Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Эстетика туралы тұжырымдар

Читайте также:
  1. II. Эстетика ветхого и эстетика старого
  2. III. Руины и эстетика древнего.
  3. III.5. Ранняя японская эстетика
  4. IV. Руина и эстетика ветхого
  5. Азақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың дамуы
  6. Азақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме
  7. Азаматтық құқық туралы ұғым

Көне грек тіліндегі эстетика сөзінің бастапқы мағынасы есту және көру арқылы сезіну дегеннен туындайды.

Эстетиканың екі аспектісі бар: объективтік (заттық) және субъективтік (эмоционалдық). XYIII ғасырдың ортасында эстетика ғылыми-философиялық пән ретінде танылды. Оның негізін салған неміс философы А.Баумгартен болды. Оның екі томдық “Эстетика” (1750, 1758) деген трактаты бар. Ол эстетиканы сезімдік таным түрінде, сұлулық жөніндегі ілім деп таныды.

Эстетикалық ойлар Еуропада ежелгі дүниеден бастап қалыптасты. Ол Платоннан Аристотельге дейін, одан Гегельге дейін әмбебап (универсалды) сипатымен танылды. Сұлулықтың күнделікті (онтологиялық) мағынасы, ең алдымен айқындылық, реттілік болып табылады. Одан кейінгі дәуірлерде ол жарасымдылық (гармония), теңгермелік, тыныштық болып таныла бастады. Яғни, сұлулықтың астарында реттілік категориясы, әр заттың өз орнында болуы түрінде көрініс берді.

Әдемілік теориясы (теория прекрасного) Германияда XYIII-XIX ғасырларда орнықты. Бұған байланысты екі көзқарас болды: Гегель көне және орта ғасыр эстетикасына сүйене отырып, “әдемілік пен шынайылық” бір деп қарастырды. Ал, Кант Гегельге дейінгі бірнеше ондаған жылдарға дейін басқаша пікірде болды. Оның пікірінше “әдемілік затқа оның формасы арқылы беріледі. Яғни, эстетиканың мазмұны мен формасы айқындалды.

Ежелгі және орта ғасырларда асқақтық қасиеті орнықты. Асқақтық Э.Берк пен Канттың ойынша күштілік болып табылады. Шиллер болса, Кантты толықтыра отырып, оны адамзат дүниесімен, оның көзсіз ерліктерімен байланыстырды.

Ал, XX ғасырда асқақтық ұғымы форма түрінде беріліп, неғұрлым қарапайым тұрмыстық, сезімдік реңк алды. Шиллердің ұғымында асқақтық жекелік сипат алса, дионистік көзқарас соған ұқсай отырып, халықтың қайғысымен, әрекетімен көрінеді. XX ғасырда дионистік көзқарас (подвластность человека силам стихийным) Ницшенің еңбегінің арқасында маңызды эстетикалық категорияға айналды.

“Өмір, әлем суреті” категориясы түсініктер жүйесінің күрделі түрдегі бөлшектенуін көрсетеді. Өмірді танудың классикалық үлгісі ол тұрмысты реттелген, жарасымды, үйлесімдік түрінде көру. А.Потебняның анықтауынша (“Слово и миф” еңбегі, М., 1989) адам әу бастан барлық жерден бүтіндікті, дайын, жетілген затты көргісі келеді.

Әлемді классикалық тұрғыда тану мәселесіне романтизм дәуірінің ойшылдары мәнді өзгерістер енгізді. Шлегель “Драмалық өнер мен әдебиет туралы оқу” (“Чтение о драматическом искусстве и литературе”) еңбегінде қазіргі заман мен өнер қарама-қайшы, ежелгі замандағы “гармониялық ашылымдар” “хаосқа деген құпия тартылуды” байқаған. Яғни, физика ғылымындағы жаңалықтар, дүниежүзілік соғыстың қасіреті, тоталитарлық режим, экологиялық дағдарыс осының бәрі қоғамның назарын тұрмыстық қозғалыс пен үйлесімділіктің (гармония) бұзылуына аударды. Осыдан келіп тұрақсыз, ұсақталған, бос, адамға жау көзқарас белең алды. Сөйтіп, Ницшенің пікірінше, тұрақталған тұрмыс жоқ, ол ойдан шығару деген пікір туындады.

