Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арттар Үйі

Читайте также:
  1. Кәмелетке толмағандардың отбасымен, мектеппен, еңбекпен сәтсiздiк жағдайына байланысты қылмыстылық шарттары.
  2. Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары
  3. Ойын шарттарын бұзу
  4. Тақырып 11. Халықаралық шарттар құқығы

Қарттар үйі. Көзі тұман,
қараңғы,
Байғұс ана ессіз ұлға алаң-ды,
Бір ата жүр, санаторий деп кеткен
Сағындым деп баламды.

Өз анасы баласына жат па екен,
Жалғыздыққа көміліп тұр шақ мекен,
Ата-анасын тастап кетер ұланды
Қандай қарғыс атты екен?

Неге, неге,
Біз осындай халықпыз,
Жылатуға, мұңайтуға қарықпыз,
Санаторий деп алдаған ессізге
Ой салайық ортамызға алып біз.

Әлі тірі,
Жаратқаным елегесін,
Жыр арнадым намыстанып, елеп есім,
Ессіз ұрпақ!
Ата-анаңды қадірлеп өт,
Иіскет бауыр еті-немересін!

*****

Пенде біткен өмірдің ұғынса әнін,
Бақыттырақ өткеннен бүгін шағым,
......Күлдіртем деп алдында зыр жүгірем,
бүгін че то ашулы құлыншағым......

***

Махаббатпен өтсін тек адам күні,
Махаббатпен бассын тек қадамды ірі,
.....осы тілек,
Содан соң сұрайтыным,
Қос періштемнің амандығы......

***

ХАНШАЙЫМЫМ?!
Құдіретіңді сипаттайтын бар ма мадақ,
Сәбиім- құдіреттің екен шегі,
....Сен бақытты боласың Алла қалап,
Алла қалап бақытты етем сені.....

***

ЕШКІМГЕ КЕРЕК ЕМЕС ПІКІР

"Алдағы әлем...
алдағы арман, жол-ұлы,
Тоқтап қалған жүректердің жорығы...
Ал менде ше...
Менің кеудем кәдімгі,
Өліп қалған Өлеңдердің моргі....

Индира Кереева

------------------------------------------

Өлең оқып отырмын. Жазғым келмейді, жай өлең оқығым келеді. Қолымда жас ақындардың кітабы. Ішінен тек Индира Керееваны танимын. Лирик екен. Тамаша. Қызға тән ұяңдық пен нәзік, әсем, көркем, ғажап, сұлу тіркестер көбірек екен жырларында. Рахаттанып оқып шықтым. Кейбір жас ақындар сияқты күрделі теңеу, өзі түсінбей жазатын өзге түсінбейтін сөздерден аулақ, айналасы тегіс, көпке түсінікті екен.
Мен пікір айтқыш емеспін. Өлең құрылысы туралы оқымадым да. Қажеті шамалы мен үшін. Бірақ кей кезі өлеңдер шоғырланған бірлестіктерден топ топ жырларды оқып отырып, ақын деген қандай болады осы деп шатасатын болыппын. Бәрі әйтеуір Айға сыр айтқыш, Күнге табынғыш, бәрі арлан һәм көкбөрі. Бәрі ажалдың сақ сақ күлгенін көріпті, жұлдыздардың жымыңдағанына жауап қатыпты. Бабалар түстеріне еніп, өз маңдайларындағы жазуды оқып қойған-мыс. Жоқ жоқ. Жаза беріңдер. Бірақ оқырман осының бәрін сезіну керек қой. Осындай тіркестер қолданылса ол нағыз ақын, ал ұйқас пен мағына.үйлесіп, бірақ жаттанды теңеулер қолданылса ол кім? Әркім өз әлінше жазады. Бірақ ақынмын деп кеуде соқпаңдаршы өтініш. "Бардым, көрдім, күйдім, сүйдім" дегенді кез келген айтады. Әркім өз заманының жыршысы деген пікірді естігем. Толықтай құптаймын. Абай, Шәкәрім, Махамбеттер өз заманын, Төлеген, Мұқағали, Жұматайлар өз заманын жырлады емес пе? Сол үшін ғана поэзия тірі келеді. Ал біз ше? Түсінер емеспін. Ұйқастарында үйлесім жоқ, мән мен мағына далада қаңғырып қалған, жұлдызды сүйгенсіп, Аймен сырласқандай болған өлең жазушыларды "өй, сен керемет ақынсың, жаза бер" деп алдаусыратамыз.(көпке топырақ шашпаймын) Көңілі қалмасын, менімен дұрыстап сөйлессін, арамыз жақсы болсын дейміз. Өзімшілдік. Поэзияның тағдырын ойламаймыз, өз абыройымызды биік қоямыз. Сосын бәріміз араласып, шынымен өлең деген қандай болатынын ұмытып қаламыз. Баяғы замандардағыдай орта да жоқ бізде. Әркім өзінің қамымен қайғырып жүр. Екі-үш кітабы шығып, өлең додада бір-екі рет көрінген жас ақындар артта келе жатқан ақындарға бағыт сілтеудің орнына, танаулары дәлдиіп, көкіректері көкке жетіп, жоғарыдағыдай алдай салады.
Айтып отырғаным-ешкімге қажетсіз пікір. Айтып отырғаным- менің өлеңге деген махаббатымнан туындаған ой. Түк түсінер емеспін. Арзандап барамыз. Не жазамыз, қайтіп жазамыз, білмеймін. Көрде жатқан бабалар бізге не айтып жатыр екен. Өзім үшін жауап берейін. Өлең кешірші мені....қарғыс атсын мені!

