Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық іс-жүргізу шаралары

Читайте также:
  1. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  2. Дәріс. Әкімшілік бұлтартпау шаралары
  3. Кімшілік ескерту шараларының түрлері
  4. Кімшілік ескерту шараларының түрлері
  5. Кімшілік жауапкершілік ҚР туралы заң бойынша төлетулер шаралары.
  6. Тақырып: № 12 «Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары».
  7. Тақырып: № 15 «Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары».

Жалпы алғанда, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейін болатын және істің сотта өтетін кезеңдері ажыратылады. Дегенмен, қылмыстық іс жүргізуді толық түсіну үшін ол осындай кезеңдерден тұрады деп қарау жеткіліксіз. Дәлірек айтқанда, қылмыстық іс жүргізу басқа да бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Олар қылмыстық іс жүргізудің сатылары деп аталады. Ол сатылар былайша аталады: 1) қылмыстық іс қозғау; 2) алдын ала тергеу (анықтама және алдын ала тергеу); 3) бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу; 4) қассациялық (апелляциялық) сатыда іс жүргізу; 5) үкімді орындау.Бұл аталғандар қылмыстық іс жүргізудің негізгі сатыларына жатады, яғни,жалпы ереже бойынша, әр қылмыстық іс осы сатылардан өтеді.Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері деп түсінуге болады және олардың әрқайсысының өзіне тән міндеттері мен ерекшеліктері бар. Сондықтан ол сатылардың әрқайсысына бөлек тоқталу қажет.

Қылмыстық іс қозғау сатысы.Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәнісі – өкілетті органдардың, олардың лауазымды адамдарының қылмыстың белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді басау туралы тез арада шешім (қаулы) шығаулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім болса ғана онда әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстын мән-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын алатын тергу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтама органдары) берілген. Бірақ, заңға сәйкес, кейбір ауыр немесе қылмыстар жөнінде іс қозғау жәбірленушінің шешуіне берілген, яғни жәбірленуші арыз берегн жағдайда ғана қылмыстық іс қозғалады. Мұндай істер жеке айыптау істері деп аталады және ондай істерге жататын қылмыстардың тізбегі заңда көрсетілген.

Қылмыстық іс қозғау үшін себеп пен негіздің болулары қажет. Заңға сәйкес, қылмыстық іс қозғаудың себептеріне мыналар жатады:1) азаматтардың арызы; 2)мемілекеттік органдардың немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламасы;3)бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабар;4)кінәсін мойындап келу;5)қылмыстық іс қозғауға өкілетті органдардың, олардың лауазымды адамдарының тікелей өздерінің анықтауы.Осындай заңда көрсетілген көздерден алынған қылмыс туралы деректер – қылмыстық іс қозғаудың негізі болады.Қылмыстың белгілерін көрсететін жеткілікті деректер бар болса,онда қылмыстық іс қозғалуы тиіс.Себеп пен негіздің болуы қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын және дәлелділігін қамтмасыз ету үшін қажет етіледі.

Алдын ала тергеу сатысы. Бұл ір қылмытық істі тез және толық ашып, айыпты адамды қылмыстық жауапқа тарту мақсатында қолданылатын және заңмен реттелген тергеуші мен анықтама органдарының қызмет жүйесі болып табылады. Қылмысытық істерді тергеу екі түрде жүзеге асырлады: 1)анықтама; 2) алдын ала тергеу. Заңға сәйкес қылмыстардың басым көпшілігі бойынша алдын ала тергеу жүргіледі. Сондықтан алдын ала тергеу– қылмыстық істерді тергеудің негізгі түрі болып саналады. Ал заңда арнайы көрсетілген ауыр емес қылмыстар бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және оның орнына анықтама жүргізіледі. Алдын ала тергеуді Ұлттық қауіпсідік комитетінің, ішкі істер және салық полициясы органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмытық істер бойынша анықтама жүргізетін органдар да заңда көрсетілген (ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, салық полициясы органдары, кеден органдары, әскери полиция органдары, әділет органдары, шекара бөлімдерінің командирлері және т.б.). Анықтамаа органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар бойынша анықтау қызметін атқаратын лауазымды адам анықтаушы деп аталады.

