабығу.

Оралда осы...
Басқа шығарар басқалай жүріп құр атын,
(Арақтай екен атаңа нәлет сыра тым)
Бұл мекен маған сыңай танытпас ұғатын.
Күндерінде жүр өлгісі келетін бір Пенде,
Түндерінде жүр қияли болған бір Ақын.
Бір ақын сірә Ұлы Ақын.

ТФУ, НЕ ДЕП КЕТТІМ!

ӘДІЛЕТ ОРЫНБАСАРОВ

 

КЕЙУАНАҒА АРНАУ
немесе менің оқырманым

"Сәлем, Әділет! Калайсын? Сенің страницана кіріп, өлеңдерінды оқып отырамын. Мен өлең оқу дегенге жокпын, негізі. Әдебиеттен ішім пысады. Бірақ сенің өлеңдерінды үзбей оқып отырамын. Неге дейсің ғой. Бұған себеп болған менің әжем. Әжем ауырып жатқан кезде мен күні түні оның қасында болдым. Сол кездері оның көңілін аулау үшін вкга кіріп қызық бірдеңелер болса оқып беретынмын. Бір күні әжем өлең оқып бершы деді. Вкдан ақындарды іздедым. Азаматқа кіріп едім олендерын жарияламапты. Сосын сенің парақшаңды ашып қарадым. Ең алғаш қызыңа арналған өлеңіңді оқып бердім. Ажеме де маған да қатты ұнады. Солай ажеме күнде сенің өлеңдерінды оқып беретін болдым, ол о дүниеге кеткенше. Енді қазір сенің страницана кірген сайын әжем есіме түсіп бір жылап аламын. Әжем сенің өлеңдерімен бірге жылап бірге куанатын. Өте мейірімді кісі еды. Сены де кейде сұрап қояды. Мен оған сені менің группаласым го деп мақтанамын. Айтқым келгені Әділет, ажеме унаганын үшін, ажемды еске алып туруыма себепкер болғанын үшін рахмет саған. Қанатың талмай, биікке ұша бер! Ажетайым қазір жоқ болса да, оны сагынган кезде сенің өлеңдерінды оқи беремін!"
(Гауһар Қуанышәлиева)

БІЗДЕРДІ ТОҒЫСТЫРАР АЗ ЕДІ ЖОЛ,
ӨМІРГЕ ӨКПЕ АЙТПАЙ, МӘЗ ЕДІ ОЛ.
СЫРТТАЙ МЕНІ ТАНИТЫН, ЖЫРЫМА ЕЛТІП
АЛ МЕН ТАНЫМАЙТЫН ӘЖЕ ЕДІ ОЛ.

ШҮКІР ЕТІП ТӘҢІРГЕ ТАҢДЫ ҰРЛАЙТЫН,
БОС СӨЗБЕНЕН АУЫЛДА "СӘН ҚҰРМАЙТЫН"
ӨМІР ЖАЙЛЫ ӨТІРІК АЙТҚАН ҰЛДЫҢ
ШАТПАҚТАРЫН ЕЛЕУСІЗ ҚАЛДЫРМАЙТЫН.

ТОЙЛАРДА ТАБЫЛАТЫН ТӨРДЕН КӨП КҮН,
АУРУ-СЫРҚАУ МАЗАЛАЙТЫН ТӨНГЕН БОП КІЛ.
ОЛ МЕНІМЕН ҚУАНДЫ, ЖЫЛАП БІРГЕ,
АЛ МЕН БОЛСАМ ОЛ ӘЖЕНІ КӨРГЕН ЖОҚПЫН.

БАҚЫТТЫМЫН!
ҮЛКЕНДЕРДІҢ САПЫНА ҰНАП,
ЖАТПАСАМ ДА ӨЛЕҢ ЖАЗЫП ҚАТЫРЫП-АҚ.
"ӘДІЛЕТТІҢ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫП БЕРШІ"
ДЕЙТҰҒЫН НЕМЕРЕСІН ШАҚЫРЫП АП.

