Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ықтық актілердің күшіне енуі, өзгеруі, күшін жою негіздері.

Читайте также:
  1. А. ара қашықтықты өлшеу бірлігі
  2. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  3. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  4. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  5. Гильберт кеңістігінің ішкі жиынына дейінгі арақашықтық.
  6. Еңбек құқықтық қатынастары және еңбекпен байланысты өзге де құқықтық қатынастар
  7. Ішкі істерді басқарудың құқықтық – ұйымдастырушылық нысандары. Ішкі істер органдарындағы қызмет. Полиция.

Құқықтық акт ресми түрде жарияланған кезден бастап не актіде тікелей көрсетілген кезден бастап күшіне енеді. Құқықтық актіге өзгертуді оны қабылдаған орган немесе лауазымды тұлға енгізеді. Құқықтық актіні тоқтату:

- тұтас не бір бөлігін тоқтату;

- ҚР бүкіл аумағында не белгілі бір аймақта;

- белгілі бір қызмет түріне байланысты немесе мемлекеттік орган қызметін тұтас тоқтату болуы мүмкін.

Құқықтық акт мынадай жағдайда күшін жояды:

- оны қабылдаған орган актіні күшін жойды деп тапса не басқа акт қабылдаса;

- актіде көрсетілген талап орындалса;

- заңды оқиға болса.

Әкімшілік -(Админстрация)-бүкіл ел аумағында немесе белгілі бір аймақ масштабында заңдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың атқару – орындау жүйесі.

Әкімшілік Аумақтық Бөлініс- (Админстративно - териториальное деление)-мемлекеттің аумақтық түрде ұйымдастырылу жүйесі. Осының негінде мемлекеттік үкімет пен басқарудың органдары құрылады және хызмет етеді.

Әкімшілік Жауаптылық -(Админстративная ответственность)- азаматтардың, лауазым иелерінің әкімшілік құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапты болуының бір түрі. Әкімшілік жауаптылыққа Қазақстан Республикасының әкімшілік істердегі құқық бұзу туралы заңдары мен басқа да құқықтық актілер негізінде тартылады.

Әкімшілік Теріс Қылық (Әкімшілік құқық бұзу)-(Админстративный проступок или админстративное правонарушение) – мемлекеттік, қоғамдық тәртіпке, меншіктің барлық түрлеріне, азаматтардың құқығы мен бостандығына, белгілі қалыптасқан басқарудың тәртіптік ретіне, құқыққа қарсы озборлықтар жасап, соған байланысты әкімшілік жөнімен жауаптылықты туындататын әрекеттер мен әрекетсіздіктер жатады.

Әлеуметтік билік-( Социальная власть)- қандайда болмасын адамдар бірліктеріне тән еріксіз көндіруге сүйенетін субьектілер араларында болатын үстемділік пен бағыныштылық қатнастары.

Әлеуметтік мемлекет –(Социальное государство)-азаматтардың әлеуметтік хал-жағдайлары мен олардың тұрмыс-тіршіліктерінің әрдайым жақсы болуын бағыт етіп ұстанған, олардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді борыш деп білген мемлекет ретінде анықталады. Бұл термин экономикалық саясат, еркін бәсекеге сүйенген әлеуметтік қамсыздандыру заңдарына, әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне және тағы басқа шараларға анықтама береді.

Әрекет –(Действие)-субьектінің еркі (ықтияры) мен санасы тәуелді (байланысты)болып келетін заңды айғақ (факт). Мысалы, қолдану актісін шығару,құқық бұзушылыққа бару және т.б.

Әрекетке Қабілеттілік – (Дееспособность)-тұлғалардың заң жүзінде танылған өздерінің әрекеттері арқылы құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мүмкіндігі.

Әдіснама -(Методология)-1)ғылыми таным (тану) әдісі туралы ілім; 2)қайсыбір ғылымда зерттеу жүргізу ісінде қолданылған әдістер жиынтығы.

Абайсыздық – кінәнің түрі. Мұндай кінә түрі кезінде құқыққа қайшы әрі қоғамға қауіпті әрекетке барған тұлға, өзінің осы құқық бұзушылық әрекетінің қоғамдағы қатынастарға қатерлі, әрі зиянды болатын салдарын алдын ала болжай тұра,оларды болдырмауға мән бермей, жеңіл ойлық жасайды немесе мұндай салдардың болатынын білмейді, бірақ істің мән-жайы бойынша білуі тиіс және біле алатын еді.

Абсолютизм- шексіз, сөзсіз.Мемлекетті басқарудың бір түрі.Мұндай басқаруда мемлекеттік жоғары билік монархтың қолында,әрі шексіз болады.

