Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

баланс теориясы 2 страница

Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

49.Есептеу құралдарының пайда болуы және дамуы

Греция бірінші есептеу құралының отаны болып саналады. Мұнда абак ойлап табылды. Осының ең біріншісі монета түрінде ақшалар пайда бола бастады. Бұл құбылыс есептің дамуындағы ең елеулі ырғақ болды: ақша бастапқыда есепке алудың өз бетіндік құралы ретінде саналды, кейін есеп айырысу құралы ретінде және соңында құндық өлшем функциясын атқарды. Яғни, олар барлық мүлікті өлшейді.

Кейбір деректерге қарағанда санаққа, санауға түсетін нәрселер өнім түрінде сатылатын болған. Санау құралдары тауарлар түрінде пайдаланып, бухгалтерлік есептің алғашқы құралдыра тауарлар түрінде пайдаланып, бухгалтерлік есептің алғашқы құралдары болып танылған. Мысалы, май құйылған құмыралар саны, малдардың ұрғашысы мен еркегі, құралдардың саны тағы сол сияқты арнайы белгілер салу арқылы белгіленген. Арнайы жасалған белгілер мен таңбалар салу нәтижесінде жазулар, әріптер пайда болса керек. Жекелеген әріптерді ыңғайлы пайдаланудың нәтижесінде алфавиттік жазулар жазыла бастаған. Күні бүгінге дейін біздің пайдаланумыздағы әріптер нұсқасы ең әуелі сиқай жартыаралынан басталыпты. Біртіндеп алфавит алфавит Грецияға тараған. Біртіндеп келген осы алфавитті гректер өз алфавитіне айналдырған. Тіл құрылымын зерттеудің нәтижесінде гректер грамматика мен синтаксисті қалыптастырған.

 

 


50.Кеңес Одағындағы 1940ж есептеу түрлерінің өркендеуі

Ресейдгі 1940 жылдары бухгалтерлік даму 4 сатымен жүргізілді:

1. Еңбек шығындарын есепке алу бойынша құжаттар;

2. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша құжаттар;

3. Өнім шығымын есепке алу бойынша құжаттар.

4. Материалдық шығындарды есепке алу бойынша құжаттар.

Қалғанын өзін ұқсастырып жаза бер, апай басы болса ары қарай өз білгеніңді жаза бер деген =))

Без обид..... где т соғыс жылдарымен байланыстыр


51.Шоттар жоспарының пайда болуы және қолданылуы

Ерте заманда есеп мәліметтері жазылған материалдар (балшық тақтайшалар, жапырақтар, сүйектер) арнайы құндылықтар болып саналған. Есеп құжаттары «Осы жылғы», «Келесі жылғы» құжаттарға топтастырылып, арнайы жәшіктер мен дорбаларға салынып, бұлардың аузын белдіктеу, және т.б байлап белгілер соғатын болған. Бұдан соң «Есеп жасаушылар» мүліктер құрамына кіретін заттардың жеке атуларын, малдар мен құралдардың т.б құндылықтар қозғалысын атап жазуды үйренген. Жекелеген құндылықтардың пайда болуының қасиетіне қарай, бұларды ірілендірілген топтарға топтастырып санап отырған. Құндылықтарды топтастырып, бір өлшемге келтіру нәтижесінде шартты өлшеммен өлшеу қажеттігі туындаған. Ертедегі Вавилонда «шартты кірпіш» және «адам күні» өлшемімен өлшеу әдісі қолданылған. Бұдан соң шартты өлшемдерді қолданудың нәтижесінде және құндылықтардың пайда болуының қасиеттерін жекелей өлшеу қажеттілігінен шоттар ұғымы пайда болған.

Біздің жыл санауымыздың XVIII ғасырына дейін Вавилонда бухгалтерлік есептің жекелеген құқықтық қасиеттері заңды түрде таныла бастаған. Мысалға, Хаммбураби сауда купецтердің тәуелсіз есеп жүргізуін талап еткен. Шіркеулер мен мешіттерге берілетін құндылықтар мемлекеттік тұрғыда қадағаланып, бұларға берілетін ақшалар сомасы тиісті адамдардың қол қойып растауынсыз есепке алынбаған.


