Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу мәні, қағидалары, сатылары

Читайте также:
  1. Адам құқықтары бойынша Орталық өз мәртебесі бойынша қандай орган болып табылады
  2. Азiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
  3. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  4. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  5. Азаматтардың мәдениет саласындағы құқықтары
  6. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары
  7. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.

Негізгі ұғымдар: әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу өндірісі

1. Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару аясында оған уәкілеттенген әкімшілік-процессуалдық қатынастар субъектілерінің жеке, нақты істерді шешу жөніндегі әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген қызметі.

Әкімшілік процестің басқа процесс түрлерінен (қылмыстық, азаматтық) айырмашылығы бар. Әкімшілік процесс – бұл басқарушылық қызметті жүзеге асыру үшін, бірінен соң бірі жасалатын әрекеттер. Ол әкімшілік материалдық және басқа құқық салаларының нормаларын жүзеге асырудың нысаны болып саналады.

Әкімшілік процестің мазмұны болып басқару аясында өздерінің құқықтары немесе міндеттерін жүзеге асыруына байланысты процесс субъектілерінің арасындағы басқарушылық процесуалдық қатынастар саналады.

Әкімшілік процестің басқа процесс (қылмыстық, азаматтық) түрлерінен тағы да бір айырмашылығы – оның кең көлемді қоғамдық қатынастарды қамтитындығы және көптеген әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелінетін өте күрделі, ауқымды іс жүргізу (өндіріс) құрылымы бар.

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.

Әкімшілік процестің негізгі қағидалары болып мыналар саналады:

1. Заңдылық қағидасы. Әкімшілік процестің заңдылық сипаттамасы ҚР Конституцияның талаптарына негізделген.

2. Объективтілік қағидасы. Істің барлық жағдайлайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықауды білдіреді.

3. Заң мен істі шешетін органның алдында әкімшілік іс жүргізу субъектілерінің теңдік қағидасы.ның мағынасы – белгілі әкімшілік-процесуалдық мәртебесін бекітуінде, осыған байланысты әрбір адам және азамат тегіне, әлеуметтік, лауазымдылық және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына және істейтін жұмысының сипатына, тұрғылықты жеріне қарамастан, заң мен басқарушылық істі шешетін органның алдында тең.

4. Жариялылық қағидасы. – процестің азаматтарға ашықтығы. Процесс ашық түрде жүргізіледі, тек мемлекеттік құпяны сақтау мүдделеріне қатысты және іске қатысушылардың жеке басының, өмірінің жақтарын қарау кезінде ғана процесс жабық түрде жүргізіледі.

5. Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Іске қатысушыларға байланысты, істі қарауды жүргізгенде ана тілінде сөйлеуге және егер іс жүргізуші тілді білмейтін болса тілмаштың қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

6. Процестің үнемділігі және тиімділік қағидасы. Басқарушылық істер заңда белгіленген мерзімдерде қаралып, шешімін табу және іс бойынша қабылданған шешімнің (сұрақтың) орындалуына мүмкіндік береді.

7. Процесс тәртібін бұзғандық және қабылданған акт (шешім) үшін жауаптылық қағидасы. Осы ұстанымға байланысты процестің ережелерін немесе заңсыз акт (шешім) қабылдаған кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік процесте субъект (қатысушылар) ретінде мыналар саналады:

1. ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.

2. Мемлекеттік органдар, кәсіпорындар және мекемелер.

3. Қоғамдық бірлестіктер және мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер

4. Мемлекеттік қызметшілер.

5. Қоғамдық бірлестіктер және басқа да мемлекеттік емес құрылымдардың қызметшілері.

 

2. Әкімшілік процесс сатылары. Процессуалдық әрекеттер белгілі бір қисынды тәртіппен жүргізіледі. Бұл әрекеттер белгілі бір сатыларға топтастырылады, олар:

1. Басқарушылық істі (сұрақты) қозғау және оны тергеу соған өкілеттенген мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) өкілеттеріне жатады. Істі қозғаған орган оны тексереді, яғни іске қатысты материалды, қозғалған істің маңыздылығы және қажеттілігін айқындайтын мәліметтерді жинайды.

Содан кейін істі қозғауға себептер мен негіздерін айқындайды, істің мәні бойынша қарауға дайындайды және т.б.

2. Істі қарауды өкілетті орган (лауазымды тұлға) жүзеге асырады. Істі қарау сатысында барлық жағдайлар зеріттелінеді, ал қажетті жағдайда қосымша материалдар жиналады.

3. Іс бойынша шешім қабылдау. Барлық матермалдарды қарап, орган (лауазымды тұлға) іс бойынша шешім қабылдайды (шығарады), ол басқарудың жеке осындай түрде қабылданатын барлық құжаттардың талаптарыеа сай болуы қажет.

