Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Читайте также:
  1. CDMA ұялы байланыс желісінің негізгі ерекшеліктері
  2. Аса Қамқор Ерекше Мейірімді Аллаһтыңатымен бастаймын
  3. Балаң жастық және бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері.
  4. Балаларда кездесетін тіс жарақаттары. Диагностикасының және емнің клиникалық ағымының ерекшеліктері. Жедел тіс жарақаты бар баланы
  5. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
  6. Жасерекшеліктер педагогикасы мен психологиясы кафедрасы

Әл-Бараа Ибн Ъазиб былай дейді:

«Бірде Пайғамбарымызбен (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) бірге мединалық бір кісінің жаназасына шықтық. Оның қабіріне жақындағанда, ол әлі қазылып жатқан болатын. Аллаһтың Елшісі (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ)бетін Меккеге бұрып отырды. Біз ол кісінің (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) айналасына отырдық. Тіпті қимылдауға қорқып отырмыз. Ол (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) қолындығы бұтақшамен жерді қазбалап, кейін басын көкке көтеріп, содан соң жерге қарады. Осылайша көзін үш рет көтеріп, үш рет түсіргеннен кейін: «Қабір азабынан Алллаһтан пана тілеңдер!» - деп екі немесе үш рет қайталады. Сосын сөзін былай деп жалғастырды:

«Аллаһтың иман келтірген пендесі бұл өмірден қайтып, ақіретке бет алып бара жатқанда оған аспаннан жүздері күн сияқты жарқыраған періштелер түседі. Өздерімен бірге кебін және жәннаттық жұпарлар алып келеді де, жан тапсырғалы жатқан мүмін құлдың жанына отырады. Сосын өлім періштесі (оған Аллаһтың сәлемі болсын) келіп, бас жағына отырады да: «Ей, тыныштық тапқан рух! Аллаһтың кешірімі мен разылығына қарай шық!» - дейді. Сонда ол рух торсықтың шүмегінен тамған тамшыдай болып шығады. Сол кезде аспандағы және аспан мен жердің арасындағы періштелер ол рухқа салауат (мадақтау) айтады. Ол үшін аспандағы барлық қақпалар ашылады. Және әрбір қақпаның сақшылары Аллаһтан бұл рухтың ары қарай осы қақпалардан өтуін сұрап, дұға қылады. Рухты өлім періштесі алған сәтте әлгі періштелер өздерімен бірге әкелген жұпарланған кебінге орайды. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деген: «Біреулеріңе өлім сәті келгенде періштелеріміз оның жанын алады, әрі олар еш кемшілік етпейді» (6-Әнъам сүресі, 61-аят).

Бұдан кейін оның бойынан жер бетіндегі бүкіл жұпарлардың ең көркем иісі шығады. Кейін періштелер оны алып көкке көтеріледі. Олар әрбір періштелердің қасынан өткен сайын, ол періштелер: «Бұл қандай көркем рух?» - деп сұрайды. Сонда оларға: «Бұл пәленшенің ұлы пәленше» - деп, оның дүниеде аталған көркем есімдерін атап жауап береді. Сол күйде олар рухты алып, аспанның бірінші қабатына жетеді де аспанның жәнегі рух үшін ашылуын сұрайды. Аспанның қақпалары ашылады. Осылайша әр аспанның періштелері келесі аспанға өткенше ол рухты шығарып салып отырады. Жетінші аспанға жеткенше осылай болады. Сонда Ұлылық пен Құдырет иесі болған Аллаһ: «Менің бұл құлым жайлы хабарды «Иллиюн» - деп аталатын кітапқа жазып қойыңдар!» - дейді». Содан соң Пайғамбарымыз (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ)Құранның келесі аяттарын оқыды: «Иллиюнның не екенін қайдан білесің? Ол – жазулы бір кітап. Оны Аллаһқа жақын періштелер ғана көреді» (83 – Мутаффифин сүресі, 19-21-аяттар)»

Бұдан кейін Аллаһтың Елшісі (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ)сөзін ары қарай жалғастырып:

«Періштелер ол құл жайлы хабарды ең жоғары жайға (Иллиюнға) жазғаннан кейін, оларға: «Оны жерге қайтарыңдар! Расында, Мен оларды содан жараттым және оған қайтарамын, сосын одан қайтадан шығарамын – деп уәде еткем!» - деп бұйрық беріледі. Періштелер мүмін құлдың жанын жерге қайтарады. Ал жан тәнге қайтарылған сәтте өзінен алыстап бара жатқан қадамдардың дауысын еститін болады. Кейін ол пендеге екі періште келіп, оны дөрекі түрде оятады да жәнегі рухтан сұрай бастайды:

–«Раббың кім?»

–«Раббым – Аллаһ» - деп жауап береді ол.