 

52.ХХ ғасырдағы бухгалтерлік есеп жүйесінің даму кезеңдері

бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

Мүліктілік (пайда болған сәттен бастап XIII ғасырға дейін). Тек қана тауарлар, жабдықтар (таразылар, гирьлер, сөрелер және тағы басқа) есепке алынды.

Интегралд ы (XIII – XVII ғасырлар) – есепте ақшалай өлшем қолдана бастады. Әуелі монетаның сан түрі сол жердегі кең таралған монетаның біріне аударылатын коэффициентке қайта есептеліп, содан соң тауарлар да тек қана заттық қана емес, ақшалай өлшеуішпен де есептеле бастады. Осылайша сесптің екі: заттай және ақшалай сызбасы бөлініп шықты. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда болды.

Синтетикалық (XVII – XIXғ). Есеп обьектілерінің көптігі, тауарлық номенклатураны саралау (дифференциация), шар-ық қызметі көлемінің өсуі синтетикалық жне талдамалы деп бөледі. Осының арқасында шаруашылық қызметті талдауға жағдайлар жасалды. Есеп сызбасының (схема) үштен бір бөлігі – тауарлар ақшалай өлшеммен ескерілетін құндық (соманың) есебі пб

Методологиялық (XIX ғасырдың бірінші жартысы). Бухгалтерлік есептің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар да болатынын жете түсінді.

Коллациондық (XIX ғ ортасы). Мамандар шаруашылық процеске (коллация – бөліске түсетін мүлік, статистикалық мәлімет) қатынасын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік тәсілдер жасай бастады. Бір желі арқылы өзара байланысқан дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік жазба п б

Механикалық (XIX ғ соңы). Механизацияның, әсіресе кассалық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдандырады және есеп қызметкерінің еңбек өнімділігін арттырады.


53.Кеңес Одағындағы бух есептің алғашқы қадамы

Кеңес одағындағы бухгалтерлік есеп әрқашан батыстық үлгіден шыға алмады, бірақ бұл оның шынайы қалпында қалуға кедергі жасамады. Есепшілер византиялық татар- моңғол салық төлеу сметаларын, немістік есеп үлгілерін, ағылшын-американ стандарттарына да өтіп отырды. Кеңес одағында осы сияқты үлгілер, есеп стандарттары да көп болды, дегенмен 1000жылдан астам есеп тарихында жеткілікті өзіндік есеп үлгілері де баршылық.

Кеңес одағындағы бухгалтерлік есептің алғашқы қадамы «үш жақты» орыс бухгалтериясын негізге ала отырып пайда болды. «Үш жақты» атауы Үш жақты» атауы 3жағдайда туындады:

1. Тіркеу үш топтың жиынтығы бойынша жүргізіледі: кіріс, шығыс, қалдық.

2. Регистрлермен үш кітап бірге жүреді: журнал, бас кітап Ф.В. Езерский терминалогиясы бойынша есеп және шот кітабы, алмастырылатын баланс болып табылады.

3. Үш қана шот қолданылады: касса, құндылық, капитал.

Ф.В. Езерский мен И.П. Шмелев екі жақты жазуды құртып оның орнына үш жақты және төрт жақты шоттарды енгізгеніне сенсе, ал С.Ф. Иванов пен ЭЭ Фельгаузен басқа парадигмаға өзгерткісі келген, яғни 1кезеңінен, 2түпкірлей, 3кеңінен.

Сонымен қатар Кеңес одағының кезінде есептеулер жүргізілетін шотты: Халық табысының есебі; Халық байлығының есебі деп екіге бөлген. Осының өзі И.Ф.Валицкийдің бух есептің дамуына сіңірген еңбегінің нәтижесі. И.Ф.Валицкий- оның жұмыстарының ішінде қазіргі таңда шетелдер баспаларынана кездесетін еңбегі бар. Ол макро шот көмегімен статистикалық әдістер (жазуды бүхгалтерияны құжаттарсыз орындау), тіркеулер, акттер, статистикалық есептеулер жүргізуге болады деп түсінді. Ғылым шоты алғашқы құжат ретінде жүретін мемориалды ордерлерінің көшірмелерінде есепке алынды. Есептеулер жүргізілетін шотты екі қатарға бөлген болатын.

