Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Иса Мәсіхтің атынан әумин! 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бата беру барысында біздің айтқан сөздеріміз Құдайдың еркіне лайық болса, перзенттеріміздің өмірі өзгере бастайды. Өйткені біз ақ батаны Иса Мәсіхтің атынан бергендіктен біздің айтқан әрбір сөзімізде Құдайлық күш бар.

«Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті». Евр 4:12

Сондықтан біздің әрбір айтқан сөзіміз мәнді, мағыналы, жинақты, маңызды болуы тиіс. Өйткені перзенттеріміздің өмірі біздің айтқан сөзімізге сәйкес өзгереді!

Естеріңізде болсын: біздің берген ақ батамызды ешбір адамның да, шайтанның да күш-жігері тоқтата алмайды.

«Ысқақ: - Мен оны саған би етіп, бауырларын өзіне

қызметші қылып бердім, астық пен жүзім шырынымен

қамтамасыз еттім. Ұлым енді сен үшін не істей

аламын? – деп жауап берді». Жар 27:37

Ысқақ осылай беріліп кеткен батаға өзінің ешқандай әсер ете алмайтындығын, өзінің лажсыздығын көрсетті.

Иса Мәсіх балаларға бата берудің керемет үлгісін көрсетті:

«Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға

кедергі жасамаңдар! Құдай Патшалығы

сондайлар үшін. Сендерге шындығын

айтайын: кім Құдай Патшалығын бала сияқты

қабылдамаса, оған кіре алмайды – деді.

Балаларды құшақтап үстеріне қолын қойып бата

берді».

Мр 10:14-16

Перзенттерімізге мүмкіндік болса биязы нәзіктікпен, мейіріммен қол тигізіп бата беру ерекше маңызды!

Бата беру үлгісі:

«Айыра көрмесін Құдай сені аспан шығынан,

топырақтың құнарлылығынан,

ағыл-тегіл астық пен жүзім шырынынан!

Саған ұлттар қызмет жасасын,

халықтар бас иетін болсын!

Сен ағайындарыңды билейтін бол,

Анаңның ұлдары саған бағынсын!

Сені қарғайтындарды қарғыс атсын,

Ал батасын беретіндер жарылқансын!».

Жар 7:28-29

Әрине бұл бата догма емес. Сіз ақ бата берерде Өзіңіздің беретін ақ батаңызды Киелі Рухқа тапсырыңыз. Ол Өзі жетелейді.

Перзенттерімізге ақ бата беру реті:

1. Иса Мәсіхтің атынан саған ақ батамды бердім:

Ең алдымен сен өміріңнің соңғы сәтіне дейін Жаратушы Құдай Иеңді талмай, жалықпай, азғырылмай іздеуші бол. Құдай Иеңді тапсаң бәрін тапқаның. Құдай Иеміз саған Өзін іздейтін қабілет берсін!

Құдай сені Өзінен бас тартудан сақтасын. Үнемі Оны іздеуші бол!

Иса Мәсіхтің атынан Әумин!

0 «...Егер, Оған бет бұрып іздесең Оны табасың. Ал егер, Құдай 0

Иеден бас тартып, елемей кетсең, онда Ол да сенен

0 біржола бас тартады». 1 Шеж 28:9

2. Иса Мәсіхтің атынан, саған «ақ батамды» бердім:

Сенің біліміңдегі кемшіліктерді толтырып, шынайы шындыққа тәрбиелеп, Иса Масіхтің қауымының қабілетті қызметкері ететін, күнәңді әшкерелеп, өміріңдегі проблемаларыңды шешуге көмектесетін, киелілікке жетелейтін, Иса Мәсіх жайында жігермен куәлік айтатын билік беруші, Өзімен таңбалап, мәңгілік өмір сыйлаушы, күш-құдірет беруші Киелі Рух, сені Өзімен асып төгіліп жататындай етіп толтырсын. Сен үнемі Киелі Рухпен аса тығыз қатынаста бол!

Сен жүрегіңді ашып, Киелі Рухты қабылдап, осы жарылқаудың бәрін иемден!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ал Әкем, Менің атымнан қамқоршыларың – Киелі

Рухты жібереді. Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің

бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектінің

бәрін үйретеді». Жх 14:26

 

3. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Сенің өміріңдегі рухани, материалдық, физикалық бардың барлығы Тәңір Иеміздің рақымы мен мейірімінің арқасында екенін үнемі біліп мойындап, жүруің үшін Құдай сені бойсұну рухымен жарылқасын.

