Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Поляризация жазықтығының бұрылуы

Читайте также:
  1. Нет. Поляризация была создана на более ранней стадии, когда твой разум оценивал настоящий момент как плохой; вот тогда-то это суждение и создало негативную эмоцию.
  2. Поляризация света. Закон Брюстера. Двойное лучепреломление
  3. Поляризацияланған және поляризацияланбаған жарық. Малюс заңы

Кәдімгі бұрылу. Поляризация жазықтығын бұру қабілеті бар кейбір заттар (кварц, қант, скипидар, қанттың судағы ертіндісі, шарап қышқылы) оптикалық актив заттар деп аталады. Олар арқылы өтетін жазық поляризацияланған жарық, поляризация жазықтығын бұруды туғызу қабілетіне ие болады. Кристалл заттар, жарық кристалдың оптикалық осі бойымен тараған кезде поляризация жазықтығын күшті бұрады. Тәжірибеден алынғандай, поляризация жазықтығын бұру бұрышы j оптикалық актив кристалдар мен таза сұйықтар үшін былай болады:

,

оптикалық актив ертінділер үшін

, (7.21)

мұндағы l − жарықтың оптикалық актив заттағы жүрген жолы (ол заттың табиғатына, температурасына және вакуумдағы жарық толқынының ұзындығына тәуелді), С − актив заттың концентрациясы.

Поляризация жазықтығын бұру бағыты бойынша оптикалық актив заттар оңға- және солға-айналдырушы заттарға бөлінеді. Френель теориясы бойынша, шеңбер бойымен оңға және солға поляризацияланған сәулелер үшін оптикалық актив заттарда, жарықтың таралу жылдамдығы әртүрлі болады. Поляризация жазықтығын бұру құбылысы мен (7.21) формуласы оптикалық актив заттардың ертінділерінің концентрациясын дәл анықтаудың тәсілі негізінде жатыр, бұл поляриметр (сахариметр) деп аталатын тәсіл өндірісте қолданылады.

Магниттік бұрылу (Фарадей эффектісі). Оптикалық актив емес заттар магнит өрісі әсері нәтижесінде поляризация жазықтығын бұру қабілетіне ие болады. Эффект жарықтың магниттеліну бағыты бойымен таралғанда байқалады. Зерттелетін зат электромагнит полюстері арасына қойылады.

Поляризация жазықтығын бұру бұрышы j жарықтың зат ішінде жүру жолына l және заттың магниттелінуіне J тура пропорциональ болады. J= æ H болғандықтан

, (7.22)

мұндағы V −Верде коэффициенті немесе толқын ұзындығына тәуелді меншікті магниттік бұрылу. Бұру бағыты магнит өрісі бағытымен анықталады.

Оптикалық актив заттар магнит өрісі әсері нәтижесінде кәдімгі қабілеттілікке қоса поляризация жазықтығын қосымша бұру қабілетіне де ие болады.

 

Нег. 2[428-443, 453-465], 7[377-398], 8[347-367].

Қос. 48[326-328].

Бақылау сұрақтары:

1. Жарықтың заттарда таралуы.

2. Қалыпты (нормаль) дисперсияның классикалық өрнегі.

3. Дисперсияның электрондық теориясы.

4. Қалыпсыз (аномаль) дисперсияның табиғаты.

5. Жарықтың жұтылуы.

6. Поляризацияланған жарықты алудың сізге қандай әдістері белгілі?

7. Жұтылатын ортада таралатын жазық сызықты поляризацияланған монохромат толқын теңдеуі қандай түрде берілген?

8. Көрінетін жарықтың затпен әсерлесуі кезінде неліктен тек электрон ғана қатысады?


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 50 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)