Абсолюттік құқықтар -(Абсолютные права).Субьективтік құқықтардың бір түрі.Бұл құқықтар анықталмаған белгісіз субьектілердің өз міндеттерін бәсең түрде орындауы арқылы қамтамасыз етіледі.Яғни, бұл дегеніміз-белгісіз субьектілер құқық бұзушылық әрекеттерден тартынған жағдайларда ғана оның азаматтық құқықтары қамтамасыз етіледі.Абсолюттік құқықтарға мысал ретінде меншік құқығы, өмір сүру құқығы, от басын құру құқығы және т.б құқықтар жатады.

Абсолюттік құқықтық қатынастар -(Абсолютные правовые отношения)-құқықтық қатнастардың бір түрі.Бұл құқыққа өкілеттігі бар субьекті мен анықтылығы белгісіз сансыз көп субьектілердің құқықтық байланысын білдіретін құқықтық қатынастар жатады.Осы байланыстың нәтижесінде көптеген субьектілердің құқыққа өкілеттігі бар субьектіге қатысты енжар міндеттері туындайды.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі -(Дееспособность граждан)-кәмелетке (18 жасқа) толған азаматтардың өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін атқаруы. Мысалы, шарт жасасуы,сенімхат беруі, істеген ісіне жауапты болуы.

Есінің ауысқандығы, ақылының кемдігі салдарынан әрекеттерінің мәнін түсінбейтін,өз әрекетін билей алмайтын азамат сот арқылы әрекет қабілеттігі жоқ деп танылады дакелісімдерді қамқоршысымен ақылдасып жасайды.

Азаматтық - (Гражданство) – адам мен мемлекет арасындағы өзара құқықтар мен міндеттердің және жауапкершіліктердің жиынтығын білдіретін саяси тұрақты құқықтық байланыс.

Азаматтық қоғам -(Гражданское обшество)- адамгершілік, ізгілік имандылық, өнегелік, діни,ұлттық,әлеуметтік-экономикалық,отбасылық қатнастармен институттар жиынтығы.Осы аталғандардың бәрінің көмегі арқылы жекелеген адамдардың, олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.

Айып,кінә -(Вина)-жеке адамның өзініңқұқыққа қарсы мінез-құлқына (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және олардың салдарына психикалық қатысы. Айып,кінә-теріс қылық та,қылмыс та,жауаптылық та емес,ол нақты адамның құқыққа қарсы мінезі (құлықсыздығы) және оның салдарын болдырмауы тиіс екендігін түсінуі.Айып-кінә- қасақаналық және абайсыздық деп бөлінеді.

Акт -(Акт)-Мемлекеттік орган қабылдаған шешім немесе құжат. Ол үш түрге бөлінеді: 1) нормативтік құқықтық акт, 2) құқық қолдану актісі; 3) өмірдегі әр түрлі құқықтық мәні бар фактілерді ресми түрде дәлелдеуге арналған құжаттар(тексеру актісі,жауап алу хаттамасы, туу, некелесу туралы куәлік және т.б.)

Апатридтер -(Апатриды)-Азаматтығы жоқ адамдар.

Аренда -(жалға беру)-Жалгерлік шаруашылықты жүргізудің нысаны. Жалға беру түрлері: 1) азаматтық құқыққа екі адамның бір-біріне мүлікті уақытша жалға беруі; 2) мемлекеттік құқықта- жер иесінің жерді басқа біреуге жалға (ортақ, тең, үстеме,т.б.) беруі; 3) халықаралық құқықта- бір мемлекеттің екінші мемлекетке өз жерінен белгілі бір аймақты уақытша төлем алып, пайдалануға беруі.

Аристократия -(Аристократия)- Мемлекетті басқарудың нысаны. Мұндай басқаруда билік бекзат таптың қолында болады.

Арыз -(Заявление)-екі азаматтың немесе бірнеше адамның өзіне заңды құқығын пайдаланып,мекемеге немесе қызмет бабындағы лауазым иесіне ресми түрде жазған немесе ауызша айтқан мәлімдемесі.Біреуден шеккен азабы, көрген қорлық-зорлығы жайындағы жәбір көрген адамның берген шағымы, сондай-ақ қылмыскердің заң орнынан кешірім сұраған өтініші және т.б.

Атқарушы билік -(Исполнительная власть) –қабылданған заңдарды жүзеге асыратын және жедел түрде шаруашылық істерімен айналысатын биліктің тағайындалмалы немесе сайланбалы атқарушы- орындаушы органдары.

Аутентикалық (Автордың) түсіндіру -(Аутентичуское (авторское толкование)-заң нормасының мағынасын сол норманы қабылдаған органның өзінің ғана түсіндіруі.

Баж Салығы - (Госпошлина)-белгілі бір көрсеткен қызметі үшін мемлекеттік органдардың (мысалы,кеден) азаматтардан, мекемелерден және ұйымдардан алатын алымдар. Басқа салықтардан баж салығының басты айырмашылығы, ол барлық азаматтардан бірдей алынбай,тек тиісті мемлекеттік органдар мен белгілі бір қатынасқа түскен адамнан алынады.