КЕЙУАНАНЫҢ ҒҰМЫРЫНДА ҚҰНЫМ БОЛДЫ,
БІЛГЕН КЕЗДЕ ТАБАР МА ЕДІМ, ШЫНЫМ, ЖОЛДЫ.
ҚАТТЫ АУЫРЫП, ҚЫСЫЛҒАНДА ҚАСЫНДА ОНЫҢ
"ГАУҺАШТАЙЫ" ЖӘНЕ ДЕ ЖЫРЫМ БОЛДЫ.

АРЫЛМАСТАН ДЕРТТІ БОЛҒАН КҮЙДЕН ӘЖЕ,
ӨМІРДЕН КӨП НӘРСЕНІ ТҮЙГЕН ӘЖЕ.
АРАМЗАЛАР БАҚЫТ ТАБАР БҰ ЖАЛҒАННАН
ҒАЙЫП БОЛДЫ ӨЛЕҢДІ СҮЙГЕН ӘЖЕ.

ӨМІРДЕН ІЗДЕП ЖҮР МЕ МӘЗ ҰЛ БАҚТЫ,
КҮНІМДІ КӨМЕСКІ БҰЛТ ҚАЗІР ЖАПТЫ
ТАҢДАЙҒА ӨЛЕҢ ШІРКІН ҰЙЫҒАНМЕН,
МАҢДАЙҒА СІЗДІ КӨРУ ЖАЗЫЛМАПТЫ.

ҚАЙТЕМ ЖАЗЫП АҚЫНДЫҚ БЕКЕР ҚОНСА,
(ГАУҺАШТАЙ, БОЛҒАН ІСКЕ БЕКЕМ БОЛШЫ Ә?)
ҚОЛЫҢДЫ ҰСТАП, ТҮНІ БОЙ ЖЫР ОҚЫР ЕМ
БҰЛ ДҮНИЕ СІЗГЕ ӘЖЕ МЕКЕН БОЛСА.

ҚАЙТЕЙІН ӨТІРІККЕ БАС ҰРЫП ҚҰР,
ӨНЕГЕЛІ ӨМІРІҢІЗ-ҒАСЫР, ҰҚ, БҰЛ.
СУРЕТІҢНІҢ ӨЗІНЕН ҚАЙРАН ӘЖЕМ,
МЕЙІРІМНІҢ ШУАҒЫ ШАШЫЛЫП ТҰР.

СОРЛЫ ЖҮРЕК ӘЙТЕУІР ҰҒАД ЕМІН,
ӨМІР ҚҰНЫН ТҮСІНДІРДІ СІРӘ ТЕГІН.
ЖАНАЗАҢДА БОЛМАДЫМ, КЕШІР ӘЖЕ,
ӘР АЗАНДА СІЗГЕ АРНАП ДҰҒА ЕТЕМІН.

АЛЛА БЕРГЕН САБАҚТАРДЫ ТОҚЫП ТЕРЕҢ,
СЫНАҚТАРДАН ӘЛСІРЕП, ҚОҚЫП КЕЛЕМ.
КҮШ БЕР, ӘЖЕ!
ТАТЫМДЫ ӨЛЕҢІМДІ,
ҚАБІРІҢЕ БАРАМ ДА, ОҚЫП БЕРЕМ.

ҚАЙРАН АҚ ӘЖЕМ.........

САҒАН......

Сыртым бүтін,
Ал миым күдік-күдік,
Өлеңіммен сезімімді бір ұқтырып,
Жүрегімнің түгелін жаулап алып,
Білмегендей боласың біліп тұрып.

Шамам да жоқ іздейтін кезіп бүлік,
Ғазалымды қырсықпай тез ұқ,біліп.
Мәжнүн еткен саған деген махаббатты
Сезбегендей боласың сезіп тұрып.

Ене алмадым жүрегіңе құлып тұрып,
Өткеніңді өлеңіммен ұмыттырып...
Барымды сап саптаған сөздерімді
Ұқпағандай боласың ұғып тұрып.

Сызыласың көрсетіп қырық қылық,
Сені көріп кеудем шіркін тыныпты ұлып...
Ақылына көркі сай нар жігітке))))
Сынбағандай боласың сынып тұрып.

