Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жергілікті атқарушыбилік органдары:жүйесі, құрылымы, құрылу тәртібі.

Читайте также:
  1. Quot;ҚОР" мұнай компаниясының құрылу тарихы
  2. Бұйрық (өкім) оларды ,орындау және бақылау тәртібі.беру
  3. ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР
  4. Жергілікті өкілді органдар құзыретін жүзеге асырудың негізгі нысандары
  5. Жергілікті атқарушы билік органдарының құзыреті және қабылдайтын актілері
  6. Жергілікті органдардың құзыреті, қабылдайтын актілері

Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағындағы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жергілікті өкілді органдармен қатар атқарушы органдар зор рөл атқарады. Атқарушы және өкімдік етуші органдардың қызметін реттеуде 1995 жылғы Конституция алдыңғы конституциялық реттеуге, ең жаңа заңдарға және қалыптасқан практикаға сүйенеді. Конституцияда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып жүргізуді қамтамасыз ететіні айқын белгіленген (87-баптың 1-тармағы).

«...Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» Заңға сәйкес жергілікті жерлердегі атқарушы билік органдарының жүйесін: әкімдер, басқармалар, бөлімдер, комиссиялар мен басқа да бөлімшелер және қызметтер құрайды. Жоғарыда айтылғандай, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді. Оларға облыстардың, аудандардың, қалалардың қалалардағы аудандардың, поселкелер мен ауылдардың (селолардың) әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басқармалары, бөлімдері, комиссиялары жатады.

Жергілікті атқарушы органдарды Республика Президенті мен Үкіметінің өкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкімі басқарады (Конституцияның 87-бабының 3-тармағы). Әкім орынбасарларының саны бөлімдердің, басқармалар мен басқа да бөлімшелердің жүйесі әкімнің ұсынуы бойынша тиісті мәслихат бекітетін облыс, аудан, қала схемасына сәйкес анықталады. Жергілікті әкім мен оның орынбасарлары, сондай-ақ бөлімдердің, басқармалардың, әкімшіліктің басқа да қызметтерінің басшылары кез келген деңгейдегі мәслихаттың депутаттары бола алмайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдерін қызметке Премьер-министрдің ұсынуымен республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік- аумақтық бөліністердің әкімдерін олар жөнінде жоғары тұрған әкімдер тағайындайды.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің өкілеттігі республиканың жаңадан сайланған Президенті қызметке кіріскен кезде тоқтатылады.

Республика Президенті әкімдерді өз қалауы бойынша қызмтеттен босатуға құқылы (Конституцияның 87-бабының 4-тармағы).

Әкімшілік басшыларының орынбасарлары тиісті әкімшілік басшы белгілеген міндеттерді бөлуге сәйкес міндеттерді атқарады. Әкімшілік басшы болмаған немесе оның өз міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған жағдайда оның өкілеттігін бірінші орынбасары жүзеге асырады.

Әкімшілік басшыларының орынбасарларын жергілікті әкімшіліктің басшылары тағайындайды және қызметтен босатады.

Жергілікті әкімшілік пен оның органдарының қызметін ұйымдық құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті әкімшілік аппараты құрылады. Бұл аппараттың мұндай айрықша ерекшеліктері болады. Біріншіден, оның жергілікті әкімшіліктің міндеттері мен өкілеттігін жүзеге асыруға қатысуы функционалдық сипатта болады: ол ұйымдық-әдістемелік және ұйымдық-бұқаралық жұмысқа, қабылданған шешімдердің заңдылығын бақылау мен орындалуын тексеруге жәрдемдеседі; оған жергілікті әкімшілікке заңдық, ұйымдық-техникалық, шаруашылық қызмет көрсету жүктелген. Екіншіден, бұл аппарат буыны жергілікті әкімшілік органдарының, кәсіпорындардың ұйымдардың және азаматтардың атына міндеттеуші құқықтық актілер шығару құқығын пайдаланбайды, оған бағынышты әлдебір обектілер болмайды. Үшіншіден, мұнда й аппараттың қызметтік сипаты оның «көлденеңінен» -әкімшілікке ғана бағынуын анықтайды. Аппартаттың штатын, еңбекке ақы төлеу және материалдыө-техникалық жағынан қамтамасыз ету жағдайларын республиканың Үкіметі белгіленген лимиттер мен шекті қаржылар шегінде әкім бекітеді. Қызмет аппартатының құрылымы тиісті жергілікті әкімшілік міндеттерінің көлемі мен сипатына байланысты болады. Поселке, село әкімдерінде көбінесе іс жүргізуші мен есепші-кассирден (бухгалтерден) тұратын аппарат болады. Ол іс жүргізеді, құжаттардың сақталуы үшін жауап береді, азаматтарға анықтамаларды ресімдеп береді. Әскери міндеттілер әскерге шақырушылардың және т.б. бастапқы есепке алынуын қамтамасыз етеді. Облыстарда, аудандарда, қалаларда аппарат қабылдау бөлімінен жалпы бөлімнен, ұйымдастыру-нұсқау бөлімінен,жергілікті әкімнің хатшылығынан, кадрлар бөлімінен, заң бөлімінен (бюросынан) немесе юристконсульттант, т.б. тұрады.