Сенің өміріңнен орын алған әрбір бақытты сәтті, қуанышты оқиғалардың барлығы тікелей бойсұну мен бағыныштылыққа байланысты екенін мойындаушы бол. Қолың жеткен табысыңа масаттанушы болма. Өзіңе Құдай берген даналық, қолың жеткен табыстың барлығы өзіңнің қабілетіңнің, ерік жігеріңнің, күш-қуатыңның нәтижесі емес екенін ашсын. Бұл жетістіктердің барлығы да Көктегі Әкеміздің жарылқауы екенін біл.

Құдай сені жуастық, бойсұнушылық рухымен толтырсын. Құдай сені менмендік, астамшылық, тәкаппралық, паңдық рухтарының әсерінен сақтасын!

Иса Мәсіхтің атынен әумин!

«Құдай тәкаппарларға қарсы тұрады,

Ал кішіпейілділерге рақымын шашады».

Жох 4:6

«Жаратқанды терең қастерлейтін

кішіпейілділер байлық, абырой, шынайы

өмірге кенелер».

Нақ 22:4

 

4. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Сенің Құдайды шын жүрегіңмен сүюге деген талап- ұмтылысың өміріңнің соңына дейін таусылмай сақталсын.

Ата-аналарыңа деген шынайы сүйіспеншілігің мен оларға көрсетіп жүрген сый-құрметіңде өміріңнің соңына дейін таусылмасын.

Құдайға және ата-аналарыңа деген сүйіспеншілігің, бауырларыңды, перзенттеріңді және маңайыңдағыларды да өзіңді сүйгендей сүйюге үйретсін!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, бар

күш-қуатыңмен сүй!». Заң 6:5

«Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оған шын жүректен

және бүкіл жан дүниелеріңмен қызмет етіңдер». Заң 11:13

«Ата-анаңды сыйла! Құдайың Жартақан Ие өзіңе

табыстайтын елде ұзақ өмір сүруің үшін осылай істе». Мыс 20:12

5. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Сен Тәңір Иеміздің шексіз мейірімді, кеңпейіл, кешірімді, жомарт екенін біл. Әрқашанда Өзін атап шақырғандарға Тәңір Иеміз рақымын молынан төгетінін ұмытпа.

Сенің де жанұяңның мүшелеріне, достарыңа және маңайыңдағыларға үнемі мейірімділік, рақымдылық көрсетуің тұрақты болсын.

Тәңір Иеміздің мейірімділерге мейірімімді төгемін деген уәдесі бар!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Мейірімділер бақытты: Құдайдың мейірім і соларға түседі!».

Мт 5:7

«Мейірім мен шындықтан ешқашан безбе,

Мойныңа байлап, жазып қойғандай жүрекке».

Нақ 3:3

6. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Сенің санаңдағы ой-пікірің, Иса Місіхтің ой-пікіріне сәйкес болсын. Солай сен ой-пікіріңді ретке келтіріп, ой-пікіріңде әділеттікке жетесің. Киелі Кітаптық білімге кенеліп, Тәңір Иемізді мақтап, мадақтауға құлшынасың.

Құдай сені даналық рухымен толтырып, сені білімді, саналы етсін! Сен санаңа Құдайдың еркіне лайық билік жүргізсең бүгіннен бастап бақытты өмір сүресің! Сен жас болсаңда ұстаздарың сенің даналық ойларыңды жоғары бағалай бастайды. Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ал Мәсіхте Құдайдың даналығы мен білімінің бүкіл қазынасы

жатыр». Кол 2:3

«... Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат,

ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады: Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады».

Иш 11:2-3

7. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Құдайдың өсиеттерін ықыласпен, қуанышпен орындай алуың үшін, Құдай сені бағыныштылық рухымен толтырсын.

Құдайдың Сөзі күндіз-түні аузыңнан түспесін. Құдай Сөзі туралы ойланып, толғанып, Құдай Сөзінен ауытқымай өмір сүр. Сонда сен әрбір ісіңде табысты боласың! Иса Мәсіхтің атынан аумин!

