Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтың рөлі мен маңызы

Читайте также:
  1. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  3. Азіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
  4. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы
  5. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  6. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін туризм катализаторының маңызы ... өтті *Автомобиль транспортына
  7. Бюджеттік құқықтың, бюджет жүйесінің және бюджеттік проценттің ұғымы

Әкімшілік құқық – Қазақстан Републикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарда реттейтін, мемлекеттің аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.

Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің қкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік-мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.

Мемлекеттің басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкңмшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады.Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы өамтамасыз етіледі.

Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқыұтыұ және үйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін тиісті мінез-ұүлыұ (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік-құқықтық қатыныстарға барлық қатынасушылардаң құқытық мәдениеті қалыптасады.

Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп комплексі, көлік пен байланыс, қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұргын үй-коммуналдық шаруашылық, халыққа тұрмыстық қызметін көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсалық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси құрылыс (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемелекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.

Қазіргі кезеңдегі әкімшілік құқықтың негізгі проблемаларының бірі – өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарын құру проблемасы болып отыр.

Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудің түбегейлі нақтала жолдар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына <<Қазақстан - 2030>> жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.

Құқық қорғау мәніндегі әкімшілік құралдардың, яғни мемлекеттік басқару саласындағы заңдылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатын бақылау-қадағалау қызметінің маңызы арта түсуде.

Прогрессивтік қайта құру барысында қабылданған заңдардың барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылықтың кездесетіні де, мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған құқықтық мойынұсынбаушылық сияқты кеселдер айтарлықтай нұқсан келтіруде.

Қазіргі кезде ең қауіпті құбылыс – бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп ене бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамның барлық салаларына, мемлекеттің конституциялық негіздеріне қатер төндіреді.

Сондықтан мемлекеттік басқару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пұрсаты мен қызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жылдары қабылдаған құқықтық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің,<< Ұлттық қауіпсіздік туралы>>, <<Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы>> заңдардың ерекше маңызы бар.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 147 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)