Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СӨЖ-дің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Читайте также:
  1. Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т.Б. қысқа мерзімді жоспары.
  2. Бастауыш сынып мұғалімі Арыстанбек Т.Б. қысқа мерзімді жоспары.
  3. Дәрістің тақырыптық жоспары
  4. Жұмыстарының күнтізбелік – тақырыптық жоспары
  5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  6. Күнтізбелік-тақырыптық лекция сабақ жоспары
  7. Күнтізбелік-тақырыптық семинарлық сабақ жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
  Әкімшілік мәжбүрлеу 1. Әкімшілік мәжбүрлеудің ұғымы және негіздері       4-апта 1)Конспект, 2)кластер тәсілдерін пайдалану, 3) кесте құру және толтыру
2. Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері  
3. Әкімшілік бұлтартпау шаралары.  
  Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері. 1. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық       7-апта   1)қысқаша мәлімет 2) Слайд     3)Конспект  
2. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық  
3. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық  
  Әкімшілік жауаптылық. 1. Әкімшілік жауаптылықтан босату негіздері     11-апта 1)кластер жасау     2) Слайд   3) Конспект  
2. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы  
3. Заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығы  
  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу. 1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері       14-апта 1) Слайд жасау     2) кесте құру     3) Конспект   4) Конспект  
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану.  
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау  
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау  
  Барлығы      

 

Глоссарий

 

Әкімшілік айыппұл – әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

Әкімшілік алдын алу шаралары – адамның қоғамдық және жеке басының қауіпсіздігіне қауіп-қатер туғызатын, құқық бұзушылықтар мен жағдайдың алдын алу мақсатында ранайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларының бір түрі.

Әкімшілік жаза – осыған заңмен уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Әкімшілік жазалау шаралары – құқық бұзушылыққа көңіл аударудың нәтижесі ретінде арнайы уәкілдік берілген субъектінің қолданатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу – бұл мемлекеттік органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға бағытталған және қажетті жағдайларда әкімшілік жазаларды қолданатын әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелген қызметі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы –әкімшілік құқық бұзушылық ретінде нақты қоғамдық қауіпті әрекет ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен белігленген объективтік және субъективтік белгілердің біртұтастығы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективтік жағы – бұл құқыққа қарсы іс-әрекетті немесе әрекетсіздігі қол сұғудың нәтижесінғ әркетпен және туындаған салдардың арасындағы себепті байланысын, жасалынған әкімішлік құқық бұзушылықтың орнын, уақытын, жағдайын, тәсілін, қаруы мен құралын сипаттайтын тыртқы белгілері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объекті – әкімшілік құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар (жек адамның құықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, қоғамдық өнеге, ар-намыс, адамның тыныштығы)

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл адамның жасалынған әрекетке психикалық жағынан қарауын сипаттайтын беліглердің жиынтығы. Оның түйіні кінә болып табылады. Ол қасақана немесе абайсыздық нысанында болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері – жеке және заңды тұлғалар. Арнайы субъектілер – лауазымды адамдар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде ақыл есі дұрыс, 16 жасқа толған адам әкімішлік жауаптылықта болады.

Әкімшілік құқық жүйесі - өзара байланысты әкімшілік-құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік мәжбүрлеу арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессулдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген техникалық, физикалықң материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасаудың құралы.

Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару аясында оған уәкілеттенген әкімшілік-процессуалдық қатынастар субъектілерінің жеке, нақты істерді шешу жөніндегі әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген қызметі.

Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары қоғамдық қатынастарды қауіпсіздіктен, оның құқық бұзушылық немесе өзге әрекеттің не болмаса оқиғаның салдарынан пайда болуына қарамастан қорғаудың құралы.

Әкімшілік іс жүргізу – ерекше әкімшілік процессуалдық тәртіпте жүргізілетін, істі заңға сәйкес толық, жан-жақты шешу мақсатындағы әкімшілік-құқық бұзушылық бойынша істерді қарауға уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың және де оған қатысушы органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтық қатынас нысанындағы заңға сәйкес қызметі.

Әкімішлік құқық бұзушылық – жеке адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен әкімішлік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі.

Ескерт у – әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады.

Заңдылық – демократиялық түрде ұйымдастырылған қоғамның өмір сүруі мен дамуының басты нышаны.

Күш көрсету түріндегі мәжбүрлеу шаралары құқыққа қарсы мінез-құлықтың жолын кесе отырып, жеке тұлғаның әрекет бстандығын шектейді.

Қадағалау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Қадағалаудың прокурорлық, әкімшілік және соттық түрлері бар.

Материалдық мәжбүрлеу – жеке тұлғаның, лауазымды тұлғаның және заңды тұлғаның ақшалай сомалары мен мүлкі арқылы мінез-құлқына әсер етеді.

Мәжбүрлеу – қоғам дамуының объективтік қажеттіліктерімен байланысты, мемлекеттік биліктің қасиеті болып табылады, өйткені ол-әрбір әлеуметтік ұйымның қажетті элементі және әрбір биліктің қасиеті.

Психикалық мәжбүрлеу ерікке, эмоцияға әсер етеді.

Ұйғарым – бұл белгілі құқық нормасымен қарастырылған қандай да болмасын заңдылық мағынасы бар, әрекетті жасауға тікелей заңдылық міндетті жүктеу. Демек, қажетті жағдайда қандай әрекет жасау керектігін норма көрсетеді.

Юрисдикция сөзі ( латынның «Iurisdictio») сот, сот ісін жүргізу деген мағынаны білдіреді.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 68 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)