Болашаққа жүрмін бе үмітті іліп,
Бір сынасаң сынайсың тіліп тұрып.
Ақ тер болып ойлап тапқан әзіліме
Күлмегендей боласың күліп тұрып.

Үнсіздіктен әдемі күй ұқтырып,
Жылуымды алақанға жиып тұрып,
Қоштасарда ып-ыстық ерінімнен)))
Сүймегендей боласың сүйіп тұрып.

Менде сірә жарылармын бұғып-бұғып,
Мойындауды-жігіттік ғұрып қылып.....
Маған ғашық екеніңді бір күндері
Мойындарсың алдымда тұрып тұрып.

ҚҰШАҒЫМА ҚЫСАМЫН СОЛ КЕЗДЕ, ҚЫРСЫҚ!

 

МЕНСІЗ ДЕ...

Жалғыздықты өңім де, татып түсім,
Жаратқан баяғыдай уақытты ұсын.
Көңілсізбін. Сен болсаң жайдарысың.
Менсіз-де бақыттысың.....

Кім ақынды жанына керек етсін,
Армандаймын.
Сол ару елеп өтсін.
Жүдеп кеттім. Сен болсаң әдемісің,
Менсіз-де кереметсің.

Уайым. ДЕРТ. Сол баяғы көңіл сынық,
Мәз болар ем сен жақтан көрінсе үміт.
Өліп барам. Сен болсаң басқа таптың,
Менсіз-де өмір сүріп.

Мына әлем қатыгез, сенсіз бүлік,
Үйренбедім ақыры сенсіз күліп.
Ал сен болсаң көшеде мені көрдің,
Менсіз жүріп............

САҒЫНДЫМ СЕНІ......

 

 

****

Келме! Келме! Келмеңдерші, келмегін!
Жапан дала, жабырқау бір елдемін.
Қайтесіңдер адам ұқпас ақынды,
Осындаймын, құнын білем мен ненің,
Өзім ғана білем барлық мұңымды
Ал жарамды өлеңіммен емдедім,
Барлығыңды әкелер ем қасыма,
Реті шықпай тұрғаны сол теңгенің,
Тас қалада тасбауыр боп кетпеңдер
Сорлы ӘДІЛЕТ дегендерге сенбегін,
Менде бары сендердікі бауырлар,
Бола ма екен өлеңсүйер ерде мін,
Арман қуып тығырыққа тірелдім,
Өзі қазақ, сөзі орыс белдемін,
Хат-хабар жоқ, қайдасыңдар Жандарым,
Әлде осы мен емес пе теңдерің?
Не деп кеттім, ер жетсем де тәйірі
Бойымдағы осы зарды жеңбедім,
Жә, жә, жарар назарларың аумасын
Бауырларым ешкімге имей дәу басын,
Қол шығатын біреу болып жеңдерің,
Сәті түссе есік ашық сендерге,
Келгілерің келсе маған келіңдер
Келгілерің келмесе егер келмегін!

жәәәй ғооо..... жұмыста отырмын если чоо...

Ескі дәптерлерімді ақтарып отырып, осы өлеңді тауып алдым. Шамамен 1 курс оқып жүрген кезім болса керек. Сіздерден жасырып қайтейін, бағасын беріңіздер, құрметтілерім!

Қос ғашық пен бір Тағдыр

Жаратқаннан шабыт сұрап мына мен,
Студенттер!
Сізді жырлап тұрар ем.
Студенттер-жастық шақтың өскіні,
Студенттер-өздерінше бір Әлем.

Жастық кезең...
Ашық қалып ойын-сауық түндігі,
Табиғатың үнсіз қалып,мүлгіді.
Студенттік кезең деген қызық кез,
Тіптен бөлек жатақхана тірлігі.

Бойларында беймәлім бір тасып қан,
Туған ауыл қол бұлғайды қашықтан.
Қарындары сыр бергесін сабақ қап,
Бәрі бірдей асханаға асыққан.

Мына тірлік біздер үшін аңыз ба,
Бір тұрғасын бірге болу парыз да.
Жігіттер жүр қолдарында тәрелке,
Рожки сұрап, пияз сұрап "қарызға".