Бейморальдық -(Аморализм)- белгілі бір қоғамдағы қалыптасқан моралдық (имандылық, өнегелік) нормалар мен принциптерді жоққа шығарып, адамгершілікке жат мінез – құлықты қоғамдық тәртіптің негізі деп тану. Бейморалдық (аморализм) шектен асқан нигирализм мен өзімшілдікті білдіреді.

Бейресми түсіндіру - (Неофициальное толькование)-жекеленген органдардың, адамдардың өз бастамасы бойынша құқық нормаларының мағынасын түсіндіруі (мұндай түсіндірудің заңдық салдары болмайды).

Бүкілхалықтық Дауысқа Салу –(Референдум)-мемлекеттік және қоғамдық болмыстың ең маңызды мәселелері бойынша ең жоғары заңдық күші болатын басқару туралы шешімді азаматтардың тікелей дауыс беру арқылы қабылдауы.

Бүкілхалықтық Талқылау -(Всенародное Обсуждение)-мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысу түрінде болатын демократия (халық билігінің)нысаны (формасы).Мұнда ең тиімді мемлекеттік шешім даярланады, қабылданады. Мұндай даярлаулар мен қабылдаулар ең маңызды мәні бар қоғамдық мәселелер бойынша(мысалы, заң жобасын талқылау барысында қоғамның әртүрлі топтары, бұқара көпшілік топтары, тіпті жеке азаматтардың көптеген ұсыныстары мен ақыл – кеңестерін анықтау мақсатында) азаматтардың өзіндік пікірлері мен баға берулерін білдірулері арқылы жүзеге асырылады.

Біртұтас Мемлекет – (Унитарное государство)-қарапайым, біртұтас мемлекет.Оның бөліктері әкімшілік-аумақтық бірліктер болып табылады. Оларда мемлекеттік егемендіктің белгілері болмайды (бұл мемлекетте ең жоғарғы органдардың бірыңғай заң шығару жүйесі болады).

Вето -(тыйым) – (Вето, запрет)-Парламент қабылдаған заң жобасына Президенттің қол қоймауы, яғни қабыл алмауы.

Вотум -(Вотум)-сайлау корпусының немесе өкілді мекеменің белгілі бір мәселесі бойынша көпшілік дауыспен қабылдаған шешім.

Герентократия -қариялар билігі.

Генезис -пайда болу, туындау, шығу тегі.

Дара Басшылық -(Единоначалие)- басқаруды ұйымдастыру нысаны (формасы). Мұнда тиісті мемлекеттік органның, мекеменің, кәсіпорынның басшылығында заңдық міндетті шешім қабылдайтын, құқықтық өкілеттігі бар бір ғана адам (тұлға) билік басында болады.

Девианттық Мінез-Құлық-( Девиантное поведение)- балалар мен жас өспірімдердің әкімшілік жаза шараларын қолдануға апарып соқтыратын оқудан, жұмыстан әдейі (қасақана) жалтаруы; өзінің отбасынан немесе оқу-тәрбиелеу ұйымдарынан ұдайы рұқсатсыз (ұрланып) кетіп қалулары, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар,қоғамға қауіпті үнемі жасайтын құқық бұзушылыққа тән іс- әрекеттері.

Декларация -Мемлекеттің негізгі қағидаттарын (принциптерді) жариялайтын, оны айқындап анықтайтын саяси-құқықтық құжат (акт).

Деликт- құқықбұзушылық, яғни заңсыз әрекет, теріс мінез-құлық, қылмыс; бұдан да тар мағынасында- келтірілген зиянды өтеуді міндеттейтін азаматтық құқық бұзушылық.

Деликт Қабілеттілік (Деликтосбособность)- тұлғаның өзінің жасаған қылмысы үшін заң алдында жауапты болу қабілеті.

Демократия - халық билігі, мемлекеттік құрылыс нысаны (формасы). Бұл билік халықты биліктің қайнар көзі деп тануға негізделеді және теңдік пен бостандық, мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалылық қағидаттарын басшылыққа алуға сүйенеді.

Демократиялық Мемлекет -(Демократическое государство)- демократиялық мемлекетте билік халықтың қолында, халық мемлекеттің жоғарғы органдарын сайлайды және олар халық алдында жауап береді.

Демократиялық режим -(демократический режим)- мемлекеттік билікті жүзеге асыруда халықтың оған тікелей қатысуы (референдум арқылы бүкілхалықтық сұрау салу немесе дауыс беру арқылы қоғам болмысының ең маңызды мәселелері бойынша шешім қабылдауы) немесе өкілдік демократия арқылы (халық өзінің билігін өздері сайлаған өкілдері арқылы шешім қабылдауы барысында) халық көпшілігінің азшылық мүдделерін ескере отырып шешім қабылдауларында қолданылатын әдістері мен тәсілдерінің жүйесі.