БҚО, Теректі ауданы әкімі Жеңіс Серікқалиұлының қолдауымен ауданымызда Ақ Жайықтың ақ шағаласына айналған аяулы ақын апамыз Ақұштап Бақтыгерееваның жыр кеші өтті. Кешке Ақұштап апа өзі қатысып, жырдан шашу шашты. Айтайын дегенім ақынын қадірлеген әкімге риза болған мен шабыттанып жыр оқыдым. Аяқ астынан пайда болған жолдарға Ақұштап апа ризашылық танытып, кітабымен қоса батасын да берді. Көп көрген адамның батасы Алланың құлағына шалынсын.Енді сол жолдарға кезек берсек.

АҚ АПА

Мен осында сұранып келдім,
Мен осында жыр алып келдім,
Жайықтың аққан түбінен терең
Келеді сізге сыр алып бергім.

************************

Шабыт қысып,
Қалам ұстап таң ата,
Шабыт деген-бұйырмайтын бақ апа,
Тектілердің тұяғының ізі бар,
Теректіге қош келдіңіз, Ақ апа.

Ақын келді.
Сізді тыңдап тынар күз,
Туған жерге осы қалпы ұнарсыз,
Қалың қазақ мені әлі білмейді
Сізде мені танымайтын шығарсыз.

Поэзияға аш көңілім бүгін тоқ
Жүрегім-от, жарып шығар үнім де –от,
Кенге мені санамаңыз, ақ апа
Елге мені әйгілейтін жырым жоқ.

Ғазалдармен ақ таңымды атырдым,
Өлеңіммен өрнектеліп жатыр күн
Сіздей менің бола алмасым белгілі
Сізге ұқсаған ақынмын.

Сұлулыққа таңдай қағып, сылаңдап
Поэзияда азабымен тұр арбап
Сіңліге емес, інілерге сыр айтып
Ақжайыққа менде жүрмін жыр арнап.

Кім боламын?
Басқа салса көремін
Біреуге-ез, біреулерге-төре едім
Бізге деген махаббатың - өнерің
Сізге деген махаббатым-өлеңім.

Ақындарың бар құрметке сай,елім
Жүрген кезде сүйеді деп қай ерін
Үйленіп ап енді армандап жүрмін ғой
Сізге апа ұқсаса деп әйелім.

Үні шығып бұлбұлдайын сызыла
Жүгіргенде кітаптарға қызыға
Ақжайықтың шағаласы міне деп
Сіздің жырды жаттатамын қызыма.

Мәз болуда сізді бүгін ел көріп
Ләззат алды жырларыңа емделіп
Бізге қарай жиі-жиі келіңіз
Теректінің толқынында тербеліп.

Ғажаптығын мына күннің біліп пе ем,
Үкілеген үмітімді үгіткен
Атырауға келін болған ақ апа
Жыр тыңдады атыраулық жігіттен.

Р.S. Демеңіздер ағайын теріс адаммын,
Ортада тұрып өлең деген тегіс алаңның
Ақын болсам- жолын берсін Ақұштап апамның
Әкім болсам- жолын берсін Жеңіс ағамның.

