Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: психикалық күйлер.

Читайте также:
  1. Тақырып : Психикалық қасиеттер.
  2. Тақырып, Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары.
  3. Тақырып. Жеке тұлға психологиясы. Бастауыш мектептегі, жеткіншек және жасөспірімдік шақтағы психикалық даму ерекшеліктері
  4. Тақырып. Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму
  5. Тақырып. Психикалық дамудың жасерекшелік кезеңдері.
  6. Тақырып: Қарым қатынас және топтар психологиясы
  7. Тақырып: Қарым– қатынас пен топтарпсихологиясы.

Жоспар:

1. Эмоция түрлері және адам өміріндегі маңызы.

2. Адамның сезімі мен эмоциясының түрлері.

3. Ерік туралы жалпы түсінік.

4. Ерік теориялары.

 

 

Негізгі ұғымдар: сезім, эмоция, аффект, ерік, эмпатия, симпатия, ерік, эмпатия, симпатия, функциялар,мотив,жігер,теория.

 

Аффект деп- күтпеген тітіркендіргішке адамның әсерленуін,күйіп-пісуін айтады. Аффектіде адам қатты ашуланады(күйіп-пісуінің себебі көбінесе жақындарының қазаға ұшырауы, не адамның жауапқа тартылуы т.б.). күйіп-пісу кезінде адам тамыры әдеттегісінен жиі соғады, демалысы жиілеп, сырт көрінісінен беті бозарады, көгереді,не беті бозарып, қатты уайымда болады.

Егер адам ызаланып күйіп-піссе, онда оның уайым қайғысы бірнеше күннен кейін немесе жылдардан кейін оның басына қайтадан жаңғыртуға болады. Өйткені, уайым-қайғы сол адамның миында тиісті таңба қалдырады. Айталық, адам бала кезінде басынын қатты уайым кешірсе, онда тиісті ойлар арқылы уайымын есіне түсіріп жаңғыртады да тамырын өлшейді. Тамырының соғуының мөлшері 1 минутта 90-100 рет болады. Адамның күйіп-пісу кезінде тыныс алу органдарының жұмысын да өлшеп білуге болады.(дем алу жиілігі 20-50-дей болады. Аффект кезінде бұдан да көп жиеленеді. Ерікті ес және арнаулы, арнаусыз қозғалыстар.

Адам әрекеті негізінде арнаулы және арнаусыз қозғалыстардан тұрады. Арнаулы қозғалыстарға адамның ерікті ісі жатады, бірақ ерікті іс пен арнаулы қозғалыс бір емес. «Арнаулы қозғалысқа» ерікті іс деген термин кіретін болғанымен, арнаулы қозғалыстардың бәрі ерікті іске жатпайды. Арнаулы қозғалысқа, еріктен басқа, адамның барлық саналы әрекеті жатады. Адамның саналы әрекеті тек ерікті іс үстінде ғана емес, оның қарапайым психикалық әрекетінде де кездеседі.

«Арнаулы қозғалыс», «арнаусыз қозғалыс» деген терминдердің өзі әуелгі кезде физиологияда көбінесе И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың еңбектерінде қарастырылып зерттелінген, кейін психология ғылымына енген-ді. Мысалы, дәрігер тізені ағаш балғамен соққанда адам өзінің шыдамсыздығын көрсетіп, тізесін бірден қозғалтып жібереді. Мұндай тәсілдер ұшқыштар мектебіне абитуренттер қабылдау кезінде де қолданады. Шыдамсыздығын тежей алмай, тізені қозғалтып жіберу-арнаусыз қозғалыстың түріне жатады. Егер сол адам балғаның тиуіне шыдап, өз шошуын тежелтсе, онда ол арнаулы қозғалыстың бір түрі болар еді. Сондықтан, арнаулы қозғалысқа адамның барлық дерлік саналы әрекеті, соның ішінде, ерік процесі де жатады.

Кейде тыныс органдарының жұмысын пнеймограф дейтін аспаппен өлшейді (21 суретті қараңыз),осы арқылы тыныс алудың жиілігін өлшеу үшін сол кісінің эксперименттік айламен басынан кешірген қайғыларын есіне түсіреді. 1 мин. Ішінде қанша рет тыныс алатынын өлшеп, кимографпен жазып алуға болады.

Соңғы кезде күйіп-пісудің өте тән ерекшелерімен заң психологиясы да шұғылдануда. Бұдан олардың мән беретін себебі мынадан: қылмыс жасағаннан кейін оған келешекте нендей жазалау шаралары қолданылатындығы есіне түсіп, соған қатты қайғырып күйіп-піседі. Егер қылмыскер алдап жасаған қылмысын мойындағысы келмесе, оған әр қилы айла тәсілдер(арбау, сендіру т.б.) қолдану арқылы сол күйіп-піскен күйін қайта жаңғыртады.

