Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ызыл кітап санаттары

І санат — жойылып бара жаткандар. Бұлар туралы соңғы 50 жылда ешқандай деректер жоқ. Мысалы, кызыл қасқыр, кара күзен, қабылан, қызылқүм аркары, қүдыр, т.б.

ІІ санат — саны азайып бара жатқандар (жақын арада жойылып кетуі мүмкін). Мысалы, балқаш алабұғасы, сарықұтан, жұпар, құлан, т.б.

ІІІ санат — сирек түрлер (қазір жойылып кету қаупі жоқ, бірак өте сирек кездесетіндер). Мысалы, кар барысы, сілеусін, жарғанат, бұлдырық, қара түрпан, қара ләйлек, т.б.

ІV санат — белгісіздер (толық зерттелмеген түрлер). Мысалы, шұбар кесіртке, қара шұбар жылан, т.б.

V санат — қалпына келгендер (қорғау жұмыстары нәтижесінде қайта көбейген түрлер). Мысалы, аққу, көкқұс, т.б.

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарларды аулауға, есімдіктерді жоюға тыйым салынған. «Қызыл кітап» — мемлекеттік күжат. Сондыктан оған енген жан-жануарларды оқып-үйрену, білу баршаның міндеті болып табылады.

«Қызыл кітапқа» енген аң мен қүстарды, өсімдіктерді біле отырып, біз оны зерттеуші ғалымдарға көмектесеміз. «Қызыл кітап» әрбір отбасы мен мектептің кітап сөресінде түруға тиісті. Сол аркылы біз оларды қорғауға үлес қосатын боламыз.

 

IV санаттағы турлерді қарастырамыз:

Жолақ қарашұбар жылан (лат. Hierophis spinalis) - қабыршақтылар отрядының су жыландары тұқымдасына жатады. Жолақ қарашұбар жылан – өте сирек кездесетін түр. Құрғақ қиыршық тасты жерлерде және жусанды далада, жағасында қайың, тал және бұта өскен өзен аңғарларында тіршілік етеді. Алғаш рет 1955 жылы Зайсан қазаншұңқырынан, Күршім және Нарын жоталарынан, ал1988 жылы Шығыс Қазақстан облысы Серебрянск қаласының оңтүстігінен жәнеАлексеевка ауылының маңынан ұсталды. Сыртқы түрі оқ жыланға ұқсас, жіңішке келген, ұзындығы 86 см-дей болады. Басынан құйрығының ұшына дейін ақ немесе сары жолақ созылып жатады. Реңі қара сұр түсті. Әр түрлі кесірткелердіжеп қоректенеді. Жемін денесімен буындырып не жаншып өлтіреді. Адамға қауіпті емес, усыз жылан. Ұрғашысы шілде айында 4 – 9 жұмыртқа салады. Жолақ қарашұбар жыланның тіршілігі аз зерттелген, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

 

Сарыбауыр қарашұбар жылан (лат. Dolichophis caspius) — қабыршақтыларотряды, су жыландар тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы. Сарыбауыр қарашұбар жылан далалық аймақтардағы ашық жерлерде,шөлейттерде, тау баурайларындағы жарлар мен өзендердің жағалауларында кездеседі. Тауларда теңіз деңгейінен 1500 — 1600 м-ге дейінгі биіктікке көтеріле алады. Күн жақсы қыздыратын тасты жерлерді паналап, қорегін аулайды. Сондай-ақ кемірушілердің індері мен жердің әр түрлі жарықшақтарына жасырынады. Ірі жылан, ұзындығы 2 м-ге жуық. Жасжыландарда бойлай созылған бір-екі қатар қоңыр дақтар біртіндеп құйрығына қарай жоғалады. Ересек жыландарда қоңыр дақтар жоғалып, қызыл, сарғыш, тіпті қара түске ауысады. Шапшаң жылжиды, ағашқа жақсы өрмелейді және жыралардан секіріп өте алады. Өзіне қауіп төнсе, ысылдаған дыбысшығарып, қарсыласына қарай атылады. Ересек жыландардың адамды шағуы қауіпті емес, себебі олар — усыз жыландар. Сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейін шағылысады. Маусым айында аналығы 7 — 11 жұмыртқа салады. Күндіз белсенді. Кесіртке, кемірушілер, қосмекенділер, құстар мен олардың жұмыртқаларымен және жәндіктермен қоректенеді. Сарыбауыр қарашұбар жыланның тіршілігі аз зерттелген, сирек кездеседі. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Төртжолақты қарашұбар жылан (лат. Elaphe quatuorlineata) - қабыршақтыларотрядының сарыбас жылан тұқымдасына жатады.

