Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жас 6 ай - 2 жас 6 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

Секіріп: «Менің көңілді добым», «Ақ қоян отыр», «Құс ұясында», «Арықтан аттап», «Алақаңды қойып секір», «Қоңырауды сылдырлат», «Доп сияқты секір», «Жүгіріп-секіру», «Сұр қоян жуынады».

Кеңістікті бағдарлау: «Қай жерден дыбыс шығады?», «Жалаушаны тап».

Әр түрлі қимылдармен және әндермен: «Поезд», «Қоян», «Жалауша».

Сырғанау: үлкендер балаларды мұз жолдарымен сырғанатады. Биік емес мұз төбешіктен үлкендердің көмегімен қатырма қағазбен, жұқа тақтаймен, клеенка төсенішпен сырғанату.

Шанамен сырғанату: үлкендердің балаларды сырғанатуы. Шанаға отырғызып төбешіктен сырғанату. Шанамен ойыншықтарды сырғанату. Ересектердің көмегімен бірін-бірі сырғанату әрекеті.

Велосипедпен жүру: үлкендердің көмегімен және көмегінсіз үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, одан қайтып түсіру. Балалардың велосипедті жүргізу және рөлге ие болу әрекеттеріне қолдау көрсету.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ойындар ұйымдастыру: «Қуыршақты жуындырайық» - жеке бас гигиенасына қажетті заттарды қолдануға үйрету сулық, сүлгі, сабын, тарақ және т.б. таныстыру. «Қуыршақты ұйықтатайық» ойыны - төсек-орын және киімдерді қолдану дағдыларын дамытады.

Дербес қимыл-қозғалыс әрекет

Дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамытуға арналған ойындар: «Дыбыс арқылы тап», «Шарға дейін созыл», «Кедергілерден өт», «Затты ал», «Күн мен түн».

 

 

«Таным» білім беру саласы

Сенсорика

Түрлі пішіндер мен пирамидаларды құрастыру. Саңырауқұлақ, түрлі пішінді дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштардың жапсырмаларын қолдану. Қораптағы тиісті саңлауларға заттарды орналастыру. Ұсақ қол қимылдарына арналған материалдармен жұмыс жасау. Үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинауға, шашуға, өткізуге, тізуге, салуға, алуға арналған ойындар.

 

 

Ситуациялық ойындар: «Жіпке аяқ киім үлгілерін тізу», «Панноға түстерін таңдай отырып гүлдерді ілу».

Ойындар: «Үй саламыз», «Саңырауқұлақ терейік», «Әркімге өз үйі», «Қуыршаққа таспа сатып әперейік», «Жасырынған қоянды тап».

Қоршаған ортаны тану

Дидактикалық ойындар: «Жұбын тап», «Қай ағаштың жемісі», «Түстерді таңдап ал», «Ұқсас ыдысты, киімді, ойыншықты тап», «Ауа-райына, мезгілге қарай қуыршақты киіндір», «Ас үй», «Емхана», «Құстар мен жануарларды күту», «Сәулені тамақтандырамыз», «Жауабын тап та, ата», «Қуыршақтың ыдыс-аяғын жуамыз», «Ойыншықтарды жуу», «Нені қайда қоямыз?», «Біздің ыдыс-аяғымыз», «Адамдар қандай көлікпен жүреді?».

Табиғи материалдармен ойын: «Ғажайып қалта», «Гүлді осы түстегі вазаға сал», «Дәміне қарай тап», «Түсіне қарай тап».

Бақылау: аула сыпырушы жұмысына (ауланы қардан тазарту), транспорт қозғалысын.

Суреттер қарау: заттар мен қимылдардың, қарапайым сюжеттердің жеке салынған суреттерін, жалпы сюжеттерге біріктірілген бірнеше суреттер қарау.

Ойыншықтардың көмегімен қарапайым сюжеттерді сахналау (мысалы, сотқар мысықтың табанын күйдіріп алғаны сияқты, т.б.).

