Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жас 6 ай - 2 жас

Балаларды құрылыс материалдарынан күрделі құрылымдар жасауға үйрету: екі текше мен пластинадан орындық, қақпа, тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ жасау. Орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде аражабындар жасау. Сюжетті ойыншықтармен ойнау үшін құрылымдарды қолдануға үйретуді жалғастыру.

1 жас 9 айдан бастап сюжетті ойындар үшін жиһаздар құрастыра білуге үйрету: екі кірпіштен диван, бір кірпішті жатқызып, екі кірпішті жанына қойып кереует жасау; міндеттері мен құрылымы әртүрлі екі зат құрастыру: үстел-орындық, кереует-орындық, текшелер мен кірпіштерден баспалдақ жасау, үш қырлы призма мен төрт кірпіштен сюжетті ойыншықтарға үйшік жасау. Баланың дербес ойынына қажетті сюжетті ойыншық жасауда «сюжетті құрастырулар», құрылымдарды жасауды қолдану (адам, жануарлар мен көлік түрлерін бейнелейтін орнықты пішіндер).

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- екі текше мен пластинадан орындық, қақпа; тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ құрастыруды;

- орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде аражабындар жасауды;

- сюжетті ойыншықтармен ойынға арналған құрылыстарды пайдалануды;

- сюжетті ойыншықтармен ойындар үшін жиһаздар жасауды;

- құрылымы және қолданылуымен ерекшеленетін екі түрлі заттарды бір мезгілде құрастыруды білуі тиіс.

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ

МАЗМҰНЫ

Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамының бастауы мен сезімдік-эмоционалдық ортасын қалыптастыру, бейнелеу өнері мен музыкаға қызығушылығын тәрбиелеу.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

- сурет салу мен мүсіндеу;

- музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асады.

 

 

Сурет салу және мүсіндеу

Мақсаты: баланы қолжетімді бейнелеу құралдарына бейімдеу, олардың эксперимент жасау ниеттерін қолдау.

Міндеттері:

1. Түрлі бейнелеу материалдарымен сурет салуға мүмкіндік жасау, олардың қасиеттерімен таныстыру.

2. Сурет салу мен мүсіндеуге қызығушылығын ынталандыру

Мазмұны:

Балалардың назарын сурет салу үдерісіне аудару, ересектердің сурет салу үдерісін бақылауға, қағаздағы қарындаш немесе бояудың бедерін байқауға, ересектерге еліктеуге мүмкіндік беру.

Бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакциясын тудыру.

Балалардың бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ынталарын қолдау; қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіру мүмкіндігін ұсыну.

Қағаз бетін қарындашпен тоқылдату, сызықтар жүргізу, не шыққанын баладан сұрау (күн, шарбақ, гүлдер).

Балаларды сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыру, сазбалшықпен тәжірибе жасау ниеттерін мадақтап, көмектесу. Сазбалшықты алақанына алып, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауға үйрету. Жалпақ дөңгелек пішінді «тәрелкелер», «үлкен және жуан шұжықты» мүсіндеуге үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қағаз бетіндегі қарындаш немесе бояудың бедерін байқай білуі, ересектерге еліктеуді;

- бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакцияларын білдіруді;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниетті;

- қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді;

- сазбалшықпен тәжірибе жасауды;

- сазбалшықты алақанына салуды, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;

- жалпақ дөңгелек пішіндер мүсіндеуді білуі тиіс.

 

Музыка

Мақсаты: музыка тыңдауға, ән айтуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қолдап, дамыту.

Міндеттері:

1. Есту қабілеттерін шоғырландыруды, әннің тек әуенін тыңдап қана қоймай, сонымен бірге сөзін тыңдауға, әуенді қимылдармен, дыбыстармен сүйемелдей білуді дамыту.

2. Бастапқы әншілік икемділігі мен музыка әуенімен ырғақты қарапайым қимылдар жасай білуді дамыту.

3. Балаларды бейнелі рөлді ересек адам қолындағы ойыншық атқаратын қарапайым сюжетті ойындарға қатысуға дайындау.

Мазмұны:


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)