Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

КӨз ілген сезім

Читайте также:
  1. Билеттер кафедра отырысында қаралып бекітілген
  2. Жетілген бәсеке нарығындағы фирма төмендегілердің қайсысын берілген деп қабылдайды.
  3. Келісім шарт жүйесі Жұмыс беруші мен орындаушы арасындағы белгілі бір мерзімге бекітілген шарты
  4. Ртүрлі тістердің аурулары кезіндегі ауыру сезімінің проекциялану (таралу) аймақтары
  5. СЕЗІМДЕРІМ СӨЙЛЕЙДІ-1
  6. Сурет. Ащысай кен орнында өндірілген мұнайдың тарихи графигі

Жас жүрегім тыпыршиды,бұзық-ақ,
Қызды көрсе әлін білмей сызылад,
Филфак емес,өзге бөлім қызына
Құмартқаным,ұнатқаным қызық-ақ.

Жиі емес бір көремін айына,
Лезде айналды толықсыған Айыма,
Ол болғасын өмір кетті құлпырып
Ол болғасын сабақ қалды жайына.

Бір көрмесем бұлттанған күн,Күздеймін,
Үкілеген үмітімді үзбеймін,
Көру үшін универді аралап,
Әр қабаттан сол бір қызды іздеймін.

Жанарымды жаулап алды есті Мұң,
Оны ойлаумен жыр жазамын кешқұрым,
Бір күндері құрбысынан сол қыздың
Жігітінің бар екенін естідім.

Дұрысынан орындалмай ісім кей,
Тәтті сәттер сағым болды түсімдей,
Ұнаттым ба,
Ғашықпын ба білмеймін,
Өз-өзімді жүрмін әлі түсінбей.

Ал ол болса ынтықтырып талайды,
Таңдарымды атырып жүр арайлы,
Тіл күрмеліп "Сәлем" деймін,
Ол болса
Түк білместен күліп қана қарайды.

Сен-Сұлусың,
Гүлге сені теңер ем,
Жұлдыз десе,құндыз десе сенер ем,
Филфактағы ару болсаң күн сайын,
Мұңға толы жырымды оқып берер ем.

Күн кешемін адам құрлы үнім жоқ,
Кеше болған бақытты адам бүгін жоқ,
Мынау кім деп,көзге ілмейтін шығарсың
Мен-Ақынмын,
Жырдан басқа түгім жоқ.

Жырмен емдеп,сыйлап саған күлкіні,
Қиын кезде жырмен демеп күн-түні,
Аты құрғыр жігітіңнен айырып
Ауылыма алып қашам бір күні.

Деп осылай қабырғаммен кеңестім,
Түсінбесе түсінбесін мені ешкім,
Бірақ...бірақ....
Сүйгендерді айырар,
Жаман Қодар, сұм Бекежан емеспін.

Сұрқай Өмір мына ақынды мезі етсін,
Жүрек айтад "шыда достым,өжетсің"
Сүйгеніңнің сүйіктісі болуға
Айтыңдаршы не жетсін.....

Жаратқаннан "қарызға" алып төзімді,
Өзгелік қыз,
Тыйып келем өзімді,
Күтіп-күтіп саған деген пәк сезім
Жасын сүртіп көкірегімде көз ілді..

ӨЗІҢ КЕЛІП ОЯТЫП АЛШЫ....

28.01.2013 жыл.

 

ҚОС МҰҢЛЫҚТЫҢ ҒҰМЫРЫ

Лас пенденің түзейді қатесін кім,
Біреуіне айналар жат есімнің,
Жастығынан кінә іздеуге бата алмаймын,
Мастығынан қорқамын әкешімнің.

Арақпенен абыройын "өшіреді",
Ішкен кезде ойлайды екен осы нені,
Табалдырық аттайды.
Боғауыз сөз.
Өз үйіне өлердей өшігеді.

Тағдырына өкпелі ме тайғанаған,
Өміріне өкпелі ме майдалаған,
Кімге өкпелі..
Білмеймін неге ашулы.....
Әне дауыс...
Қорқамын, қайда барам???

Достарым мені төмен етті дейді,
Сүйемін,әкел ұлым бетті дейді,
Тамағыңның неліктен тұзы жоқ деп
Анашымды аямай тепкілейді.

