Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік жазалардың жекелеген түрлері.

Читайте также:
  1. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  2. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.
  3. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  4. Былту, оның түрлері.
  5. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  6. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық.
  7. Дәріс. Әкімшілік бұлтартпау шаралары

Ескерту. Ескерту әкімшілік жаза ретінде жазбаша түрде шығарылады және құқық бұзушыны сақтандыру тәсілі болып табылады. Ескерту көпшілік жағдайда моральдық әсер ету шарасы болып табылады және жасалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекетті аяқталмаған сатыда тоқтату әдісі болып табылады. Ескертуді ауызша жасау әкімшілік жаза ретінде есептелмейді. Ескертуді жазбаша түрде жасаудың қажеттілігі, егер адам құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Ескертудің әрекет ету мерзімі болады, егер адам жазасын өтегеннен кейін 1жыл ішінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған деп есептеледі.

Айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Кодексте (48-б) көзделген жағдайда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Айыппұл - әкімшілік жазалардың ең көп тараған түрі б/е. Себебі ол құқық бұзушының материалдық мүддесіне әрекет ету тәсілі.

Айыппұл мөлшері: - жеке адамға – айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен.- лауазымда адамға – бес айлық есептік көрсеткіштен.- заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

Жеке адамға салынатын айыппұл мөлшерін 200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға 400 айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға 2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою – оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады, түскен сомадан ол затты сақтауға, тасмалдануға, сатуға т.б. кеткен шығындар алып қалынады.

Тәркілеу -Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу, сондайақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу – оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады.

Арнаулы құқықтан айыру- Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру – осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел не үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады және ол 1 айдан кем болмауы, 2 жылдан аспауы тиіс. (көлік жүргізу құқығы, аң аулау құқығы т.б.).

Әкімшілік қамау- Ерекше жағдайда ғана жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 тәулікке, ал төтенше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда 30 тәулікке дейін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес аудандық (қалалық) сот тағайындайды. Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, 12 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 1,2 топ мүгедектері әкімшілік қамауға тартылмайды. Әкімшілік қамау туралы қаулыны сот шығарады, және ішкі істер органы дереу орындауы тиіс. Әкімшілік қамау әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалса және қылмысқа жақын әкімшілік құқықбұзушылық жасалса тағайындалады.

Кәсіпкерлік қызметке қадағалау жасау -Қосымша жаза ретінде бір жылға дейінге мерзімге тағайындалады. Азаматтардың, шаруашылық субъектісінің кәсіпкерлік қызметіне қадағалау жасау - өз өкілеттігі шеңберінде мұндай қызметті бақылауды жүзеге асыратын органның арызы бойынша тағайындалады. Мұның мақсаты – азаматтарға, шаруашылық субъектісіне әр ай сайын өзінің қаржылық, шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруін қадағалау. Бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасы заңдары негізінде өкілеттігі бойынша жұмыс атқарады, олар: мемлекеттік салық, санитарлық, ревизиялық инспекциялар.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)