Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік қызметті өткерудің әкімшілік-құқықтық реттелуі

Читайте также:
  1. Адағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі.
  2. АЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢАТРИБУТТАРЫ
  3. Азақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігі
  4. арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  5. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  6. Арағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
  7. Арауылдық қызметтің ережелері. Қарауылдар наряды.

Негізгі ұғымдар: мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші, мемлекеттік саяси қызметші, мемлекеттік әкімшілік қызметші, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметті жинақтау

 

1. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызметінің құрамдас бір бөлігі. Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдар, мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады.

Ал тар мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік билік органдарында қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады.

Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттерін функциялары жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптерге негізделеді. Олар:

1) Заңдылық принципі – заңдарды және басқа нормативтік-құқықтық актілерді барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің лауазымды және басқа адамның мүлтіксіз орындауы.

2) Қазақстандық патриотизм принципі – бұл принцип арқылы қоғамдық келісімге және саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге болады.

3) Мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық, сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, бұл мемлекеттік билік көзінің ортақ екендігіне негізделген.

4) Азаматтық құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы принципі.

5) Жалпы қол жетімділік принципі, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқылы.

6) Азаматтық мемлекеттік қызметке кіруінің ерекшелігі принципі - өз таңдауын жүзеге асыру және мемлекеттік басқару өрісіндегі өз тәжірибесі мен біліміг жүзеге асыру мүмкіндігімен байланысты.

7) Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі принцип і- қызметтік функцияларын орындау үшін мемлеекттік қызметкерлерде арнайы білім, жұмыс тәжірибесі мен дағдысы болуы керек.

8) Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу прниципі.

9) Мемлекеттік қызметшінің бақылауда болуы және есептілігі.

10) Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру принципә.

11) Мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы принципі.

2. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметшілерді екі санатқа бөледі: саяси және әкімшілік қызметшілер.

Мемлекеттік қызметші дегеніміз – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен репсубликалық немесе жергілікті бюджеттен тыс ҚР-ның Ұлттық банктің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.

Мемлекеттік саяси қызметші тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Саяси лауазымдарға:

1) ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер олырдың орынбасарлары

2) ҚР-ның Парламентінің Палаталары және Парламент палаталарының төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметішлер, олардың орынбасарлары.

3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер

4) Орталық атқарушы органдар мен ведомстваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

3. Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі. Барлық мемлекеттік қыметшілер құқық субъектісі болып табылады. Олар құқықтарға, бостандықтарға және міндеттерге ие, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің алдында барлық азаматтармен қатар жауапты болады.

Сонымен бірге, заң қызмет мүдделерін ескере отырып, бірнеше шектеулер бекітеді. ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 10-бабында мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер көзделген. Мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулер, яғни мемлекеттік қызметкердің мыналарға құқығы жоқ:

1) Өкілетті органның депутат немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі болуға

2) Педагогикалық, ғылыми және басқадай шығармашылық қызметтен өзге ақы төленетін қызмет атқаруға

3) Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, коммерциялық ұйымдарды басқаруға қатысуға

4) Өзі қызметте тұрған органда не оған тікелей бағынатын немесе оның бақылауындағы органда үшінші адамның істері бойынша өкіл болуға

5) Мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттерді атқаруға кедергі келтіретін әрекеттерге қатыуға

6) Лауазымды өкілеттікті пайдаланумен байланысты азаматтың және заңды тұлғаның көрсеткен қызметін пайдалануға құқылы емес.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттері мен құқықтары, барлық қызметшілерге таратылатын жалпы, нақты лауазымдық функцияларды орындауға байланысты арнаулы және жеке болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызметшіге мынадай жалпы міндеттер жүктеледі:

1. Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

2. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;

3. азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгіленген тәртіп пен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;

4. өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес өкілеттігін жүзеге асыруға;

5. мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;

6. өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;

7. заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;

8. басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға;

9. мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де, заңмен белгіленген белгілі бір уақыт ішінде, ол жөнінде қолхат бере отырып сақтауға;

10. қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысын және қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға және олардан заңдарда көздлген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеуге;

11. мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге;

12. мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделері оның өкілеттігі мен түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды тұлғаны дереу хабардар етуге;

13. қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндетті.