«Егер Маған мойынсұнып, тілімді алсаңдар жердің жақсы

өнімдерін жейтін боласыңдар». Иш 1:19

«Ал егер сендер менің ішімде болып, әрі сөздерім

өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін Көктегі

Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар». Жх 15:7

8. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Құдай саған Өзінің Құдайлық тыныштығы мен амандығын берсін. Амандық пен тыныштық бұл Құдайдың бізге беретін сыйы. Бұл сыйды Тәңір Иеміз Өзінің өсиеттерін үнемі есінде сақтап, үнемі орындап жүретіндерге береді. Сен де Құдайдың амандығы мен тыныштығын алуға лайықты бол. Сенің перзенттерің де Құдай Иемізден үйреніп, олардың жан дүниесі де амандық пен тыныштыққа кенелсін.

Егер сенің ой-пікірің, санаң Құдайда болса, онда сендегі бар қорқыныш, үрей мен абыржушылық жойылып, өміріңе кемелді тыныштық келеді. Иса Мәсіх барлық тыныштық пен амандықтың бастауы.

Сен Құдайға сенім артып, Оған қызмет ет, Құдайдың саған сыйлаған амандығы мен тыныштығы сенің жүрегің мен ойыңды амандықта, саулықта ұстасын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Жаратқан Ие Өз халқына күш дарытады,

Тыныштық сыйлап ақ батасын қондырады».

Заб 28:11

«Тәліміңді сүйгендер тыныштыққа кенелер,

Ештеңеге сүрінбей, аман-есен жүрер».

Заб 118:165

«Мен сендерге амандық пен тыныштық сыйлаймын, Өзімнің тыныштығымды беремін. Менің беретінім осы дүниенің беретін өткінші тыныштығы сияқты емес, сондықтан көңілдерің қобалжып, қорықпаңдар». Жх 14:27

9. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Сен өміріңде орын алған, орын алып тұрған, орын алатын Құдайдың іс-әрекеттері үшін Оны мадақтап, алғыстауға ынтызар бол!

Құдай саған шын жүректен, дауыстап ән салу арқылы, аузыңнан шыққан қарапайым сөздер арқылы аяғың, қолың арқылы жасаған ізгі істерің арқылы Өзін мақтап мадақтайтын қабілет берсін.

Себебі Тәңір Иеміз Өзін шын жүректен мақтап, мадақтағандардымолынан жарылқап, байлық, атақ-даңқ сыйлайды. Өйткені Тәңір Иеміз аса мейірімді, жомарт, шыдамды, шексіз рақымды.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Сонымен Мәсіх арқылы Құдайды үнемі мадақтап сый- тартуымызды ұсынайық: Оның «Жаратқан Ие» деген атағын ауызбен де мойындап, дәріптеуіміз, біздің Тәңір Иеге арнаған құрбандығымыз болады». Еф 13:15

10. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім: Құдай сені гүлдендіріп, өркендетсін. Құдай саған игі ниетпен қарап, әрбір істе табысты болуыңа көмектессін.

Құдай Иеңді іздеп тапсаң, Ол сенің әрбір істе табысты болуыңа қамқорлық жасайды.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Ысқақ осы жерге егін салып, сол жылы одан жүз есе өнім

алды, себебі Тәңір оны жарылқаған болатын. Ол байи берді,

оның дүние-мүлкі көбейген үстіне көбейіп, Ысқақ нағыз бай

адамға айналды».

Жар 26:12-13

«... Содан Құдай оны жарылқап, зор табысқа

жеткізді». 2 Шеж 26:5

 

11. Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім: сен, өміріңе әртүрлі қиыншылық, бәле, тауқымет, қасырет, сынақтар келгенде сол жаманшылықтан аман-есен алып шығып, қорғайтын Тәңір Иеміз екенін күмәнсіз біл. Ол сенің жолыңа қойылған кез келген тұзақ, қақпан мен тордан аман алып шығады.

Ол сені оң қанатының астына алып, оң қол жағыңдағыпанаң болсын. Тәңір Иеміздің берген әрбір уәдесі, сенің бес қаруың болсын.

Құдай Иеміз сені барлық жауларыңнан қорғасын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Қорықпа, Мен саған жар боламын,

Абыржыма, Мен сенің Құдайыңмын!

Саған қуат беріп көмектесемін,

Жеңімпаз қолыммен сүйемелдеймін.

Саған өшіккендер ұятқа қалады,

Жауларың дымы қалмай құртылады.

Іздесең де еш таппайсың оларды,

Сенімен соғысқандар жоқ болады.

Себебі Мен сиынатын Құдай Иең,

Сені оң қолыңнан сүйемелдеймін.