Бұрында аталып өтілгеніндей, жергілікті атқарушы билік органдары бөлімдер басқармалар және өзге де бөлімшелер мен қызметтер болып табылады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық әкімшіліктері бөлімдерінің, басқармаларының және басқа да бөлімшелері мен қызметтерінің үлгі тізбесін республиканың Үкіметі әзірлеп, бекітеді. Аудандық, қалалық қаладағы аудандық әкімшілік бөлімдерінің басқармаларының және басқа да бөлімшелері мен қызметтерінің тізбесін жоғары тұрған әкім әзірлеп бекітеді. Жергілікті әкімшілік органдарының (республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарын қоспағанда) штаттарын, еңбекке ақы төлеуді және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жағдайларын республиканың Үкіметі белгілеген лимиттер мен шекті қаржылар шегінде жергілікті әкім белгілеп, өзгертеді.

Әкімшілік органдарының басшыларын және басқа да лауазымды адамдарын жергілікті әкім тағайындайды және қызметтен босаады.

Облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттардың жалпы санының жасырын берген 2/3 көпшілік дауысымен жергілікті әкімшілік органдарының басшысына сенбеушілік білдіруге және оны қызметінен босату туралы тиісті әкімге мәселе қоюға құқылы, ол бұл мәселе бойынша дәлелді шешім қабылдап, ол жөнінде тиісті мәслихатқа хабарлайды. Бөлімдер мен басқармалар жергілікті әкімшіліктің басқарушы органдары болып табылады. Олар тиісті мәслихаттардың, жергілікті әкімдердің, жоғары тұрған органдардың басқару салалары мен аясындағы шешімдерін орындау жөнінде қызмет етеді. Қызмет аппаратының бөлімшелерінен айырмашылығы – бөлімдер мен басқармалар тиісті мәслихатқа және жергілікті әкімдерге бағындырылған тиісті салалардың мекемелерін, ұйымдарын, кәсіпорындарын басқаруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде әкімшілік қызмет жүргізеді. Бөлімдер мен басқармалар өкілеттігінің көпшілігі жергілікті әкімдер құзіретінің іске асырылуы мен байланысты. Сондықтан олардың қызметін тиісті жергілікті әкімнің басқаруы саласындағы қызметінің нысаны ретінде қарастыруға болады. Сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқару органдарының бір түрі болып табылатын бөлімдер мен басқармалар тиісті министрліктердің және республика ведомстволарының (олардың органдары болмаса да) жүйесіне кіреді.

Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдары бөлімдер мен басқармалар жөнінде ең алдымен ұйымдық-әдістемелік басшылықты, бақылауды жүзеге асыруға, олардың қызметінің әсіресе ғылыми-техникалық прогресс, өнімінің, қызмет көрсетудің және т.б. стандарттары мәселелерінде саланы дамытудың жалпы бағыттары мен талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге тиіс. Бөлімдердің, басқармалардың ұйымдастырылуы мен қызметінің бірқатар мәселелерін жоғары тұрған басқару органдары мен келісе отырып, жергілікті әкім шешеді (мысалы, ішкі істер бөлімдері мен басқармаларының басшыларын бекіткен кезде мәселе тиісті ішкі істер органдарының басшылығымен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі мен келісіледі).

Бөлімдердің, басқармалар мен өзге де бөлімшелердің жүйесі негізінен жергілікті өкілді және атқарушы органдары қызметінің басты салалары мен аяасына ыңғайлап құрылады. Облыстық және ірі қалалардағы жергілікті атқарушы органдардың салалық басқару аппараты мейілінше сан салалы болады. Аудандық, аудандарға бағынышты қалалық атқарушы органдардың аппараты шағын болады.

Қызмет саласына қарай бөлімдерді, басқармалар мен басқа да бөлімшелерді мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:

1)өндіріс саласы(мысалы, жергілікті өнеркәсіп, күрделі құрылыс, сәулет-құрылыс және басқа бөлімдері мен басқармалар);

2)халыққа қызмет көрсету (экономика, денсаулық сақтау, еңбек және жұмыспен қамту, білім беру, халықтық әлеуметтік қорғау және т.б. бөлімдері немесе басқармалары);

3)құқық тәртібін және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету (ішкі істер, әділет бөлімдері мен органдары, АХАЖ, нотариат органдары және басқалар).

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 145 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)