Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Штангалы сорапты қондырғының балансирлік жетегі

№21476 инновациялық патентке сәйкес, өнертабыс басым бөлігінде мұнай шығару өнеркәсібінің саласына жатады және сұйық пайдалы қазбаларды батырылатын плунжерлік сораптармен шығару кезінде қолданыла алады. Батырылатын сорапты қондырғының құрамында негізі, редукторы мен сыртқы бір сатылы берілісі бар электр қозғалтқышы, бастиегі және арқан аспасы бар, тірек мачтада орналасқан және жетектің қосиінімен шатунның көмегімен байланыстырылған балансирі және штангалар колоннасы бар жетегі белгілі.

Белгілі балансирлік жетектің негізгі кемшіліктеріне оның конструкциясының штангалы колоннаның жүрісінің шамасын еселеп арттыруға, яғни ұзын жүрісті сорап қондырғысына түрлендіруге мүмкіндік бермейтіндігін жатқызу керек.

Штангалы сорапты қондырғының құрамында негізі, жоғарғы ұшында кронблокты рамасы бар мачталы тіректі қалыпты реттегішпен скважинаның сағасынан ауытқыту мүмкіндігімен орнатылған және кем дегенде төңкерілген конструкциядағы екі ішекті тальдік жабдығы бар, негіздің тірегінде орнатылған балансирмен жабдықталған, осының арқанының бір ұшына сораптың плунжерімен аяқталатын штангалар колоннасы ілінген, ал айтылып кеткен төңкерілген тальдік жабдықтың арқанының екінші ұшы негізде немесе балансирде бекітілген қосиінді-шатунды түрлендіргіші бар күш беретін жетек бар балансирлік жетегі белгілі.

Белгілі жетек штангалар колоннасының жылтыратылған штогының жүрісінің шамасын сатылы өзгертіп отыруға мүмкіндік береді. Белгілі балансирлік жетектің негізгі кемшілігі жетектің биіктігін штангалардың аспасының нүктесінің жүріс шамасына арттыратын секторлық бағыттаушысы бар байланыс элменттерімен бастиектің болуына, сонымен қатар күрделі тірек мачтаның қалпын реттегіштің болуына орай балансир кясының қиындығы болып табылады.

Өнертабыстың міндеті штангалы сорапты қондырғының балансирлік жетегінің конструкциясын қарапайым етуге мүмкіндік беретін, штангалы сорапты қондырғының балансирлік жетегін жасау болып табылады.

Бұл үшін құрамында негіз, қосиінді-шатунды түрлендіргіші бар, жоғарғы ұшында кронблокты рамасы бар мачталы тіректі қалыпты реттегішпен скважинаның сағасынан ауытқыту мүмкіндігімен орнатылған және кем дегенде төңкерілген конструкциядағы екі ішекті тальдік жабдығы бар, негіздің тірегінде орнатылған балансирмен жабдықталған, осының арқанының бір ұшына сораптың плунжерімен аяқталатын штангалар колоннасы ілінген, ал айтылып кеткен төңкерілген тальдік жабдықтың арқанының екінші ұшы негізде немесе балансирде бекітілген қосиінді-шатунды түрлендіргіші бар күш беретін жетек бар балансирлік жетек қолданылады.

Орындаудың жекелеген жағдайында тірек мачтаның қалпын реттегіш ұштары бойынша қарама-қарсы бағыттағы оймалы ойықтармен жабдықталған патрубок түрінде орындалған.

Осындай конструкциялық орындау кезінде сорапты қондырғының балансирлік бөлігі оңайлатылады және әдетте балансирдің үстінде кем дегенде жүріс шамасының жартысына жоғарғы шығып тұратын секторлық бастиектің болмауына орай габариттік өлшемдері азаяды. Мысалға, 10 м жүріс алу қажет болған кезде балансирдің орналасу биіктігі 3 м аспайтын болады, ал балансирдің бастиегі бар болған кезде балансир қондырғысының биіктігі 4,5 м дейін өседі.

Өнертабыс мұнда 4-суретте екі ішекті тальдік жабдығы бар балансирлік жетектің жалпы түрі, 5,а- суретте – үш ішекті тальдік жабдығы бар конструкция; 5,б- суретте – төрт ішекті тальдік жабдығы бар конструкция көрсетілген схемалармен түсіндіріледі.