Дестопия - өзіндік державалық биліктің нысаны (формасы) – бұл да шексіз монархия. Билік - өз қол астындағылардың құқықсыздығы мен билік тарапынан зорлық –зомбылықтың аса зор болуымен ерекшеленеді.

Диктатура - мемлекетте ешбір заңмен шектелмеген билік және ол жалғыз ғана адамның немесе қатаң түрде бір топ адамның (бастаушы көсемі бар) қолына бүтіндей саяси, экономикалық және идеологиялық биліктің шоғырлануы.

Дуалистік Монархия -(Дуалистическая монархия)- шектеулі монархияның бір түрі. Мұндайда монарх конституция шеңберінде қызметтер атқару барысында әрі формалды, әрі шындығында да өзінің билік құзырын кең түрде сақтайды.

Діл -(Менталитет)-ақыл құрылымы, дүниетану жөніндегі түсінік, дүниеге көзқарас, болмысты түсіну, психология.

Жалпы Азаматтық Құндылықтар -(Общечеловеческие ценности)- халықаралық құқық нормаларымен бекітілген адамның табиғи және ажырамайтын құқықтары мен бостандықтары (атап айтқанда, оған өмір сүру, жеке бастың дербестігіне қол сұғылмайтындық, еркін іс-әрекет құқықтары және т.б игіліктер) жатады.

Жеке меншік -(Частная собственность)-азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Қоғамдық меншік, соның ішінде діни бірлестіктер меншігі жеке меншіктің ерекше түрі болып табылады.

Жеке тұлға -(Личность) –құқықтық қатнастарда субьективтік құқықтар мен заңды міндеттердің сақтаушысы болып табылатын жеке адам.

Жеке құқық -(Частное право)-Жекелеген тұлғалардың құқықтық қатнастарын қорғайтын және оларды реттейтін заң нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы. Бұған азаматтық құқық жатады.

Заң –(Закон)- заң шығарушы билік органы арқылы немесе референдумда - халық еркі таңдауының білдірілуі барысында ерекше тәртіп бойынша қабылданатын, жоғары заңдық күші бар және аса маңызды қоғамдық қатнастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт. Басқаша айтқанда,ең жоғары заңдық күші бар нормативтік- құқықтық акт.

Заң алдында жауаптылық –(Юридическая ответственность)- жеке мүліктік және (немесе) ұйымдық сипаты бар мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі мемлекет шарасына тұлғаның тартылуының қажеттілігі.Немесе, құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттің тұлғаға қолданылатын мәжбүрлеу шарасы.

Заң бастамасы -(Законодательная инициатива)- белгілі бір субьектілердің заң шығару жөніндегі іс-әрекеті немесе тиісті заң жобасын заң қабылдаушы органға өз ұсынысын енгізу.Мұның өзі аталған органдарда әлгі ұсынысты немесе заң жобасын қарау міндетін туындататын Конституцияда бекітіліп орнықтырылған құқық.

Заң жобасы -(Проект закона)-Заң қабылдаушы органның қабылдауына ұсынылған немесе референдумның қарауына енгізу үшін белгіленген, заң қабылдау рәсіміне сәйкес дайындалған заңның мәтіні.

Заң шығарушы билік -(Законодательная власть)- қоғам дамуының стратегиясын заңдар қабылдау арқылы жасақтауға тиісті халық сайлаған өкілді органдар.

Заң легитимдігі(Заңдылығы) –(Легитимность закона)- өкілетті органның қалыптасқан тәртіппен қабылдаған заңына қоғамның көрсеткен қолдауы. Көпшіліктің мүддесін қамтамасыз ететін, талқылау барысында көптеген адамдардың қолдауына ие болған заң легитимді деп аталады.

Заң сапасы -(Качество закона)- қоғам, мемлекет немесе жеке адамның белгілі бір қажеттіліктерін құқықтық табиғатына сәйкес қанағаттандыруға, заңның пайдалы болуын қамтамасыз ететін әлеуметтік, экономикалық, саяси және заңдық қасиеттердің жиынтығы.

Заң техникасы- (Законодательная техника)- құқықтық актілердің тиімділігін арттыра түсу мақсатында қолданылатын оларды даярлау және ретке келтірудің амал-тәсілдері мен ережелерінің жүйесі.

Заң ұқсастығы- (Аналогия закона)-нақты заңдық істің осы жайына қолдануға арналмаған, тек аталған, ұқсас жағдайларға ғана қолдануға арналған құқықтық норма. Осы норманың негізінде нақты іс ұқсастығы бойынша қаралып барып өз шешімін табады

Заң үстемдігі -(Верховенство закона)-ағымдағы барлық заңдардың, заңға негізделген барлық актілердің- Президенттің жарлықтары мен басқа да актілердің, Үкімет қаулыларының, бұйрықтарының, нұсқауларының және тағы басқалардың Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келуі және субьектілердің қалың тобының мүддесіне қатысы бар мәселелердің тек қана заң белгілеген тәртіппен шешілуі. Басқаша айтқанда, заң үстемдігі-құқықтық мемлекеттің негізгі принципі. Мұнда заң басқа түрдегі ұйғарымдардан жоғары тұрады. Қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары, оның ішінде мемлекет те заң талаптарын дәл,бұлжытпай орындап отыруы тиіс.

