Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дыбыстармен ойындар 4 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Ауа райы. Ауа райы өзгерген жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білу (қар жауғанда, жаңбыр жауғанда, күн ысығанда, суығанда).

Қурап қалған ағаштар мен бұталардың қауіпі. Оларға өрмелеп шығуға, айналасында ойнауға болмайды. Дәрілік шөптер. Улы өсімдіктер.

Әлеуметтік өмір. Көшеде жүру ережелерін сақтау. Жол белгілерімен таныстыру: «Балалар», «Жаяу кісі өтетін өткел». Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау тәртібі. Егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұра. Полиция көлігін ажырата біл. Үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қара. Егер есіктің кішкене тесігі сыртынан жабық болса, тіпті ашпа. Пәтерден танымайтын адамға шықпа. Есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, ысырмамен, шынжырмен жап. Бейтаныс адамның көлігіне отырма. Егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса. Жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме.

Жаяу адам өтетін жол. Жаяу кісілер тек белгі қойылған жерден ғана өтеді. Екі жақты қозғалыста алдымен сол жаққа, жолдың ортасына жеткенде - оң жаққа қарау. Көше және жол белгілері. Өз ауданындағы көліктермен танысу. Жүріп бара жатқан кез-келген көлік адамға қауіп төндіруі мүмкін.

Үйдегі қауіпсіздік ережесі. Үйде балалар немен ойнамау керек? Бәлеге ұшырамас үшін қандай заттарды ұстамау керек? Біздің үйде не қауіпті? Электр аспабын, газды, суды қалай дұрыс қолдану керек? Үйде қандай қауіп төнуі мүмкін? Шұғыл қызмет телефондары.

Балабақша ауласы. Сенің үйіңнің ауласынан айырмашылығы қаңдай? Әр түрлі құрал-саймандарды қолдана білу ережелерімен таныстыру. Ауладағы қауіпті жерлер: өсіп кеткен бұталар, қурап кеткен ағаштар, көлік жүретін жолдар, қоқыс тастайтын жәшік. Ұқыпты және абай болу керек. Аулада өзін-өзі ұстау ережесі: ластамау, шуламау, терезеге және балкон жанына жақын ойнамау, шыны сындырмау. Жақын жердегі айналаны, балабақша орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлай білу. Ненің қай жерде орналасқанын білу. Үйге және балабақшаға баратын мейлінше қауіпсіз жолды білу. Нақты жол бағытын білу.

 

«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- сауат ашу және жазу негіздері;

- мемлекеттік, орыс және басқа тілдерді үйрету.

 

 

Тіл дамыту

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу);

- дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін дамыту;

- сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сазтауға үйрету;

- әңгімелеу (монологтік) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру;

- дыбыстың айтылуын дұрыс есту қабілетін дамыту мен дыбысты айту барысында дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау;

- тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын қолдану іскерлігін арттыру;

- көркем әдебиетпен таныстыру;

- балаларды сауат ашуға және жазуға дайындау.

 

Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу. Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру. Дыбыстардың айқын артикуляциясын меңгерту. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тілдік естуін дамыту (тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерлігі, дыбыстың сөздегі орнын анықтау, сөздегі дауысты дыбыстарды ажырату, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау). Берілген дыбысқа сай сөздерді айтылуына қарай салыстыру іскерлігін жаттықтыру. Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларына үйрету.

Сөздік жұмыс. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың сөздік қорын қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту. Тілін зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдіктер, үстеулер, демеуліктер, салалас және бағыныңқылы шылаулармен толықтыру.

Жалпы ұғым. Жалпылауыш сөздерді қолдана білуге үйрету (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, электр құралдары, спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, көкөністер, жемістер, жидектер, гүлдер, ағаштар, саңырауқұлақтар, құстар, балықтар, жануарлар, жәндіктер және т.б.). Түрлі заттарды атай білу, синоним, антоним сөздерін таба білу, белгілі бір заттың белгілерін білу іскерлігі. Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру.

Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру. Тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыру. Жай, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана білуге жаттықтыру. Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу іскерлігін дамыту (хабарлы, сұраулы, лепті), оларды тілінде қолдану.

Бала тілін морфологиялық қырынан қалыптастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана білу, сөздерді септіктер мен шақтарда үйлестіріп, кеңістікке қатынасын білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білу іскерліктерін бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.