Штангалы сорапты қондырғының балансирлік жетегі (4-сурет) бұған электр қозғалтқыштың айналдырушы сәтін негіздің 1 тірегінде 4 топсалы орнатылған балансирдің 3 тербелмелі жылжуына қосиінді-шатунды түрлендіргіші бар күш беретін жетек 2 монтаждалған негізден 1 тұрады. Жетектің кронблокты рамасы 6 бар және қапталдары бойынша реттегіштің 10 және 11 тартуларының жауап беретін бұрандалы оймаларымен өзара әрекеттесетін, қарама-қарсы бағыттағы бұрандалы оймалары 8 және 9 бар реттегіштің патрубогы айналған кезде белгіленген шектерде аталып кеткен раманың 6 қалпын реттегішпен ауытқыту мүмкіндігімен орнатылған мачталық тірегі 5 бар. Тальдік жабдықтың кронблокты раманың 6 шығыршықтары арқылы өткізілген арқандарының 12 бір ұшына арқанды аспаның көмегімен скважинада сораптың плунжерімен (сызбалардың фигураларында көрсетілмеген) аяқталатын штангалар колоннасы ілінген, ал арқандардың 12 екінші ұштары 14 төңкерілген тальдік жабдықтың тальдік 15 және қозғалмайтын 16 блоктарының шығыршықтары арқылы өткізілген және 4 және 5,б суреттерде көрсетілген варианттарда негізде 1, ал 5а, суретте көрсетілген вариантта – балансирде 3 бекітілген. Мачталық тірек 5 домкраттармен 18 жабдықталған ұстап тұратын бағандардан 17 және негізбен 1, ұстап тұратын бағандардың бірімен және тартқышпен 10 топсалы байланыстырылған еңістен 19 тұрады. Сызбалардың суреттерінде латынның а әрпімен балансирдің 3 осьтік сызығының қозғалмалы блоктың 15 төменгі және жоғарғы қалыптарындағы ауытқу бұрышы; Һ әрпімен – қозғалмалы блоктың 15 жүрісі көрсетілген.

Жетекті скважинадан сұйық пайдалы қазбаларды белгілі аналогтарға ұқсас айдап шығарған кезде қолданады, айырмашылығы штангалар колоннасының 13 батырылмалы сораптың өнімділігін анықтайтын жүріс шамасын кең шектерде еселеп өзгертіп отыруға болатындығынан тұрады. Сорапты штангалардың колоннасының 13 жүрісін қадамдап (2,3,4 және одан көп есе) өзгертуге тальдік 15 және қозғалмайтын 16 блоктар арасында орналасқан төңкерілген тальдік жабдықтың арқанының ішектерінің санын өзгерту есебінен қол жеткізіледі, ал штангалар колоннасының жүрісін бірқалыптырақ өзгертуге – қосиіннің саусағының (суреттерде көрсетілмеген) бекітілу радиусын өзгерту арқылы қол жеткізіледі. Өнертабысты іске асыру әдеттегі балансирлік жетектерді қайта құрастыру есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

Сериялы шығарылатын жетектерді қайта құрастырған кезде негізді 1 ұзартады, мачталық тіректі 5 монтаждайды және тербелістер санын төмендету қажет болған кезде қосымша төмендететін беріліс орнатады немесе айналуының жиілігі азырақ қозғалтқышты монтаждайды.

Скважинада жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін патрубокты 7 айналдыра отырып, оның ішіне қалыпты реттегіштің 10 және 11 тартқыштарының ұштарын тартып кіргізеді, бұрандалы ойма 8 оң ойма, ал ойма 9 сол ойма болғандықтан, осыған орай еңіс 19 және баған 17 кронблокты рамамен 6 бірге скважинаның сағасының үстіндегі кеңістікті босата отырып, оңға қарай ауытқиды. Айдау режимін қалпына келтіру үшін мачта тірегімен операцияларды кері ретпен жүргізеді және бұрандалы домкраттардың 18 көмегімен мачталық тіректі түпкілікті орнатады.

 

4-сурет. Штангалы сорапты қондырғының балансирлік жетегі

 

а б

.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)