ЖАБЫСҚАҚ

Жырға жақын қарындасым аяды ма, әлде мүсіркеді ме, әлде сынады ма, әйтеуір көңілді, серпілтетін өлеңдер неге жоқ дегенге саятын сауал жолдапты. Мұңмен туылып, мұңмен күн кешіп, мұңмен өлетінімді қайдан білсін жарқыным.

Ия,менің мұңым бар,
Білмеймін мен неге ондаймын,
Шығады ертемен жолдай Күн,
Үнемі үйіме қонбаймын,
Білемін бір күні сорлаймын
Ия, менде мұң бар,
Ешкімде жоқ сірә ондай Мұң.

Ия, менің мұңым бар,
Соғыстан көз ашпас елдеймін,
Түнімен шам алып тергеймін.
Өзім де жек көрем Өзімді,
......сол Мұңды ешкімге бермеймін.

Ия, менің мұңым бар,
Кетпейді бір елі алыстап,
Парақтың бетінен алғанмын сан ұстап,
Мұң біткен тек менде шығар-ау
Қарындас, қалдың ба қалыс қап.
Ия, менің мұңым бар,
Мазасыз, жабысқақ.

Ия, менің мұңым бар,
Жырымның қоятын атауын,
Қарашы, ә?
еңсемді тапауын.
Мендік мұң- ауадан жеңілдеу,
Мендік мұң- ап-ауыр.

Ия, менің мұңым бар,
Артымнан қалмайды тез керім,
Жалғыздық- жапанда сезгенім.
Мәз боп тұр мысқылдап сол бір Мұң,
Аз боп тұр көңілді кездерім.

Ия, менің мұңым бар,
Өлгенше айрылмас тап шыным,
Күлімдеп жүрген кез-
мен үшін жақсы ырым,
Алтын жыр о бастан менде жоқ
Жарқын жыр дегенге тапшымын.

Ия, менің мұңым бар,
Ми-өлі,
Арым-мас,
Қайдасың,қуаныш?
Тезірек бағымды аш,
Сәтті ірі сағанда «сыйласын» сол бір мұң,
Тәттіні көрсетіп шақыршы қарындас!

Ия, менің мұңым бар,
Мылқаулық дейтінге жанымды бөледі,
Өзінше сылқым ол,
өзінше өр еді,
Ол Мұңды тірі жан сейілте алмайды.
Менімен туылды,
Менімен өледі.

СОЛ БІР МҰҢ....

 

ШАҚЫРУ
(белгілі бір ақынның белгілі бір өлеңінің ізімен)

Еркебұлан....
Мен жүрмін қабағымды түйіп алып,
Ешкім сезбес ақындардың күйін анық,
Ереке,
маған қарай жол тартсаңшы
Жігіттердің барлығын жиып алып.

Еркебұлан...
Алыстадым сіздерден,
енді неттім,
Қара сөзбен «келіңдер» деп белгі де еттім,
Поэзияның тағдырын көп ойлаушы
Әңгімесін сағындым МЕНДІБЕКТІҢ.

Еркебұлан...
Айтысып кіретұғын әрі күнде,
Қатысқан сайысының бәрі жүлде
Қыздарға күлім қағып көз тастайтын
Әлгі АЗАМАТ шалқайып әлі жүр ме?!

Еркебұлан...
Ақыл айтып, олардай ағылар кім
Ойламаппын туар деп сағынар күн,
Аман ба екен,
жағдайы қалай қазір,
Старшагың МЕРЖАН мен АБЗАЛДЫҢ?!

Еркебұлан....
Мен бүгін жыр жазбадым текке бұлай,
Ағыспен ысырыпты шетке Құдай,
Ән мен сән үйлесімді, сәлем айтшы
НАУРЫЗ бен ЖАРҚЫН сынды Бектерім-ай.

Еркебұлан...
(БҚМУ-дан әр уақыт тарпаң ұшты)
Сүйетін дода менен арпалысты,
Түсімде жыр оқып жүр,
сағындым ғой,
Алтындай алпамсадай АЛПАМЫСТЫ.

Еркебұлан...
Көп бізде поэзиямен қайралғандар,
Қайралғандар, Өлеңге байланғандар,
....НҰРСҰЛТАН мен НҰРКЕН бауыр-сом жігіттер
Қыздардың арманына айналғандар.

Еркебұлан...
Бұл жігіт қалыс қалмас сыйдан тіптен,
Бұйрықты жүрек пенен мидан күткен,
Қарапайым қазақтың үлгісіндей
Тілдесуді аңсаймын МЕЙРАМБЕКПЕН.