*****************************************

Шабытымның терезесі ашық қал,
Көктем келіп,күннен шуақ шашыпты ал.
Куншуақ кез. Жатақхана ауласы,
Әрбір жерде қол ұстасқан ғашықтар.

Оу,оқырман?!
Таусылмапты айтарым,
Шабытымның шаранасын шайқадым.
Жатақхана ауласы.
Мұңға батқан бір ару,
Қиялданған бір жігітті байқадым.

Жаңбырлы кеш.
Бойымызда асау қанды тасытты,
Екі айырды махаббатқа масаң болған ғашықты.
Жалғыз жүрген сол жігіт пен сол ару,
Тылсым тұнған бөлмелерге асықты.

Қап-қара бұлт.
Қараңғылық төрде осы,
Ешқашан да баспайтындай өрге ісі,
Екі адам. Бір тағдыр.
Әттең, соны түсінбейтін қос мұңлық,
және....
Сырға толы жатақхана бөлмесі.

Әлі жаңбыр.
Сыбдыры оның шақырғандай сабырға,
Қыз бен жігіт.
Бірін-бірі тағдырым деп таныр ма?
Жалғыздықтан жапа шеккен екеуі,
Бір тағдырды бөліп тұрған қабырға.

Түсінбейді.
Жайқалғандай көңілдердің алаңы,
Тамшы... Тамшы...
Терезені қағады,
Бір тағдырың мұқтаж болған жылылық,
Міз бақпайтын қабырғадан табады.

Сансыз сұрақ қос санадан шықпайды,
Жайлар қалды уайымдайтын сырттайғы.
Өзгеше бір жылулық...
Тағдыры ғой, тағдыры..
Әттең соны екеуі де ұқпайды.

Жаңбырлы кеш.
Мұңға батар кез еді,
Жаңбырлы кеш.
Жалғыздықтың сыртқа шығар кезеңі.
Қыз бен жігіт.
Тылсымы бар қабырға,
Қабырғада тылсым барын тек екеуі сезеді.

Ияяя,
Ашық қалсын махаббаттың түндігі,
Қиын-қызық студенттің тірлігі,
Ойға алып, алаң болма оқырман
Бірін-бірі іздеп жүрген қос мұңлық,
Тағдыр болса қосылады бір күні.

Қара өлеңім азық болар жаныма,
Оқиғамен сыр бөлістім тағы да.
Ғашық жандар?!
Шүкіршілік етіңдер,
Жандарыңда сүйгендерің барына.

МҮМКІН ТАҒДЫРЛАРЫҢЫЗ ШЫҒАР....

Орынбасардың Әділеті

************************************************

Мен-ғашықпын.
Шексіз сүйем.
Ұнатам!
Сені көрсем жымың қағып,
бүр атам,
Селк еткізді сезім дейтін ұлы атам,
Тек сен үшін ататындай мына таң!

Кеудеде қап құр сүлдем мен құр әлім,
Өзіңе емес, өзге аруға ұнадым.
Мына әлемге әсер етіп бұлақ-үн,
Сені қимай бататындай мына күн.

Саған сірә әсер етпес мың айла,
Осы менде жақпадым-ау Құдайға.
Сенің әсем келбетіңді көрем деп
Асығатын сияқты ғой мына Айда.

Серілер көп серік болар гүл қызға,
Қылығыңмен дегеніңді қылғызба.
Саған асық, саған ғашық сияқты,
Жымыңдау деп "көз қысатын" жұлдызда.

Сілкіп бітті сүмірейтіп сынақ әр,
Сенімімді сөздерімнен құрап ал.
Пәктігіңді, ақтығыңды аңғартып,
Тек сен үшін жауатындай мына қар.

Үміттеніп терезеңе жүз барып,
Тоңып жүрсем, тамағымды мұз қарып,
Жігіт біткен кете ме деп қыз дарып,
Бөгет боп жүр менен сені қызғанып.

Жігіттерге жекпе-жекке кел деймін,
Сен десе мен Батырлармен теңдеймін.
Өзгелердің көз сүзбеймін "затына",
Өзімдікін өзгелерге бермеймін!

БОСҚА ТЕРЛЕМЕСІН!!!

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 53 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)