Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекет пен тұлғаның өзара қарым-қатынасының қағидаттары

Читайте также:
  1. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  2. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ
  3. Азақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
  4. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  5. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  6. арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  7. Зін-өзі бағалау тұлғаның құрылымы ретінде.

1. Халықаралық құқықтың жалпы мойындалған қағидаттары мен қалыптарының ұлттық заңдардан басымдылығын мойындау-Қазақстан Республикасында мемлекет пен тұлғаның өзара қатынастарының негізгі қағидаттары болып есептелінеді.Әлемдік тәжірибеде қоғамдық дамудың қазіргі кезеңінде мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтан оқшаулануы оны құқықтық мемлекет ретінде орнықтырмайтынын көрсетіп отыр,ондай мемлекет өзін жоғары дамыған, өркениетті ел дәрежесіне көтере алмайды.Бұл талап халықаралық құқықтың жалпы танылған «pasta sund servanda» деген қағидатынан туындайды және барлық мемлекет өзі қол қойған құжаттарда баяндалған халықаралық міндеттемелерін барлық мүмкіндіктермен орындауы тиіс.Қазақстан да өзі белгіленген тәртіпке бекіткен халықаралық құқықтың басымдығын мойындайды, өзінің ұлттық ішкі заңдарын халықаралық нормаларға сәйкес келтіреді.Мысалы,Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттеуде,тікелей қолданылады» деп айтылған.

2. Адам құқықтары мен ботандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды,заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады,-деп белгілеген Қазақстан Республикасы Конституциясының және соған сәйкес келетін өзге де нормативтік құқылық құжаттардың нормаларымен белгіленген шеңберінде адам құқықтары мен бостандықтарының тізбегіне мемлекет кепілдік береді деген сөз.

Адамның бұл аталған құқықтары мен бостандықтарын абсолютті деп тану–олар Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адамға оны Республика азаматтығында болу-болмауына қарамастан,қолданылады дегенді білдіреді. Бұл құқықтар мен бостандықтардың ажырағысыздығы Конституцияда белгіленген құқықтар мен бостандықтардан Конституцияда және соған сәйкес қабылданған заңдарда көзделген жайлардан басқа реттерде адамды ешкім де,соның ішінде мемлекет те айыра алмайтындығын танытады.Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкіндігі (39-бап,1-тармақ) атап көрсетілген.

3. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі. Бұл,біріншіден, адам мен азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы өзгелердің құқықтары мен бостандықтарына кедергі келтірмеуі тиіс.Бұл қағидаттың бұзылуы адамдардың құқылық теңсіздігіне алып келер еді.Екіншіден, заң мен сот сот алдында жұрттың бәрі тең. Қазақстан Республикасы Конституцияның 14-бабының 1-тармағында баяндалған бұл норманы адам мен азаматтың заң мен сот алдында теңдігінің жалпы қағидаты деп түсіну қажет. Сот алдындағы теңдік тұрғысындағы бұл қағида сот іс қараған кезде тараптардың құқықтық бірегейлігін білдірмейді.Бұл норма Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азамат» бөлігінде жазылғандықтан «жұрт» деген сөз адам мен азаматты қамтиды және Қазақстан Республикасы аумағында заң мен сот алдында әркімнің тең екендігін танытады.Және Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекет бұған кепілдік беруге міндетті,өйткені тегіне,әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына,тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

4. Қазақстан Республикасы азаматтары құқықтары мен міндеттерінің бірлігі. Бұл қағидат Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-бабының 2 – тармағында: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» деген ережемен бейнеленген. Құқықтар мен міндеттердің бірлігі Қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігіне негізделген, яғни қоғам мүшелерінің бір бөлігі тек құқықтарға ие болып, ал екінші бөлігіне тек міндеттер жүктелмеген. Бұл бірлік адамның қоғамдық және жеке мүдделерінің жарасымды үйлесімінен де туындайды. Коммунистік манифестегі «әркімнің еркін дамуы баршаның еркін дамуының шарты» деген әйгілі қағидат Қазақстанның қоғамдық түбегейлі ережесіне айналды. Адамның жеке және қоғамдық мүдделерінің ажырағысыз бірлігі азаматтың құқықтарының, бостандықтарының және міндеттерінің бірлігіне негізделген, «адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұсқан келтірмеуге тиіс» деген конституциялық ереже (12-бап, 5-тармақ) осыдан туындайды. Сөйтіп, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сипаты, мағынасы мен мазмұны жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттарымен айқындалады, мұнсыз Қазақстан Республикасы құруға ұмтылып отырған құқықтық, демократиялық мемлекет орнату мүмкін емес.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 96 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)