Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық іс-жүргізудің және сот төрелігінің ұғымдары, олардың өзара байланысы

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура,алдын ала тергеу және анықтама жүргізетін органдар)мен сот болып табылады. Бұлмемлекеттік құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес болғанымен,олардың қызметін сипаттайтын негізгі мәселелерге,жалпы алғанда,мыналар жатады: қылмыстарды ашу,қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу,кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану,айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізу.

Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттері бірдей емес.Мысалы,алдын ала тергеу органдары істелген қылмысты ашып, оны істеген адамды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанынның өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені ше айыпшуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес.Яғни заңмен орнатылған тәртіп бойынша,алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі.Ал прокурор тергеу органының жасаған тұжырыммен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті.Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтіргн дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады.Сөйтіп бұл қызмет тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс,яғниқылмыстық іс жүргізу деп аталады.

Қылмыстық іс жүргізу түсінігі жөнінде айтқанда, бұл қызметті сот,алдын ала жеке тергеу және прокуротура органдары атқарумен қатар басқадай жеке тұлғалардың да (азаматтардың)мұндай іс жүргізуіне қатысатындықтар ескеу қажет. Атап айтқанда, сезіктіні,айыпталушының, қорғаушының, жәбірленушінің азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдердің қылмыстық іс жүргізуге қатысулары заңда көзделген. Бұлар, заң тілімен айтқанда, қылмыстық процесске қатысушылар деп аталады және олардың әр қайсысы өз мүдделерін қорғау мақсатында тиңстң процесуалдық әрекеттер жасай алады. Мысалы,жәбірленуші ретінде танылған адам мынадай құқықтан қолданып қылмыстық іс жүргізу кезінде қатыса алады:жауап беру, дәлелдемелер тапсыру тілектер қою, қарсылық білдіру,алдын ала тергеу жүргізу аяқталғансоң істің барлық матерялдарымен танысу, өкіл алу,соттағы жарыссөздерге қатысу және т.б

Қылмыстық іс жүргізуге жоғарыда айтылған адамдардан басқа да жеке тұлғалардың (маман, сарапшы, аудармашы, куә, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы) қатысулары қажет болады және бұл адамдардың да құқықтары мен міндеттері заңда көрсетілген.

Мұның бәрі қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын тергеу, прокуротура органдары мен соттың және бұл органдардың лауазымды адамдардың арасында құқықтық қатынастардың болатындығын көрсетеді. Мұндай құқұқтық қатынастар бір-бірімен тығыз байланыста қалыптастыралы және ол қатынастардың болатындығын қылмыстық іс жүргізу түсінігін толық түрде тұжырымдағанда ескеруге тиіспіз.

Срнымен, қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу дегеніміз – бұл заңмен реттелген соттың, алдын ала тергеу және прокуратура органдарының қылмыстары мен күресуге байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларда(азаматтарды) қатыстыра отырып атқаратын қызмет жүйесі, сондай-ақ осы қызмет саласын да туындап қалыптасатын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу басқа сөзбен қылмыстық сот ісін жүргізу деп аталады, яғны қылмыстық іс жүргізу кодексінде және ғылыми еңбектерде (әдебиетте) де осы екі термин аралас қолданылады(орысша:<<уголовный процесс >> және <<уголовное судопроизводства>>). Бұл терминдер бір-біріне қайшы емес, олар бір ұғымды білдіреді деп саналады. Себебі – қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу немесе прокурордың қызметімен аяқталмайды, қылмыстық әс жүргізудің жалғасы сот қызметін түрінде атқарады, яғни әр қылмыстық істі жүргізу бұл істі сотта қарап шешумен аяқталады. Сондықтан қылмыстық іс жүргізуді<<қылмыстық сот ісін жүргізу>> деп те атауға болады. Яғни,<<қылмыстық сот ісін жүргізу>> немесе <<қылмыстық іс жүргізу>> сот төрелігінін жүзеге асырудың бір түрі болып табылады.Осыдан <<сот төрелігі >>ұғымының <<қылмыстық іс жүргізу>> ұғымымен сәйкес жері көрінеді: қылмыстық істі сотта қарап, шешім сот төрелігіне жатады.Бірақ та <<қылмыстық іс жүргізу >> ұғымы толық көлемде <<сот төрелігі>> ұғымымен бірдей емес.

Сот төрелігі дегеніміз – бұл соттың қылмыстық істермен қатар басқа да (азаматтық) істерді қарап шешу үшін мемлекет атынан атқаратын қызметтің арнайы түрі болып табылады. <<Сот төрелігі >> ұғымының тікелей мағынасы – сот қызметі болып табылады да, ал <<қылмыстық іс жүргізу >> ұғымы соттың қызметімен қатар алдын ала тергеу органдарының және прокурордың қызметтерін қамтиды.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)