Алдын ала тергеу және анықтама қызметі тергеу әрекеттерін (оқиға болған жерді қарау, жауап алу, тінту, зат алу және т.б.) қолдану арқылы жүргізледі. Анықтама органдары тергеу әрекеттерімен қатар жедел – іздестіру шараларын да қолданып қылмыстарды ашады. Осындай амалдардың нәтижесінде қылмыс істеген адам анықталса, ол адам айыпталушы реттінде жауапқа тартылуы тиіс және алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізудің барысында айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету қажет.

Алдын ала тергеу жүргізу айыпталушы реттінде жауапқа тартумен аяқталмайды. Бұдан әрі қарай істелген қылмыстың органдарының міндетіне жатады. Ал жалпы ережеге сәйкес алдын ала тергеу жіргізудің екі нысаны болады: 1) істі қысқарту (бұл жөнінде тергеуші немесе анықтама органы дәлеледі қаулы шығарады); 2) айыптау қорытындысын жазу және қылмыстық істі онымен қосып тиісті прокурорга жіберу. Қылмыстық істің мән-жайлары толық ашылып, қылмыс істенген адам әшкереленген болса, онда алдын ала тергеудің барлық материалдарымен танысып, айыптау қорытындысының тұжырымдарымен келісетін болса, онда прокурор айыпталушыны сотқа беру туралы қаулы жазып, қылмыстық істі негізінен шешу үшін бірінші сатының тиесілі сотына жібереді.

Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу стадиясы. Қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурордың 1- сатының сотында келіп түскен соң жаңа стадия басчталады. Алдымен бұл кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі осы сотта қарауға қабылдау мәселесін шешеді. Ол үшін судья қылмыстық істің материалдарымен мұқият, толық көлемде оқып танысуы қажет. Егер де алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу куезінде қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер істі сот отырысында қарап шешуге жеткілікті болса,онда судья басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Бұдан кейін осы қаулыға сәйкес басты сот талқылауы жүргізіледі. Сөйтіп, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу екі кезеңнен тұрады:1)басты сот талқылауын тағайындау;2)басты сот талқылауын жүргізу.

Басты сот талқылауының маңызы – осы арқылы алдын ала тергеу (анықтама) жүргізу кезінде жиналған және айыптаушы мен қорғану жақтары ұсынған дәлелдемелер жан-жақты зерттеліп, соның негізінде қылмыстық іс бойынша сот төрелігі жүзеге асырылады. Ал басты сот талқылауының өзі бес бөлімнен тұрады: 1) дайындық бөлімі; 2) сот тергеуі; 3) соттағы жарыссөздер; 4) сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару. Бұл аталған бөлімдердің әрқайсысының өз маңызы бар және олар заңмен реттелген түрде жүргізіледі. Атап айтқанда, дайындық бөлімінде сот отырысына шақырылғандардың келуі тексеріледі, іске қатысушы адамдарға құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, олардың тілектері қаралады және істі осы сот отырысында тындау мүмкіндігі шешіледі. Бұдан сон жүргізілетін сот тергеуі сотта іс қараудың негізгі орталық бөлігі болып саналады. Себебі, сот тергеуі кезінде ғана алдын ала тергеудің материалдары жан-жақты тексеріліп,тараптар (айыптаушы, қорғаушы) ұсынған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеудің нәтижесінде соттың үкімі шығарылады. Сот тергеуі кезінде қаралмаған дәлелдемелер үкім шығарғанда оған негіз бола алмайды. Сот тергеуі аяқталған соң төрағалық етуші судья сот жарыссөздері басталатынын хабарлайды. Бұл жарыссөздерге мыналар қатынасады: айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сотталушы және қорғаушы. Соттағы жарыссөздерге қатынасатындар өз сөздерінде істің мән – жайларын және жиналған дәлелдемелерді әр тұрғыдан қарап, соған сәйкес өз ұсыныстарын жасай алады. Сондықтан бұл сөздердің маңызын жоққа шығаруға болмайды. Істің материалдарына негізделген және мазмұны сөздер судьялардың ішкі сенімінің қалыптасуына, соттың заңды және дәлелді үкім шығаруына ықпал ете алады. Заңға сәйкес, жарыссөздер аяқталған соі сотталушының соңғы сөзін тыңдау басты сот талқылауының жеке бөлігі есебінде қаралады. Сотталушының соңғы сөзін тыңдап, сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Сонымен басты сот талқылауы үкім шығарумен аяқталады.