Мекені

Дүние жүзінде Сицилия аралы мен Апеннин түбегінен бастап, Украинаныңоңтүстік бөлігі мен Кавказ арқылы Қазақстанға дейін таралған. Республика жерінде Маңғыстауда, Үстірт пен Аралдың солтүстігінде кездеседі. Бекінген не жартылай бекінген құмдарды, сазды және сортаңды жерлерді, тасты шөлдер мен өзен аңғарларын мекендейді.

 

 

Сипаттамасы

Ұзындығы 160 см, денесінің үстіңгі жағында ұзына бойына созылып жатқан төрт қара сұр жолақ не қара дақтар болады. Бүйірінде бір қатар майда дақтар орналасқан. Бүйіріндегі қабыршақтар қызғылт не қызғылт сары түсті. Ересектерінде көзінің артынан езуіне дейін созылған қара жолағы бар, ал жас жыландарда бұл жолақ танау тесігінен көзінің алдына дейін созылады. Жас жыланның басындағы ерекше сурет есейе келе жойылып, басының түсімен бірдей болып кетеді. Ересектерінің үстіңгі ернінің қалқаншалары ашық сары түсті, көзінің нұрлы қабығы – қара. Бауыры сарғыш, аздаған дақтар көрінеді, кейде олардың болмауы да мүмкін. Қысқы ұйқыдан сәуірде оянады. Күндіз және ымыртта белсенді. Кеміргіштердің інін, жарықшақтарды, қуыстарды баспана етеді. Маусымда 6 – 16 жұмыртқа салады, олардан қыркүйектің соңы – қазан айының басында жас жыландар шығады. Негізінен ұсақ сүтқоректілермен,құмтышқандармен, құстар мен олардың жұмыртқалары, кесірткелерменқоректенеді. Қолға тез үйренеді, террариумда ұстауға қолайлы, усыз жылан. Мазалаған кезде құйрығының ұшын дірілдетіп, дыбыс шығарады. Төртжолақты қарашұбар жылан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

 

Қызылжолақ қарашұбар жылан (лат. Coluber rhodorachis) — қабыршақтыларотряды, су жыландар тұқымдасына жатады. Қызылжолақ қарашұбар жылан тауларда, тау етегінде сонымен қатар шөлді жерлерде, өзен жайылымдарында, тау баурайындағы бұталы тоғайларда кездеседі. Жылдың ыстық кезінде су маңын мекендейді. Олар кемірушілердің індерін, жердің жарықтары мен шұңқырларын, тастардың астын паналайды. ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Көзінің төменгі шеті екі жоғары жағының қалқанына жақын орналасқан. Жоғары ерін қалқаны — 9. Бұрыштанған жақаралық қалқаны танау аралығына кіріп тұрады.

Басының төменгі жағы ақ, үстінде біртүсті немесе аздаған қара дақтары болады. Денесінің арқа бөлігін бойлай созылған қызыл немесе қызғылт жолақ құйрық жағына қарай ұсақ нүктелерге айналып, біртіндеп жойылады. Құрсақ жағы ашық-сары, бүйір қалқаны майда қара дақты. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі. Жаздың ортасындажұмыртқалайды (3 — 9 сопақша жұмыртқа), одан қыркүйек айында жылан жарып шығады. Күндіз белсенді, кейде түнде де қорегін іздеуге шығады. Кесіртке, ұсақ сүтқоректілер және құстармен қоректенеді. Қызылжолақ қарашұбар жылан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 284 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)