Құрастыру

Ересектердің көмегімен және өздігінен түрлі пішіндегі шығыршықтардан көліктерге арнап көпір, ұсақ және ірі қуыршақтарға арнап жиһаз (үстел, орындық, диван), қақпа, дуал, сәкі, төбе, кішкене көпір, әр түрлі жолдар, трамвай бағыты, поезд, үш-төрт кубиктерден құстарға арналған үйшіктері бар мұнара, алты кубиктерден немесе кірпіштерден саты құрастыру.

 

 

«Қатынас» білім беру саласы

Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі:

Бақшаға мақсатты серуен

Дидактикалық ойын: «Тапсырма»

Дидактикалық жаттығу: «Жоғары-төмен»

Дидактикалық ойын: «Кім не істейді?»

«Шалқан» ертегісін әңгімелеу

Дидактикалық жаттығулар: «Кім не жейді?», «А деп айт»

Балалар бақшаға барғаны туралы ұжым болып әңгіме құрастыру

Дидактикалық ойын: «Қандай?»

Заттардың түстерін атау және ажырату

Дидактикалық жаттығу: «Паровоз»

Дыбыстарды айту мен есту зейінділігін дамытуға арналған жаттығулар

(«Бұл ненің дыбысы, тап?»)

«Сылдырлайды мөлдір су» өлеңін оқу

Заттармен тәжірибе жасау: батады, батпайды, жүзеді

Ш. Смаханұлы «Добым менің» өлеңін оқу

Қоянды бақылау

О. Бегалин «Қазым, қазым, қаңқылда» шығармасын оқу

Дидактикалық ойындар: «Таны да ата», «Тап та, ата»

М. Төрежанов «Бесік жыры»

Автомашина, автобус, трамвай (ойыншықтар) қарау

Дидактикалық ойын: «Осыларды жаса», «Құлыншақ»

Дидактикалық жаттығулар: «Бөпенің тісі ауырады», «Қошақан»

Сюжетті суреттер қарау

А. Барто «Жалауша» өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығу: «Қонақ». Тәрбиешінің сиыр мен мысық туралы әңгімесі.

Бөлме өсімдіктерін қарау

С. Қалиев «Ұры мысық» өлең шумағын оқу

Сәуле қуыршағының киімдерін қарау

Қуыршақты серуенге киіндіру

Дидактикалық ойын: «Сәулеге киімін шешуді үйретеміз»

Дидактикалық жаттығу: «Машиналар»

Дидактикалық ойын: «Бұл қандай пішін?»

Дыбыстарды айтуға арналған жаттығулар

Дидактикалық ойын. «Бізге кім келгенін тап»

Дидактикалық ойын: «Шешуін тап та, ата»

Дидактикалық жаттығулар «Ботақан»

Дидактикалық ойын: «Алыс-жақын»

Дидактикалық жаттығу «Бақа, бақа балпақ»

Дидактикалық ойын. «Мамық жүнді балапан»

А. Бартоның «Қар» өлеңін оқу

Дидактикалық ойын «Қар түйіршіктері»

Ж. Карбозиннің «Жасаймын шана» шығармасын оқу

Дидактикалық ойын: «Биік - аласа»

Дидактикалық жаттығулар: «Ненің дауысы?», «Атқа мініп шабайық»

Б. Данабековтің «Бұзау» шығармасын оқу

«Бауырсақ» ертегісін әңгімелеу

Дидактикалық ойын: «Қуыршаққа арнап бөлме дайындаймыз»

Дидактикалық жаттығу: «Қар бүршіктері»

Дидактикалық ойын «Қонжықтың бөлмесі»

Сахналау-ойыны. «Қаз бен құлыншақ»

Ә. Дүйсенбиевтің «Мысық» өлеңін оқу

Балықтарды бақылау

Ұ. Есдәулетовтің «Тәй-тәй, қуыршақ» өлеңі

Ертегі, әңгімелерді кейіптендіру

Құстарға бақылау жасау

«Құстарды біз қалай қоректендірдік?» тақырыбына (тәрбиеші балалармен бірге) әңгіме

Дидактикалық ойын: Не жоқ?