–«Дінің не?»

–«Дінім – Ислам».

–«Сендерге елші ретінде жіберілген кісі кім еді?»

–«Ол кісі – Аллаһтың елшісі Мұхаммәд (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) ».

– «Істеген ісің не?».

–«Аллаһтың кітабын оқыдым, оған иман келтірдім, оның шындығын растадым».

Олар оны оятып: «Раббың кім? Дінің не? Пайғамбарың кім?» - деп сұрағаны, бұл мүмін құл көретін ең соңғы қиын сынағы болады. Бұл жөнінде Ұлы да Құдіретті Аллаһ Тағала былай дейді: «Аллаһ иман келтіргендерді дүниеде де, ақіретте де мықты сөзбен бекітеді» (14-Ибраһим сүресі, 27-аят). Осы себепті мүмін: «Раббым – Аллаһ, дінім – Ислам, пайғамбарым – Мұхаммәд (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) » - деп жауап береді.

Сонда көктен бір жаршы дауыстап: «Расында, құлым шындықты айтты. Оған жәннаттан төсеніш төсеңдер, жәннаттық киім кигізіңдер және оған жәннатқа қарай есік ашыңдар!» - дейді. Оған жәннаттың нығметі мен жұпары әкелінеді. Және қабірі көз ауқымы қамтыған жерге дейін кеңейтіледі. Содан кейін ол кісіге жүзі көрікті, әдемі киімді, жұпар иістенген бір кісі келеді де:

– «Сені бақытты қылатын нәрсемен сүйіншілеймін! Бұл – саған уәде етілген күн» - дейді.

Оған ол пенде:

– «Аллаһ сені нығметіне бөлесін! Сен кімсің? Жүзіңнен жақсылықтың белгісі көрінеді ғой. Кімсің сен?» - дейді.

– «Мен – сенің салиқалы, ізгі амалыңмын. Аллаһтың атымен ант етейін! Сенің Аллаһқа бойұсынуға асығатыныңды, күнәдан аулақ жүретініңді әрдайым көретін едім. Мінеки Аллаһ сені жақсылықпен марапаттады» - дейді.

Сосын жәнегі мүмінге жәннаттан бір қақпа, тозақтан бір қақпа ашылады да оған былай делінеді:

– «Егер Аллаһқа қарсы шыққаныңда, сенің мекенің осы болар еді. Бірақ Аллаһ саған оны мына нәрсемен алмастырды»

Мүмін пенде жәннаттағы нығметтерді көрген сәтте:

–«Раббым! Отбасыма оралып, байлығыма қайта қол жеткізу үшін Қиямет күнін тездете гөр!» - дейді. Сонда оған:

–«Тыныштықта бол!» - делінеді.

Ал енді дүниеден қайтып, ахиретке бет алған адам кәпір болса (хадистің кейбір риуаяттарында «күнәһар» - деп те айтылады) жүздері қап-қара болған періштелер түседі. Олар өздерімен тозақтан қатты кенеп (кебір) мата алып келеді де, жан тапсырғалы жатқан күнәһар құлдың жанына отырады. Сол кезде өлім періштесі оның бас жағына отырады да: «Ей, лас рух! Аллаһтың ашуы мен азабына қарай шық!» - дейді. Сол сәтте рух қорқыныштан денесінде жан-жаққа тарай бастайды. Өлім періштесі ол рухты сулы жүндегі істікті суырғандай етіп суырып алады. Онымен бірге қан тамырлары мен жүйке талшықтары үзіледі. Оны аспандағы әрі аспан мен жердің арасындағы әрбір періште лағынеттейді. Және оған аспан есіктері ашылмайды. Әрбір есіктің сақшысы жәнегі рух өздерінің тарапына көтерілмеуін сұрап, Аллаһқа дұға қылады. Өлім періштесі оның жанын алғаннан соң қас-қағым сәтке қалдырмастан, әлгі жоғарыдан келген періштелер ол рухты өздерімен әкелген кенеп матаға орап алады. Және ол мәйіттен жердегі ең сасық өліктен шығатын иіс шығады. Ол періштелер оны көтеріп ала жөнеледі. Әрбір періште тобының қасынан өткен сайын олар: «Бұл неғылған жаман рух?» - дейді. Ол сұраққа олар: «Бұл пәленше ұлы пәленше» - деп, оны дүниеде атайтын ең жаман есімдермен атайды. Сөйтіп бірінші аспанға жетеді де оның қақпасының ашылуын сұрайды, бірақ ол рух үшін бірінші аспанның қақпасы ашылмайды».