Соттың үкімі сотталушының айыптылығы жөнінде мәселенің шешілуіне қарай екі түрге бөлінеді: айыптау үкімі және ақтау үкімі.Айыптау үкімі басты сот талқылауының нәтижесінде сотталушының қылмыс істеудегі айыптылығы толық дәлелденген жағдайда шығарылады, оны жорамалдарға негіздеуге болмайды. Ақтау үкімі мынадай жағдайлардың бірінде шығарылады: 1) қылмыстың оқиғасы болмаса, 2) сотталушының әрекетінде қылмыстың құрамы болмаса, 3) сотталушының қылмыс істеуге қатысуы дәлелденбесе. Сот үкімді мемлекет атынан шығарады және ол заңды күшіне енген күннен бастап міндетті түрде орындалуға тиіс.

Кассациялық (апелляциялық) сатыда іс жүргізу стадиясы. Бұл стадияның негізгі мақсаты – заңды күшіне енбеген бірінші сатының соттары шығарған үкімдер мен қаулылары дұрыстығын (заңдылығын, дәлелдәгі) екінші саты сотының тез арада тексеріп, онда қателіктер жіберілген болса, ол қателіктерді уақыттында жою болып табылады. Осындай мақсатпен іс жүргізуге қатысушы адамдардың (сотталған, ақталған, олардың қорғаушылары, жәбірленуші, азматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері) шағым беру, ал прокуродың наразылық білдіру құқығы заңда көзделген. Бұл аталған іске қатысатын адамдар шағымды немесе прокурор наразылыгы үкім жарияланған күннен бастап он тәулік ішінде, ал қамаудағы сотталған адам оған үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сол мерзімде бере алады.

Қазіргң қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарап тексерудің екі нысаны көзделген: 1) апелляциялық тәртіппен істі қайта қарау; 2) кассациялық тәртіппен істі қайта қарап тексеру.Бұлардың бір-бірінен мынандай айырмашылықтары бар: біріншіден, апелляциялық тәртіппен іс жүргізу кассациялық шағын немесе наразылық бойынша істі тексеруден бұрын болады; екіншіден, апелляциялық сот біріші сатының соты шығарған үкімнің дұрыстығын тексере отырып, оны бұзу немесе өзгерту туралы қаулы шығару өкілеттілігімен қатар бұрынғы үкімді өзгертетін жаңа үкім де шығара алады және осыған байланысты бұл сотта істі қарау бірінші сатының сотына ұқсас түрде жүргізіледі (сот тергеуі түрінде дәлелдемелер тікелей зерттеледі), ал кассациялық сот жаңа үкім шығармайды және мұнда бірінші сатының сотында сияқты сот тергеуі жүргізілмейді, бірақта материалдарды мұқият, жан-жақты тексерудің негізінде бұрын шығарылған үкімді бұзу немесе өзгерту жөнінде қаулы шығара алады; үшіншіден, апелляциялық шағымдануға немесе наразылық білдәруге аудандық және оған теңестірілген соттардың үкімдері мен қаулылары жатады, ал кассациялық шағымды немесе наразылықты аудандық, облыстық және Жоғарғы соттың үкімдері мен қаулыларына сонымен қатар облыстық соттың апелляциялық үкіміне беруге болады.

Қорыта айтқанда, кассациялық (апелляциялық) сатыда іс жүргізудің екі жақты маңызы бар. Бір жағынан, бұл стадияны іске қатсатын адамдардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың қосымша кепілдігі деп санауға жатады. Екінші жағынан, бұл стадия бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қызметтінің сапасын арттыруға және оның заңдылығын нығайтуға ықпал етеді.

Үкімді орындау сатысы.Үкімді орындау қылмыстық іс жүргізудің соңғы садиясы болып саналады.

Үкімді орындау бірнеше органдардың қатысуымен атқарылады (сот, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет министірлігінің органдары). Олардың бұл қызметке қатысуы сот тағайындаған жазалау шарасына жіне оның басқада қылмыстық іс бойынша шығарған шешімдеріне байланысты болып табылады.

Үкім заңды күшіне енген соң орындалуга тиіс. Ол кассациялық (апелляциялық) шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң, ал егер үкімге шағым немесе наразылық берілген болса, онда кассациялық (апеляциялық) саты сотының қаулысы шыққан кезден бастап заңды күшіне енеді. Сол сияқты заңды күшіне енген соттың қаулыларында орындалуы міндетті.