Заң шығармашылығы - (Законотворчество)-заң нормаларында белгіленген құқық шығармашылығының бір түрі. Мемлекеттің заң шығарушы органыныңзаңдарды жасау, қабылдау және шығару (жариялау(тәртібінің қызметтік тәртіптегі жөн-жобасы.

Заң шығару бастамасы -(Законодательная инициатива)- заңдарды қабылдау, өзгерту немесе толықтыру енгізу туралы ұсыныстар жасау құқығы. Заң жобаларын ұсынушы органдар заң шығару бастамасының субьектілері болып табылады.ҚР Конституциясы боцынша заң шығару бастамасы құқығы ҚР Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметтеріне беріледі және тек қана мәжілісте жүзеге асырылады.

Заң тәжірибесі (Заң практикасы) -(Правовая практика)- құзырлы субьектілердің заңдық ұйғарымдарды қабылдаудағы (түсіндіру және қолданудағы) іс-әрекеттеріне тұтастай қоса алынған әлеуметтік-құқықтық тәжірибелер жинақтау қызметтері.

Заңға негізделген нормативтік акт -(Подзаконный нормативный акт)-құрамында заң нормалары болатын, өзі заң негізінде және сол заңды жүзеге асыру мақсатында жасалған акт.

Заңдар коллизиясы (Қиғаштығы)- (Правовая коллизия)-бірыңғай қоғамдық қатнастарды реттейтінқұқықтық нормалар арасында болатын қайшылықтар.

Заңды мүдде -(Законный интерес)- субьектілердің өздерінің бүкіл мемлекеттік мүдделерге қайшы келмейтін мүдделерін қанағаттандыру мақсатындағы белгілі бір әлеуметтік игіліктерді пайдалануға деген ұмтылыстарын және оларды қорғауға құзырлы органдарға (мемлекеттің және қоғамдық ұйымдарға) арыздану мүмкіндіктерін білдіретін обьективтік құқықтарда көрсетілген немесе олардың жалпы мағынасынан туындайтын және де белгілі бір дәрежеде мемлекеттің өзі кепілдендірген заң арқылы расталған рұқсат.

Заңды міндет -(Юридическая обязнность)-құқыққа өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін белгіленген заңға қажетті іс-әрекеттің мөлшері(шамасы).

Заңды мінез-құлық (іс-әрекет)- (Правомерное поведение)- субьектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік тұрғыдан пайдалы мақсаттарға сай келетін әрекеті.

Заңды билік -(Легальная власть)- заң жөнінен расталған (дәлелденген) билік, яғни елдегі қолданыста жүрген заңдарға мемлекеттік органдардың сай болуы.

Заңды тұлға -(Юридическое лицо)-өзінің меншігі, басқаруында шаруашылығы немесе оралымды атқарылатын оңашаланған мүліктері және сол мүліктері мен міндеттемелері бойынша мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болатын, оларды өз атына ала алатын,онысын жүзеге де асыратын, міндеттемелері бойынша сотта талапкер, сондай-ақ жауапкер де бола алатын ұйым.

Заңды факт (Негізделген айғақ) -(Юридический факт)-бұл болмыстағы нақты жағдай, құқық нормасы белгілі бір заңдық салдардың болуын(туындауын) осы жағдаймен байланыстырады.Заңды айғақ оқиғалар және әрекеттерден жіктеледі.

Заңды үлгі іс -(Правовой прецедент)-ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және құқық нормасының күші берілетін нақты заңды іс бойынша соттық немесе әкімшіліктің қабылдаған шешімі.

Заңдық құрам -(Юридический состав)-заңда негізделген айғақтардың жиынтығы. Құқықтық қатнастардың пайда болуын құқық нормалары осы жиынтықпен байланысты болуын ғана мүмкін деп қарайды. Мысалы, жасы келіп қартайғандағы бойынша зейнетақы алу құқығы пайда болуы үшін зейнеткерлік құқықтық қатнастардың пайда болуы тиіс. Ол үшін бірнеше шарттар қажет:

1)азаматтың заңда көрсетілген жасқа жетуі;

2)заңмен белгіленген еңбек стажының болуы;

3)құзыретті мемлекеттік органның зейнетақы тағйындау туралы шешімі.

Заңдық салдар -(Правовые последствия)-құқықтық акт әрекетінің іс жүзіндегі нәтижесі. Бұл “ нәтиже” субьектілердің құқықтар алуы мен міндеттер атқаруы арқылы білдіріледі.