Егер И.Ф.Валицкий екіжақты шығын парадигмасының шекарасын жылжытса, онда С.Ф. Иванов пен ЭЭ Фельгаузендер оларды тереңдетті және кеңейтті: жалпы негізгі назарға ие болған өнеркәсіпті есепке алу қағидалары болады.


54.Социалистік есеп және бақылау жөніндегі В.И.Лениннің көзқарасы

Негізінен социалистік ССР уақытында бәрімізге белгілі В.И.Лениннің билігі жүрді. Сондықтан да Лениннің ойы маңызды. Сонымен социалистік есептегі ең маңызды талап етілетін нәрсе бұл көрсеткіштердің нақтылығы және шындыққа жанасуы. Яғни, толығырақ айтқанда бухгалтерлік есеп жөнінде жағдайды және шаруышылық құралдыра жайлы ақпараттың дәлділігі. Негізігі қойылатын талаптар:

• бухгалтерлік есеп туралы жоспардың болуы;

• өз уақытында орындалуы;

• ақпараттың нақтылығы;

• есептің қарапайымдылығы, түсінікті болуы.

Социализмдегі халық шаруашылық есеп бұл біріңғай жүйе, яғни оперативті, статистикалық бухгалтерлік есептер бір жүйеге біріктірілді.

В.И.Лениннің айтуы бойынша бухгалтерлік есептегі ең маңызды фактор: бұл бақылаудың қажеттілігі. Себебі, социалистік қоғамның салымдарының дұрыс жүйеленуіне әсер етеді. Бұдан шығатын қорытынды: бухгалтерлік есеп пен бақылау әр қашан қатар орындалады.

 


55.Логисмология және оның 8 негізгі қағидасы

Логмсмологня чеп аіалагып озіпін іліміп Д Альвизе 8 жалпы каі іілаларлы корссі 11:

Аныктамалык (дәлдік):

Уакыттьілык;

Толыктылык;

Құжаттылык:

Хронологиялык:

Байланыстылык және коорлпнапиялык:

Ерекшелік:

Біртектілік.

Міне осы 8 кағида бухгалтерияның барлык ерекшеліктерін біріктіреді.

Д. Дзаппа Итальяндык мектепті бітірген сонғы ірі бухгалтер- лердің бірі. Ол Вилланып ойларын жалгастырып бухгалтернянын максатымен шекарасын кенейтті.

 


56.Ж.Б.Дюмаршенің бух есеп бойынша тұжырымы

Жан Батист Дюмарше – француздық бухгалтерлік ойдың көрнекті өкілдерінің бірі. Дюмаршенің ойынша есеп юристтік емес, нағыз экономикалық доктрина болып табылады. Ол есептің даму тарихын эмбрионның дамуымен, түрлі есептік органдардың дифференциалды және функционалды жұмысымен теңестіреді; бухгалтер шоттарды құрастырмайды, зоолог тәрізді жануарларды тауып, зерттеп, сипаттайтыны тәрізді тауып, зерттеп, сипаттайды. Осы барлық «тірі ағзалар» (шоттар) Дюмаршенің қарапайым «жасушасынан» құралды, яғни есеп айырысу шотынан Капиталға дейін өседі. Осы концепцияға сәйкес дебеттің және кредиттің мағынасы нақты болмауы мүмкін, ол әрдайым шоттың нақты ерекшеліктерінен туады. Негізгі еңбегі: «Бухгалтерлік есептің позитивті теориясы». Ол аналитикалық есеп жүргізудің заманауи интегралды әдістерін құрастырды. Ғалымның арқасында кітапсыз, картотеканың (дефинитив) көмегімен тұрақты хронологиялық регистрацияның формаларымен толықтырылды.

1944 жылы Жан Батист Дюмарше тұрақты халықаралық семинарлар дың көмегімен бөлек экономикалық мектептердің бірігуі жайлы идея ұсынды. ІІ Дуниежүзілік соғыстың аяқталуына байл барлық елдердің пролетариаттары бірігіп жатқанда, бұл бухгалтерлік есептің патриархы шаруашылық өмірдің ғылыми теориясындағы болашақ мүмкін интеграциялары жайлы ойлана бастады. Ғалым қатаң негіздерге сүйене отырып, жоғарғы мүмкіндіктерді ойланды. Оның өз-өзіне сенімді болғаны сонша – болашақ әлемдік бухг-лер ассоциациясының елтаңбасын салды. Онда ол келесілерді бейнеледі:

Күн – бухгалтерлік есеп шаруашылық өмірді жарықтандырып, оның әрі қарайғы дамуына негіз бола алады.

