Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

З. Әкімшілік жазалардың түсінігі, түрлері және қолданылуы.

Читайте также:
  1. E) шығару және орналастыру бойынша қосымша шығындар
  2. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы
  3. Автоматты сөндіргішті таңдау және оның құрылғысын оқып-үйрену
  4. Автотрофты қоректену түрлері
  5. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқық қатынастарының түрлері.

 

1. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауаптылық пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Әрекет дегеніміз – белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тиым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:

1) құқыққа қайшылығы.

2) кінәлілігі.

3) көп тарағандығы.

4) жазаланатындығы.

5) қоғамға қауіптілігі.

Құқыққа қайшылығы – құқық нормаларын бұзатын әрекетті жасаудан тұрады. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы: еңбектік, азаматтық, қаржылық құқық нормалары.

Кез-келген әрекеттің кінәлілігі, оның қасақана немесе абайсызда жасалғандығын білдіреді. Кінәнің болуы - әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі.

Әрекеттің көп тарағандығы қоғамдық қатынастарға зардап келтіру қаупін туғызатын болса, заң шығарушы бұл қатынастарды қорғауға алады және оны бұзғаны үшін жауаптылық тағайындайды.

Әкімшілік жазаланатындығы - әкімшілік құқық бұзушылық деп – тек қана әкімшілік заңмен жауаптылық көзделген әрекет ғана есептелетінін білдіреді. Қылмыс сияқты әкімшілік құқық бұзушылықта қоғамға қауіпті. Ол қауіптілік деңгейі бойынша ажыратылады. Көбінше қылмыс та, әкімшілік құқық бұзушылық та бір объектіге қол сұғады. Көптеген біртектес әкімшілік құқық бұзушылықтар бірнеше рет жасалған жағдайда қылмыс деп есептеледі. Сонымен қатар қылмыс ретінде де әкімшілік құқық бұзушылық ретінде де сараланатын құқық бұзушылықтар бар. Мысалы: бұзақылық, жол (жүру) әрекеті ережесін бұзу

 

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз – қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:

1) Объект;

2) Объективтік жағы;

3) Субъект;

4) Субъективтік жағы.

Әкімшілік құқық бұзушылық объектісі - әкімшілік құқықпен қорғалатын және реттелетін қоғамдық қатынастар. Объект – жалпы, тікелей(түрлік) болып бөлінеді.

Жалпы объект мемлекеттік басқару аясында пайда болатын және әкімшілік, бірқатар жағдайларда конституциялық, экологиялық, кеден, еңбек, жер, қаржылық және өзге де құқық салаларының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар болып табылады. Объектіге жеке адам, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық қауіпсіздік, меншік, мемлекеттік және қоғамдық тәртіп, экономика аясындағы қатынастар, басқарудың белгіленген тәртібі жатады.

Тікелей объект бұл әрбір нақты теріс қылықтың қол сұғатын құндылығы, игілігі. Мысалы: ар намыс, азаматтың абыройы, қоғамдық өнеге ұсақ бұзақылықтың тікелей объектісі болып табылады. Азаматтардың тыныштығы түнгі уақытта айқай шу болған кезде тікелей объект болып табылады.

Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын сипаттайды. Объективтік жағы әрекет не әрекетсіздіктен, нәтижеден және олардың арасындағы себепті байланыстан көрініс табады. Сонымен қатар, құқыққа қарсы қол сұғушылық қайталанушылық, созылып кету сияқты белгілермен ле сипатталады. Мысалы, 330 бап - ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда балағат сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу, тұрғын жайларды немесе ортақ пайдалану орындарын қорлау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу, айналасындағыларды сыйламаушылық, арнайы қызметтерді (полиция, медициналық жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, авариялық қызметтерді) көрінеу жалған шақыру сияқты әрекеттерден көрініс табады.