Қуыршақ Сәулені шомылдыру

Дидактикалық ойын: «Үйректің балапандары»

О. Бегалиннің «Қаз бен балалары» шығармасын оқып, әңгімелеп беру

Дидактикалық ойын: «Нені қайда қоямыз?»

«Ешкі мен қасқыр» ертегісін әңгімелеу

Заттардың қасиеттерімен таныстыру

Дидактикалық жаттығу: «Кеме»

Дидактикалық жаттығу: «Кішкентай күн сәулесі»

Балықтарға бақылау жасау. «Балалар балықтарға жем шашады» тақырыбында суреттер қарау

Дидактикалық жаттығулар: «Ғажайып қорап», «Шешуін тап», «Қанша?»

Е. Өтетілеуов «Көктемде» шығармасын оқу

С. Қалиевтің «Ұры мысық» өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығулар: «Кім не істеп жатыр?», «Су»

Бөлме өсімдіктерін қарау

С. Сауытбековтың «Лақтың кеңесі» шығармасын оқу

Дидактикалық жаттығу: «Маса»

А. Бартоның «Ойыншықтар» топтамасынан үзінді оқу

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»

Дидактикалық ойын: «Кім не жейді?»

«Айсұлу мысықтың баласын тауып алды» тақырыбына әңгімелеу (көрсетусіз)

«Балалар тауықтар мен балапандарға жем шашады» тақырыбында сурет қарау

Дидактикалық жаттығу: «Балапанды шақыр»

Сиыр мен бұзауды, ешкі мен лақты салыстыру

Дидактикалық ойын: «Не жоқ?»

Ұ. Есдаулетовтың «Құлын» өлеңін оқу

Дидактикалық жаттығулар: «Бұл не, тап», «Не қайда отыр?»

Бақбақ гүлін қарау

Фонематикалық ойындар: «Кім қалай шақырады?», «Кім шақырды?», «Не, қандай дыбыс шығарады?»

Тыныс алу жаттығулар: «Үлпілдек жүнге үрле», «Көбікке үрле»

Үлкендердің көмегімен ойналатын дидактикалық ойын: «Төлдерін тап та, ата»

«Дүкен», «Ойыншықтар», «Отбасы», «Үй жануарлары және жабайы аңдар», «Үй құстары», «Гүлдер», «Жәндіктер: құмырсқа, көбелек, аралар» тақырыптарына кітапшалар карау.

 

 

Тәрбиешінің таңдауы бойынша ұсынылған көркем әдебиет

Шығармалары

Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрі: «Қуыр-қуыр-қуырмаш»

Поэзия: А. Торғаев «Шөжелерім», Т. Ерғабылов «Бөбек тілегі», Ұ. Есдәулетов «Тәй-тәй қуыршақ», М. Әлімбаев «Кішкентай баланың тақпағы», М. Төрежанов «Бесік жыры», «Қуыршақ» және т.б.

Проза: Б. Данабекова «Бұзау», О. Бегалин «Қаз бен балапандары», «Әке мен бала және ескі құмыра» ертегісі, Ж. Қуанышбекова «Сыйлық», Ә. Шынбатыров «Бал мен мұз», Ж. Карбозин «Жасаймын шана», Қ. Сарыбаев «Ақ мақта», Е. Ашықбаев «Балабақшада» (үзінді), А. Меңжанова «Тазалықтың досы» (үзінді), А. Шаяхметов «Бүлдірген», С. Сауытбеков «Лақтың кеңесі», К. Оразбекұлы «Кім ойнайды?», Т. Молдағалиев «Жазда», Е. Өтетілеуов «Көктемде», «Бауырсақ», «Шалқан» (орыс халық ертегілері), т.б.