4. Істі шағымдау және наразылық білдіру. Процеске қатысушылар және іс бойынша мүдделі тұлғалар іс бойынша қабылданған шешімді шағымдауға құқысы бар. Заңда белгіленген тәртіпті іс жөнінде қабылданған шешімге прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Орган (лауазымды тұлға) іс жөніндегі шешімге шағымды және наразылықты қараған кезде шығарылған қаулының заңдылығын және негізділігін тексереді.

Іс жөніндегі қаулыға шағым мен наразылықты қарайтын орган (лауазымды тұлға) мына шешімдердің бірін қабылдайды:

- Шешімді өзгеріссіз, ал шағым мен наразылықты қанағаттанарлықсыз қалдырады.

- Шешімді бұзады және істі жаңадан қарауға жібереді.

- Іс бойынша шешім өзгертіледі.

- Іс бойынша шешім күшін жояды және іс қысқартылады.

5. Шешімді орындау. Бұл саты әкімшілік процестің ең соңғы сатысы болып саналады. Заңда қабылданған шешімді жүзеге асыратын органдар белгіленген тәртіпте оның орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қолдануы мүмкін. Егер шешімді орындаудың мерзімі өтіп кетсе, ол орындалуға жатпайды.

Аталған сатылар әкімшілік процестің жалпы процестің жалпы сатылары болып саналады. Ол барлық әкімшілік өндірістің түрлеріне тән.

 

3. Әкімшілік процессуалдық қызметті екі мағынада сипаттауға болады.

Біріншіден, мемлекеттік басқару қызметінің өзі әкімшілік процестің көрінісі ретінде болады.

Екіншіден, материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне әкеп түйістіреді.

Сонымен, әкімшілік процесс екі түрлі топтағы әкімшлік-процессуалдық (өндірісті) іс жүргізуді қамтиды, яғни атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға байланысты өкілеттенген органдар мен лауазымды тұлғалар қызметінің процессуалдық жағын көрсететін – юрисдикциялық және рәсімдік (процессуалдық) болып бөлінеді.

Іс жүргізудің әрқайсысы жеке анықталған әкімшілік немесе заңдылық пен мемлекет тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы сұрақтарды шешудің заңмен белгіленген тәртібін анықтайды. Бірақ юрисдикциялық және рәсімдік іс жүргізуде пәні мен іс жүргізу бағыттарында айырмашылық бар.

Юрисдикция сөзі ( латынның «Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізу деген мағынаны білдіреді.

Юрисдикциялық іс құқық қорғаушылық сипатта және атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық дауды қарау мен шешуіне қатысты жүргізіледі және олардың қатысушыларының мінез-құлықтарына құқықтық баға беріп, кінәлілеріне мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Рәсімдік іс жүргізуде атқарушы органдар өз құзіреті шегіндеәкімшілік даудың болмауына байланысты, кейбір сұрақтарды шешуде арнаулы рәсімдік ережелерді сақтауға міндетті.

Рәсімдік іс жүргізудің нәтижесі – мемлекеттік мәжбүллеу шараларын қолдану емес, атқарушы билік органдарының белгілі бір рұқсаттарды беру, жеке құқықтық актілерді шығаруының көмегімен басқару органдарының бір қалыпты жұмысы қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері қамтамасыздандырылады.

 

4. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу әкімшілік іс жүргізу құрылымында ең маңызды элемент болып табылады. Оны әкімшілік құқық нормаларымен реттелген әкімшілік жаза қолдану және сондай қоғамдық қатынастарға байланысты уәкілетті субъектілердің қызметі ретінде түсінуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу – бұл мемлекеттік органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға бағытталған және қажетті жағдайларда әкімшілік жазаларды қолданатын әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелген қызметі.

ҚР ӘҚБтК –нің 577 бабына сәйкес: Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізудің міндеттері әрбір істің мән-жайын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективтік анықтау, оны ӘҚБК-ке сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу қағидалары:

- заңдылық – заң талаптарын барлық әкімшілік-процессуалдық қызметке қатысушылардың орындауы.

- Іс бойынша объективтік айқындықты анықтау – істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу керек екндігін білдіреді;

- Адамның кінәлі еместігі – әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамның кінәләләгі заңмен белгіленген тәртіпте дәлелденбесе, ол кінәлі деп саналмайды.

- Азаматтардың заң алдындағы теңдігі

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісінің сатылары:

- әкімшілік тергеу

- әкімшілік істі қарау

- қаулыны қайта қарау

- қаулыны орындау

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 158 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)