Субъектісі – әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектілері жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Бұлардан басқа арнайы субъектілер - яғни, лауазымды тұлғалар, әскери қызметшілер, шетел азаматтары да болуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Жасы 16 толған, бірақ 18 жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар болып есептеледі. Бұларға нақты мән жайлар және жеке басының ерекшелігі ескеріле отырып әкімшілік жаза тағайындалуы немесе тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың ата аналары не олардың орнындағы адамдар оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамауы және олардың кейбір әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін әкімшілік жауаптылықта болады. Қазіргі кезде жеке кәсіпкерлер де жеке тұлғалар қатарына жатқызылады.

Заңды тұлғалар бұлар мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар. Жеке адамға әкімшілік жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкімшілік жауаптылыққа тартылуы да кінәлі жеке тұлғаны осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылықтан босатпайды. ӘҚБтК-те заңды тұлғалар субъект болатын бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық құрамдары көрсетілген, олар: жер учаскесін өз бетімен иелену, салық салу объектілерін жасыруы, кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, экологиялық талаптарды бұзу, электр байланыс желілеріне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) арнайы рұқсатсыз қосу және т.б.

Лауазымды адамдар қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Басқарудың белгіленген тәртібін, мемлекеттік не қоғамдық тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын қорғауды және т.б. бойынша белгіленген ережелерді сақтамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, егер бұл сияқты ережелерді орындауды қамтамасыз ету олардың қызметтік міндеттеріне жататын болса, жауапты болады. Мұндай мән жайлар болмаған кезде лауазымды тұлғалар жалпы негіздер бойынша жауаптылыққа тартылады. Арнайы субъектілер ретінде лауазымды адамдар ӘҚБтК-тің тиісті баптарында көзделген. Мысалы: 207 бап, - салық салу объектілерін жасыру; 323 бап, - санитарлық гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы ережелер мен нормаларды, сондай ақ гигиеналық нормативтерді бұзу; 474 бап, - техникалық ақаулықтары бар көлік құралдарын пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге де ережелерін бұзу; 537 бап, - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдар басшыларының шара қолданбауы.

Әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар (мысалы: ішкі істер, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері) әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғылар және қызмет өткеру тәртібін реттейтін б.д. актілер бойынша жауаптылыққа тартылады. Бірақта олар, ҚР Мемлекеттік шекарасы режимін, Кеден шекарасы арқылы өткізу бекеттеріндегі режимді, санитариялық заңдарды, өрт қауіпсіздігі талаптарын, жолда жүру ережелерін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың өзге де ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін жалпы негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықта болуы мүмкін. Мұнда да белгілі бір шектеулер қойылған. Оларға кейбір әкімшілік жазаларды қолдануға болмайды, мысалы, әкімшілік қамауға алуға болмайды; ал шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілерге әкімшілік айыппұл салуға болмайды.

Сонымен бірге, әкімшілік жаза қолдану құқығы берілген органдар, лауазымды адамдар жоғарыда аталған адамдарға (прокурорлар, әскери қызметшілер, т.б.) әкімшілік жаза қолданудың орнына, кінәлі адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруі мүмкін.

Шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар ҚР аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жалпы негіздер бойынша жауаптылыққа тартылады. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдіктер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Құқық бұзушы қасақана іс әрекет жасай отырып, өзінің іс әрекетінің не әрекетсіздігінің құқыққа қарсы сипатын сезінеді, оның залалды салдарын алдын ала біледі және осы салдардың туындауын қалайды (тікелей қасақаналық). Ал жанама қасақаналықта құқық бұзушы өзінің іс әрекетінің құқыққа қайшылығын сезінеді және оған саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайдылықпен қарайды.

