Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылыми жұмыстарға қойылатын талаптар.

Читайте также:
  1. A) ғылыми-технакалық орта
  2. Жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  3. ылыми-зерттеу жұмысы

ГЛОССАРИ

Ылыми стиль - функционалды стильдің бір түрі

Ғылыми стиль – функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айырықша бір түрі. Бұған әр салада жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар жатады.

Ғылым әдетте зерттеу нысандарының, табиғаттың, қоғам дамуының т.б. заңдылықтарын айқындау үшін керекті талдау, топтастыру, салғастыру материалдарына негізделетін қорытындылар жасауды керек қылады. Олар ғылым түрінің ерекшеліктеріне қарай кейбіреуі сол ғылым (химия, физика, математика) мамандарына арналса, бірқатары, әсіресе қоғамдық ғылымдар жайындағы әдебиеттер, оқулық, оқу құралдары көпшілікке арналады.

Ғылыми әдебиет стиліне тән тілдік ресурстар ғылымның дамуы мен, ғылыми әдебиеттердің молаюымен байланысты. Ғылми стильде зерттеу нысаны болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше.

Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда өзіндік ерекшеліктері болады.

Ылыми стильдің құрылымдық жүйесі.

Ғылыми стильдің өзіне тәнқұрылымдық жүйесі болады. Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау,ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік сатыдан тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың өзектілігі, нысаны, зерттеудегі мақсат пен міндеті, теориялық және практикалық мәні, қолданылған әдіс-тәсілдер мен тұжырымдар беріледі. Тарауларда негізгі ой түйінделеді. Қорытынды да ешкімнің пікірі берілмейді, тарауларда түйінделген ой мен тұжырымдар беріледі. Әдебиеттер тізімі қолданылуы бойынша нөмірленіп көрсетіледі.

 

Ғылыми стильге тән белгілер

 

Ғылыми стильге екі түрлі сипат тән: экстралингвистикалық және лингвистикалық. Ғылыми әдебиет тілінің стиліне қатысты жайттарды Ю. Д. Дешериев тілдің таным қызметі («познавательная функция») деп атайды да, оны ақиқатты, болмысты тану, ең алдымен қоғам мен табиғаттың заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану үшін жұмсалатын құрал деп есептейді. Осы айтылғандардың бәрі – ғылыми әдебиет тілі стилінің экстралингвистикалық сипаттамасы.

Лингвистикалық сипаттары мыналар: лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер.

 

ылыми жұмыстарға қойылатын талаптар.

 

Ғылыми жұмыстар келесі жалпы талаптарға сәйкес болу керек:

- өзекті болу және қойылған тапсырманы орындау;

- ғылыми зерттеу элементтерінен құралу;

- материалдардың нақты құрылымы мен орналасу тізбегі болу;

- әр түрлі қазіргі заманғы математикалық, ақпараттық, бағдарламалық

және тағы басқа CASE-құралдармен орындалу;

- жасалған бағдарламалық ұйымдастырылу сипаттамасымен листингісі

түрінде алынған нәтижелерді дәлелдеу.

Ғылыми жұмыстың әр тарауы тарау бойынша зерттеу нәтижесі жасалған жалпы қорытындымен аяқталуы тиіс. Ғылыми жұмыс жазғанда формальді-логикалық сипаттау әдісі мен фактілердің объективті констатациясы бар мазмұндаманың ғылыми мәнері қолданылу керек. Мазмұнды сипаттама құрылымдық және үрдістік сызбалар, диаграммалар, алгоритм сызбалары, математикалық модельдер түріндегі систематехникалық шешімдермен көрсетілу керек.

Жазу тілі кәсіби сауатты, талдау 3- жақта болу керек.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Glossary Unit 5 SPORT| Queueing systems

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)