Мемлекеттік қызметшіге мынадай жалпы құқықтар берілген:

-Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

- өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауына талап етуге;

- белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

- лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

- жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Мемлекеттік қызметшілердің арнаулы құқықтары мен міндеттері өздері қызмет атқаратын оргндарынан туындайды. Қызметші өзінің лауазымдық құзіретіне қарай міндеттерді орындайды және құқықтарға ие болады. Арнаулы міндеттер мен құқықтар заңдар және заңнан туындайтын актілерде бекітіледі.

Мемлекеттік қызметшілер жеке құқықтарға ие, олардың қатарына мыналар жатады:

- басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

- жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне, басшылар, өз ге лауазымды тұлғалар және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен көзқарас жасалуына;

- өзі атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңда белгңленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

- тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

- өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;

- біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;

- қызметшінің пікірінше, негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

- еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

- әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

- мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

- зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға.

Мемлекеттік қызметшілердің қамсыздандыру шаралары қатарына:

- мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу;

- мемлекеттік қызметшілердің демалысы; мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу;

- мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау және мемлекеттік қызметшілерді зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру жатады.

 

4. Мемлекеттік қызметті өткеру деп мемлекеттік қызметтік қатынастардың болуын, өзгеруін және аяқталуын келтіретін заңдылық факторлар жүйесін айтамыз. Бұл қатынастарға мыналар жатады:

- мемлекеттік қызметке кіру;

- мемлекеттік қызметшіні аттестаттау;

- қызмет бабы бойынша жоғарылау;

- Қызметшілердің қызметін ынталандыру;

- мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы;

- мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы.

Мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі мемлекеттік қызмет түрлеріне, оның ерекшліктеріне және мемлекеттік қызметшілердің қызметінің саралануына байланысты заңдар және басқа да құқықтық актілермен анықталынады.

Мемлекеттік саяси қызметке кіру. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ заңдарда белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру құқығы. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы және жоғары тұрған санаттағы лауазымды атқару жолымен қызметі бойынша жоғарылауы, заңмен өзге де көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

«Жинақтау» ұғымы мемлекеттік қызметтердің кадрларын даярлауды, іріктеуді және орналастыруды қамтиды.

Мемлекеттік қызметті жинақтау дегеніміз – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және кадрларды орналастыру.

Мемлекеттік қызметкерлерді жинақтаудың ұйымдық-құқықтық тәсілінің практикада және заңнамада 4 тәсілі танылаған. Олар:

Алу - адамдарда мемлекеттік қызметке алғанда кадр жинақтаудың бір тәсілі, ол негізінен мемлекеттік қызметкерлердің кадр резервін қалыптастыруда қолданылады.

Тағайындау - саяси мемлекеттік қызметкрелердің мемлекеттік қызметке кіру тәсілдерінің бірі. Саяси мемлекеттік қызметшінің лауазымдық тізідемесін ҚР-ның Президенті бекітеді.

Сайлау - мемлекеттің, халықтың белгілі бір бөлігінің немесе қандай да бір органның тапсырмасы бойынша құзыретті жүзеге асыратын нақты адамдарды ұсыну және сайлау.

Конкурста бос әкімшілік мемлекетті қызмет орны бар мемлекеттік орган немесе ҚР-ның Президентінің шешімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді. Конкурс ашық және жабық түрде өткізіледі.

Мемлекеттік қызметшілердің сол мемлекеттік органда ауысу тәртібімен бір қызмет санатының ішіндегі мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы осы лауазымды атқаруға үміткер мемлекеттік әкімшілік қызмешілерге қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі жағдайында конкурстық іріктеусіз жүзеге асырылуы мүмкін.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің, сондай-ақ тұрақты негізде жұмыс істейтін, өз өкілеттігін доғарған және ұсынылатын біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасуға құқығы бар.

Мемлекеттік саяси қызметшілер мен тұрақты негізде жұмыс істейтін Парламент депутаттарының, мәслихат депутаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының президенті айқындайды.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жынысына, нәсіліне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге қатынасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсн тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мынадай талаптрға сәйкес келуге тиіс:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;

2) егер Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше белгіленбесе, жаса он сегіз жастан кем болмауға;

3) қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуға және белгіленген біліктілік талаптарына

Азамат мемлекеттік қызметке кірген кезде салық қызметі органдарына өзі алған табысы мен өзіне меншік құқығымен тиесілі, салық салу нысаны болып табылатын мүлкі турлы мәліметтерді табыс етуге міндетті.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік саяси қызметке кіру үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 202 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)