Заңдылық -(законность)-құқық нормаларын барлық адамдардың мемлекеттің бүкіл аумағында дәл және бұлжытпай жүзеге асыруларынан тұратын қоғам мен мемлекет талаптарының жүйесі.

Заңдылықтың кепілдіктері -(Гарантии законности)- заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілердің қатаң сақталуын, азаматтар құқықтарының және қоғам мен мемлекет мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлардың жиынтығы.

Заңнама -(Законадательство)-мемлекет дамуының нақты-тарихи кезеңдерінде қолданыста болатын заңдар мен оларға негізделген актілердің жүйесі.

Заңның кері күші - (Обратная сила закона)-заң күшінің өз күшіне енгізілмей тұрған кездерде болған жағдайларға қолданылуы.

Заңтану, құқықтану - (Правоведение) - заң ғылымының жиынтығы,құқықтану- құқық туралы ғылымдар жиынтығы.

Импичмент - (импичмент)- жоғары лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту.

Инкорпорация – (инкорпорация)-заңдарды жүйелеудің бір түрі (формасы).Онда нормативтік актілердің мазмұны өзгертілместен жинаққа біріктіріледі,әрбір акті өзінің дербес заңдық маңызын сақтайды.

Кворум- (Кворум)-белгілі бір іс-шарада қабылданған шешімнің күші мен мәнінің танылуы үшін міндетті шарты болып табылады және де заң немесе жарғы арқылы белгіленіп қойылған сол іс-шараға қатысушылар саны.

Кодекс-( кодекс)-бір жүйеге келтірілген,заңдық та,логикалык та тұрғыдан тұтас,іштей үйлесімді болып келетін, тікелей қолданылатын, белгілі бір қоғамды қатнастарды реттейтін заң актісі.

Кодификациялау -(Кодификация)-нормативтік актілерді біріктіру арқылы логикалық тұрғыдан тұтас, мазмұны өзгертілген бірыңғай зат актісі етіп жүйелеудің формасы (нысаны).

Коллизиялық нормалар -(Коллизионные нормы)-өз құрамында құқықты таңдаудың ережелері бар болып келетін құқықтар. Бұлар нақты құқықтық қатнастарды реттеуде қолданылатын құқық салаларын да, олардың не үшін қолданылатынын да көрсетіп береді.

Консолидация-( Консолидация)-нормативтік актілердің бір нысаны, онда нормативтік актілердің мазмұны өзгертілместен бір құжатқа біріктіріледі. Содан мұндағы әрбір акт өзінің заңдық маңыздылығындағы дербестігін жоғалтады.

Конституция -(Конституция)- тұтастай алғанда мемлекет пен қоғамныңнегізгі заңы, қазақ қоғамында Ата заң(заңдардың заңы) деп аталады.Бұл заңның ең жоғары (абсольюттік) күші болады,ол қоғам мен мемлекеттік құрылыстың тұғырлық (іргелі) бастауларын,басқарунысанын (формасын), тұлға мен мемлекеттің өзара қатынастарының қағидаттарын баянды етеді, яғни бекітеді.

Конституциялық кеңес - (Конституционный Совет)-Қазақстан Республикасының Конституциясын қорғауға арналған ерекше орган.Оның өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын Президент тағайындайды. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Президент, екі мүшесін Сенатың төрағасы және екі мүшесін Мәжілістің төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Ол төмендегі мәселелерді қарайды. Дау туындаған жағдайда Республика президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді. Парламент қабылдаған заңдардың Республика конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды. Конституцияныңнормаларына ресми түсіндірме береді. Конституциялық Кеңестің төрағасы менмүшелерінің өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оларға сот тәртібі мен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Парламенттің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Конфедерация -саяси, әскери, экономикалық және т.б. мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралатын мемлекеттердің уақытша одағы.

Концепция- құбылыстар мен процестерді түрлі –түрлі түсініп ұғынуға байланысты көзқарастар жүйесі. Бұл аталымды “негізгі пікір”, “ерекше теориялық тәсіл” немесе “түйінді тұжырым”, “ тұжырымдама ”деп те атай береді.

Криминал -қылмыстық іс.

Криминалистика -қылмыстық істерді ашуда қолданылатын тәсілдер мен құралдар туралы ғылым.

Криминалогия -қылмыс себептері туралы ілім, қылмыс пен күресті ұйымдастыру тәсілдерін зерттейтін ілім.

Кінә -(Вина)-құқық бұзған адамның өзінің осы әрекетіне қатыстығын сипаттайтын психикалық жай-күйі (қасақаналық және абайсыздық түрінде болады).

