Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәртіптік жазаладың ережелері.

Читайте также:
  1. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.
  2. Көтермелеулер мен тәртіптік жазалардың жалпы тіркеу ережелері.
  3. Сарбаздар(матростар)мен сержанттарға)старшиналарға) қолданылатын тәртіптік жазалар.

Тәртіптік жаза, әдетте, дереу және ерекше жағдайларда ол қолданылған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей атқарылады. Бір айлық мерзім өтксн соң жаза атқарылмайды, бірақ ол туралы жазба қызметтік кәртішкеде сакталады. Сонғы жағдайда қолданылған жазаның аткарылмауына кінәлы адам жауаптылықта болады.

Қолданылған тәртіптік жазаның орындалуы шағым берілуі кезінде, оның күшін жою туралы аға командирдің (бастықтың) бұйрығы болмаса, тоқтатылмайды.

Қолданылған тәртіптік жазалар туралы, егер оларды қолданудың тәртібі осы Жарлықта көрсетілмегсн болса:

- сарбаздарға (матростарға) - өзіне немесе саптың алдында;

- сержанттарға (старшиналарға) - өзіне, сержанттардың, (старшиналардың) кеңесінде не саптың алдында;

- прапорщиктерге (мичмандарға) - өзіне, прапорщиктердің (мичмандардың) және офицерлердің кеңесінде;

- офицерлерге - өзіне, ұйығарымдамада немесе кеңесте (аға офицерлерге - аға офицерлердің қатысуында, жоғары офицерлергс – жоғары офицерлердін қатысуында) жарияланады. Бұдан баска тәртіптік жаза бұйрықта жариялануы мүмкін. Командирлерге (бастықтарға) олардың бағыныштыларының алдында, тәртіптік жазалар жариялауға тыйым салынады.

Әскери қызметшіге тәртіптік жазаны жариялау кезінде жаза колдануға әкеп соққан себебі, кандай әскери тәртіптің немесе коғамдық тәртіптің бұзылғандығы көрсетіледі.

Сөгісалғашкы тәртіптік жаза болып табылады және әскери кызметшіге жоғарыда көрсетілген тәртіппен жарияланады.

Қатаң сөгіс тек саптыңалдында, кенесте немесе бұйрықта жарияланады.

Әскери бөлімнің орналасқан жерінен немесе корабльден жағаға кезекті сейілдемеден айыруәскери қызметшілердің қызметтік қажеттіліксіз мерзімді әскери бөлімнің орналасқан жерінен (корабльден жағаға шығуға) 7тәулікбойы кетуіне тыйым салуды, оның ішінде әсксри қалашықтан тысқарыда орналаскан мәдени және спорт шараларына және демалыс орындарына ұжымдық (бөлімшенің құрамында) болуға қатысуына тыйым салуды білдіреді.

Тәртіптік жаза - жұмысқа нарядка тағайындауды– ротаның старшинасы немесе взвод командирінің орынбасары атқаруға келтіреді.

Мерзімді әскери қызметтің сарбаздары (матростары), жұмысқанарядқа тағайындалған әскери оқу орындарының 1 және 2-курстарының курсанттары (тыңдаушылары) жүмыстарды орындауға өзінің бөлімшесінде немесе әскери бөлімде сабақтардан бос уакытта аптаныңкез келген күнінде тартылады. Бір нарядтық жұмысты орындау ұзақтығы төрт сағаттан аспауы тиіс. Жұмыс кешкі ұйқығажатканға дейін орындалады. Әскери қызметшінің жеке басын қорлайтын жұмыстарды орындатуға тыйым салынады.

Гауптвахтада ұстай отырып қамау ықпал етудің ең соңғы шараларының бірі болып табылады және әскери кызметші өрескел теріс іс жасаған жағдайларда немесе командирдің (бастықтың) қабылдаған басқа шаралары дәрменсіз болған кезде қолданылады. Әскери антты қабылдамаған әскери қызмстшіге гауптвахтада ұстай отырып қамау қолданылмайды.

Өресксл тәртіптік теріс істердің тізбесі мен мерзімді әскери қызметтің сарбаздарын (матростарын), сержанттарын (старшиналарын), сондай-ак әскери кызметті келісім-шарт бойынша өткеруші прапорщиктерді (мичмандарды), офицерлерді гауптвахтада ұстай отырып қамауды атқаруға келтірудің тәртібі осы Жарғының 4-қосымшасында келтірілген.

Омырауға тағатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі белгісінен айырутиісті тәртіптік билігі бар командирдің (бастықтың) жазбаша бұйрығымен жарияланады және сарбаздарға (матростарға) қатысты - әскери бөлімнің саптың алдында; сержанттарға (старшиналарға) қатысты - саптың алдында немесе сержанттардың (старшиналардың) кеңесінде келтіріледі.

Толық емес қызметтік сәйкестігі туралы ескерту әскери қызметші бірнеше рет өрескел теріс іс жасаған соң, өзге шаралар тәрбиелік рөл ойнамаған кезде, не өзінің салдарынан елеулі кінәраттарға алып барған кызметтік міндеттерді орындау кезіндегі іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін қолданылады.

Егер өзіне осы тәртіптік жаза қолданылған әскери қызметші жыл ішінде өзінің мінез-құлқын әскери борышты үлгілі орындаумен түземесе және жаза өзінің тәрбиелік рөлін атқармаса, ол белгіленген тәртіппен лауазымында төмендетуге немесе әскери қызметтен мерзімінен бұрын запаска босатуға ұсынылады.

Тәртіптік жаза - әскери атағын бір сатыға төмендету, төмен лауазымға көшіру - тәртіптік тиісті кұкығы бар командирдің (бастықтың) бұйрығында жарияланады.

Өзіне тәртіптік жаза - әскери атағын бір саты төмендету жазасы жариялану кезінде тиісті айырым белгілерінің ауыстыруға арналған уақыты белгіленеді. Погондарды жұлып тастауға, жапсырма белгілерді кесіп тастауға жәнс әскери қызметшінің жеке басын масқаралайтын басқа да іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Тәртіптік жазалар - қызметтік қамау немесе ақша қаражатын бір айға 25%-ға дейін кысқарту - әскери қызметті келісім-шарт бойынша өткеруші әскери кызметшілерге және офицерлерге келісім-шарттың талаптарын бұзғаны үшін, әскери кызметшінің абыройына нұқсан келтіретін теріс іс жасағаны үшін және осы Жарғының 4-қосымшасында санамалап көрсетілген жағдайларда, командирдің (бастыктың) қабылдаған басқа шаралары әскери қызметшіге тиісті тәрбие ықпалын жасамаған кезде колданылады.

Жазалардың осы түрлерін қолдану туралы тиісті тәртіптік жазалар құқықтары бар командирлердің (бастықтың) жазбаша бұйрығымен жарияланады.

Қызметтікқамауға ұшыраған адам жазаны қызметте таңғы ұйкыдан тұрудан бастап кешкі ұйкыға жатуға дейін өтейді және өзінің қызметтік міндеттерін орындайды. Қызметке келгені және кеткені туралы өзінің тікелей бастығына баяндайды және бөлім бойьшша кезекшіге белгіленеді. Қамау күндерінде бұл адамдар тәуліктік нарядқа (қарауылға) тағайындалмайды.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 178 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)