Еркебұлан...
АЙБОЛАТ бар, үйімнен күткендерім,
ТАЛҒАТ інім- өзгеше күткен лебім,
Домбырамен әу дейтін шабыттанса
Аңқаулығы АБЗАЛДЫҢ тіптен керім.

Еркебұлан...
Жүрегімде өлеңнен жатыр қап гүл,
Бәрі ақылман, бәрі де батыр тап кіл,
Өздерің кеп құшаққа қыспасаңдар
Тірлік тістеп, ал бақыт жатырқап тұр.

Еркебұлан...
Мен жүрмін қабағымды түйіп алып,
Ешкім сезбес ақындардың күйін анық,
Ереке,
маған қарай жол тартсаңшы
Жігіттердің барлығын жиып алып.

КҮТЕМІН......

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

 

ТҮСІНДІРУ

Ғашықтықтың оңдырмас енді әлегі,
Қарғыс атсын деп жүрсің бе "сен бәлені"
.... Түні бойы жылайсың төсегіңде,
Мына маған кездесіп нең бар еді?!

Осы адамдар сүймес жанды бағалайды ә?
Өткен салған жазылмас жара қайда.
Көшеңде кеше көріп,
ұмытсын деп
Елемей өткендігім жарамай ма?!

Басқа қызбен қарсы алып таң самалын,
Басқа қызбен түнді өткізіп, шаршамадым,
Басқа қыздың пәктігі мойынымда,
Басқа қыздың еріні-аңсағаным!

Дөрекі сөз.
Ащы айқай, үнді үдетем,
Мендік сезім бір ғана түндік екен.
Сүйген жүрек көрсоқыр болып кетед(і)
Дейтұғын сөз расымен шындық екен.

Махаббатым ләззатпен шектесет те,
(Бұрыннан да едім ғой епті есепке)
Керемет жұп екеуміз бола алмаймыз,
Мен сені жақсы көрем....
ТЕК ТӨСЕКТЕ!

Қайтейін,
Басқаменен бүгін бағым,
Мейлі маған!
өмірден түңіл жаным!
...Тек сол түні сен маған ыстық болдың,
Тек сол түні "сүйем" деп сыбырладым.

Мен сондаймын.
Керемет деп данасынба,
Төзіп біткен мендегі сана сынға.
Мендегі ұят сол түнде,білесің бе
Қалып қойды қос анардың арасында!

Жатырсың ба кінәлап мені міне,
Түк таппайсың, ұқсаңшы егіліп е?!
Тиіспейін, кетемін деп тұрған кезде
Өзің ғой жабысқан кеп ерініме!

Әдемілік дей ме осы мүсін соры,
Сол бір түнде жеңе алмады күшім соны,
Сен маған бір-ақ түнге керек болдың...
Мен сені сүйген жоқпын!
ТҮСІН СОНЫ!

P.S. Атыңды сенің білмейді екем,
Аман болсын тек күңгейлі мекен.
Денеме әмір жүргізе алдың,
Жүрекке әмір жүрмейді, көкем!

МЕН СЕ-НІ ЖАҚ-СЫ КӨР-МЕЙ-МІН!!!

 

БІЗ ЕКЕУМІЗ!

Мен-Сенмін,
Сен-Менсің!

Менің кеудем қап-қараңғы, тас қамал,
Ірің де бар, запыран құсық, жас та бар.
Көк аспанға «көлгірсумен» күн кештік,
Екеумізді менсінбейді басқалар!

Көпшік қойды.
Пышақ сұқты артыма,
Шалып жықты «ұйқасыңнан» тартып ә?
Көп адамның сөзі тиді, ӨЛЕҢІМ,
Менде!
Менде бар кінә!

Біз екеуміз тудырамыз бос сұрақ,
Өзгелерді еміреніп тосты Бақ.
....Ағайындар өтірік мақтап қояды,
Қиығымен көз тастайды доссымақ!

Ауыр теңеу,
зілдей ойды қараң ғып,
Сенімен болу- Тәңір берген «мамандық».
Түгіміз жоқ.
Қарапайым адам мен
Қарапайым Өлең болып жаралдық!

Талай тұрдық суық өсек өтінде,
Көбі айтады Екеумізді «көпірме»!
Ләппай, тақсыр!
Өтінерім, тек Өлең,
Маған серік болғаныңа өкінбе!

Біз-ешкімбіз.
Болмағасын қолда түк,
(Өзгелердің Өлеңіне орна құт)
...Поэзияда екеумізге орын жоқ,
Жүректерден орын алсақ,
Сол БАҚЫТ!