Әкімшілік теріс қылық абайсызда істелуі де мүмкін. Абайсыздық менмендік және немқұрайдылық болып екіге бөлінеді. Менмендікте құқық бұзушы құқыққа қарсы зиянды салдар тууы мүмін екенін алдын ала біледі, бірақ оны болдырмаймын деп өз күшін негізсіз тым артық бағалайды. Мысалы бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде жүргізуші қатты келе жатқандықтан тоқтай алмай қалады да, жол ережесін бұзады. Менмендікте кінәлі адам өзінің іс әрекетінің зиянды салдары болады деп ойламайды, ол өзінің біліміне, тәжірибесіне, күшіне сене отырып, жағымсыз салдарларды жеңемін деп ойлайды. Немқұрайдылық құқыққа қарсы салдардың мүмкін болатынын алдын ала білмеу, бірақ тиісті назар аударған жағдайда олардың алдын алуға тиіс және мүмкін болуы. Мысалы механик машинаның жөндеу сапасын тексермей оны жолға шығаруға өкім береді, жол үстінде автоинспектор одан айтарлықтай техникалық кемістік табады. Бұл механиктің немқұрайдылығын не салақтығын көрсетеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болғанда ғана, оны жасаған адам әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босату негіздері көрсетілген. Бұл негіздерге – құқық бұзушының жеке тұлғасы, құқық бұзушылықтың сипаты мысал бола алады.

Мұнда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, құқық бұзушылық кінәсінің деңгейі, оның мүліктік жағдайы, шын жүректен өкінуі, зиянды зардаптарын жоюы және тағы басқа ескеріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері құқық бұзушылықтың біртектес объектісіне және теріс қылықтың салалық бағытына байланысты топтастырылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

- Жеке адамға және оның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;

- Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әқб;

- Меншікке қол сұғатын әқб;

- Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әқб;

- өнеркәсіп, жылу, электрэнергиясын пайдалану саласындағы әқб;

- сәулет құрылыс қызметі саласындағы әқб;

- карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әқб;

- көлікте, жол шаруашылығында және байланыстағы әқб;

- баспасөз және ақпарат саласындағы әқб;

- кәсіпкерлік қызмет саласындағы әқб;

- сауда және қаржы саласындағы әқб;

- салық салу саласындағы әқб;

- мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әқб;

- ҚР мемлекеттік шекарасының режимінің белгіленген тәртібіне және ҚР аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әқб;

- Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әқб;

- Жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әқб;

- Қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әқб;

- әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.

 

2. Әкімшілік жауаптылық мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсері болып табылады. Яғни мемлекет құқық бұзушыға белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауаптылықты Парламент, Президент, Үкімет тағайындауы мүмкін. Сонымен қатар өз аумағы шеңберінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар да әкімшілік жауаптылық тағайындау туралы шешім шығара алады. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 10-декабрьдегі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» заңына сәйкес маслихат төмендегі мәселелер бойынша әкімшілік жауаптылық тағайындай алады:

- жер, су, тоғай, ресурстарын, табиғи құндылықтарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау; қоғамдық орындарда сауда жасау, қоғамдық тәртіп, жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, қоғамдық транспортты пайдалану тағы басқа.

Бұл көрсетілген ережелер жарияланғаннан кейін 2 аптадан кейін заң күшіне енеді. Ал табиғи апаттар, эпидемиялар жайлы ережелер тез арада заң күшіне енеді.

Жоғарыда көрсетілген жалпыға міндетті ережелердің орындалуын маслихат, әкімдер қадағалайды.

Әкімшілік жауаптылықты реттейтін негізгі нормативтік – құқықтық акт Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексі болып табылады. Кодекстің жалпы бөлімінде әкімшілік жауаптылық институтының негізгі ережелері көрсетілген, ал Ерекше бөлімінде әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларға қолданылатын әкімшілік жазалар нақты көрсетіледі. Ескере кететін жай, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылық құқық бұзушылық жасалған жерде және уақытта әрекет ететін заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады. Ал жауаптылықты ауырлататын немесе тағайындайтын актілердің кері күші болмайды.

Әкімшілік жауаптылық дегеніміз – уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдануынан көрінетін заңды жауаптылықтың ерекше түрі.

Әкімшілік жауаптылық басқа да құқықтық жауаптылықтар сияқты мынадай негізгі белгілерге ие.

- құқықтық тәртіпті қорғау құралы болып есептеледі.

- нормативті анықталған және құқық нормалары санкциясын жүзеге асыру, қолданудан тұрады.

- жасалған құқық бұзушылықтың салдары болып есептеледі.

