Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АлматыҒа хат

Кіріспе жолдар....

Мына Тірлік демесе ғой жаламды алып,
Сұраса екен "мұңдысың балам нағып",
.....осылай күйкі өмірден шаршағанда,
Алматы,
Жыр жазсам ғой саған барып....

************************

Бұл Алматы маған есік сірә ашса,
Бақсылығым жақсылыққа ұласса,
Алматы-еке,
Сені ақынды сүймейді,
Ұнатпайды деген сөздер рас па????

Есенғали...
Не айтайын ағам жайлы,
Бақытжан да сен жайлы бағамдайды.
Ибрагим, Исраил Сапарбайлар,
Сенде тұрып сені бірақ "жамандайды".

Қатқыл дейді,сұм дейді,суық дейді,
Келсең-дағы беліңді буып мейлі,
Бос сенделтіп,арақпен дос еткізер,
Бұл Алматы аждаһамен жуық дейді.

Армандаппын,барар күнді тосып кеппін,
Бұларды естіп қиялымда босып кеттім,
Алматыда тұрып ап жыр жазатын
Ағалардың сөзінен шошып кеттім.


****************

Қалайша енді арманыма жетем шын,
Әкімге емес ақындарға бөтенсің,
Білімге емес,киімдерге көп қарап,
Қиындықты көп сыйлайды екенсің.

Шабыт тері басып кетті денемді,
Ақынға емес,жырларына сенем-ді,
Ару қала,
Атауыңды өзгертіп
"Қиындық" деп атап жүрем мен енді.

P.S.
Алатау....
Асқарыңа сыйындық па,
Алатау...
Жырларымның сыйын құпта,
Жасымнан қиындыққа ет үйреттім,
.....барғым келіп кетті ғой "ҚИЫНДЫҚҚА".....

27.01.2013 жыл

 

СЕНІ ОЙЛАЙМЫН....

Қиналғанда жүрегіме мұң алып,
Жүрген кезде Жаратқанға сыналып
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН....

Бақыт құсы келіп қонса басыма,
Жыр жазғанда төкпелетіп ашына
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН....

Күн менен Түн өз орнынан жаңылып,
Сәттілікті отырғанда "сағынып"
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН....

Қала кезіп сандырақтап жүргенде,
Сұрқия түн суық перде ілгенде
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН.....

Отырғанда достарыммен мәз болып,
Көңіліме көктем келіп,жаз қонып
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН.....

Аты құрғыр қайғы жесе жанымды,
Бәз біреулер таптап кетсе Арымды
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН....

Жақсы сәттер деп қояды "налыма",
Шақырады жаманшылық "бағыда"
Осы екеуі қатар тұрса жолымда,
СЕНІ ОЙЛАЙМЫН ТАҒЫДА....

НЕГЕ ЕКЕН????????

21.04.2012 жыл

 

 

МАХАББАТ БОЛСА...
(немесе Періштеге ғашық жүрек)

І
Мейлі сезім жүрегімді жер етсе,
"Кісі" болып жан-дүниемді шайқадым.
Сенің айтқан әрбір сөзің ерекше,
Мен өзіңді ессіз сүйем, айтарым.

Періштемсің көктен түскен байқамай,
Ғашық болдым мөлдіреген көзіңе.
Сені көрсем ештеңе де айта алмай,
Келе алмаймын өзіме.

Шын бағаңды біліп жүру-арманым,
Сен -асқарсың мына маған тау сынды.
Өлеңімді, Өмірімді арнадым,
Есту үшін сенің әсем даусыңды.

ІІ
Жүрексіз деп айта алады мені кім,
Талай мәрте махаббаттан жерідім,
Бірақ сені қиялдайтын болыппын,
Өздеріне тартып барад ерінің.

Көк Тәңірге көп сәлемді жолдадым,
Бас айналды,мүмкін оңдым-оңбадым,
Сөйлей алмай өз-өзімнен толқимын
Ұстағанда қолдарымды қолдарың.

Бақыттымын аспанымда жанса Күн,
Қалай ғана періштені аңсадым,
Бәрін қойшы,сол қызарған бетімді
Дір етемін сипағанда саусағың.

ІІІ

Қыста көріп лезде сәулем жылыдым,
Жан-дүниемді күйдіреді қылығың,
Мүмкін саған ғашық қылған әндерің.
Мүмкін саған ғашық қылған бұрымың.

Кеудемдегі бұлақ-сезім тасып тым,
Осыларды бетке айтпадым,жасықпын,
Алла көріп тұр ғой жаным аспанда
Бірінші рет дәл осылай ғашықпын.

ІV

Ей,Аллам
Өмірімді махаббатқа зар етпе,
Көңілімді басқа аруға жар етпе,
Осы жырды хат қып оған оқытам.
Жо-жооқ...
Смс қып жіберемін агентте....

Эххххх....
Түсіп бара жатқандай құным әлсін,
Бұл сөздермен аязда жылынарсың,
Мына өлеңді мен емес шыр еткізген
Ғашық жүрек- осылай ұғынарсың.

Махаббаттан тимеді таяқ қанша,
Бал сөздерің кемеріне таяп қалса,
Мен Мықидан аз ғана сөз алайын,
"Сүйсең жаным жай ғана маяк таста".

P.S.

Махаббат болса жүректе тұнған сынар мұз,
Махаббат болса бәрінің құнын ұғармыз.
Өмір дегенің сынақпен ғана өтеді,
Махаббат болса жылармыз,бірақ шыдармыз.

МАХАББАТ БОЛСЫН ЖҮРЕКТЕРДЕ....

28.02.2012 жыл

 

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)