Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Класстер толтыру

Читайте также:
  1. Науқасты объективті тексеру, амбулаторлық картаны толтыру

Әр топ толтырады, келесі топ толықтырады дәлелдейді.

Енді, бойымызды жазып жатығулар жасап билеп алайық.

6. Сергіту сәті: Видео-роликтан қайталап отыру;

Оқулықпен жұмыс: Енді оқулығымызды ашып мәтін ретін қалай қойып шыққанымызды тексеріп және қиын сөздермен жұмыс жасаймыз. 5. Сөздік жұмыс. Интерактивті тақтадасәйкестендіру әдісімен.

 

Жарапазан – ораза айында үй аралап жүріп айтатын өлең.

Әуес – әр нәресеге үйір, құштар.

Шоқпыт шапан – ескі, тозған сырт киім.

7. Дәптермен жұмыс. Кесте толтыру

Не үйрендім? Таңданысым Қандай ой түйдім?
     
     
     

Жазғандарын бірнеше оқушы оқиды

Балалар, Жамбыл атамыз туралы өзіміз өлең, тақпақ білеміз бе?

Иә, 2 сыныпта «Музыка» сабағында үйренген «Домбырасыз ән қайда» әнін білеміз.

Оқушылар хормен айтады.

Орытынды.

Енді білімімізді тиянақтап «5 сөйлем, 5 сөз,және 1 сөзді» жазамыз және оқимыз.

Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзаттық арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз» Н. Ә. Назарбаев

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. «Өнерге құштар бала» тақырыбында шығарма жазу.

 

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағын толтырып өз ойларын білдіреді

Бағалау парағы: Мен сабақта........................................жұмыс істедім Белсенді, орташа,

Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыма..............................қанағаттанамын, қанағаттанбаймын

Бүгінгі сабақ уақыты мен үшін................................................................тез өтті, өтпей қойды

Сабақта мен................................................................................шаршадым, шаршаған жоқпын

Менің көңіл-күйім.............................................болды. жақсы, жаман

Сабақта танысқан материалдар мен үшін...................................пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз. Оңай, қиын.

Үйге берілген тапсырма мен үшін..........................................қызықты, қызықсыз, оңай, қиын

Бала Жамбылдың жақсы азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің және халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен әсері мол болды. Біз де өз өмірімізде жақсы сөздерді көп естиік және жақсы сөздерді көп айтып өмір сүрейік. Бүгінгі сабағымыз осымен тәмам, сіздерге көп рахмет үзіліске шығып демалаңыздар.

 

 

 
Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының аты есім болып қойылыпты. Бұл 1846 жылдың ақпан айы екен. Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымды егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді...

 

 

Менің ағам-әкемнің інісі белгілі домбырашы. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан-жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берген. Мен далада ән шырқағанда даусым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетінмін. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сияпат көрсете бастады. Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап, оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып: Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім!-деді.

 

 

Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйқылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым. Сүйінбайдың ақындық шеберлігіне бас иіп, оны аспан әлеміне, нұрға бөлеп, таң шапағына, жарық жұлдызға теңеп, өзімді ақынның інісіімін деп атап, көме,гін, қолдауын сұрадым. Ол уәде берді. Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттардың бірі.

Бағалау парағы:

Мен сабақта........................................жұмыс істедім Белсенді, орташа,

Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыма..............................қанағаттанамын, қанағаттанбаймын

Бүгінгі сабақ уақыты мен үшін................................................................тез өтті, өтпей қойды

Сабақта мен................................................................................шаршадым, шаршаған жоқпын

Менің көңіл-күйім.............................................болды. жақсы, жаман

Сабақта танысқан материалдар мен үшін...................................пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз. Оңай, қиын.

Үйге берілген тапсырма мен үшін..........................................қызықты, қызықсыз, оңай, қиын.

 

Бағалау парағы: Мен сабақта........................................жұмыс істедім Белсенді, орташа,

Бүгінгі сабақтағы өз жұмысыма..............................қанағаттанамын, қанағаттанбаймын

Бүгінгі сабақ уақыты мен үшін................................................................тез өтті, өтпей қойды

Сабақта мен................................................................................шаршадым, шаршаған жоқпын

Менің көңіл-күйім.............................................болды. жақсы, жаман

Сабақта танысқан материалдар мен үшін...................................пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз. оңай, қиын.

Үйге берілген тапсырма мен үшін..........................................қызықты, қызықсыз, оңай, қиын.

 

«Егер біз Жамбыл даналығын тәу етіп, ұлылығын ұлағат тұтып жатсақ, оның басты себебі Жамбыл арманының адамзатты арман аңсарымен ұласып жатқандығында. Сондықтан да қазақтың Жамбылына адамзаттың Жамбылы ретінде құрмет көрсетіп, өлмес рухының алдында басымызды иеміз»


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)