Тасбауыр тастақ жерге құлатады,
Анашым сыбырлайды "шыда тағы",
-Мына бала шешесінен аумай қалған,
Жеті түйіп желкемнен жылатады.

-Жыламашы құлыным,көн,тілегім,
...Анашыма жадыраңқы өң тіледім,
-Ей,қатын,шайың неге суып қалған
Қайтадан құй,әйтпесе өлтіремін!

Қалайша жоғалтамын жуып кекті,
Алқаштан шыға ма адам туып текті,
Анамның саған құйған шайы құсап,
Саған деген сыйластығым суып кетті.

-Мейлі маған далада борасын қар,
Ей,шешеңді....
Құлаймын жол ашыңдар,
Мамасының баласы?!
Мамаңменен,
Кетесіңдер,
Далаға қонасыңдар!!!

Қайратына бейшара әкем сеніп алды,
Жоғалтты ғой өзіндік сенім-арды,
Сол кездегі даланың суықтығы
Жүрегімнің түкпіріне еніп алды.

Бақытты етем деді ғой
Неге алдады,
Өміріне қос мұңлық сене алмады.
Ана-Бала махаббатын сол кезде де,
Алқаш әке- суық дала жеңе алмады.

Тастай қатты даладай кең жүрегім,
Қуаныш та, азап та тең білемін,
Анашым енді бар ғой үйленбеймін,
Әке болғым келмейді енді менің....

Толып кетті тұла бойым құса-мұңға,
Мама айтшы,әкеме ұқсадым ба?!
Жоқ деші, жоқ деші Ана...
....өксіп-өксіп...
Ұйықтап кеттім Анамның құшағында....

СҰСТЫ КҮЗ... ҚОС МҰҢЛЫҚ ДІР-ДІР ЕТЕДІ....

24.02.2014 жыл.

 

ШАҚЫРУ

"ОН ЗВАЛ ЕЕ ИМЕНЕМ БОГА"
О.Сулейменов

Жалғандықпен әрленбеген шынайы үн,
Армандаған аспандағы Күн-Айым,
Шынайы үнді ақ деміңнен ұғайын,
Ақ деміңді демеу қыла тұрайын,
Елес болып нестеп жүрсің,
Жолықшы!
Көктегі емес, жерде жүрген Құдайым!

Қияли боп ойлап таптым жаңа ырым,
Туууууу алыстан сезіледі әмірің,
Әміріңді селт еттім де таныдым,
Жалықтырып сезім дейтін сыйқырдан
Зарықтырып қайда жүрсің,Тәңірім?!

Мені көрсең жанарыңды тайдырма,
Жан-дүниеңді бет-жүзіңе сай қыл да,
Күтіп жүрші...
Күліп жүрші...қайғырма,
Зар заман мен тар заманға өкпелеп
Гүл боп өсіп тұр екенсің қай қырда?!

Тек мен ғана дәм тататын шекерім,
(Шекеріме ақыр түбі жетемін)
Желмен бірге көтеріліп етегің
Лас тобырдан мені іздеп жүрсің бе,
Арамдықтың сезбей,білмей не екенін.
Алдандың ғой,өзім барам
Қайдасың?
Сандалдым ғой,
Қайда сенің мекенің?!

Лағып кетіп,кейде айтам Айға сыр,
Ойламастан зиян менен пайдасын,
Айға ұмтылам Аспан құшақ жайғасын,
Үкілеген үмітіңді таптың деп
Жұлдыз сені жүрегіме байласын.
...Менің күнім осылай да осылай,
Пенде емес...
Құдай жаным,қайдасың?!

Көкке қарап көлшік ақты жанардан,
Қашан тәтті күтеді екен шақ алдан
Құдай сүйген пендемін ғой жәй ғана,
Аттамаған Тәңір берген ақ ардан.
Қинамашы...
Бір басыма жетеді,
Қылымсыған қырсықтығың Ақ Аллам!

Біреу бізді жатырқайды сынай кеп,
Қате шығар айтуыңда былай деп,
....Бүкіл ғалам келбетіңе түкірдім,
Бір қателік табасыңдар ұнай кеп.
......Әй,Елес қыз.....
Тек сен ғана түсінер,
Жарты әлемге айқайлаймын Құдай деп!

АУ ДЕШІ......

01.05.2014 жыл

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 34 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)