Сонымен, көптеген ғасырлар бойы эстетиканың объективтік, тұрмыстық жағы ғана философтар мен ғалымдардың назарын аударып келсе, XYIII-XIX ғасырдан бастап, ғылыми-философиялық ойшылдыққа, одан субъективтік, гносеологиялық (таным туралы), психологиялық қабылдауға ойыса бастады да, эстетикалық түрде баға беру, талқылау, эмоция мәселелері белгілі болды. Эстетикалық эмоцияны алғаш рет қарастырған Кант болды. Ол “Талқылау қабілетіне сын” (“Критика способности суждения”,1790) трактатының бірінші бөлімінде “талғам”, “пікір”, “баға”, “эмоция” сияқты ұғымдарды ашады. Кант эстетикаға назар аудара отырып, алдыңғы зерттеушілерден өзгешелігі эстетикалық қабылдаудың субъективті белсенділігін алдыңғы кезекке шығарды. Бұл XIX-XX ғасырлардағы мәдени-тарихи даму ағымына толық сәйкес келді. Канттың концепциясы Жаңа заман эстетикасы тарихында бетбұрыс кезең болды. XX ғасырда көптеген теоретиктер эстетиканың субъективтік жағын барынша қолдады. Бұрын сұлулық, асқақтық, аполлондық, дионистік деген терминдер басым болса, енді эстетикалық қатынас, көру, эстетикалық тәжірибе, көзқарас, функция дегендер қолданыла бастады.

Орта ғасырда Азия, Африка, Үнді жерлерінде мұсылман мәдениеті жасалды. Мұсылман философиясының бастауы жалқы болған жоқ. Ол алдымен, YI ғасыр соңындағы араб мәдениеті, христиан және иудистік идеялардың алмасуының нәтижесі болса, екіншіден, ислам дінінің интеллектуалды деңгейі, үшіншіден, парсы, түрік тілдес ұлттық мәдениеттің қалыптасуы және жетілуімен бірлікте болды.

Орта ғасырда Сирия мәдениетінің өкілдері әлемдік өркениетте өз орнын иеленді. Сирия мемлекеті Византия мен Иранның саяси күресінен өзін алшақ ұстап, бітіндеп Шығыс пен Батыстың арасын жалғастыратын мәдени ортаға айналды. Сириялықтар арқылы арабтар антикалық ғылыми мұраларымен, әсіресе, Платон, Аристотель, Гален, Гиппократ және басқа белгілі ойшылдардың еңбектерімен танысты. Орта ғасыр эстетикасында діни, құдайшылық сарындар жетекші орын алды. Ислам философтары құдайға қандай да бір келбет беруге қарсы болды. Олардың ойынша, “құдайда дене де, рухта, түр де, субстанция да жоқ. Ол бөлінбейді”. Ежелгі грек ілімдерінің таралуы ғылымды өркендетіп, оның жаңаша жетілуіне әсер етті. Түркі тектес тайпалардан білім, ғылымға ұмтылған адамдар шықты. Әл-Фараби (950-1870) адамды болмыстың төртінші сатысына жатқызады. Адамның жетістігі оның ойлау қабілетінде. Ойлану объектісі іске асса, ол жетістік. Жетістікпен адам жетіледі, бақытқа жетеді Мәселен, Ибн-Сина (980-1037) “бірінші парасатты субстанцияны жаратты. Парасатты субстанция аспан заттарын жетілдірді. Парасатты субстанцияның болмыс желісі сезімтал, саналы жанмен бітеді” дейді. Ибн Халдун (1332-1406) Тунисте, Египетте медреседе мұсылман құқығы бойынша дәріс берген. Ол өмірге бейімделе білуге ерекше назар аударған. Оның ойынша дін ғылымы мен рәсімін игермей, адамды өмір сүру тәсіліне үйретпей, тарихты жергілікті табиғи байлықпен және мәдениетпен ұштастырмай өркениетке жетуге болмайды. Ахмет Иассауи (XII ғ.) ақын, ойшыл, сопылық ағымның ірі өкілі. “Диуани Хикмет” кітабында жан тазалығын, діни имандылықты, ізгілікті насихаттайды. Ахмет Иүгінеки (XII-XIIIғ.) “Ақиқат сыйы” кітабында адам бойындағы әр түрлі қасиеттерді саралап, білімпаздық мен надандықты, жомарттық пен сараңдықты, дос пен дұшпан туралы кеңес айтып, адамгершілікке үндейді. Осы еңбектерде және М.Қашғаридің “Диуани лұғат ат түрк”, Ж.Баласағұнның “Құтадғу біліг” еңбектерінде жалпы адамға тән асқақ ой, кемелділік, биік әсердің көрінісі, ізгілік секілді ұғымдар кең көрініс берді.


Дата добавления: 2015-12-01; просмотров: 220 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)