Бернулли қисығы – сол дамудың мәңгілік өмір сүріп, математикалық, қатаң ғылыми символ бола алады.

Таразы – юстицияның символдарының бірі. Сонымен бірге, баланстың, гармонияның және ресурстарға деген оң қарым-қатынастың белгісі.


57.20ғ француз мектебінен шыққан ірі ғалымдар Гильбо мен Леоте

Есептің үш түрінін доктринасын Э.Леоте мен А.Гильбо үсынды.

Француздык есеп ойларынын түпнүскаулык дамуы екі автордың енбектерімен басталды: Эжен Пьер Леоте - коммерциялык пәндердін окытушысы. Адольф 1 ильбо - бухгалтер-практик. Олар бастапкыда Франиияда, содан соң эле.мдік бухгалтерия эдебиеттер ішіндеп таза экономикалык багытты тапты. ягни I Іачолиден кейін есеп элі де математикалык пэн ретінде карастырылды.

Леоте мен Гильбо есептін 3 формасын шыгарды:

• функция: шот жүргізушші;

• функция: әлеуметтік;

• функция: экономикалык.

Сонымен катар олар шаруашылык операциялардын үлгісін куруга тырысіы.

R=v+x; R-y-гх;

R- өз күмы: у- сатудан түскен түсім: х - каржыдык нэтиже.

Кез келген операцияның болуы мүмкін:

1) \>0: 2) х=0: 3) х<0.


58.Капиталистік мемлекеттердегі шығындарды есептеу тәсілі


59.Капиталистік мемлекеттердегі бух есептің дамуы

• Жеке мүлікке негізделген процесстерді реттеп, оларды көрсетеді.

• Бұл жерде бухгалтерия сол реттелетін ұйымның шектеуімен жүреді.

• Есеп бұл жеке кәсіпкерлердің қатаң, құпия жұмыс нәтижесі болып табылады.

• Есептің негізігі мақсаты мен міндеті ол кіріс пен шығыстарды есептеп шығару.

• Бухгалтерлік есеп бұл коммерциялық құпия болып табылады. Сондықтан оны қатаң құпияда жасалынып, өзгертілуі мүмкін.

Дамыған капиталистік мемлекеттердің жетістіктерінен біз байқаймыз, бухгалтерлік есепті екі бағытқа бөлу: жалпы немесе қаржылық және калькуляциялық. Солардың есебінен мемлекет экономикасы дамып, шығындарды азайту жолы пйда болды. АҚШ та шешім қабылдау теориясы мен бухгалтерлік есеп өте тығыз байланысқан. Себебі бұл жүйе бойынша жеке кәсіпкер көре алады: шешім қабылдағаннан кейін ол фирмаға жақсы немесе зиян әсерін тигізу ықтималдығын.

Мұндай бухгалтерлік есеп жүйесі дамыған, мысалға АҚШ та, Жапонияда, Англияда және т.б елдерде қолданылады.

 

 


60.Ресейдегі алғашқы журнал СЧЕТОВОДСТВА және оның шығу тарихы

XIX ғасырдың аяғында Россияда профессионалды бухгалтерлік журналдар шыға бастады. Олардың айналасында жаңадан жас бухгалтер ғалымдар топтала бастайды. Сол журналдардың ішінен «Счетоводства» журналын (1888 — 1904) атаған жөн. Журналдың төрағасы керемет бухгалтер, халықаралық әйгілі ғалым, Болондық академияның шоттар бөлімінің мүшесі, итальяндық шоттар ұлтаралық қоғамшың мүшесі, Нидерландыдағы шоттар институтының корреспондент мүшесі Адольф Маркович Вольф (1854 — 1920) болды. Ол және сол журналдың қызметкерлері бір ғана мақсатты көздеді. Ол -Россиядағы екіжақты бухгалтерлік есепті дамыту. Теорияны дамыту облысында Вольфтің көмекшісі Василий Дмитриевич Беловтың қосқан үлесін айтуға болады. Ол бухгалтерияны басқа дисциплиналармен байланыстыра отырып, олардан бухгалтерияның артықшылығын, кемшілігін бөліп көрсетті. Еңбегі сіңген ғалымдардың бірі - Семен Моисеевич Барац