Қорықпа, Мен сені қолдап қорғаймын! –

Деп саған берік уәде беремін».

Иш 41:10-13

«Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні

жалбарына сыйынған адамдарының мүдделерін

қорғамай ма?

Әлде соны ұзаққа созып жібере ме?

Сендерге шындығын айтайын: Құдай олардың

мүдделерін тезірек қорғайды». Лқ 18:7

 

12. Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Құдай сені Өзінің даусын тыңдап, Өзінің жолдарымен жүретін етсін!

Егер сен Құдайдың даусын тыңдап, Оның жолдарымен жүрсең, ол сенің барлық мұқтаждарыңды қамтамасыз етеді. Құдай Иеміздің бізге уәде еткен жарылқаулары біздің өмірімізде және біздің перзенттеріміздің өмірінде де орындалсын.

Құдай сені және сенің перзенттеріңді қалада да, далада да жарылқасын, сенің ұл-қыздарың, жерлеріңнің өнімдері, малдарыңның төлдері, әрбір қолға алған істерің жарылқаулы болсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Сондықтан не ішіп-жейміз, не киеміз деп

уайымдамаңдар! Тәңірге мойынсұнбайтындар

барлық сондай нәрселерге ие болуға тынымсыз ұмтылуда.

Ал бұлардың бәрінің сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің

біледі ғой. Ең бастысы, Құдай Патшалығының қамын

ойлап, Құдайдың әділ еркін орындауға ұмтылыңдар! Сонда

көктегі Әкелерің сендерге бұлардың бәрін қосыпбереді».

Мт 6:31-33

«Ал Иса Мәсіхпен жүрген сендердің барлық

қажеттеріңді де менің Құдайым Өзінің керемет байлығы

бойынша қамтамасыз ететін болады». Філ 4:19

 

Заңды қайталау кітабының 28 тарауын оқыңыз.

13. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім: Сен айдалада жалғыз қалсаңда, қараңғы түнде ұйқыға жатсаңда абыржымай өзіңді жайбарақат сезін. Тәңір Иеміз сенің қауіпсіздігіңді қамтамасыз етсін.

Әртүрлі қауіпті сезінгенде Құдайдан көмек сұра. Егер сен сеніміңді адамдарға емес Құдайға артсаң Ол сені күмәнсіз қорғайды. Өйткені Ол сені қауіп-қатерден қорғайтын қамалың!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,

Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,

Себебі Өзің менің қасымдасың,

Жігер береді сойылың мен таяғың».

Заб 22:4

«Пендеден қорқу адамға тұзақ құрар,

Жаратқанға сенуші қаупсіз болар».

Нақ 29:25

 

14. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Құдай саған шайтанның, ыпылас рухтардың әртүрлі зұлымдық іс-әрекетіне қарсы тұрып жеңіп шығатын Құдайлық билігін молынан берсін.

Құдайдың бұл керемет билігін Киелі Рух Өзінің қалауынша әркімге сый ретінде үлестіріп береді.

Құдай сені осындай сыйды алуға лайық етсін. Бұл Құдайлықбилік сені жанұяңның мүшелерінің, достарыңның, тіпті жердің шетіне дейін Иса Мәсіхтің куәгері етсін!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Иса он екі шәкіртін тағы да қасына шақырып

алып, оларға жындарды қуып шығаратын әрі барлық

ауруларды сауықтыратын билік берді». Мт 10:1

«Шайтанның іс-әрекетіне тойтарыс бере

алуларың үшін Құдай берген «Рухани қару-жарақпен түгел

жабдықталыңдар!»».

Еф 6:11

15. Иса Мәсіхтің атынан саған «ақ батамды» бердім:

Құдай сені табыс рухымен кенелтсін! Сен бүгін де, келешекте де, еш уақытта сәтсіздікке ұшырама, керісінше үнемі сенің өмірің сәттілік пен табысқа кенелген болсын.

Ең алдымен Құдайды танып білуге және Тәңір Иемізге қызмет етуге, ынта-жігеріңмен ұмтыл. Содан соң өзіңе, перзенттеріңе және маңайыңдағыларға қызмет етуге ұмтыл.

Қолың жеткен табысқа масаттанып, тәкаппарланып, өркөкіректеніп мақтанба!