МОЙЫМАЙЫҚШЫ, ӨЛЕҢІМ.....

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

 

АШЫНУ

Ақиыққа жатпасын теңеп ешкім,
Өгейсіңген тағдырмен ерегестім.
Боқмұрындар «болжамың» дәл келгендей,
Мен- Мен емеспін.

************************

Үміттерін үкілейтін әр жастан,
Оу, ағалар?
Мән іздейтін малдастан,
Туа сала тума талант болмадым,
Мен- Ақын емеспін алжасқан.

Өмірімнің мәнді боп тұр мас тұсы,
«Жәңгірханның жалмап жеді Жасқұсы».
Оқымаңдар шатпағымды тәйірі,
Мен- Адам емеспін бастысы!

Кім екенімді Күн мен қара Түн білген,
Заманымда үлдем де кем, бүлдеммен,
Мен- Періште емеспін ақ жаны,
Сайқал емеспін,
Сайтан емеспін,
Кіммін Мен?!

Қалып қойған өң бойымда күш кейін,
Қарғыс атқан ғұмырымды түс дейін.
Мижегіштер оттамаңдарш(ы) өтініш,
Мысқылдарың мыс тиын!

Езіп-езіп ерлігімді ескірдім,
Тайғанақтап, талып құлап ес білдім,
Жүрек соғып тұрғандығы болмаса,
Мен- Ешкіммін!
Әттең, мұны кеш білдім!

«Теуіп-теуіп тастаған ба текті елі,
Жыламсырып бұл жігіттің неткені»
-Мүләйімсіп тұрғандығым шамалы,
Мүсіркеудің қажеті жоқ тек мені!

Ағайын бар, ақыл айтқыш достым бар,
Өмірімді Өлеңіме қостым дәл.
Мен- Ешкіммін.
Мойындаймын!
Болды ма?
Қошеметтің қажеті жоқ.
Боссыңдар!

ӘРІ ЖҮРІҢДЕРШІ........

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

 

****

ӘР АПТАДА ҚОСЫЛАТЫН БАСТАРЫ,
СӨЗДЕРІНІҢ МӘНДІ БОЛАР АСТАРЫ,
АРТЫҚ СӨЗДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ,ТІЛЕРІМ,
ЖАСАЙ БЕРСІН АҚИҚАТТЫҢ ЖАСТАРЫ!!!

"АҚИҚАТ" ПІКІР-ТАЛАС ОРТАЛЫҒЫ- МЕН ҮШІН ҮЛКЕН МЕКТЕП. АЛЫСТА БОЛСАМ ДА ЖҮРЕКТЕН ОЙЫП ТҰРЫП ОРЫН АЛДЫ!!! ИМАНДАЙ ШЫНЫМ....

ГҮЛНАЗЫМ!

Өлеңді Ақын күтті арып алдан,
Шабытқа тапшы сырбазың керім.
Басқа сылқымдардан "құтқарып" алған,
Сүйемін сені, ГҮЛНАЗЫМ менің!

Сенсіз таңымда атыпты ол әрең,
Жүректерімізге тең орна сенім.
Мен болмағанда бақытты болар ең,
Сен болмағанда мен болмас едім.

Сезімім жырмен төгілсін есіл,
Сенің кеудең бе?
Көрікті аралым!
Сен менсіз жақсы өмір сүресің,
Мен сенсіз жаным өліп қаламын!

Сөзден де сұлу мүсінің, ой-асыл,
Сенімен көркем түсімде менің.
Көзіме қарап түсініп қоясың,
Басқа адамдардың түсінбегенін.

Менімен ғана санаң шектелген,
Жындының тауып керегін, бабын.
Жаратқан мені Адам еткенмен,
Мені Ақын еткен сен едің,Жаным!

Сүйгенді сүйген-бақыт білгенге,
Серілігімді жеңіп тыңғансың.
Түңіліп жаным, ләйліп жүргенде,
Жылылық барын сен ұқтырғансың.

Алла сыйлаған теңім ең мәңгі,
Жүрегің таза, кең болғандықтан.
Өлеңім менің сенімен мәңгі,
Өмірім менің сен болғандықтан.

Маңдайға бақыт теңдей қонады,
(Таңдайға жырым келмей қорланба)
Барлық жігіттер Мендей болады,
Қыздардың бәрі сендей болғанда!