Түбірлес сөздерді (бақша, бақшашы, бақшада), етістіктерден (бардым, барамын, барғым келеді) жасауға және қолдануға жаттықтыру.

Сөздердегі дұрыс емес дауыс ырғағы мен дауыссыздардың кезектесуіндегі қателерді байқауға үйрету.

Жаңа сөз түрлерінің пайда болуына, қызығушылығы мен сыни қатынасына, дұрыс сөйлеуге талпынысын арттыру, қателерін жөндеу іскерлігі мен грамматикалық нормаларын білу қажеттілігіне тәрбиелеу.

Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.

Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға үйрету.

Өмірден («Менің анам», «Наурыз - көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету.

 

Көркем әдебиет

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың әдебиетке өнердің бір саласы ретінде қызығушылығын қалыптастырып, сауатты оқырман тәрбиелеу.

Міндеттері:

- балаларды көркем әдебиеттің халық ауыз әдебиеті жанрымен және шығармаларымен таныстыру;

- баланың шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды дұрыс түсінуін қамтамасыз ету;

- көркем сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін үйрету;

- қазақ өнерінің бастауына баулу.

 

Мазмұны:

Балаға жеткілікті деңгейде мәтінді талдау, шығарманың ерекшелігі туралы түсінік беру арқылы әдебиет теориясының кейбір қарапайым ұғымдарын жеткізе отырып, әдебиетке қызығушылығын ояту.

Көркем шығармаларды қалай қабылдайтынын, оларға қалай әсер ететіндігін байқап, шығарма туралы балалардың пікірін ескеріп, қажет болғанда түзетулер енгізіп, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру.

Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйрету.

Бағдарламада берілген шығармалардан үзінділер жаттау (өлеңдер, шағын ауыз әдебиетінің жанрлары), тақырыпқа сай шығарманы таңдай білуге (түсінік айту) үйрету.

Қазіргі көркем шығармаларды енгізу есебінен балалар оқуының шеңберін кеңейту.

Ұлттық әдеби шығармалармен, жазушылардың, ұлттық тілді жақтаушылардың немесе нақты аймақтың жазушыларының шығармаларымен таныстыру.

Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруге және оқығаны туралы сұрауға, талқылауға, суреттерді мұқият қарап, таныс мәтіндермен сәйкестендіруге тәрбиелеу.

Көркем тілдік және театрландырылған ойын әрекеттері арқылы балалардың дербестігін қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдеби сюжеттер бойынша драмалық-ойындарын сахналаудағы рөлдерді орындау тәсілдеріне үйрету.

Көркем әдебиеттің күнделікті өмірге қажеттілігін сезіндіріп, көркем шығармаларды іріктеуге, кітаптар әлемінде өзіне қажет көркем шығарманы таңдай білуге дағдыландыру.

Кітапқа ұқыптылықпен және құнттап қарауға дағдыландыру. Кітапты құрметтеуге үйретіп, оның адам өміріндегі рөлін түсіндіру.

 

 

Сауат ашу және жазу негіздері

 

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға сауат ашу негіздері мен алғашқы оқу дағдыларын меңгерту, жазуға дайындау.

Міндеттері:

- тілдің негізгі бірліктері туралы түсінік беру (дыбыс, буын, сөз, сөйлем);

- қоршаған ортадағы дыбыстардың түрлілігін айтылған сөз арқылы таныстыру;

- қатаң, ұяң дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге жаттықтыру;

- баспа әріптерімен таныстыру.

 

Мазмұны:

Алғашқы оқу дағдыларын қалыптастыру. «Сөз» және «дыбыс» «буын», «жуан және жіңішке дауысты дыбыс» туралы алғашқы түсінік беру.

Тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.

Балаларға сөздегі дыбыстардың бірізділігін құра білуге үйрету.

Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерліктерін жаттықтыру.

Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш-төрт сөзге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін (еріннің, тіл мен жақтың қатысына қарай) талдау.

Әріптер таңбасымен (баспа әріп) таныстыру.

Буындарды оқудың негізгі механизмі туралы практикалық түсінік беру, яғни, оқу барысында буындағы дауысты дыбысқа сүйену арқылы жаттықтыру.

