Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу

Экономикалық саясаттың мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары | Фискалдық экономикалық саясат | Монетарлық экономикалық саясат | Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты | Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері | Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері | Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті |


Читайте также:
  1. C)& бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар
  2. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  3. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері
  4. Аржы ағындарын реттеу
  5. Аржы-несиелік және банктік қызметті мемлекеттік реттеу
  6. Аржының мәні және оны мемлекеттік реттеу
  7. Аумақтық дамуды мемлекеттік реттеу

Монополиялық экономика үшін қажетсіздігі, тіпті зияндылығының өзінде олар белгілі бір талассыз, ал белгілі бір дәрежеде экономикаға имманенті (табиғи тиісті) болып келеді. Объективті себептер бойынша рыноктық бәсеке әрекеті аумағынан тыс экономикалық қызмет сферасын табиғи монополиялар деп атайды. Табиғи монополиялардың болуы осы тауардың бәсекелік рыногын құру мүмкін болмаған жағдайда (мысалы, монополистің авторлық құқығы бар және оны ешкімге бергісі келмейді), немесе бәсекелес өндірістерді құрудың экономикалық тұрғыдан қажетсіздігі (мысалы, магистралды газ құбырларының параллелді желісін тарту).

Кейбір жағдайларда ұйым, компания тауар мен қызмет көрсетулердің берілген түрін өндірістің минималды шығындарымен өндіру әдісіне қол жеткізіп, рынокта ең төмен бағаларды ұстап тұруына байланысты белгілі бір уақыт ішінде табиғи монополист болуы мүмкін. Мұндай ситуация егер компания ешкімнің қолы жетпеген ең жоғары сапа биігіне көтерілсе де орын алады.

Табиғи монополия объектілеріне, мысалы пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін шығаруды, бір ғана нұсқадағы транспорт және транспорттық коммуникациялардың жекелеген түрлерін, қару-жарақтың ең қауіпті түрлерін, улы заттарды өндіру мен сатуды, бірегей каналдар мен байланыс құралдарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес табиғи монополия категориясына:

- магстралды құбырлар арқылы мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау;

- құбырлармен газ тасымалдау;

- электр және жылу энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетулер;

- теміржол тасымалдары;

- транспорттық терминалдар, порттар және аэропорттар қызметі жатқызылады.

Ірі табиғи монополистер мемлекет пен қоғамның көз алдында болғанымен, бұл оларға еркін рыноктық баға жасау жағдайында өндіретін өнімдері мен қызмет көрсетулеріне бағаны жоғарылатуда аса кедергі емес. Табиғи монополистердің осындай бағалық саясатының қауіптілігі сонда, олар өз әрекетін тұтынушылардың, бүкіл тұрғындардың десе болады, баршасына таратады.

Шикізатқа, жанар-жағармайға бағаны аспандатын табиғи монополистер материалдарды, жартылай фабрикаттарды, түпкі өнімді, қызмет түрлерін, өндірістік шығындарды қамтитын бағалық өсулер толқынын туындатады.

Сондықтан табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу қажеттілігі пайда болады. Мемлекеттік реттеу жоқ болған жағдайда табиғи монополия кәсіпорындары олигополияға айналады да, өндіріс көлемі қысқарған жағдайда монополдық баға орнықтырады, ал бұл өз кезегінде сабақтас салалардағы бағаның өсуін арандатады. Сондықтан табиғи монополиялардағы мемлекеттік реттеудің негізгі объектілеріне олардың өнімі мен қызмет көрсетулерінің шығындары, бағалары мен тарифтері жатады.

Нақты сектор кәсіпорындарының табиғи монополиялармен қарым-қатынастары өнеркәсіптік саясаттың аса өткір мәселелері қатарына жатады. Бір жағынан, табиғи монополиялардан алынатын салықтар бюджет табыстарының едәуір бөлігін құрайды. Екінші жағынан, табиғи монополиялар, әдетте өз шығындарын тұтынушыларға артып қою үшін олардың әрбір категорияларына әртүрлі бағалар мен тарифтер қою арқылы бағалық алалау (дискриминация) саясатын ұстанады. Осылайша қалыптасқан механизм ел экономикасының орнықты дамуына кедергі келтіреді.

Табиғи монополиялар қызметін мемлекеттік реттеу келесі бағыттар бойынша жетілдірілуі тиіс:

- табиғи монополиялардың шығындарының қалыптасуына мемлекеттік бақылауды күшейту;

- экономикалық мақсаттар тарапынан тиімді болған жағдайда табиғи монополиялар субъектілеріне дербес кәсіпорындарды даралау, бөлу;

- табиғи монополия субъектілерінің қаржылық ағындарына бақылау ұйымдастыру, әртүрлі тұтынушыларды бірнеше көздерден субсидиялауды доғарып, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын материалдық қолдау;

- реттеудің нормативтік базасын жетілдіру;

- табиғи монополияларды реттеуде республикалық және жергілікті органдардың құзыреттерін анықтап, ісәрекет шеңберін белгілеу;

- табиғи монополия субъектілері болып табылатын акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын басқару тиімділігін жоғарылату және т.б.

Монополия болмай қоймайтын өндірістік-экономикалық қызмет салаларында мемлекет табиғи монополияларды тек қана қадағалап, реттеу емес, сонымен бірге оларды тікелей басқаруға көшеді. Бұл мәселе монополист компанияларға мемлекеттік меншік құқығын орнықтыру, акцияларының бақылау пакетін сатып алу жолымен жүзеге асады.

Табиғи монополиялардың ерекше бөлігн, немесе, дәлірек табиғи монополияға етене құрылымдарды мемлекеттік монополия құрайды. Мемлекеттік монополиялар экономикалық саясатты қалыптастыру саласында, ақша айналымын реттеуде, ұлттық (экономикалық, әскери, әлеуметтік) қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, арнайы қолданылатын тауарлар өндірісінде орын алады. Мемлекеттік монополия мысалы ретінде ақша эмиссиясын, валюта бағамын реттеуді, тауарлардың экспорты мен импортын, сондай-ақ алкоголь өнімдерін, есірткі заттарын, қару-жарақты өндіру мен сатуды келтіруге болады.

Монополияның бұл түрлеріне қатысты мемлекет антимонополиялық саясатты сирек қолданады немесе тіптен қолданбайды. Мемлекеттік-монополиялық қызметті мемлекеттік реттеу заңнамалық негізде немесе лицензия беру (әдетте, мемлекеттік ұйымдарға) арқылы жүзеге асады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 494 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар| Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін мемлекеттік қолдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)