Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Психология және адам дамуы пәніне кіріспе

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Автомобильдерді жалға беру индустриясынын дамуы ... байланысты Әуе саяхаты санының өсуімен
  5. Автомобильдерді жалға беру индустриясынын дамуы ... байланысты Әуе саяхаты санының өсуімен
  6. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  7. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме

Жоспар:

1.Психология пәні туралы түсінік.

2.Психологияның ғылым ретінде анықтамасы.

3.Психологияның негізгі салалары.

4.Психологияның зерттеу әдістері.

5. Психологияның даму сатылары.

6. Психологияның ғылым ретінде дамуы.

 

 

Негізгі түсініктер: психика, психология, жан, ілім, құбылыстар, эксперимент,методология, заңдылықтар, қағидалар, детерминизм,сана.

Психология, психика деген түсініктер гректің «псюхэ» - жан деген сөзінен шығады. «Логия» - ілім. Сонда, психология - жан туралы ілім. Ол құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді.

Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Психикалық құбылыстар: қабылдау,түйсік, ес, ойлау, ерік, сезім деп аталатын тағы басқа психикалық процестер адамның ішкі дүниесі мен бейнелеу қасиеттерінің, күллі жан дүниесінің тіршілігі немесе оның сыры деп аталады. Осы орайда, біз психологияны жантану жайындағы ғылым екеніне көз жеткіземіз.

Психологияның осындай анықтамасына қосымша ретінде оның үш түрлі ерекшелігі бар.

*Бірінші ерекшелігі – психология адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие

*Екіншісі - адамның психологиялық дара өзгешеліктерін, психикалық процестердің анық –қанығын айқындау үшін 19 ғасырдың орта кезінен бергі тәжірибелік зерттеулердің кеңінен қолданылуы. Осы ретте психология эксперименттік ғылым деп те аталады.

* Үшіншісі – психологияны өзге сабақтас ғылыми пәндерден ерекшелеп тұратын жайт- бұл пәннің дербестігі.

Қазіргі кезде психология ғылымы - көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми пән. Олар өзара бір-бірімен байланысты. (педагогикалық психология, жас кезеңдері психологиясы, арнаулы психология, еңбек психологиясы,медициналық психология т.б.)

Психологиялық зерттеулерде мақсаты бойынша, әрбір психикалық құбылыс өзара байланысты және ол үнемі дамуда болады. Ал психологияның зерттеу әдістері тарихи даму тұрғысынан қарастырылады.Ұзақ жылдар бойы шетелдік психологияда адам жанының сырын өзін-өзі бақылау әдісі арқылы білуге болады деп санап келді. Бұл әдіс адам «жаны» ерекше, ол өзінше өмір сүреді деген көзқарасқа негізделеді. Бақылау және тәжірибелік әдістердің қолдану тәсілдері әрқилы.Бақылау арқылы байқалған фактілер мен құбылыстардың табиғаты психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі.

Эксперимент - психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Эксперименттің лабораториялық және табиғи эксперимент дейтін екі түрі болады.Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы орыс оқымыстысы А.Ф. Лазурский енгізді.Тест әдісі -адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау мақсаттары үшін де қолданылады. Психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан. ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен жасампаздық іскерлігін өрістетіп отыруға жетелейді. Психологиялық таным процестері – түйсік, қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму заңдылықтары – оқыту теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім-тәрбие істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауға, оқыту әдістерін ғылыми негізде ұйымдастыруға, оқу құралдарын жасауға қажет болатын ғылыми тірек. Адамның жеке басына тән психологиялық қасиеттердің бәрі – оқу – тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратын айқын ақиқат. Осы орайда, адамның жан дүниесінің қыр-сырын жандандыру, оның жеке басының қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбиешілердің таным процестері мен психологиялық заңдылықтарды жете білуі шәкірттерге тәлім-тәрбие беру жұмысын жеңілдетеді. Адам өз психологиясының дамуы процесінде ақыл-ой, сана – сезімін жетілдіреді, Дене еңбегін жеңілдетіп, оның нәтижелі болуы үшін қажетті құрал – саймандар жасап шығарып, тиісті амал-тәсілдерді меңгереді.

Методология – заңдылықтар, қағидалар, философиялық ой-пікірлер. 8-12 ғасырда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой – пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды.

Аристотельдің және басқа да ғалымдардың идеялары, ашқан жаңалықтары, ой – пікірлері жаңа сипат алды.

Ұлы ойшыл Әль- Фараби психология ғылымы туралы айтқан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайым жасады.

Психиканың дамуы, адамның табиғи мәні, оның қоғамдық ролі, және тарихи дамудың негізгі субьектісі екендігі. К.Маркс пен Ф.Энгельс, Л. Фейер-бах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалады, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл – ой иесі ретінде анықталады.

Сөйтіп, 19 ғасырда адам жан жүйесін зерттейтін, ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайылығы айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады.

Психология 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи ғылыми негізі - физика мен химия, физиология мен биология, дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизиологиялық зерттеулердің нәтижесі. Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе, бұл пәннің тәжірибелік (эксперименттік) ғылым екендігін айқын сезіне аламыз.

Детерминизм - ойлаудың жаңа түрі жаратылыстануда психикалық құбылыстардың сипатын өзгертті. Сол кезде қабылданған бұл тәсіл жетілген табиғи құбылыс ретінде жойылмайды. Бұл психиканың өзіне тән детерминистік түсінігі. Бейнелеудің жоғарғы нормасы.

Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сөйтіп ақиқат дүниені өзгертуге қолы жетті.

Сана -адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі. Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі - оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен. оның бағдар –мақсатымен, өмір тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әралуан көзқарастар мен пікірлер баршылық.

Адам психикасының дамып жетілуі - тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілмен сөйлеудің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен жүйке жүйесінің қызметімен байланысты.

Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл - табиғи заңдылық.

Барлық материяға - жансыз заттардан бастап ең жоғары дәрежеде дамыған күрделі материя – адам миына да тән қасиет, олардың бейнелеу ерекшелігі – материяның сыртқы әсерге жауап беруі.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)