Осыдан кейін Аллаһтың Елшісі (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) Құраннан келесі аяттарды оқыды:

«Оларға аспан есіктері ашылмайды. Олар түйе иненің көзінен өтпейінше жәннатқа кірмейді» (7-Ағраф сүресі, 40-аят)

Пайғамбарымыз (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) сөзін ары қарай жалғастырып:

«Кейін Аллаһ: «Ол туралы хабарды жердің ең төменгі қабатындағы «сижжин» деген кітапқа жазыңдар!» - деп бұйырады. Сонан соң періштелерге: «Менің құлымды жерге қайтарыңдар! Расында, Мен оларды жерден жараттым және оған қайтарамын, сосын одан қайта шығарамын – деп уәде еткем!» - деп бұйрық беріледі. Періштелер ол кәпірдің (күнәһардың) жанын көктен жерге қарай лақтырып, өзінің денесіне қайтарады». Осы кезде Пайғамбарымыз(صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) Құранның мына аятын оқиды: «Кім Аллаһқа серік қосса, ол көктен құлап, оны құс іліп әкеткен немесе оны жел ұзаққа ұшырып кеткен нәрсе сияқты» (22-Хаж сүресі, 31-аят).

Аллаһтың Елшісі (صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ) сөзін жалғастырып былай дейді:

«Оның жаны денесіне қайтарылған сәтте, өзінен алыстап бара жатқан қадамдардың дауысын естиді. Кейін ол күнәһарға екі періште келіп, оны дөрекі түрде оятады да жәнегі рухтан сұрай бастайды:

–«Раббың кім?». Оған ол:

–«Һа-һа... Білмеймін» - деп жауап береді.

–«Дінің не?».

–«Һа-һа... Білмеймін».

–«Сендерге жіберілген кісі кім еді?». Бірақ күнәһар оның есімін атай алмайды, сонда періштелер: «Ол – Мұхаммәд!» - деп айқайлап жібереді.

–«Һа-һа... Білмеймін. Мен тек адамдардың солай дейтінін естіген едім» - дейді.

– Сен білмедің де, оған ілеспедің!

Сол сәттен көктен бір жаршы жар сала: «Ол өтірік айтады. Оған тозақтан отынан төсеніш төсеңдер, оған тозақтың есігін ашыңдар!» - дейді. Оған тозақтың қарыған ыстық жалыны мен «самум» атты отты жел келіп тұрады. Оның қабірінің тарылатындығы сондай, қабырғалары айқасып бір-біріне кіреді. Кейін оған жаман жүзді, ұсқынсыз киімді, нашар иісті бір кісі келіп:

«Мен сені ренжітетін хабар айтуға келдім. Бұл – саған уәде етілген күн» - дейді. Күнәһар одан:

«Аллаһ саған жамандық берсін! Сен кімсің? Сенің жүзіңнен жамандықтың белгісі білініп тұр. Кімсің сен?» - деп сұрайды. Сонда әлгі адам:

«Мен – сенің жаман амалдарыңмын. Аллаһпен ант етейін! Сені әрдайым Аллаһқа бойұсынуға емес Оған қарсы шығуға асығатыныңды көретінмін. Мінеки, Аллаһ сені жамандықпен жазалады» - дейді.

Содан кейін оған көзі соқыр, құлағы керең, мылқау, қолында тауды ұрса тау топыраққа айналдырар шоқпары бар жендет келеді. Ол шоқпарымен күнәһарды ұрады, ол топырақ болып кетеді. Аллаһ оны қалпына келтіріп, қайтадан жаратады. Әлгі жендет оны тағы да ұрады, сонда оның айқайлаған қатты дауысын жындар мен адамзаттан басқа барлық тіршілік иелері естиді. Содан соң оған тозақтан қақпасы ашылып, тозақтың төсеніштері төселеді. Ал пенде үрейден: «Раббым! Қиямет күнін болғызба!» - деп шырылдайды»».

 

Ахмад 4/284, Әбу Дауд 2/281, ән-Нәсәи 1/282, Ибн Мәжәһ 1/496, әл-Хаким 1/37, әт-Таялиси 753.

Хадистің сахихтығын мына имамдар растаған: әл-Байхақи («Шуъб әл-Иман», 1/300); Әбу Нуһәйм, әл-Хаким, әл-Әсбахани, Ибн Тәймийя («Мажмуъ әл-Фатауа», 5/439; «Тәлбис әл-Жәхмия», 6/182), Ибн әл-Қайим («Тахзб әс-Сунан», 13/89; «әр-Рух»), әс-Суюти («Шарх әс-Судур», 91), Ахмад Шакир («Умдат әт-Тафсир», 2/22), әл-Албәни («Сахих әт-Тарғиб уәт-Тархиб», № 3558; «Тахриж мишкәт әл-Мәсәбих», 1573; «Әхкам әл-Жәнәиз», 198) және әл-Уәдиъи («әс-Сахих әл-Муснәд мин әсбәб ән-Нузул», № 150).


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)