ПЕРІШТЕМ МЕНІҢ!

ӘДІЛЕТ ОРЫНБАСАРОВ

 

МАДАҚ

Таңдарыма мың шүкірлік әр атқан,
(Шүкіршілік етуге әркез талаптан)
Сан таласқа түскен кезде ел көші,
Алты Алашқа сені берген Жаратқан.

Тәуекелге тігіп тұрып нар басын,
Қаны ағып, қиналғанда қандасы,
Әлі кеткен қазағымды сілкінтті
Жәнібек пен Абылайдың жалғасы.

Намыс пен Ар бойда барын дәлелдеп,
Көк Туымды желбіретіп әр елде.
Ғажаптарын жиып алып халқымның,
Қазақ барын сан ұқтырды Әлемге.

Мойындады бөтен адам, бөтен ЕЛ,
Сын сағатта сынбай ғана өтер ер.
Бастаманың кереметін көз көрді,
Астананың төріне кеп «Көкелер».

Құлпыруда сағат сайын алап құр,
(Осал болмау-әрбір істе талап бұл)
Бәлен жүзге бөлінбеген бір ұлтқа,
Әлем бізге тамсанумен қарап тұр.

Қазір елдің биіктеді талғамы,
Саналардың ауырлады салмағы.
Кіл жатып күн оянбап ед(і) ұйқыдан
Міржақыптың орындалды арманы.

Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн,
Қазақстан-сенің, менің қонысым.
Бізді тапты дүние жүзі картадан,
Сізді қатты құрметтеймін сол үшін.

Өлең-Ұлы. Бірақ өзім Ұлы емен,
Шабыт іздеп, тапқан жерге түнегем.
Атағымның Ақын болса биігі,
Мадағымның соңы емес бұл Өлең!

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

 

БОЛҒАН ОҚИҒА

"УАҚЫТ ӨТЕР. АЗАЯДЫ ОРЫС-ҮН"....

Бір туындымды газет жарияласа екен деп сіздерге беймәлім, өзіме таныс бір баспаға барғам. Алдымнан өзі қазақ, сөзі орыс басшы апай шығып, өлеңіме көзін аларта қарады.....

Сабыр!
Сабыр!
Сабыр ғана сұра Таң,
Орыс тілді шала қазақ сірә паң,
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Өлеңімді ұнатпады бір апам.

Өлеңімді мағынадан тұл қылды,
Әкіреңдеп, сілтей беріп құр қолды.
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Жылдамдатып өзгерт дейді бұл жолды.

"Аңқау бала, қай ағаңа сеніп ең,
Че смотришь?
Қасарыспа менімен!
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Быстро!
Быстро!
"Ісім болсын сенімен!"

Түсінбейді шала қазақ ол түкті,
Жеңе алмайсың қанша мықты бол тіпті.
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Бар байлығым-Отбасыммен қорқытты.

Ол биік пе? Ал мен болсам аласа?
Сорлы ақынды қарғыс атсын қараша!
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Өлеңіме бола алмадым араша.

Сізге апай, болмаса да қажетім,
Бұйрығыңды орындамайм(ын) мәз етіп.
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Баспай-ақ қой!
Құрып кетсін газетің!

Адымдады алға қарай бала нық,
Жақындарым жүректегі жараны ұқ.
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Шалалықты жеңе алмады даналық.

Өлең аман. Кеудеме кеп толды үміт,
Апай қалды мені өзінше қор қылып.
"Уақыт өтер. Азаяды орыс-үн"
Сорлылықты жеңе алмадым оңдырып.

Айта берсін ауызы бар жын-жыпыр,
Ондайларға қолды сілтеп, бір түкір.
Өзім мазақ болғандығым түк те емес,
Өлең ғажап болғанына мың шүкір!

"УАҚЫТ ӨТЕР. АЗАЯДЫ ОРЫС-ҮН".... АПАЙ, ҚАЙТЕСІҢ АЛ!

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

***

Қыс та келді тағы да, қыс та келді,
Өлең жазам өзімді қыстап енді,
Адамдардың пейілінен тоңып жүрсем,
Қаһарлы қыс дәл сондай тұста келді....
Ұнатпаймын Сені....

***

Ақ ұлпа қар?
Күнәң көп деп тақ-тақ ететін,
Сенде суықсың өкпені сақтап өтетін,
Сенде менің казіргі өмірім сияқтысың
Кім көрінген адам таптап өтетін.....
Сорлымыз-ау....


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 49 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)