Кінәсіздік презумпциясы -(Презумпция невиновности)-құқықта баянды етілген болжам (жорамал).Бұл болжау бойынша әрбір қылмыс жасады деп айыпталған адам,оның кінәсі заңда қарастырылған ретпен дәлелденбейінше және сот шешімімен заңдық күшіне енді деп бекітілмейінше кінәсі жоқ деп танылуы тиіс.

Қасақаналық -(Умысел)-кінә түрі (формасы). Мұнда құқық бұзушы адам өз әрекетінің қоғамға қатерлі сипатта екендігін түсінеді, зтянды салдарының болатындығын алдын ала болжайды. Сөйте тұра құқық бұзушылыққа баруды қалайды (тікелей қасақаналық) немесе қаламайды. Сөйтіп, өз іс-әрекетінің сондайға апарып соғатынын саналы түрде болжайды немесе оған немқұрайлықпен қарайды (бұл жанама қасақаналық).

Қоғам- (Общество)-адамдардың бірлесіп тіршілік етуінің тарихи қалыптасқан түрлерінің (формаларының) жиынтығы.Ал тар мағынада әлеуметтік жүйенің нақтыланған тарихи типтік формасы, яғни қоғамдық қатнастардың белгілі типтік түрі.

Қоғамдық тәртіп -(Общественный порядок)-қоғамдық қатнастардың реттелінгендік күйі. Мұның өзі құқықтық нормалар мен оларды бұлжытпай сақтау арқылы ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік нормалар мен оларды сақтау арқылы да жүзеге асырылады, орнығады.

Қоғамның әлеуметтік нормалары -(Социональные нормы общества)-қоғамдық қатнастарды реттейтін,қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуі- мен қамтамасыз етілетін қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекет ережелерінің жүйесі. Бұған құқық нормалары, әдет-ғұрыптар,өнеге, иман, діни нормалар,дәстүр және т.б. жатады.

Қоғамның құқықтық жүйесі - (Правовая система общества) – жеке алынған мемлекеттегі құқықтың, заң практикасының (іс-тәжірибесінің) үстемдік етуші идеялогиясының нақтыланған тарихи жиынтығы.

Қоғамның құқықтық мәдениеті -(Правовая культура общества)-қоғамдағы құқықтық сананың және құқықтық белсенділіктің деңгейі, заң нормалары мен заңдық іс-әрекеттердің (қызметтердің) пргресшілдік дәрежесі.

Қорғау шаралары -(Мера защиты) заңдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін және де құқықтардың жүзеге асырылуын кепілдендіретін құқықтық ырықтандырудың бір түрі.

Құзыр, құзырет- ( Компетенция)- белгілі бір аядағы мемлекеттік немесе қоғамдық мәні бар істер мен қызметтердің жүзеге асырылуы мақсатында нақты органдарға немесе нақты тұлғаға (тиісті түрде атқарылуы, орындалуы үшін) заң арқылы баянды етіліп берілетін өкілеттіліктер (құқықтар мен міндеттер).

Құқық -(Право)- мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатнастарды реттейтін, қоғамның, топтың ерік-ықтиярын білдіретін жалпыға бірдей міндетті,формальды түрде анықталған құқықтық нормалардың жүйесі.

Құқық бұзушылық- ( Правонарушнние)-деликт қабілеттілігі бар тұлғаның қоғам, мемлекет, тұлға мүдделеріне зиян (залал) тигізетін (келтіретін) кінәлі, құқыққа қайшы,қоғамға залалды әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі).

Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы- (Обьективная сторона правонарушения)-құқық ұйғарымдарын бұзып, қоғам, мемлекет, тұлғаларға залал келтірген адмның осы әрекетін(әрекеттілігін немесе әрекетсіздігін)сипаттайтын белгілердің сыртқы көріністерінің жинағы.

Құқық және мемлекет теориясы -(Теория право и государства)-Құқықтық, мемлекеттің пайда болуы мен дамуын, қызметін және де жалпылама алғанда мемлекеттің, құқық пен мемлекеттің түрлерін(типтерін), атап айтқанда, олардың таптық-саяси және жалпы адамзаттық мәнісін, мазмұнының тұрпаттарын (формаларын),қызметтері мен соңғы тағдырларын зерттейтін қоғамдақ ғылым.

Осы салалық және аранайы заң ғылымдарына қарап қорытындылаушы, әдіснамалық мәнінде басшылық көрсетіп, бағыт сілтейтін ғылым. Ол салалық және арнайы заң ғылымдарының алдында тұрған белгілі санаулы ғана мәселелерді шешу үшін қажет. Сондай-ақ саналы білімдердің қорытындыларын бір жүйеге келтіреді, сөйтіп өзінің ғылыми идеяларының арсеналына кіргізеді.

Құқық институты -(Правовой институт)- қоғамдық қатнастардың белгілі бір түрін (немесе топтамасын) реттейтін заң нормаларының тәртіпке келтірілген жиынтығы.