Педагог бұл тізімді өзгертіп, оны аймақтың салт-дәстүрге байланысты шығармалармен толықтыруына болады.

Мәнерлеп оқу. Қазақ және басқа халық ақындарының өлеңдерінен үзінділер оқуға үйрету: С. Қалиев «Ұры мысық», Ж. Сарсенбаев «Ақ лақ». «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Қу түлкі», «Шырша», «Қонжық», «Доп», «Жаңбыр».

Түрлі халық ертегілерін тыңдау және сахналау. «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады» (қазақ ертегісі), «Бауырсақ», «Шалқан», «Түлкі мен әтеш», «Үш аю» (орыс ертегілері), «Қияр мен капуста» (неміс ертегісі).

 

 

«Шығармашылық» білім беру саласы

Сурет салу

Қарындашпен сурет салу: Ұзын жолдар. Әртүрлі түстегі қақпалар. Жіп орамы. Мерекелік отшашу. Күн терезеге күлімдейді. Алтын күн аспаны. Әр түрлі түстегі сақиналар. Сүңгі-мұздар. Бауырсақ жол бойында домалайды. Түрлі-түсті жіптер. Шөптер. Табақтағы құрт. Вазадағы шиелер. Егістіктегі бақ-бақтар. Қуыршақтың көрпесіндегі ою. Күртедегі түймелер.

Бояумен және қылқаламмен сурет салу: Жау-жау жаңбыр. Аспан. Су. Біз серуендеп жүрміз. Орамалды безендіру. Сағат. Машинаның дөңгелекгері. Түрлі-түсті моншақтар. Жапырақтар түсуде. Қызыл-сары жапырақтар. Топ-топ басайық. Ақ ұлпа қар. Жапалақтап қар жауды. Үйдің терезесіндегі жарықтар. Жарқыраған шамдар. Шыршаның шамдарын жағамыз. Маймақ маң-маң басады. Қоян секіреді. Қуыршақ Сәуленің көйлегін безеңдіреміз. Ормандағы аңдар. Пияз. Қар кесегі. Балықтар жүзеді. Шағылысқан күн сәулесі.

Әуе шарлары. Жаңбыр мен күн. Гүлдер өседі. Шөптегі қоңыздар. Бояумен өз еріктерінмен сурет алу.

Саусақпен сурет салу: құмның бетіне доптар мен адамның бейнесін салу.

Қағазға жүзімнің бұтағын, үлкен қарбыз бен апельсиндердің суретін салу.

Желімсіз жапсыру

Көлікті, үйді, ұшақты, гүлдерді (түймедақ пен бақбақ гүлдері), қазақтың ұлттық бас киімдерді (бөрік пен тақия) геометриялық пішіндерден (үшбұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақша, төртбұрыш) құрастыру.

Мысық (күшік) доппен ойнайды. Ұшақ. Аққала. Мерекелік отшашу. Өрістегі қойлар.

Пирамидалар, паровоз бен вагондар, бесік арба, қараторғай үйшігі.

Дайын пішіндерден пирамиданы, вагондары бар паровозды, түрлі пішіндегі машиналарды, арбаны, құстың ұшсын, анама арналған орамалға «Құс тұмсық», «Көз» симметриялы оюларын, жаңа жылдық шыршаны, үлкен және кіші жалаушаларды, ыдыстағы жемістерден әзірленген сусынды, қазақтың «құрақ» ұлттық ою-өрнегімен безендірілген алашаны, алаңқайдағы балапандарды құрастыруға үйрету.

Мүсіндеу

Құстарды қоректендіреміз немесе тышқанға ін жасаймыз. Қуыршақтың тәттілері. Құймақ. Тиіннің жаңғақтары. Шарлар. Дәмді бауырсақтар.

Үйшіктің бөренелері. Кесектер. Қуыршаққа, қоянға арналған сый-сияпат. Әтешке арналған бұршақ. Ұшақ. Дуалдың бағанасы. Дуал. Саты. Сылдырмақ. Аққала. Балапан. Құс. Шырша. Түрлі жидектер. Үлкен-кіші доптар.

