Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: психологиядағы тұлға психологиясы мәселесі.

Читайте также:
  1. Адам,тұлға, азамат ұғымдарының арақатынасы
  2. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  3. Дебиеттегі кейіпкер.Персонаж.Тұлға
  4. Ересектер психологиясы
  5. Жасерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы
  6. Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер.
  7. Зін-өзі бағалау тұлғаның құрылымы ретінде.

Жоспар:

1. Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы.

2. Жеке тұлға түсінігі.

3. Жеке тұлғаны зерттеу тарихы..

4.Жеке тұлғаның қазіргі теориялары.

 

Негізгі түсініктер: тұлға, индивид, қажеттілік, бағыт-бағдар, дүниетаным.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны ерекше және ол – адамтану ғылымдары жүйесінде жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қаиеттерін өзгертуді мақсат етіп қояды. Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл - есі ауысқан жынды да дара адам

(индивид) болып саналады.

Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомданып, қадір – қасиеттері қалыптасады.


Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.

Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенушіні маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның. психикалық процестері ғана дамып коймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса, реттелмейтін стихиялык сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру ушін А.А.Реан келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтілетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін "кездейсоқ" болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін.

Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеу­меттік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

Психологияда әлеуметтенуді біріншілік және екіншілік деп ажыратады. Екіншілік әлеуметтену еңбек етумен және оған сай бөлімнің таралуымен байланысты. Адам енбек етуден өзінің рөлін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтің концепциясы бойынша әлеуметтену екі бағыты бар процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде және әрекет субъекті ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай әлеуметтенудің соңғы мақсаты - индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты тулганың даму процесін түсіну керек.

Әлеуметтену мен бір уақытта ететін процесс - инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз - әлеуметтік тәжірибесін меңгеру болса инкультурация дегеніміз - индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетін, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдерінде адам әрекетені рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып мүмкін. Адам мәдениетін табыспен игерсе, оның әлеуметтік жетікті деп айту дұрыс емес және керісінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген казіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистті психологияда және акмеологияда басты орын алады.

Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан, қоғамдағы тәлім – тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Іс-әрекеттің екінші түрі оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады.

Ойын – адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл –қозғалыстарын жетілдіреді.

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан.

Адамды танып – білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталы болу, оған ұмтылу жеке адамның бағыт – бағдарын білдіреді. Адамның бағдары, ынта – жігері, мақсат – мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі.

Жалпы, адамның азаматтық бағыт – бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады:

- бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді.

- бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады.Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі – оның Бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт - бағдардың кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы - ұнамсыз қасиет.

Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты игеруі - саналы азамат болудың шарты.

- қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді.

- бағыт – бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді.

-оқушының әрекетшілігі – оның бағыт – бағдарындағы шешуші кезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты не үшін таңдады? Оған бұл мамандықтың несі ұнады? Мұның бәрі іс -әрекетке байланысты.

Жеке адамның бағыт – бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер – адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі.

Ситуация-1.

Студент үйінен сұрамай ақша алып, кафе, дискотекаға жұмсады.Екінші студент ақшаны үйінен сұрамай алып, оған сабаққа қажетті заттарға жұмсады. Осы мысалдардығы студенттердің көздеген мақсаттары мен іс-әрекетіне баға беріңіз.

Ситуация-2.

Ойнауға қажеттілік туа пайда бола ма, әлде жүре пайда бола ма? Жануарлардың төлдері, яғни күшік пен марғау, лақ пен қозы ойындарының ойын әрекеті арасында қандай айырмашылық бар?

Ситуация-3.

5-сыныпқа дейін арифметикадан жақсы оқып келген оқушылар 6-сыныпта физикадан «қысым» деген тақырыпты өтіп, кейін осы тақырыпқа байланысты есеп шығарады. Осы кезде мынадай қиындықтар кездеседі: мысалы, 42 кг салмағы бар жүк 6 кв.см. ауданды қысып тұр делік. Біз жүктің қысымын біліуіміз керек. Осы сияқты қарапайым есепті шығарарда оқушы көп ойланбай, мына түрде амалды орындайды. 42: 6 =7 Осы дұрыс па?

Осы есепті шығару жолы дұрыс болғанымен, оқушының ойындағы сүйенетін бейнелері дұрыс емес. Өйткені, есепті осылайша шығару қысымды білудің белгісіне жатпайды. Ал, осы кезде оқушыдан сұрағанда, қысымның килограммен өлшенетінін және оның қысымы ауданға әсер еткенде квадрат сантиметрмен өлшенетінін айтып бере алады. Бірақ оқушы есепті шығарарда осы білетінін есіне алмай, қателесіп тұр. Осыдан кейін мұғалімнің ескертуі нәтижесінде қысымның квадрат сантиметрмен өлшенетінін оқушының есіне түсіп, есепті мынадай етіп дұрыс құрайды.

42кг: 6кв.см. = 7кг/кв.см.

Сұрақ: Оқушылардың қателесу себептері неде, толық түсіндіріңіз.

 


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 680 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)