Құқық коллизиясы (қиғаштығы) -(Коллизия права)- құқықтық жағдай, соның нәтижесіндебелгілі нақты жағдайға байланысты түрлі заңдық баға (үкім, кесім), қорытынды жасалынуы мүмкін. Мұндайда құқыққа сәйкес қойылған сұраққа берілген жауап әр түрлі болуы мүмкін.

Белгілі мемлекеттің коллизия нормаларының жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды: оның өзі ұлттық сипатта болады және жаңағы белгілі мемлекеттің ұлттық құқығының бір бөлігі болып табылады.Мысалы: Қазақстан Республикасының коллизиялық құқығы, Ресейдің коллизиялық құқығы, Жапонияның коллизиялық құқығы және т.б.)

Коллизиялық құқық халықаралық жекелік құқықтың негізгі бөлігі, ол оның өзіне тән сипаттары мен ерекшеліктерін айқындап береді.

Коллизиялық нормалар- өз құрамында құқық таңдаудың ережелері бар болатын құқық, олар нақты құқықтық қатнастарды реттеуде қолданылатын құқықтардың салаларында не үшін қолданылатынын да айқындап көрсетіп береді.

Құқық қабілеттілік- (Правоспособность)- тұлғаның заңда белгіленген (танылған) субьективтік құқықтар мен заңды міндеттерді алу мүмкіндіктері.

Құқық қағидаттары (принциптері)- (Принципы права)- құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттілік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Құқық қолдану -(Применение права)-заңда қаралатын нақты істі шешу бойынша құзырлы органның атқаратын биліктік қызметі. Осының нәтижесінде тиісті жеке акт қабылданады- ол құқық қолдану актісі делінеді.

Құқық қолдану актісі -(Правоприменительный акт)- нақты бірзаңдық істі шешу нәтижесінде құзырлы органның өзі қабылдаған, құрамында дербес биліктік ұйғарымы (бұйрығы, жарлығы) бар болып келетін құқықтық акт.

Құқық негіздері- (Источники права)-мемлекеттің ресми түрде бекітіп белгіленген және санкцияланған құқық нормалары. Құқық негіздері бірнеше түрден тұрады: құқықтық әдет-ғұрып, нормативтік акт, сот немесе әкімшілік прецеденті, нормативтік шарт.

Құқықтық әдет-ғұрып - мемлекет тарапынан санкцияланған, қамтамасыз етілген әдет-ғұрып.

Құқықтық нормативтік акт - мемлекеттік құқықтық құжат. Бұл құжатта өкілеттігі бар органның шешімі көрсетілген сондай-ақ құқық, нормалары белгіленіп өзгертіледі әрі күшін жояды. Нормативтік актілер әр түрлі болады: заңдар, қаулылар, жарлықтар және тағы басқалар.

Сот немесе әкімшілік прецеденті - белгілі іс бойынша әкімшілік органның қабылдаған нақты шешімі. Осы шешім ұқсас істерге міндетті түрде қолданылады. Сот прецеденті ағылшын –саксондық құқық жүйесінде орын алады.

Нормативтік шарт - бірнеше немесе екі жақтың ерік-ықтиярымен келісім-шарт жасасуы. Бұл келісім-шартқа мемлекет ризашылық береді және оған кепіл болады. Бұл құжат барлық келісуші жақтарға бірдей міндетті болуы және орындалуы тиіс.

Бипатрид -бірнеше азаматтығы бар адам

Бикамерализм - мемлекеттің парламентінің екі палаталы болуы (екі палаталы құрылымды парламент)

Белсенді сайлау құқығы -ҚР Президентін, Парламент пен маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары-ның мүшелерін сайлау құқығы

Бәсең сайлау құқығы - ҚР Президенттігіне, Парламент пен маслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдары-ның мүшелігіне сайлану құқығы

Бюро - Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенат пен Мәжілістің үйлестіруші органдары

Вето құқығы - Парламент қабылдаған заңға Президенттің қол қоюдан бас тартуы, заңға қарасылық білдіруі

Дауыс беру - бұл шешім қабылдау тәсілі. Ол ашық немесе жабық түрде болады және дауыстарды санаудың электронды жүйесін пайдалану арқылы, қол көтеру арқылы, сондай-ақ бюллетеньдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Демократиялық мемлекет -билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет.

Денонсация - Қазақстан Республикасының өзi жасасқан халықаралық шарттан тиiсiнше ресiмдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсiлінің бiрi

Денатурализация - натурализациялау туралы шешімнен, яғни тұлғаны мемлекет азаматтығына қабылдау туралы шешімнен бас тарту (натуралиизация туралы шешімді жою)

Депутат - халықтың мемлекеттік билік органдарындағы (парламент, маслихат) уәкілетті өкілі

Депутаттық сұрау салу -Палаталардың бірлескен және бөлек отырысында депутаттың лауазымды тұлғалардан оның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)