Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. Химия пӘні, оныҢ маҚсаттары жӘне маҢызы.

Эквиваленттер заңы | ЖӘНЕ МОЛЕКУЛА ҚҰРЛЫСЫ. МОЛЕКУЛА АРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ. | Химиялық термодинамика | Химиялық тепе-теңдік | Ышқылдардың, негіздердың және түздардың сулы ерітшділерде диссоциациялануы. | Диссоциациялану дәрежесі. | Гидролиздің түрлері | ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ ПРОЦЕСТЕРІ | КЕШЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАР | Монокарбон қышқылдарының беттік қасиеттері. |


Читайте также:
  1. IV. ТЕРІДЕГІ АЛЛЕРГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АУТОИММУНДЫҚ ҮРДІСТЕР
  2. Алхимия Изобилия
  3. БЕТ ЖӘНЕ МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ
  4. БЕТ ЖӘНЕ МОЙЫН ЛИМФАДЕНИТІ
  5. БИОЛОГИЧЕСКАЯ ХИМИЯ
  6. ВГМХА, 2012-2013 уч. год. Модуль 2. Теоретическая неорганическая химия. (Коллоквиум 2 состоит из 24 групп понятий и терминов) Тема 1
  7. Дәріс 1. «Материалтану» пәніне кіріспе. Пәннің мәні мен мақсаты, негізгі анықтамалар және түсініктемелер.

ЛЕКЦИЯ КУРСЫ

Лекция.

КІРІСПЕ. ХИМИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ.

Жоғарғы оқу орындарында іргелі пәндердің бірі ретінде химия пәнін үйретудің болашақ ұрпақ үшін орны ерекше. Ол қоршаған ортадағы заттарды, онда жүріп жатқан өзгерістердің құрамын зертеу арқылы адамзатқа қажет жаңа заттарды алу мүмкіндіктері мен жолдарын, әдістерін іздестіреді. Соның арқасында оларда дүниеге деген материалистік-диалектикалық көзқарас қалыптасады. Ал физика, биология, география ғылымдары химия пәніне сүйеніп, соның заңдылықтарымен дамиды.

Сондықтан химия курсының алдына мынадай міндеттер қойылады:

- химияның ғылыми негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен теорияларды зерделеу;

- зертханада жасалған химиялық тәжірибелерді, табиғатта, өндірісте және күнделікті тұрмыста жүзеге асатын химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;

- қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, химиялық тәжірибелерді жасау арқылы заттармен, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру және дамыту;

- химияның қоғамдағы маңызын, әр түрлі кәсіптегі маңызын, адамзат алдында тұрған жалпы және экологиялық проблемаларды шешудегі рөлін ашып көрсету;

- химиядан алған білімін өмірде іске жарата білу біліктілігін қалыптастыру;

Химия курсының негізгі мақсаты: болашақ мамандарды курстың жетекші идеясы-заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттерінің арасындағы өзара тәуелділікті ашып көрсету, химияның өмірдегі және Республиканың халық шаруашылығындағы ролі, қоршаған ортаны сақтау ұғымдарын қалыптастыру, тұрмыста және еңбек қызметінде заттарды пайдалана білу мәдинетін қалыптастыру.

Химия-эксперименттік ғылым. Химиялық реакция, химиялық зат туралы білімнің қайнар көзі-химиялық эксперимент. Ол, маңызды химиялық теориялар мен заңдарды түсіндіреді, маңызды химиялық үдерістер мен олардың жүру жағдайларын көрсетеді, заттар мен олардың қасиеттерін зерттеуге жол ашады.

Заттар жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай заттар бір элемент атомдарынан түзіледі. Мысалы, молекула түріндегі сутек, хлор, азот, метал түріндегі темір, мыс, мырш т.б.

Элементтердің бірнеше жай заттар түзуін аллотропия деп, ал түзілген жай заттардың әрбір түрін сол элементтің аллотропиялық түр өзгерісі деп атайды. Олардың физикалық және химиялық қасиеттері молекуладағы атомдардың бір-бірімен байланысуының түріне, кристалдық формасына байланысты. Мысалы: молекула түріндегі оттек – отектің екі атомынан (О 2), озон – оттектің үш атомынан тұрады (О 3), графит пен алмаз тек көміртек атомынан (С) тұрады, бірақ олардың кристалдарының құрылысы әртүрлі.

Күрделі заттар екі немесе оданда көп элемент атомдарынан түзіледі. Олар оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар деп бөлінеді.

Оксид дегеніміз екі элемент атомынан тұратын және оның біреуі оттек болып келетін күрделі қосылыс. Мысалы: Na 2 O, CaO, Al 2 O 3, SO 2 Оксидтер химиялық қасиеттеріне байланысты негіздік, амфотерлік және қышқылдық болып бөлінеді. Оксидтердің қасиеті периодта солдан оңға қарай негіздіктен амфотерлік арқылы қышқылдыққа ауысады, яғни солдан оңға қарай негіздік қасиеті кеміп қышқылдың қасиеті артады. Мысалы

.

Метал атомы айнымалы валенттілік көрсететін болса, онда оның төменгі валенттілігінде негіздік, жоғары валенттілігінде қышқылдық, орта тотығу дәрежесінде амфотерлік қасиет көрсетеді:

 

.

 

Негіз дегеніміз металл атомынан және гидроксид тобынан тұратын күрделі қосылыс. Мысалы:

 

.

 

Сілтілік металдардың гидроксидтерін сілтілер дейді, олар суда жақсы ериді. Суда нашар еритін гидроксидтерді негіз дейді. Амофтерлік қасиет көрсететін оксидтерге амофтерлік негіздер сәйкес келеді. Олар қышқылдық және негіздік қасиет көрсетеді. Мысалы:

 

Сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылысты қышқыл дейді. Мысалы маңызды бейорганикалық қышқылдар: (HCl) – тұз, (H 2 SO 4) – күкірт, (H 2 SO 3) – күкіртті, (Н 2 S) –күкіртті сутек, (HNO 2) – азотты, (HNO 3) – азот, (H 2 CO 3) – көміртек, (H 2 PO 4) – фосфор қышқылы.

Қышқылдардың құрамындағы метал атомына ауыса алатын сутек атомының саны қышқылдың негіздігін көрсетеді. Мысалы HCl – бір негізді, H 2 S – екі негізді, H 3 PO 4 – үш негізді. Құрамында оттектің болу – болмауына байланысты: оттекті және оттексіз болып екіге бөлінеді.

Металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі қосылысты тұз дейді. Олардың аты қышқыл қалдығының атын қосу арқылы аталады. Мысалы: Сl – хлорид, S – сульфид, SO – сульфит, SO – сульфат, NO – нитрит, NO – нитрат, CO – карбонат, PO – фосфат.

NaCl – натрий хлориді, Na 2 S – натрий сульфиді, Na 2 CO 3 – натрий карбонаты, Na 3 PO 4 – натрий фосфаты т.б.

Тұздар бірнеше түрге бөлінеді орта, қышқылдың, негіздік, қос және кешендік тұз. Мысалы:

орта тұз – натрий карбонаты;

қышқылдық – натрий гидрокарбонаты;

негіздік тұз – Мыс (II) гидроксохлориді;

KAl (SO4)2 – қос тұз – калий аллюминий сульфаты;

[ АI (OH)4] – кешенді тұз – натрийдің тетрагидроксо аллюминат (III).

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 437 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
О возможности возникновения мировой войны и некоторых особенностях ее ведения| Зат массасының сақталу заңы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)