Қолың жеткен табыстарың үшін Құдайды мадақтап, мақтап, Құдайды алғыста. Құдай Иеміз саған жарылқауын жаудырып, өміріңді бақытты етіп, қуанышқа кенелтсін!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

 

«Осы Таурат кітабында жазылғандардың бәрін сақтап, орындай алуыңүшін оларды аузыңан тастамай күні-түні оқып, солар туралы ойланатын бол! Сонда ғана табысты боласың».

Ешуа 1:8.

«Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды: сол мерзімінде жемісін береді, жапырақтары кеуіп те сембейді, не істесе де, ол табысқа жетеді».

Заб. 1:3

 

16. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Тәңір Иеміз саған Өзінің Құдайлық даналығы мен көрегендігін берсін. Құдайдың берген даналығы мен көрегендігінің арқасында рухани білімің кемелденіп, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін қатесіз ажырататын бол. Бұл сенің жандүниеңді тазартады. Даналықтың негізі Құдайды терең қастерлеп, Оның Сөздеріне лайық өмір сүру. Даналық сені әртурлі кесепат, қасірет, тауқымет, қырсықтардан сақтайды.

Әрқашан маңайыңдағыларға ізгілік пен жақсылық жаса!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Даналықтың бастауы – терең қастерлеу Жаратқан Иені әрі

Оған шын бағыну, мұны ұстанған әркім парасатты болады.

Иеміз мәңгі бақи мадақталады». Заб 110:10

«Мен Оған сиынып, былай деп тілеп отырмын: сендердің

сүйіспеншіліктеріңмен қатар жан-жақты рухани

білімдерің мен көрегендіктерің бұдан да арта берсін.

Соның нәтижесінде әр жағдайда ненің ізгілікті екенін

ажырата білсеңдер екен деймін». Філ 1:9-10

 

17. Саған Иса Мәсіхтің атынан «ақ батамды» бердім:

Киелі Рух саған әртүрлі дарындары мен қабілеттерін молынан берсін. Сен өзіңе, әртүрлі жасырын дарын мен қабілет иесімін деп қара. Және Киелі Рух сендегі бар қабілеттеріңді ашып дамытып сені әрбір істе табысты етсін.

Өміріңде Киелі Рухтың дарындары мен игілікті «жемісі» молынан ашылып солар арқылы маңайыңдағыларға көмектес.

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Кейбіреулерге Киелі Рухтан даналық сөз, ал басқасына

дәл сол Рухтан білімге толы сөз беріледі. Киелі Рух

кейбіреулерге ерекше сенім дарытса, сол Рух тағы

біреуге сауықтыру дарынын береді. Ол біреуге

кереметтер жасауды, өзгесіне Құдайдың хабарын

жеткізуді, ал басқа біреуіне рухтардың түрлерін

ажырата білуді, келесіге түрлі бөтен тілдерде сөйлеуді,

ал тағы біреуге соларды түсіндіруді сыйлайды. Бұлардың

бәрін де дәл сол Киелі Рух істейді. Ол дарындарды Өзінің

қалауынша әркімге жекелеп үлестіріп береді».

1 Қор 12:4-11

18. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Құдай сені жарылқап, молшылыққа жеткізсін. Құдайдың жарылқауы арқылы саған тиелісі нәрселерді тегіс иемденіп, толық пайдалан! Соның арқасында сен молшылыққа кенеліп, басқа адамдарға қарыз беріп, өзің ешкімнен қарыз алма!

Құдай сенің әрбір ісіңе сәттілік беріп, сенің уақытыңды, күш-құдіретіңді, жеріңнен түсетін өніміңді молайтсын! Саған Құдайдың ақ батасы мен жарылқауы мол болсын!

Иса Мәсіхтің атынан әумин!

«Содан Құдай Ие қолға алған іс-әрекеттеріңді молынан

жарылқап, сендерге көп бала, сансыз мал, ағыл-тегіл

өнім сыйлайды». Заң 30:9

«... онда Құдай Иеміз Өзі уәде еткендей, сендерді

жарылқайтын болады. Сендер халықтарға қарыз беріп,

бірақ өздерің қарыз алмайтын боласыңдар». Заң 15:6

 

19. Саған Иса Мәсіхтің атынан ақ батамды бердім:

Құдай сені Өзінің қорғаушы періштелерімен қорғап жүрсін. Өйткені Құдай Өзіне бас иіп, жүгінушілерді әртүрлі қауіп-қатерден, пәлекеттерден, зұлымдықтан, қаскөйліктерден қорғайды. Ол үшін Тәңір Иеміз көктен Өзінің қорғаушы періштелерін жібереді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)