Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жас - 1 жас 6 ай

- затты лентасынан, бауынан, ауа шарын, ойыншық машинаны, арбаны жібінен тартуға, жібінен тарта отырып, дыбысын шығаруға (қоңырау) үйрету;

- 1 жас 3 айдан бастап балаларды құрал-жабдықтарды (ауа шарларымен, ұзын тұтқалы арбамен ойындар) қолдануға дайындау мақсатында заттық құралдармен таныстыру;

- бір-бірімен байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю-жинастыру, алу-салу, кішкентай шарларды қорапқа, шелекке, ауыстырып салу, кіпшентай науалармен домалату;

- заттарды өлшемі (үлкен, кіші) немесе пішіні (шаршы, дөңгелек) бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауға үйрету;

- түрлі-түсті қақпақтарды жаю, жинастыру, бір затты іші қуыс заттың ішіне салу (көлемі кіші затты көлемі үлкен заттың ішіне салу), іші қуыс бірдей заттарды (кубтар, конустар, т.б.) мөлшері үлкен заттармен үстінен жабу;

- алмалы-салмалы ойыншықтарды жинастыру (қораптар, бөшкелер, т.б.);

- 2-3 сақинадан тұрағын конустық тіреуіші (өзекшесі) бар пирамидаға ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі, кейіннен бір өлшемді бірнеше сақинаны, түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыру;

- балаларды заттардың түстерімен таныстыру: қызыл, көк;

- спектрдің алты түсінің біріне қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, күлгін, ақ және қара түспен боялған: біркелкі заттармен іс-әрекеттерді ұйымдастыра отырып, сезімдік тәжірибені кеңейту;

- балалардың назарын түрлі-түсті (ақ шыныаяқ, кішкентай қара машина, қызыл, көк, сары гүл және т.б.), әртүрлі материалдардан (ағаш, полиэтилен, қағаз, металл, мата) жасалған заттарға аудару;

- балалардың назарын түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарына, сонымен бірге, ақырын, қатты дыбыс шығаратын музыкалық түрлі тембрлі (қоңырау, сылдырауық, сылдырмақ, т.б.) ойыншықтарға аудару; 1 жас 6 ай - 2 жас

- балаларды әрекеттерді орындауға көмектесетін зат-құралдарды қолдануға үйрету: ойыншықты таяқпен түртіп жылжыту, түтікшенің ішіндегі затты таяқпен итеріп шығару және т.б.;

- едәуір күрделі зат-құралдармен әрекеттерді қалыптастыру - сақинасы, аулағышы, қарпығышы бар таяқшамен ойыншықтар мен шарларды алу, орындарын ауыстыру;

- балаларды таяқшаның көмегімен түрлі пішіндегі заттарды жақындатуға, сонымен қатар ойыншықтарды мөлдір, кейіннен мөлдір емес түтікшеден (диаметрі 3-4 см, ұзындығы 20-25 см) таяқшамен итеріп шығаруға үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап еңбек құралдарына ұқсас құралдармен және ойыншықтармен мақсатына, пішіндеріне және кеңістіктегі орнына қарай әрекет жасауға үйрету;

- қалақша, қалып, күрек, шелек, т.б ойыншық жабдықтарды қолдануды үйрету;

- құммен, сумен, қармен ойнағанда ойыншық жабдықтарды дұрыс қолдануға ынталандыру;

- балаларды кішігірім қазықтарды ылғал құмға және тесіктері бар арнайы үстелге балғамен қағып кіргізуге үйрету;

- 1 жас 9 айдан бастап үш орындық алмалы-салмалы дидактикалық ойыншықтарды (бауырсақ, бөшкелер, т.б.) жинастыра білуін қалыптастыруды жалғастыру;

- заттарды өлшеміне қарай таңдауға және ажыратуға (үлкен, кіші) және өлшемаралық түсініктерді {үлкенірек, кішірек) түсінуге үйрету;

- ересектердің көмегімен конусты және тік негізге бірнеше сақинадан тұратын пирамиданы түсі мен өлшеміне байланысты жинастыру;

