Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып: Сана және бейсаналық.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  6. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
  7. Аржылардың және қаржылық құқықтың ұғымы

Жоспар:

1. Адам санасының табиғаты.

2. Сананың пайда болуы мен дамуы..

3. Сана және санасыздық.

 

Негізгі түсініктер: сана, санасыздық, филогенетика, онтогенетика, рефлекс.

Психика адамдар мен жануарларға тән. Психиканың адамға ғана тән жоғары дәрежеде дамуын сана деп атайды. Сананың пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен қатар және ең бастысы әлеуметтік-тарихи заңдылықтарға байланысты. Сана-адамның қоғамдық тіршілік иесі ретінде тарихи дамуының жемісі, сондықтан да сананың даму процесі, оның әр көрінісі адамзат қоғамы дамуының бүкіл барысымен және қазіргі әр жайт сайын ұшырайтын реалды тарихи жағдайлармен анықталады. Сананың тарихи сипаты, оның жануарлар психикасынан айырмашылығын көрсететін бірінші сипат болып табылады.

Айнала қоршаған дүниені сана деңгейінде психикалық бейнелендіру – танымның күрделі процесі болып табылады. Бұл процесс, оның ұдайы жетілуі, өзара байланысты үш бағытта, бір мезгілде өтеді. Ең алдымен, қоршаған әлемді бейнелендірудің өзі тарихи дамудың әр кезеңінде әр түрлі болады. Бұл бейнелеудің сипаты қашан да өмірдегі әлеуметтік – тарихи жағдайларға тәуелд. Екінші сөзбен айтқанда, таным жалпы тарихи тұрғыда өзгереді.

Қоршаған әлемді бейнелендіру процесі әр адамның өмірі барысында да өзгеріссіз қала алмайды, яғни, таным онтогенетикалық тұрғыда өзгереді. Бейнелендіру ерекшеліктері адамның жасымен және жинақтаған индивидуалдық тәжірибесімен байланысты. Бейнелендіру әр белгілі бір таным актысының әр кезеңінде, білмеуден білуге, орталау, саяз білімнен әлдеқайда толық және мәнді білімге, сезімдік танымнан логикалық, абстрактылы танымға өту процесінде де әр түрлі болады.

Қазіргі психологияда сана мен іс-әрекет тығыз бірлікте қарастырылады. Бұл бірлік бірнеше бағытта көрініс береді. Ең алдымен сана мен іс-әрекеттің бірлігі санының әрекеті процесінде және бәрінен бұрын еңбек процесінде пайда болады, дамиды, және көрініс береді. Бұл жағынан іс-әрекет адам санасының пайда болу шарты, қалыптастырушы факторы және қолданылатын обьектісі ретінде көрінеді.

Сана мен іс-әрекеттің бірлігі қызметінің сана белсенділігініңң формасы ретінде ұғыну оның екінші кезекте сипатын анықтап, оның адекватты бейнелену екендігін көрсетіп тұрса, онда сананы іс-әрекет ретінде ұғыну сананың белсенділік сипатын білдіреді. Ақиқатты белсендіру айнала қоршаған дүниенің идеялды моделін құрастыруға ғана емес, сонымен бірге оны қайта құруға әкелетіндігін меңзейді.

Сана іс-әрекеттің мақсатты-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бірлігі сананың адамның бар мінез-құлқы мен барлық әрекетін реттеуші сапасында болатындығында. Іс-әрекеттің мақсатты сипаты, мәні жинақталған тәжірибе, белгілі бір процестердің заңдылықтарын білу – адамға болашақты болжау мүмкіндігін туғызуда болып табылатын алдын ала бейнелендірудің (П.К.Анохин) болуымен қамтамасыз етіледі.

Ақырында, сана мен іс-әрекеттің бірлігі олардың нақты бір жеке адамның өзіне тән екендігінен көрініс береді. Бұл әрқашанда әлеуметтік және тарихи жағынан анықталған жеке адамның санасы мен іс-әрекеті болады. Адам санасының маңызды айырмашылық ерекшелігі-өзіндік сана сезімнің барлығыАдам өзін басқа адамдармен белгілі бір қарым-қатынаста, белгілі бір қызмет процесіне енген жеке адам ретінде сезінген кезде өзіндік сана-сезім адамның өзін-өзі тануға бағытталған сананың бір бөлігі немесе бір қыры ретінде көрініс береді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 638 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)