Қуыршақтың әшекейлері: білезік, жүзік, қол сағаты. Тұрмыстық заттар: шыбықтардан тоқылған себет. Жиһаздар: орындық, үстел, диван.

Анама тоқаш пісіремін. Итке арналған табақ. Мұнара. Бауырсақ. Тәрелкедегі алма. Тәтті тоқаш. Саңырауқұлақтар. Қоңыздар. Өз еріктерімен мүсіндеу.

 

 

Музыкалық репертуар

Тыңдау: Қ. Ыдырысовтың сөзіне жазылған А. Нұрымұлының «Топ-топ» әні, Т. Сопиеваның сөзіне жазылған С. Оспанованың «Сәби» әні, Г. Греневич әуеніне және С. Прокофеваның сөзіне жазылған «Таң» әні, В. Моцарт «Қоңыраулар үні», Л. Хамиди «Маршы», Д. Кобалевскийдің әуеніне жазылған «Алғашқы вальсі», сөзі мен әуені А.Әубәкірованың «Менің мысығым» әні, М. Оразбаеваның халық әуеніне жазылған «Әлди» әні. «Ұшақ», «Құлыншақ», «Саңырауқұлақ» әні М. Раухвергердікі, «Машина» әні К. Қуатбаевтікі, «Тәтті бала» әні Г. Сопиеваныкі, «Қыс» әні В. Карасеваныкі, «Балдырған» әні Ж. Меймандосовтікі, «Ақ тайлақ», «Бәйге» әні Б. Құсайыновтікі, «Ана әлдиі» әні А. Меңжанова, «Анашым», «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Келді мамыр», «Құлыншақ» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Қамажай» қазақтың халық әні, өңдеген К. Қуатбаев.

Ән айтпу және әнге қосылу: музыкалық репертуарлар: - Бердияровтың сөзіне жазылған «Сұр қоян» әні, Б. Жүсіпәлиевтің әуеніне жазылған «Ойна сәби» әні, Л. Абельянның әуеніне О. Ақынбековтың сезіне жазылған «Доп» әні, Т. Вилкорейскийдің әуеніне жазылған Б. Жақыпованың «Менің ойыншықтарым» әні, Луконинаның әуеніне және Л. Чадованың сөзіне жазылған «Күннің көзі қыздырады» әні, Л. Фасхутдинованың «Жаз» әні, Балящеваның сөзіне жазылған «Күзгі ән», М. Еремееваның «Етік» әні, Е. Шаломонованың «Шырша туралы әні», А. Филепенконың әуеніне және С. Мокшанцеваның сөзіне жазылған «Күзгі жапырақтар биі» әні, Васильеваның әуеніне және Митличенконың сөзіне жазылған «Бақалар әні» әні, қазақтың ұлттық әні «Айгөлек», М. Норданскийдің өңдеуіндегі орыстың халық әні «Алма» әні, И. Нүсіпбаеваның әуеніне жазылған Ж. Смақовтың «Қызыл ту» әні және К. Қуатбаевтың «Поезд», «Топ-топ» әні.

Музыкалық ырғақтық қозғалыстар: қол қимылдары «хлоп-хлоп». Аяқ қимылдары «Топ-топ». Денені оңға және солға бұру. Басты оңға және солға еңкейту. Қолды сермеп шеңбер бойына жүру. Би қимылдары: аяқты өкше мен басына ауыстыру, аяқты бір орнында, шеңбер бойында және шашыраңқы тарсылдату.