Жай сөйлемдерден буындарды және жеке сөздерді оқуға жаттықтыру.

Сөйлем туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру (жалаң және жайылма сөйлемдер құру, оларды дұрыс әрі нақты айта білуге, сөйлесу барысында жеке сөйлемдерді ажырата білу, сөйлемді сөздерге бөліп, олардың санын анықтай білуге жаттықтыру).

Жазуға дайындық. Дәптерді, қолды, қарындашты үстел үстіне қою және жазу кезіндегі ережелермен таныстыру.

Қарындашты дұрыс ұстауға үйрету.

Ұзын-қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды сызу арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Сызбалар (штрих) жасауға үйрету.

Кеңістікті анықтай білу және қағаз бетінің жазықтығын бағдарлай білу іскерліктерін (графикалық диктант) үйрету.

Сурет салу арқылы әріп элементтерін құрайтын ырғақты қарапайым жиектерді сала білуге үйрету.

Жазу барысында қол қозғалысының ырғақтылығын сақтай білуге жаттықтыру.

Әріптердің таңбалары туралы білімдерін қалыптастыруды жалғастыру, дыбыстарды әріптермен сәйкестендіру іскерліктерін дамыту.

 

 

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: жас ерекшелігіне сай танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге, ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешуде қолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ересек жаста «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- құрастыру.

 

 

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру.

Міндеттері:

- зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту;

- танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру;

- ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың себеп-салдарын орнату) тәсілдерін үйрету;

- мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, сабақта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;

- заттардың әр түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір-бірімен арақатынасын анықтау;

- кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;

- геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

Мазмұны:

Көп. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.

Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.

«Көп», «аз», «біреу» деген ұғымдармен таныстыру. «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту.

Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

Көрнекі негізінде 10 санының пайда болуымен таныстыру.

10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.

Сөздік қорына математикалық атауларды енгізіп, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

10 көлеміндегі сандарды қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден - затты шегерсе, онда екеуі тең болады») үйрету.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орыңдауға жаттықтыру.

Теңдік туралы ұғымдарын қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту («Мұнда барлық ойыншыққа тең алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке»).

Сан заттың көлеміне, ара қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру.

Көлем. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу іскерлігіне үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру.

Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып, анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, («Жасыл қарындаш - ең биігі, қызыл - аласалау, сары одан аласа, бірақ көктен биігірек, ал қызғылт сары бәрінен де аласа және т.б.).

Шартты өлшемнің көмегімен екі заттың көлемін (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстыруға үйрету.

Шартты өлшеммен өлшеуде заттың бөлігін бөліп көрсетуге үйрету, өлшенетін нысанда шартты өлшем қанша рет орналасатынын анықтау.

Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың көлемін (ұзындығын, енін, биіктігін) салыстыру дағдыларын бекіту.

Арнайы ұйымдастырылған жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде және оларға тең екендігін табу іскерлігіне үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту.

Геометриялық пішіндер. Геометриялық денелер - куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.

Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.

Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататыңдығы туралы түсіндіру.

Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.

Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.

Уақытты бағдарлау. Уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту.

Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету.

Бір жыл 12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру.

Заттың салмағын анықтау. Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»).

Заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.

Заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды салмағына қарай анықтай білу, оларды өлшемдеріне қарай орналастыру шеберлігін дамыту.

Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру.

Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.

 

 

Құрастыру

 

Мақсаты: қағаздан, құрастыру бөлшектерінен, құрылыс және табиғи материалдардан әртүрлі заттарды құрастыру дағдыларын қалыптастыру арқылы мектепке дейінгі ересек балалардың логикалық ойлауын дамыту.

Міндеттері:

- құрылыс материалдарынан, конструктор бөліктерінен, табиғи және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету;

- өзі жоспарлаған құрылыстың құрастыру кезеңдерін жоспарлап, құрастырушылық шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;

- қажетті бөлшекті таңдап алу, оларды тиісті орнына дұрыс қою, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру шеберліктерін қалыптастыру (тығыз, қасына, қашығырақ);

- желіммен, қайшымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

- құрастырған затын безендіруге үйрету арқылы ұқыптылыққа, әдемілікке баулу;

- шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.

 

Мазмұны:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)