Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дыбыстармен ойындар 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама түсіндірме жазба, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінде жүзеге асатын бес білім беру салаларының бағдарламалық мазмұнынан тұрады.

Бағдарламада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әр түрі бойынша бағдарламалық материалды меңгеру көрсеткіштері ұсынылады.

Қосымшада:

1) қимылды ойындардың шамалық тізімі;

2) ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;

3) сурет салу, жапсыру, мүсіндеуден сабақтардың шамалық тақырыптары;

4) өнермен таныстыру үшін шамалық шығармалар;

5) музыкалық репертуар мен музыкалық-дидактикалық ойындар беріліп отыр.

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңі процесінде ересектермен және құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру ары қарай жалғаса береді.

Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орындағы мінез-құлық мәдениеті мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды.

Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.

Балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру барысында бала дербестігінің, өзінің және құрдастарының өзін-өзі ұстау мінез-құлқының артқандығын сезіне білуі, яғни ересектер тарапынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалысын дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады.

Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Баланың эмоциясын және қимылдарын дамытуға әсер ететін жас ерекшелігіне сай тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану керек.

Бейнелеу шығармашылығынан, драмалау ойынан, сахналаудан тұратын балалардың түрлі дербес көркем әрекетін ұйымдастыру қажет. Өнімді іс-әрекет түрлерімен айналысу сабақтарында балаларды құралдар, атрибуттар әзірлеуге қатыстыру.

Ойын іс-әрекеті алуан түрлі бола түседі, балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым-қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.

Жыл соңында ересектер тобындағы балаларда болашақтағы мектеп оқушысы ретінде үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылықты тәрбиелеу қажет.

Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру оқыту мен тәрбиелеу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Заттық дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан оның балалардың денесін, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы ескеріледі.

Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта әртүрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады. Мысалы, тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру көзделеді.

Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді қатыстырып отыруы керек.

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СИПАТТАМА

Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.

Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды нысананы көздеп дәл лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.

Бес-алты жасында саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.

Бес жастағы бала психикалық дамудағы елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.

5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты мотиві - өзара түсіністік пен әсерлену.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.

Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады

Бес-алты жастағы бала өзін барлық жағынан «жарылыс» (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрінде көрсете алады. Құрдастар ересектерден асып өтіп, бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.

5-6 жаста сюжетті-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.

Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды. Өнімді іс-әрекет түрлері - сурет салу, құрастыру ойынмен бір тұтасқан. Бала сурет сала отырып, қандай да бір сюжетті ойнайды, текшелерден құрастыра отырып, оны ойынға енгізеді. Мектепке дейінгі ересек жаста өнімді іс-әрекет нәтижесі дербес мәнге ие болады, сөйтіп ол ойыннан біртіндеп арылады.

Бұл кезеңде мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі пайда болады. Бала бұрын өзінің эмоционалдық көңіл-күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтардың пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.

Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының барлық саласында көрініс табады және бекітіледі.

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-дігін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.

Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.

Көрнекі-бейнелі ойлау - ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі - елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған

 

Күн тәртібінің элементтері Уақыты (сағ., мин)
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық. 7.30-9.10
«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті. 9.10-10.40
«Табиғат аясында» Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. 10.50-12.50
«Ас - адамның арқауы» Түскі ас 12.50-13.20
«Тәтті ұйқы» Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу. 13.20-15.10
«Ұйқымызды ашайық» Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары. Бесін ас. 15.10-16.00
«Алақай, ойын!» Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. 16.00-17.40
«Ас - адамның арқауы» Кешкі ас 17.40—18.00
«Ертеңге дейін...» Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы. 18.00-19.00

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене сапаларын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі ересек жастағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- дене шынықтыру;

- валеология.

 

Дене шынықтыру

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдау біліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Міндеттері:

1. Денсаулығын нығайту, балалардың денесінің жалпы дайындығын жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл-күй ортасын жасау;

2. Күнделікті өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру;

3. Дене сапаларын: ептілік, үйлесімділік қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын шыңдау;

4. Балаларды спорттық ойындар және жаттығулармен таныстыру арқылы ойын техникасын меңгерте отырып, жаңа дағдыларды меңгерту;

5. Балаларды жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, құрдастарымен достық қарым-қатынасын қолдау;

6. Жас ерекшелігіне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған ортаға бейімделу қабілетін, дене және ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау;

7. Белсенді қимыл іс-әрекеттеріне және оған қажеттілікке қызығушылықтарын арттырып, дене шынықтыру сабақтары мен ойындардың, негізгі гигиеналық талаптар мен ережелердің пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары

Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен дағдыларын жетілдіру және бекіту.

Негізгі қимыл жаттығулары

Жүру:

- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;

- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;

- заттарды аттап, заттар арасынан;

- қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);

- тәрбиешінің белгісімен тоқтап;

- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;

- шашырап, заттар арасымен;

- жүгіруді алмастыра;

- адымдап алға қарай жүру;

- «жыланша» ирелендеп;

- сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға ауыстырып қысқа және кең адымдап;

- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып.

Жүгіру:

- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;

- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі жақта бұрылыс жасап;

- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп жиі және кең адымдап заттар арасымен;

- заттар арасымен шашырап;

- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен;

- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып, сапқа қайта тұрып;

- кедергілерден өтіп;

- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен - баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;

- қағып алу және айлалы түрде;

- баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;

- 320 м қиылысқан жермен баяу;

- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, (арақашықтығы 20 м) жүгіру;

- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;

- барынша тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);

- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;

- екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу);

- ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).

Секіру:

- бір орында тұрып, алға қарай;

- тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап;

- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттың үстімен (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;

- жіптің үстінен;

- түзу бағытта (ара қашықтығы 6 м)

- оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м);

- оң және сол аяғын кезектестіріп;

- 20 см-биіктіктегі зат үстіне;

- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)