Ырғақтық қозғалыстарға арналған музыкалық репертуарлар: К. Козырев пен Е. Өтетілеуовтың «Бота мен бұзау» әні, Б. Дәлденбаеваның «Қызық мысық» әні. Степаненконың әуеніне жазылған «Айнал», Вилькорейскийдің әуеніне жазылған «Достас», Г. Вихареваның «Күнді мен саламын» және «Біздің аяғымыз не істей алады?» әндері, Л. Антюфееваның «Жаңбыр» әуені, Р. Шуманның «Көбелек» әуен, А. Петрованың «Қуыршақтарға арналған әлди» әні, әні мен сөзі А. Меңжанованың «Не қайда?» әні, Н. Әлімқұлов пен А. Матменнің «Ойыншықтар» әні, А. Нұрымұлы мен У. Есдәулетованың «Топ-топ қуыршақ» әні, «Пойыз» әні К. Қуатбаевтікі, «Серуендеп, би билейміз» әні Э. Раухвергердікі, «Біз ойнаймыз, ойнаймыз» әні Б. Құрманғалиевтікі.

Жаттығулар мен музыкалық ойындар: «Жасырынбақ», орыс халық әні «Зығыр», ойынның авторы Т. Бабаджан; «Сылдырмақтар» М. Раухвергердің музыкасы, ойынның авторы Т. Бабаджан; «Көңілді жасырынбақ» В. Петрованың музыкасы, ойынның авторы Н. Кругляк және В. Петрова; «Қояндар» орыс халық әні, «Көжек» өңдеген М. Красева, «Көжегім» өңдеген Н. Римский-Корсаков, Т. Бабаджанның ойыны, «Көңілді қаздар» орыс халық әні, ойынның авторы Н. Комиссарова мен В. Петрованыкі; «Марш» Э. Царлованың музыкасы, «Бубен, сылдырмақ» украин халық әуені; «Жүреміз-жүгіреміз», «Епті қолдар» Е. Тиличееваның музыкасы, «Шарлар» И. Кишконың музыкасы, «Барабаншылар» В. Ребикованың музыкасы, «Қуыршақтар Ұйықтайды және билейді» Я. Степанованың музыкасы.

Би билеу. «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Полька» әні Ә. Бестібаевтікі, «Жайдарман» қазақтың халық әні - өңдеген К. Қуатбаев, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Арша» Б. Қыдырбекованікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Бипыл» қазақтың халық әні.

Мерекелік ойын-сауықтар мен ермектер: «Күз сыйы», «Жаңа жылдық шыршаның кереметтері», «Анамызға гүл сыйлаймыз», «Жазғы ермектер».

 

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің м.а.

2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439

бұйрығымен бекітілді

 

Мектепке дейінгі кіші жастағы

(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)

балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған

 

«зерек бала» бағдарламасы

Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің жалғасы болып табылады.

Бағдарлама мазмұны баланың тұлғалық және физиологиялық, әлеуметтік, қатынастық, шығармашылық, танымдық дамуын қамтамасыз етеді.

 

МАЗМҰНЫ

1. Түсіндірме жазба

2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

3-4 жастағы балаларға арналған бағдарлама

3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама

4. Күн тәртібінің үлгісі

5. «Денсаулық» білім беру саласы

6. «Қатынас» білім беру саласы

7. «Таным» білім беру саласы

8. «Шығармашылық» білім беру саласы

9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы

10. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

11. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы

4-5 жастағы балаларға арналған бағдарлама

12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама

13. Күн тәртібінің үлгісі

14. «Денсаулық» білім беру саласы

15. «Қатынас» білім беру саласы

16. «Таным» білім беру саласы

17. «Шығармашылық» білім беру саласы

18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы

19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы

20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы

21. Мерекелер мен ойын-сауықтар

22. Ата-аналармен жұмыс

23. Қолданылған әдебиеттер

Осымша

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.

«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты, толыққанды дамуына, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауына бағытталған.

«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:

1. Оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы мен үздіксіз жаңарып отыруы.

2. Тәрбиелеу мен оқыту мақсатгарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің өзара байланыстылығы.

3. Дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы.

4. Стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.

5. Балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық қатынас ұстанымы.

6. Тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС-на сүйене отырып, мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 464 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)