Қылмыс жасаған кісі қылмысын білдіртпейін десе де, сол қылмысты әңгіме еткен кезінде оның бетіне қан жиналып, түсі бұзылады. Сол сияқты, қылмыс жасаған кісі жалған жауап берсе, онда оның қан айналуының қысымы көтеріледі(мұның сол қасиетін аспаппен өлшеп алуға болады). Ал, тіпті сол адам ішіндегі сырын білу қиын деген жағдайдың өзінде де оның өтірік айтып отырғанын белгілі бір аспап арқылы тексерем деп сол аспапты қолданбай-ақ, оны тек көрсетсе, онда «біліп қояды екен» деген ойдың салдарынан сол кісінің қан қысымы көтерілетін болады. Мұның себебі өткен кездегі уайымдардың көбі сол адамның санасына бағынбайтын, оның санасынан тыс процесс болғандықтан, оларды қазірде жаңғыртпауға сол кісінің әлі келмейді.

Демек, сол мойныма алмаймын, жасырам деп отырған басынан кешірген бұрыңғы оқиғалары айқын білінеді. Мұны психолог А.Р.Лурия өтірікті ашу, яғни «детектор лжи» деп атайды.

Осы аталған жәйттерді еске ала отырып, зерттеуші мұндағы қамтылған жағдайларды бірсыпырасын лабораториялық-практикалық сабақ үстінде студенттеріне көрсетуге болады. Мұндай тәжірибе жүргізу үшін зерттеуші студенттер арасынан кім қандай қайғыны басынан кешірді екен, алдымен соны біліп алады да, сол қайғысын қазір есіне түсіруіне оның келісімін сұрайды. Бұдан кейін оның тамырының соғысы қанша екенін өлшеп алады да, кейін көзін орамалмен байлап бұрын басынан кешіргендерін есіне түсіруді сұрайды. Сол кісінің қайғысын есіне түсіру үшін зерттеуші сұрақтар қояды. Осы кезде сол студенттің досы оның тамырының соғуын өлшеуге кіріседі. Эксперименттің бұл түрі барлық жағдайда нәтижелі бола бермейді. өйткені сол адамның тамыры соғуын өзгелер санап тұрғанда, ол сол қайғысын ұмытып кетеді, не онымен зерттеу жүргізіп отырғанын біліп, оқиғаларды есте жаңғыртқысы келмейді. Сондықтан,мұндай жағдайда пневмограф, не қан қысымын өлшейтін аспап қолданған жөн.

Ерік - адамның өз мінез – құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе - мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет деп атайды. Адамның іс-әрекеті екі түрлі болады. Оның бірі - еріксіз әрекеттер: жөтелу, көздің жұмылып – ашылуы, шашалу т.б. Екіншісі - ерікті әрекеттер, қозғалыстар: жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл мақсатты қозғалыс. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді.

Ерік деп-адамның өз ісіне ие болу қасиетін айтады. Ерікті іс мынадай үш кезеңнен тұрады:

- даярлық кезеңі,шешімге бағыттау,ниеттер күресі,түпкілікті шешімге келу);

- орындалу кезеңі, бұл кезең істі меңгеру, табандылық,істі және білуден тұрады;

- істің қалай және қаншалықты орындалғанын тексеру кезеңі.

Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамаға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да - жауапты кезең. Мұның өзіндік психологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу кезеңі психологияның ғана емес, экономикалық, әлеуметтік ғылымдардың да зерттейтін обьектісіне айналып отыр. Адамның іс-әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әртүрлі. Біреулердің еркі табанды,жігерлі берік. Енді біреулердікі керісінше- сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ.

Ерікті ес және арнаулы, арнаусыз қозғалыстар

Ерік деп - адамның өз ісіне ие болу қасиетін айтады. Ерікті іс мынадай үш кезеңнен тұрады: 1) даярлық кезеңі,шешімге бағыттау,ниеттер күресі,түпкілікті шешімге келу); 2)орындалу кезеңі, бұл кезең істі меңгеру, табандылық,істі және білуден тұрады; 3)істің қалай және қаншалықты орындалғанын тексеру кезеңі.

Ерік және оны тәриелеу жөнінде қазақ тілінде әдебиеттер бар(мысалы, А.В.Введенов1960 ж). Сондықтан осы сабақта тек арнаулы қозғалыстар ілімі жөнінде мәселе таңдалады. Біздің санамыздан тыс автоматты түрде іске асып отыратын қозғалыстар негізінде мынадай екі түрге бөлінеді,1-ден, дағдылы қозғалыстар; 2-ден, жаңағы арнаусыз қозғалыстар тізеге балға тигенде қозғалуы т.б. Автоматты қозғалыстың осы екі түрінің айырмашылығы сол, дағдылы қозғалыс төркіні арнаулы, яғни саналы қозғалыстардан дамып шығуы. Мысалы, жүру ересек адамдарды автоматты түрде санасыз іске асады. Бірақ әлі де жүруді үйренбеген бір жасқа дейінгі кезде баланың ұмтылуды, талпынуды талап етеді. Сол сияқты жазу дағдысына үйренбеген адам жазуға дағдылануды қажет етеді, басқаша айтқанда жазуға талпынады. Сондықтан, дағдылы істердің бәрі де бастапқы кезде саналы іс-әрекеттерден дамып шығады.

Ал арнаусыз қозғалысқа келсек, бұл да автоматты түрде болып отырады. Жанағы тізеге байланысты мысал немесе жөтелу т.б. Автоматты қозғалыстың бұл түрінің дағды қозғалыстан айырмашылығы сол, ол арнаусыз, қозғалыстар іштен туу-шартсыз рефлекс ретінде беріледі.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)