Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кімшілік құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.

Читайте также:
  1. Адамның негізгі түрткілері мен құрылымы.
  2. АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
  3. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
  4. Атқарушы биліктің органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі және түрлері
  5. Басқарудың құқықтық актілеріне қойылатын талаптар
  6. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
  7. Дәріс. Әкімшілік құқық бұзушылық.

Әкімшілік құқықтық нормалар дегеніміз – мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.

Әкімшілік құқық нормалары басқару аясында пайда болатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және жетілдіріп жоғары сатыға көтеруге негізделген.

Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:

-мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу;

-басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты, объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;

-басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу.

Әкімшілік құқықтық нормалар басқару аясында пайда болатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және жетілдіріп, оларды жоғары сатыға көтеруге бағытталған. Әкімшілік құқықты нормалардың көмегімен басқару органдарының көпшілігінің құқықтық мәртебесі мен құзыры анықталады, олардың қызметінің түрлері мен әдістері және басқарудың басқа да субъектілерімен өзара қатынастың тәртібі баянды етіледі. Сонымен бірге әкімшілік құқықтық нормалар кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және жеке тұлғалардың да мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық мәртебесін анықтайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың, құқықтың басқа салаларының нормалары сияқты, өзінің бөлімдерінің өзара орналасу тәртібі, яғни құрылымы бар. Әкімшілік құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - оның ішкі құрылысы, негізгі құрамының (бөлшектерінің) өзара байланысының айқын тәртібі.

Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы мынадай бөлшектерден тұрады:

- гипотеза;

- диспозиция;

- санкция;

Гипотеза норманы іс жүзінде асыру шартының сипаттамасы, яғни ережені қолдану шарты.

Гипотеза әкімшілік құқықтық норманың бөлшегі ретінде норманы іс жүзіне асыру шартына, яғни норманың өзі әсер етуге бейімделген және өз кезегінде нақтылы қатынастар туындауына себеп болатын қоғамдық қатынастарға жөн сілтейді. Демек, әкімшілік құқықтық норманың гипотезасын қамтитын жағдайлар әкімшілік құқықтық қатынастардың туындауына себеп болатын заңды маңызы бар фактілер болып табылады. Мысалы, азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, кінәліні өкілеттігі бар органдардың және лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартуына себеп болады. Гипотеза жорамал не болжам түріндегі пікірді білдіреді.

Диспозиция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесінің мазмұны.

Диспозиция әкімшілік құқықтық нормаларда көбінесі құқық беру, өкілеттік беру, рұқсат ету және міндеттеу, бұйрық беру, сонымен қатар тыйым салу және шек қою түрінде баяндалады. Диспозиция әрдайым субъектілер өзін-өзі қалай ұстауы керек екеніне жөн сілтейді, олардың құқықтары мен міндетттерінің өзара тығыз байланысын қарастырады.

Санкция – норма тағайындаған мінез-құлық ережесін бұзудың салдары, яғни норманы бұзғаны үшін қолданатын шара. Санкция әкімшілік құқықтық норманың бөлшегі ретінде, тек қана нормада қарастырылған құқық бұзушылыққа байланысты құқық бұзушыға қолданатын әкімшілік жолмен ықпал ету шараларының мазмұнын білдіреді. Сондықтан, әкімшілік ескерту шаралары (мысалы, карантин, шекараны жабу, жер сілкіну, су тасқыны болған жерлерді қоршап алу). санкцияға жатпайды. Себебі мұндай шаралар әкімшілік құқықтық норманың санкциясында емесе, керісінше диспозициясында көрсетіледі.

Әкімшілік құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшелігі әкімшілік жолмен ықпал ету әдістерінің, санкция түрлерінің көптігі, сонымен қатар өкілетті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына белгіленген шеңберде берілген ықпал ету шараларын қолданудың мол мүмкіндігі.


Дата добавления: 2015-11-30; просмотров: 260 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)