Үкімді орындату,басқаша айтқанда оны орындауға кірісу, істі қараған бірінші сатының сотына жүктеледі. Мұның мәні мынадай: судья үкімді орындау туралы нұсқауын (распоряжение) үкімнің көшірмесімен бірге тиісті органға, яғни үкімді орындау міндеті жүктелген мекемеге жібереді. Мысалы, егерде соталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалған болса, онда судья үкімді орындау жөнінде нұсқауын сотталғандарда қамауға ұстайтын жердің бастығы атына жіберуге тиіс. Осы нұсқаға сәйкес аталған мекеме өз міндетін атқарып, үкімнің орындалғандығы жөнінде тез арада үкім шығарған сотқа хабарлайды. Ал сот үкімінің орындалғандығын біліп отыруға тиіс.

Үкімді орындау міндетін кей кездерде үкім шығарған соттың өзі атқарады. Яғни, атқару үкімі немесе жазадан босататын үкім шығарылса, онда сот өз үкімін дереу орындап, қамауда ұсталған сотталушыны осы жерде босатады.

Үкімнің және сот қаулыларының заңды түрде орындалуын қамтамасыз етудің маңызды бір кепілдігі – прокуратуралық қадағалау болып табылады және бұл жөнінде прокурорға тиісті өкілеттік берілген.

Қылмыстық процесте жоғарыда қаралған негізгі стадиялармен қатар екі ерекше стадиялар да қолданылады. Олар: 1) қадағалау сатысында іс жүргізу; 2) жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізді қайта бастау. Бұл стадияларды қолданудың негізгі мақсаты – заңды күшіне енген шешімдерін (үкімдері мен қауымы) қайта қарап тексеру,тексеру мүмкіндігін шығарады. Осыдан қадағалау іс жүргізудің сатысы іс жүргізуден айырмашылығын көрсетеді. Яғни, бұрын айтылғандай, касасиялық саиыда заңды күшіне енбеген бірінші саты соты үкімдерімен қалуларына дұрыстығы тексеріледі.

Қадағалау сатысында іс жүргізу басқаша сөзбен <<қадағалау тәртібімен іс жүргізу >> депте аталады. Бұл сатыға жататын соттар: облыстық соттың және оған теңестірілген соттың пезидимему, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасы, президимему және пленумы.

Қадағалау сатысында іс жүргізу процесске қатысушы адамдардың заңды күшіне енген соттың үкіміне (қаулысына) берген шағымы немесе өкілетті прокурордың наразылық білдіруіне байланысты болады (мұндай наразылық білдіруіне байланысты өкілетті мына прокурорларға берілген: Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлар). Бірақ та іске қатысушы адамдардың шағым беруімен прокурордың наралылық білдіруінің салдары бірдей емес. Егер де прокурор заңды күшіне енген үкімге наразылық білдірсе, онда бұл наразылық бойынша іс міндетті түрде қадағалау стадиясының сотының қайта қарауға жатады. Ал іске қатысушы адам шағым берсе, онда бұл істің қадағалау стадиясын да қайта қараулы міндетті емес. Ол шағымды тиісті қадағалау саты сотының мүшелері (үш судья) алдын ала тексеріп, істі осы сатыда қарау негізі бар деп шешім шығарса ғана бұл іс бойынша шығарылған үкім(қаулы қадағалау) тәртібімен қайта қадағалайды.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау сатысы.Бұл стадия заңды күшіне енген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың бір түрі болып табылады және осы тұрғыда алғанда қараулар сатысын да іс жүргізу стадиясымен ұқсас деп қарауға жатады. Бірақта оларды бір-бірімен ажырата білу керек қадағалау тәртібімен іс жүргізу стадиясын да үкімнің (қаулының)заңсыздығы немесе дәлелсіздігі осы қылмыстық істің материалдары ішінен табылады, ал жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта бастау стадиясында заңды күшіне енген үкімнің немесе сот қаулысының дұрыс еместігі бұрын іс қаралған кезде белгісіз болған мән-жайлардан шығады (мысалы: үкім шығару кезінде сотқа бей мәлім болған күәнің немесе жәбірленушінің жауаптарының көріну жалғандағы;сотталған адамның айыпсыздығын немесе ақталған адамның айыптылығын көрсететін өзге де мән-жайлар).