(1850 — 1913). Ол хронологиялық жазуды қолдады, оның себебін былай түсіндірді: шаруашылық операциядағы есептеу формуласын бір жерде көргісі келетіндігі; кез келген күнде жүргізілген операцияларды тез табуға мүмкіндік; системалық жазуларды бақылау, қадағалау. Барац бухгалтерлік есепке уақыт енгізуді ұсынған және енгізген ғалым. «Счетоводства» журналындағы ең талантты ғалым Лев Иванович Гомберг (1866 — 1935) болды. Ол бойынша кредиттік жазу ол әрқашан себеп болса, ал дебеттік жазу оның салдары деген. Гомбергтің арқасында орыс бухгалтериясы әлемдік аренаға шығып, европа елдерінің интеллектуалдарына әсерін тигізді. «Счетоводства» журналының тағы көптеген авторлары болған: К.Г.Щетинин-Какуев (Москва) – текстильдік шот жүргізудің негізін қалаушысы; М. Я. Батеньков (Н.-Новгород) – жаңа учеттық дисциплинаны (ревизияны) енгізген; А. А. Беретти (Владимир); А.З. Попов (Харьков). Журналдың шығуы қаржы министрлігінің субсидиясымен шығып отырған. Бірақ, 1904ж. япония мен ресей арасындағы соғысқа байланысты мемлекеттің жылдық субсидиясы (2 мың руб.) алынып тасталды. Сол себепті журнал жабылып, өз қызметін тоқтатты.

 


61.Ресейдегі мемлекеттік шаруашылық есебі

Есептің негізін барлаушы кітаптар түріндегі инвентарлық жазбалар құрады. Әрбір жылдың басында(жал басы қыркүйектен басталды) немесе ағымдағы жылдың соңында тәжірибелі хатшылардың бастауымен кітаптар жасалынып отырды. Әрбір бұйрық салық жинау туралы болды және олар кітаптарды шығындардын жабу үшін осы бұйрықта бекітілген мемлекеттерде жүргізді. Барлық кіріс шығыс туралы жазбалар бұйрық беруші облысқа кіретін қалалардың барлығында жүргізілд і. Жылдың басында әрбір қалаға өткен жылдың жетіспеушіліктері туралы жазылып отырды. Ағымдағы жазбалар бастапқы құжаттарға байланысты жүргізілді, әрбір қалада есеп түсімдер түрі бойынша жүргізілді, олардың саны 127.

Жергілікті бұйрықтың сақталған құжаттары бойынша шығындар операциясының жазбалары үшін қол қою немесе басшылық жасап отырған адамның бұйрығы қажет болған. Әрбір жақтаушы құжатта хатшының шешімі болуы тиіс, ал мәтінде жалпы сомма жазылған шешімге қол қойылды. Есептегі жазбалар кітап қатарында жазылды. Әрбір жазбаның мазмұнын мыналар құрады: 1) мерзімі(ай, күн, кейде жыл); 2) мәтін 3) сатып алынған мүлікке сипаттама (мүлікті белгілеу, сауда қашан жасалынды, бірлігіне құн, сомма); 4) ақшаны алу туралы қолхат; 5) иелігіндегі мүлікті белгілеу.

Алексей Михайловичтің тұсында есептеуіш іс туралы арнайы Бұйрық шықан болатын. Оның қызметшілері әр түрлі ведомстволарда рефизиялар жүргізіп отырды. Басқа қалаларда ревизия жүргізу үшін Мәскеуге шақырып отырды. Ол кезде ревизор бухгалтерлер аз болғаны белгілі, сондықтан адамдарды құжаттарға жіберудің орнына, құжаттарды Бұйрыққа әкеліп отырды.