- күштеумен байланысты болады, құқық бұзушы үшін жағымсыз салдары болады.

- тиісті процессуалдық нысанда жүзеге асырылады.

Сонымен қатар әкімшілік жауаптылықтың өзіне тән ерекше белгілері де бар. Мысалы: қылмыстық жауаптылықтан ерекшелігі әкімшілік жауаптылықты сотпен қатар мемлекеттің уәкілетті органдары да тағайындай алады, сотталғандық боп есептелмейді, процессуалдық ережелері мен ескіру мерзімі де әрқилы.

Әкімшілік жауаптылықта азаматтық құқықтық жауаптылықтағы сияқты материалдық зардаптың болуы міндетті емес.

Егер тәртіптік жауаптылық құқық бұзушыға қызметтік бағыныштылық тәртібімен салынса, ал әкімшілік жауаптылықта ондай бағыныштылық болмайды. Әкімшілік жауаптылық жұмыс орнына қарамастан барлық азаматтар үшін тағайындалады. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін.

 

3. Әкімшілік жаза дегеніміз - әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлға қолданатын мемлекеттік әсер ету шарасы. Әкімшілік жазалар құқық бұзушыға моральдық немесе материалдық әсер етуді көздейді.

Әкімшілік жазаның мақсаттары төмендегідей:

-әкімшілік заң нормасымен қарастырылған әрекеттер үшін тиісті жауаптылық шарасын тағайындау.

- әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңды сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында қайта тәрбиелеу.

-әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаудан сақтандыру, алдын алу.

Мерзімі бойынша әкімшілік жазалар: бір реттік (разовый), бір мерзімдік (единовременный), созылмалы, негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Негізгі және қосымша жазалардың тағайындалу тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 46-бабында көрсетілген.

Әкімшілік жазалар тағайындау арқылы әкімшілік құқық бұзушылық субъектілерінің белгілі бір құқықтарынан айырады.

Әкімшілік жазаларды уәкілетті орган не лауазымды тұлға жеке акт шығару жолымен салуы мүмкін.

Әкімшілік жазаны қолдану қызметтік бағыныштылыққа байланысты болмайды. Мысалы: ІІО өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзған, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған не басқа да құқық бұзушылық жасаған тұлғаға, оның кім екендігі, жұмыс, оқу орны не басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жаза тағайындауы мүмкін.

Заңға сәйкес, әкімшілік жазалар негізгі, қосымша, бір реттік, созылмалы болып бөлінуі мүмкін.

ӘҚБт Кодекстің 46-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не тікелей объектісі болған затты тәркілеу, не құнын өтеп алып қою, тәркілеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау – тек қосымша жаза ретінде қолданылуы мүмкін.

Ескерту, айыппұл, әкімшілік қамау – тек негізгі жаза ретінде қолданылады. Белгілі бір қызмет түріне патент, лицензиядан айыру, арнаулы құқығынан айыру, сондай-ақ шетелдіктерді не азаматтығы жоқ тұлғаларды әкімшілік жолмен кетіру - негізгі және қосымша жаза ретінде тағайындалуы мүмкін.

Заң әдебиеттерінде бір реттік (разовый) және созылмалы жазалар деген түсінік бар. 1 – реттік жазаларға – айыппұл, тәркілеу жатады, олар 1 рет ғана қолданылады.

Ал созылмалы жазалар белгілі бір уақыт аралығында әрекет етеді: Мысалы: автокөлік жүргізу құқығынан айыру, аң аулау құқығынан айыруы, лицензиясынан айыру, тағы басқа.

Қағидалар - әкімшілік жазаны тағайындауға негіз болатын негізгі идеялар мен бастамалар. Қағидалар сақталса әкімшілік жазаларды тағайындауда қате, кемшілік жіберуден сақтануға болады.

- заңдылық

- мақсатқа сәйкестілік

- дер кезде болуы, жеделдік

- құқық бұзушылықтар жиынтығы үшін салынатын жазалардың біріктірілуі.

Әкімшілік жаза тағайындағанда әкімшілік жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

 


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)