-1 жас 9 айдан бастап түрлі өлшемдегі сақиналардың 2-3 тобынан тұратын, ересектердің көмегімен түрлі өлшемдегі 4-5 сақинадан тұратын пирамида жинастыру;

- балаларды бір белгісі бойынша (өлшем, пішін), пішіндері әртүрлі (дөңгелек-шаршы, сопақша-үшбұрыш және т.б.), түсі бойынша (қызыл-көк, сары-қара, жасыл-сарғыш, ақ-күлгін) ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруға үйрету;

- балаларды заттармен әрекетті дәл орындауға ынталандыра отырып, ұсақ қол қимылдарын дамыту (ұсақ алмалы-салмалы заттар, түрлі пішін мен өлшемдегі ойыншықтары бар «ғажайып қалта»); дидактикалық ойындар мен тұрмыста балалардың сенсомоторлық көз бен қолдың үйлесімділігін қалыптастыру;

- түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңырау, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыруды жалғастыру;

- 1 жас 9 айдан бастап алдымен екі, кейіннен үш бөліктен тұратын сәйкес алмалы-салмалы-бөлшектерді таңдау;

- қораптарға қақпақтарын таңдау (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- 1 жас 9 айдан бастап ересек адамдардың айтуымен белгілі бір түсті затты алып әкелуге ынталандыру; тұрмыстық заттар, дидактикалық және ұлттық ойыншықтарды қолдана отырып, бір мезгілде екі қасиетке - түс пен өлшем, пішін мен өлшем, пішін мен түске бағдарланған тапсырмаларды орындау;

- 2 жасқа қарай пішіні мен өлшемі бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру, топтастыру біліктерін қалыптастыру;

- заттар туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Түсі мен өлшеміне қарамастан таныс заттарды (доп үлкен, кіші, қызыл, көк, т.б.) тануға және көрсетуге үйрету;

- негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажыратуға үйрету, тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдау; шарлар мен бөлкелерді түстеріне қарай қорапқа салу, үстелге қою. Екі түстен артық түстерді атауға үйрету;

- 4 түрлі түсті реңкті: қызыл - қызыл сары, сары - қызыл сары; көк - күлгін, сары - ақ үйлесіміндегі түрлі заттарды сәйкестендіре білуді қалыптастыру.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- іс-әрекеттерді орындауға қажетті қарапайым құрал жабдықтарды қолдануды;

- еңбек құралдарына ұқсас ойыншықтармен және құрал-жабдықтармен әрекет жасауды;

- екі және үш орындық дидактикалық ойыншықтарды жинастыруды;

- 2-3 топты қарама-қарсы өлшемдегі сақиналарды пирамидаға жинастыру; үлкендердің көмегімен 4-5 жэне одан да артық түрлі өлшемдегі сақиналарды пирамидкаға жинастыруды;

- бірнеше заттарды бір белгісі (өлшем, пішін) бойынша топтастыруды;

- заттармен іс-әрекеттерді шеберлікпен орындауды, 2, кейіннен 3 бөлшектерді іріктеуде сәйкес қосымша-бөлшектерді таңдауды;

- қораптардың қақпақтарын таңдауды (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш);

- түсі мен өлшемінен тыс таныс заттарды танып, көрсетуді;

- негізгі төрт түсті ажыратуды (қызыл, көк, сары, жасыл), тәрбиешінің ұсынысымен бір түсті заттарды таңдауды;

- екіден кем емес түстерді атауды;

- 4 түсті реңктердің қызыл-қызыл сары-сары; сары-қызыл сары-сары, көк-күлгін, сары-ақ үйлесімінде түрлі заттарды сәйкестендіруді білуі тиіс.

 

Құрастыру

Мақсаты: Қарапайым құрастыру жасауға бейімдеу, сенсорлық қабілеттері мен қарапайым құрастыру біліктерін дамыту.

Міндеттері:

1. Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету.

2. Балаларға сюжетті ойыншықтармен ойнауға арналған құрылымдарды қолдануға үйрету, меңгерген құрастыру дағдыларын дербес ойындарда қолдану.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)