 


62.Қалыптасу кезеңіндегі Ресейдегі бух есепті ұйымдастыру

Ресейдегі есеп әрқашан батыстық үлгіден шыға алмады, бірақ бұл оның шынайы қалпында қалуға кедергі жасамады. Есепшілер уақыт өте келе византиялық, ттар-монғол салық төлеу сметасын, немістік есеп үлгілерін, ағылшын-американ стандарттарына да өтіп отырды. Осы сияқты үлгілер. Есеп стандарттары көп болды, дегенмен 1000 жылдан астам есеп тарихында жеткілікті өзіндік есеп үлгілері де баршылық. Ресейдегі есеп мемлекеттік есеп түрінде пайда болып дамыды. Ресейдің жалпы тарихында бухгалтерлік есеп сол бір қатып қалған принципті ұстанды. Ал енді принциптеріне тоқталып өтсек:

- Мемлекеттік меншік приматтары принципі- мемлекет барлығының н/е барлық мал-мүліктің, яғни елде орналасқан, иесі болып табылады. Бұл принцип негізінде есептік жазбаларды ж/е есеп ұйымдарын бір реттілікке, жүйеге біріктіретін бірыңғай органның қажеттілігі туады. Бұл принцип кнәздік шаруашылық кезінде 862 ж дүниеге келген.

- Материалдық жауапкершілік принципі- әрбір мүлікке қатаң жауап беретін жауапты тұлға белгіленеді.

- Жеке жауапкершілік принципі- есеп обьектісі н/е әрбір адам өз мүлкіне жауап береді.

- Басқа окладтық бірлікке көшу барысы- бұл принцип төлемдердің барлығы жамағатқа теңдей бөлінеді. Бұл принцип біздің дәуірге дейін ұжымдық материалдық негізде өмір сүрді.

- Сабақ н/е қиын тапсырма принципі- әрбір қызметкер өз жұмысы жайлы сабақ алуы тиіс, яғни қанша уақытта орындау қажет, есеп енгізу барысындағы жетіспеушілікті беру, планның орындалуы, мақсаттың әдіс-тәсілдер және т.б

- Коллация принципі- үй шаруашылығына қатысушы адамдар арасындағф өзара байланысқан есептер міндетті тіркеліп отыруы тиіс ж/е саудада кең дамуы керек.

- Административті құқық/қ қатынас приматтары принципі- басшы алдындағы міндет, басқа міндеттерден де ең маңызды болуы тиіс.

- Бағалық білім шығындар принципі- заттың бағалары шығын/ға байланысты. Бұл принцип гректер/ң «әділ баға» атты арманынан шыққан.

- Мазмұндылық принципі- документ сыртқы бейнесі мен өзара байланысындағы реттілік сақталуы, яғни документ толтыру барысындағы дұрыстылық.


63.Камеральдық бухгалтерияның өмірге келуі

Ортағасыр дэуірінде негізінен екі багыттагы: е камералдык (лабораторияда өңделіп. жуиеге келтірілетін) ғылыми өндеу жумыстары

с карапайым бухгалтерия калылтаскан.

Камераідық багыттагы бухгалтерияда есеп обьектісіне тэн кассалык және кассага түсетін акша мен каесадан төленетін акшалар есебі жургізілген. Барлык түсетін жэне төленетін акшалар міндетті түрде арпайы тіркеуден өткізіп. табыстар мен шыгындар жөніндегі мэліметтер алдын ала есептелініп жазылатын болған. Яғни ағымдагы есеп жүргізу тіркеу аркылы шоттарды колдану аркылы олардын аткарган міндетін аныктау.

Есеп жүргізу ережесі пайда болуы. Сол талапка сэйкес арнайы кітап журнал кол дана бастады.

Осылайша ескі камералдык бухгалтерия XII гасырдан бастап

XVIII ғасырдын ортасына дейін билік етті. Онын мәні акшалай кара- жаттын, әдетте кассаның кіріс. шыгыстарын есептеуте негізделген.

Жана камералдык бухгалтерия, сайып келгенде. кірістер мен шыгыстардын әрбір турі накты белгілі бір багіты бейнелейді жэне бухгалтер шаруагер сиякты кзінде бар «каржылык жоспарды». талдаушылык. мамандану. толыктылык жэне біртүтастык принииптеріне курылатын бюджетті калай сактайтынын бакылайды дегенге токтады. Камералды бухгалтерияның ірі теоретигі Иосиф Шрот болды. Од әкімшілікті «билікті»: бір-бірінен тәуелсіз: зан шыгарушылык: аткару, бакылау дел үш турге бөлді. Сметаны ол шаруашылык әкімшілігін бакылау тәсілі леи санады.

 

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 89 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)