Жаңадан ашылған мән-жайлар іс жүргізуді қозғау прокурордың өкілеттілігіне жатады. Егерде прокурор осындай мән-жайлардың болғандығын анықтаса, онда ол бұл жөнінде қорытынды жазып, істі тиісті қадағалау сатысына сотына жібереді. Яғни, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау мәселесін қадағалау сатысының соты шешеді. Бұл сот жаңа мән-жайлар болмаған деп санап, прокурордың қорытындысын қайыру, яғни нәтижесіз қалдыру жөнінде қаулы шығару мүмкін немесе жаңа мән-жайлар анықталса да олар бұрынғы сот шығарған үкімнің дұрыстығына әсер етпеген деп тауып, прокурордың қорытындысы қайыра алады. Ал прокурордың тұжырымдарымен келіскен жағдайда қадағалау сатысының соты бұрынғы үкімді (қаулыны) бұзып істі жаңадан тергеуге немесе сотта қарауға жіберу туралы немесе үкмді бұзып, істі қысқарту туралы қаулы шығарады.

Қорыта айтқанда, қаралған стадиялар қылмыстық әс жүргізу қызметін толық қамтып көрсетеді және олар қылмыстық әс жүргізу пәнінің ерекшк бөлімін құрайды. Сонымен қатар, бұл пәнге жататын басқа да маңызды және барлық стадияларға ортақ мәселелердің бар екендігін ескру қажет болды.Олар – қылмыстық іс жүргізу пәнінің жалпы бөліміне жататын мәселелер: қылмыстық іс жүргізу принциптері, мемлекеттік құқық қорғау органдары мен олардың лауазымды адамдарының өкілеттері, іс жүргізуге қатысушы жеке түлғалардың құқықтары мен міндеттері, қылмыстық іс бойынша қолданылатын дәлелдемелер, бұлтартпау шаралары және т.б.

Аталған және олармен байланысты басқа да қажетті ережелер толық көлемде қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған қылмыстық іс жүргізу кодексінде қамтылған. Бұл кодексте белгіленген қылмыстық іс жүргізу тәртібі барлық қылмыстық істер бойынша және барлық соттар, прокуратура және алдын ала тергеу органдары үшін біртұтас міндетті тәртіп болып табылады.

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады (Конституцияның 75-бабы).

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар – азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізү туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүгізу құқығы – мемлекет белгіленген құқықтық нормалар дың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы) сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т.б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін(тараптар, үшінші тұлғалар), не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін (прокурор, мемлекеттік басқару органы) қорғайды. Бұлар – өздерінің іс жүргізу әрекеттері мен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына (талап – арыздан бас тарту, тараптардың бітісу келісімін жасасуы) ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері (оның шешімдері,ұйғарымдары, нұсқаулары билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар (тарптар) жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозивтивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап – арыздан бас тарту туралы арыз бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөләмдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы (соттың жататындығы), сот құрамын қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі – құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, процесс сатыларын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы(бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы сотта іс жүргізу және басқалар).

Азаматтық іс жүргізу (азаматтық процесс) соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процесске басқа да қатысушылардың (куәлардың, сарапшылардың), сондай-ақ сот қаулыларының орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың (әңгіме солардың құқықтары мен мүдделері жайында болып отыр) белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процессінде пайда болады, дамиды және тоқталады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5-бабына белгіленген. Сот азаматтардың мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуге тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекеттік, заідылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқыңын, ар-ожданы мен қадір – қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезедерінде қолданылуы тиіс құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді.

Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1) сотта азаматтық істің қозғалуы;

2) істі сотта қарауға әзірлеу;

3) істі бірінші сатыдағы сотыта мәні бойынша ғарау;

4) істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5) кассациялық сатыда жүргізу;

6) заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

7) заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

8) атқару ісін жүргізу.

 

Азаматтық процестің сатылары – біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің аса жақын мақсаты біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты (бітісу келісімін жасау, талап арыздан бас тарту, кассациялық шағым беру).

М. А. Гурвич алғашқы аталған сатыларды бір сатыға – бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысына біріктіреді. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу деп аталады. Азаматтық процестің аталған сатылары арасындағы бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу міндетті саты болып табылады.

Сондықтан азаматтық процесс (ісін жүргізу) азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады.

Азаматтық істердің көпшілігі талап істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы (талапкер мен жауапкердің) қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік – құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай – ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.

Азаматтық іс жүргізу құқықты құқықтың басқа салалары, әсіресе материалдық (азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа) салалармен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот ісі бойынша шешім шығарған кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты, өйткені екі саты да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады(істерді дәлелдеу, бірінші саты бойынша қарау, апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібімен қайта қарау және т.б.). Олардың арасында айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметіне қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде де айырма бар.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 70 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)